
- •Қазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Студенттің пәндік
- •Алматы 2007
- •Аннотация
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •Пәннің мақсаты мен міндеттері
- •1.6 Тапсырманың түрі және мазмұны, олардың орындалу графигі
- •1.7 Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар Негізгі әдебиет
- •Қосымша әдебиет
- •1.8 Студенттердің білімдерін бағалау жүйесі
- •Ағымды және аралық аттестация бойынша бақылау жүргізу үшін сұрақтар тізімі Бірінші аралық бақылау бойынша арналған сұрақтар
- •Екінші аралық бақылау бойынша арналған сұрақтар
- •Аралық бақылауға арналған сұрақтар
- •1.9 Пәннің саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар тізімі
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәріс сабақтарының мазмұны Дәріс 1. Кіріспе. Бұрғылау жұмысының қысқаша даму тарихы. Пайдалы қазбаларды өңдеу және іздеудегі олардың орны мен мақсаттары
- •Дәріс 2. Бұрғылау үшін қондырғының негізгі түрлері. Жыныс талқандаушы аспаптар
- •1 Сурет. Секциялы қашау
- •2 Сурет. Шарошкалы қашаулар және олардың қозғалысы.
- •Дәріс 3. Тау жыныстарының айналмалы талқандаудың машиналар мен механизмдер. Бұрғылау құбырлары.
- •3 Сурет. Бұранданың конустылығы.
- •Дәріс 4. Шегендеу құбырлары (шқ)
- •4 Сурет. Ұңғының құрылымы және эпюрасы.
- •Дәріс 5. Жуу сұйығын бұрғылау сорабынан айналмалы бұрғы колоннасына өткізу құрылғысы
- •5 Сурет. Вертлюг ув-250
- •6 Сурет. Бұрандасыз қосылысты шнек
- •Дәріс 6. Бұрғылау айналдырғыштары
- •7 Сурет. Бұрғылау роторы ур-760.
- •Дәріс 7. Түптік қозғалтқыштар
- •8 Сурет. Бір секциялы турбобұрғы.
- •9 Сурет. Винттік түптік қозғалтқыш.
- •Дәріс-8 . Соққы-айналмалы бұрғылау үшін гидропневмосоққы машиналар
- •10 Сурет. М32к (мп-3) пневмосоққышы: 1-аударма; 2-нығыздама; 3-клапан қорабы;
- •Дәріс 9. Бұрғылау қондырғының таль жүйелері
- •Дәріс 10. Бұрғылау лебедкалары
- •Дәріс 11. Көтеру механизмнің кинематикасы
- •11 Сурет. Көтеру тахограммасы
- •12 Сурет. Түсіру тахограммасы (tсп – бұрғылау свечасын түсіру ұзақтығы)
- •Дәріс 12. Тежегіш қондырғылары
- •13 Сурет. Лебедканың ленталы тежегіштің кинематикалық нобайы: а – у2-2-11, у2-5-5;
- •14 Сурет. Автоматтандырылған көтеріп-түсіру механизмдер нобайы
- •Дәріс 13. Беріліс механизмдері
- •15 Сурет. Беріліс механизмінің сипаттамасы
- •16 Сурет. Беріліс механизмінің нобайы
- •Дәріс 14. Бұрғылау мұнаралар мен мачталар
- •2.3 Зертханалық жұмыстардың жоспары
- •2.4 Студенттің оқытушымен өзіндік жұмыстар сабақтарының жоспары (соөж)
- •2.5 Студенттердің өздік жұмысы бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •2.6 Өзін бақылау үшін тестік тапсырмалар
- •2.7 Емтихан билеттерінің сұрақтар тізімі
- •2.8 Глоссарий
- •Мазмұны
- •Студенттеріне арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Латыпов Авис Самигуллинович Айтугулова Баян Андреевна
Дәріс 10. Бұрғылау лебедкалары
Негізгі талаптар мен түрлері
Бұрғы лебедкасы бұрғылау құбырлары тізбегін көтеріп-түсіру, ұстап тұру, бұрғылау кезінде жайлап жіберіп отыру және шегендеу құбырларын түсіру үшін қолданылады. Кейбір жағдайларда лебедканы қозғалтқыштар қуатын роторға жеткізу, құбырларды бекіту, ашу, ауыр жүктерді сүйреп тарту және де басқа қосалқы жұмыстарды атқаруда қолданылады. Шығыр бұрғы қондырғысының ең негізгі агрегаттарының бірі.
