
Туысы- Enterovirus, тұқымдасы-Piconoviridae. Мына ашылулар энтеровирустардың даму тарихында шешуші орынды алды:
1909 ж –полиомиелит вирусы анықталды;
1948 ж –Коксаки вирусы анықталды;
1951 ж –ECHO вирусы анықталды;
1973 ж –А гепатиті ашылды;
1973 ж –ротавирустың ашылуы.
Вирусологиялық :
Өлшемі 20-30 нм;
Геномы- РНК;
Суперкапсиді жоқ;
Симметрия типі- куб тәріді, капсомер саны – 60;
Эфирге төзімді;
Термостабильді;
Жасуша дақылдарында көбейе алады;
Қықыл, сілтіге төзімді;
Қоршаған ортаға төзімді.
Эпидемиологиялық ерекшеліктері:
Маусымдық ауру (жаз-күз);
Жұғу жолы: фекальді–оральді;
Зерттелетін материялдар: ішек, мұрын, тамақ ағындысы, ликвор, қан;
Вирус турып қалған судан табылған;
Көбінесе 12 жасқа дейінгі балалар ауырады;
Энтеровирустар төменгі температураға төзімді (-20-70°С) қатқан күйінде бірнеше жылдар сақталуы мүмкін. Вирионнның құрамында липид болмағандықтан эфирге, хлороформға,дезоксихатқа рН 3,8-8,5 өте төзімді. Қышқылға және қыздыруға өте сезімтал,ашық су қоймаларында инфекциялық қасиеттерін жоғалтпайды.
Антигені: Энтеровирустарда арнайы топталған комплемент байланыстырушы антигені болады. Олардың антигендік қасиеттері нуклеопротеидпен капсидтегі белокпен тығыз байланысты.
Полиомиелит вирусы
1909 жылы К.Ландштейнер және Поппер маймылды зақымдау арқылы бөліп алды.Полиомиелит-жедел лихорадкамен сипатталатын ауру,жұлынның сұр заты мен ми зақымдалатын,аяқ,қол,дене бұлшық еттерінің атрофиялық парезі мен параличі дамитын ауру
Көлемі 30нм, формасы икосаэдр тәрізді. РНҚ вирустары,нуклеокапсид, үш штаммалары бар.32 сферикалық капсомерден тұратын белоктық қабаты бар, және оның құрамында липидтер болмайды, сондықтан эфир,дезоксихолат натрий сияқты заттарға сезімталдығы төмен. Полиомиелит вирусы кристалл түрінде алынады.Инфекционды қасиеті ондағы рибонуклеин қышқылымен байланысты.
Полиовирус маймыл бүйрегінің жасушасында, адам эмбрионында, HELA жасушасында және адамның диплоидты жасушаларында жақсы көбейеді.Вирустың цитопатогенді белсенділігі жоғары. Цитопатогенді белсенділігі деструкция және инфицирленген жасушадағы дәндену көрінісімен сипаталады.
Полиовирустың 3 түрлі серотипі бар, 3 серотипінде ортақ комплемент байлан- ыстырушы антиген бар:
Полиовирустардың І типіне адамдарға, маймылдарға патогенді болып табылатын штаммалары жатады.
Полиовирустың ІІ типіне адамдарда, маймылдарда , сонымен бірге кемірушілерде(ақ және сұр тышқандар,борсық, егеуқұйрықтар) де ауру шақыратын штаммалары жатады.
Полиовирустың ІІІ типіне тек қана адамдар мен маймылдарда ауру шақыратын штаммалары жатады.
Инфекция көзі - ауру адам, тасымалдаушылар – фекальді-оральді, аэрогенды жолмен беріледі.Яғни кір қол, жұқтырылған тағам және су, күтім заттары, төсек жаймалары, және жазғы-күзгі уақытта шыбын арқылы жұғады.Кей жағдайларда ауа тамшы жолыменде жұғуы мүмкін.
Полиомиелит ауруы - салдану, асептикалық менингит - жедел инфекция.
Инкубациялық кезең – 7-14 күн.
Инфекцияның ену жолы-жоғарғы тыныс жолы мен ас қорыту жолының шырышты қабықшасы. Полиомиелит вирусы ең бірінші мұрын - жұтқыншақ немесе асқазан-ащы ішек қабырғасын зақымдайды, лимфа түйіндеріне барады, қанға еніп,вирусемия дамиды. Қанмен айналып, ми және ми жұлының жұмсақ қабығын немесе ми жұлынының алдынғы мүйізінің сұр затын зақымдайды.Көбінесе полиомиелитпен 4ай-5жас аралығындағы балалар ауырады
Полиомиелит вирустары аурудын төрт клиникалық түрлерін шақыру мүмкін.
1. Жасырын инфекция- 90-95% науқастарда кездеседі.
2. Орташа ауырсыну - 4-8% науқастарда, тұмауға уқсас инфекция шақырады.
3. Паралитикалық емес полиомиелит-1-2% науқастарда кездеседі , бас ауруы, асептикалық менингит болу мүмкін.
4. Паралитикалық полиомиелит –
0.1-2% науқастарда болады,паралич байқалады.
Вирусологиялық әдіс - вирусты жасуша дақылдарында бөліп алады, бейтараптаужәне комплемент байланыстырушы реакциясы арқылы штаммасын анықтайды.Зерттеу материалы – мұрын-жұтқыншақ шайындысы,қан және нәжіс.Зерттеу затымен маймыл бүйрегін зақымдайды.
2.Серологиялық әдіс-БР,КБР,ГАТР.
Қолданатын вакцина
Солк вакцинасы белсенділігі төменделген, тері астына егеді.
Сэбин вакцинасы тірі әлсіз, ауыз қуысына егеді.
Тірі аттенуацияланған вакцина-Смородинцев-Чумаков.
Иммуноглобуллин