Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бур маш и механизмы каз УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.36 Mб
Скачать

Қазақстан республикасының ғылым және білім министрлігі қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті

Қ. Тұрысов атындағы геологиялық барлау институты

«Ұңғыларды бұрғылау технологиясы және техника» кафедрасы

Студенттің пәндік

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Бұрғылау машиналары және механизмдері» пәні бойынша 050706 «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығына арналған

Алматы 2007

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттеріне арналған 050706 «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы үшін «Бұрғылауда ЭЕМ модельдеу және ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік кешенін доцент А.С. Латыпов және ассистент Б.А. Айтугулова жасаған.

Құрастырғандар: Латыпов Авис Самигуллинович және Айтугулова Баян Андреевна, ұңғыларды бұрғылаудың технологиясы және техника кафедрасының доценті мен ассистенті, Алматы: ҚазҰТУ, 2007.

Аннотация

Пәннің ОӘК ішіне Syllabus оқу бағдарламасы кіреді. Оқу бағдарламада жалпы құрылымы, оқылатын пәннің бөлімдерінің мазмұны, белсенді оқу-әдімтемелік материалдар, рет-ретімен дәрістік, зертханалық және өзіндік жұмыс сабақтарын өткізу реті келтірілген. Пәннің негізгі теориялық бағдарламасы өндіріс мүмкіншіліктерімен байланыстағы сұрақтарды шешу бойынша студенттердің өзіндік жұмысымен және зертханалық сабақтарымен толтырылған.

ОӘК негізгі көзқарас айналмалы бұрғылауда қолданылатын қондырғыларға көңіл бөлінді. Қазіргі замандағы бұрғылау машиналары, механизмдері және оларды орнатудың құрылымдары қарастырылған. Көрсеткіштерді орынды таңдау бойынша және әдістемелік есептеулердің негізі, бұрғылау және шегендеу колоннасын есептеу әдістемесі және техника қауіпсіздігінің талаптары келтірілген. Барлауға бұрғылау техникасы, бұрғылау геологиялық барлау жұмыстарының техникалық тәжірибелері іске әрі қарай даму жайындағы сұрақтар осы күнге дейін қарастырылуда.

Геологиялық барлау институтының «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған. Мұнай газ ісінде және тау кен өндіру өнеркәсібінде ұңғыларды бұрғылау үшін бұрғылау жабдығын жобалау мен пайдаланумен байланысты арналған.

© Казахский национальный технический

университет имени К.И. Сатпаева, 2007.

1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus

1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:

Дәрісті жүргізетін оқытушы Айтугулова Баян Андреевна, ассистент

Байланыс түрі: 292-99-97 қосымша 3-72

Кафедрада болатын орны мен уақыты 711 МҒ

1.2 Пән туралы мәліметтер:

Пәннің атауы «Бұрғылау машиналары және механизмдері»

Кредит саны – 3

Өткізу орны – 714 МҒ

Оқу жоспарының көшірмесі

1-кесте

Курс

Семестр

Кредиттер

1 аптадағы академиялық сағаттар

Дәрістер

Зертханалық сабақтар

СӨЖ*

СОӨЖ*

Барлығы

Бақылау түрі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

4

7

3

2

1

3

3

9

Емтихан

А – ауызша

Ескерту: * – әр кредит өзімен бірге екі СӨЖ сағаты болады. СӨЖ-ден 50 % СОӨЖ құрайды.

1.3 Алдыңғы реквизиттер: жоғарғы математика, физика, механика, тау жыныстарының қасиетттері, гидравликалық жетек және гидравлика негізі.

1.4 Соңғы реквизиттер: ұңғыны бұрғылау технологиясы, ГТҚ құрастыру және бұрғылау жұмысын жобалау.