Бұрғы лебедкасына түсетін салмақ циклділігімен сипатталады. Бұрғы ілмегін көтергенде күш қозғалтқыштардан шығырға көтерілсе, түсіру кезінде керісінші лебедканың тежегіш тетіктері барлық бос энергияны жылуға айналдырады. Тәл блогын көтеру кезінде қуатты дұрыс пайдалану үшін, лебедка трансмиссиясы немесе оның жетегі әр түрлі жылдамдықпен жұмыс істеуі қажет. лебедка көтеру кезінде жоғарғы жылдамдықпен төменгісіне және керісінше тез қосылуы тиіс. Бұрғылау тізбегін көтеру кезінде, тізбек салмағына қарай лебедка жылдамдығы ауыстырылып, қосылып орнатылады. Бұрғы лебедкасы: тербелмелі подшипниктерге отырғызылатын көтеру және трансмиссиялық біліктер, таспалы және электр тежегіштер орналасатын рамадан және басқару пультінен тұрады.
Лебедканың негізгі технологиялық функциясына жататындар:
ұңғы түбін бұрғылау кезінде бұрғылау колоннасының берілісіне және қашауға берілетін салмақты бір қалыпты ұстап тұру;
ұңғының тереңдеуіне байланысты колоннаны ұзарту;
кернді алу, түптік қозғалтқыш пен қашауды ауыстыру үшін бұрғылау колоннасын жер бетіне көтеру және ұңғы ішіне түсіру;
ұңғыны бекіту кезінде шегендеу құбырлар колоннасын түсіру;
ұңғыны игеру және зерттеу кезінде ловильді аспаптар мен бақылап өлшейтін аспаптар құбырда түсіру және көтеру, ұңғыдағы шиеленістерді алдын алу.
Бұрғы лебедкалары білік санына қарай бір, екі, үш білікті болып бөлінеді. Біліктер арасындағы кинематикалық байланыс шынжыр берілістер арқылы іске асырылады. Көтеру білігі – бұрғы лебедканың негізгі білігі, кейбіршығырлар үшін ол тек біреу ғана. Көтеру бөлігіне шынжыр беріліс жұлдызшаларынан басқа, тәл арқанын орау үшін барабан, таспа тежегіш және гидравликалық немесе электр тежегіштер білігін қосушы муфта орналастырылады. Трансмиссиялық және аралық, біліктер көтеру білігі мен лебедка жетегі арасындағы кинематикалық байланысты іске асырады. Кейбір жағдайларда трансмиссиялық білікті роторға айналым беру үшін және қашауды өздігінен жіберетін тесікті лебедкаға қосу үшін қолданылады. Аралық білікке, көтеру білігіне айналым беруші шынжыр беріліс жұлдызшаларынан басқа кейбір жағдайларда жүк сүйретіп тарту, көтеріп-түсіру кезінде құбырларды ашу, бекіту үшін арнайы катушка қойылады. Кейінгі кезде бұл жұмыстарды атқару үшін қосалқы лебедка және пневматикалық атқыштар қолданылады. 8 кестеде бұрғы лебедка құрылымының техникалық сипаттамалары келтірілген.
8 кесте. Лебедканың техникалық сипаттамасы
Көрсеткіштер |
БУ-75-Брд |
БУ-80-Брд |
У2-2-11 |
У2-5-5 |
ЛБУ-1100М1 ЛБУ-1100М2 |
ЛБУ-1700Д ЛБУ-1700МЭ |
ЛБУ-300 У2-1300 |
Ең жоғарғы жетек қуаты, кВт |
460 |
560 |
662 |
809 |
1250 |
1250 |
2646 |
Тәл арқанының диаметрі, мм |
25 |
28 |
28 |
32 |
32 |
35 |
35 |
Барабан өлшемі, м диаметрі ұзындығы |
0,6 0,866 |
0,7 1,2 |
0,65 0,84 |
0,8 1,03 |
0,75 1,35 |
0,835 1,445 |
0,93 1,54 |
Шығыр жылдамдығының саны |
4 |
3 |
6 |
5 |
6 |
6 |
6 |
Тәл арқанының ең жоғарғы керілу шамасы, кН |
145 |
200 |
210 |
273 |
250 |
340 |
420 |
Роторға берілетін жылдамдық саны: Тура айналдыру Кері айналдыру |
- - |
- - |
3 1 |
4 1 |
3 1 |
4 1 |
- - |
Лебедка өлшемдері, мм: ұзындығы ені биіктігі |
5600 3240 2390 |
5170 2780 2380 |
5870 3210 2270 |
7330 3500 2780 |
7780 5920 3340 |
8325 4290 2710 |
8740 3340 2560 |
Салмағы, т |
14,4 |
13,5 |
21,3 |
27,1 |
40,2 |
51,3 |
45 |
Бұрғы лебедкалары екі түрлі тежегіштермен жабдықталады: таспалы, гидравликалық немесе электр тежегіштер. Таспалы тежегіштер құбыр тізбектреін көтеріп ұстау, түсіру жылдамдығын реттеу, толық тоқтату, бұрғылау кезінде қашауды жіберіп отыру қызметтерін атқарады. Бұрғы лебедкалары екі таспалы қолмен жыне пневматикалық басқарылатын тежегіштер мен жабдықталады. Бұрғылау аспабын төмен тереңдіктерге түсіру барысындағы тежеу кезінде, тежеуіш қалыптарының шкивке үйкелу салдарынан өте көп жылу бөлінеді де, қалыптар мен шкив қызып, олардың тежеу сапасы төмендейді. Сондықтан бұрғы лебедкасы қосымша гидравликалық немесе электр тежнуіштермен қамтамасыз етіледі.
Гидравликалық тежеуіш бұрғылау және шегендеу тізбектерін түсіру жылдамдығын бәсеңдету үшін қолданылады. Лебедка барабанын толық тоқтату, таспалы тежеуішпен іске асырылады. Тоңазытқышта және ішіндегі сұйық деңгейін реттеу үшін қолданылатын бірнеше шүмек орналасқан. Құбырлар тізбегін түсіру кезінде тежеуіш статоры мен роторы, сонымен қатар тежеуіш қуысы мен тоңазытқыш арасында сұйықтық көлденең ағысы пайда болады. Лебедка барабанындағы қуаттың жартысы ротор қалақшаларында көлденең ағын тудыру үшін гидравликалық тежеуішке кетеді. Тежеуіш ішіндегі сұйық деңгейі көбейген сайын, тежеу моменті де жоғары болады. Гидравликалық тежеуіштерді бір және екі қатарлы етіп дайындайды. Гидравликалық тежеуіштердің басты кемшіліктері, ротордың айналуы бәсеңдеген кезде тежеу моменті төмендейді және ол бірден реттелінбейді. Сондықтан кейінгі кезде электр тежеуіштер қолданылып жүр..
Пневматикалы ашқыштар, бұрғылау құбырлары құлыптық жалғамаларын ашу үшін қолданылады. Пневматикалық ашқыш, ішінде поршань штогымен қозғалатын цилиндрден тұрады. Цилиндр екі жажағынан қақпақпен жабылған, бір жағына шток тығыздауышы орналастырылған. Штокқа поршеньге қарама-қарсы жағынан екінші шеті машина ашқышына бекітілген сым арқан жалғанады. Сығылған ауа әсерінен поршень қозғалады да, сым арқан арқылы машина ашқышты тартады. Пневмоцилиндр поршеньнің жүрісі 740-800 мм, сығылған ауа қысымы 0,6 МПа шеттік тарту күші 50-60 кН тең.
Әдебиет: НЕГ 1 [230-237]
Бақылау сұрақтары:
Лебедканың түрлерін атап беріңіз?
Лебедкада қандай салқындату жүйесі қолданылады?
Лебедканың жүк көтергіштігі дегеніміз не?
Лебедка барабанының ұзындығы неге тәуелді болып келеді?
Лебедка барабанында қандай салмақтар бар?