Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6_synyp_meiki.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
197.65 Кб
Скачать

XIX ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті.

Қазақтар араб тілінде оқыды.

XIX ғ. білімін жалғастыру үшін ауқатты ата-аналар балаларын жіберді – Бұқара, Ташкентке.

Азиялық училище 1789жылы ашылды.

1813ж. Орынборда ашылған әскери училищелер Ресейлік билеу әкімшілігі үшін

шиновниктер даярлаумен айналысты.

1831ж. қыркүйекте орысша білім беретін училище ашылды – Семейде.

1836ж. жанында қазақтар үшін интернаты бар училище Өскеменде ұйымдастырылды.

Неплюев кадет корпусы – 1844ж. Орынборда құрылды.

“Бөкей мен Мәулен” повесінің авторы – Даль.

Пушкиннің Жайық жағасына келуі Пугачев көтерілісіне байланысты(1833).

Пушкиннің Орынбор жерінде болғанда жазған еңбегі – «Пугачев бүлігінің тарихы».

Пушкин «Қозы Көрпеш Баян сұлу» поэмасын қағазға түсірді.

Каспий теңізін зерттеген – Корелин.

19ғ. 1-ші жар. Қаз-н туралы құнды еңбек жазған – Левшин.

XIX ғасырдың 1-ші жартысындағы қазақ әдебиеті.

Махамбет Өтемісұлы 1804-1846жж.

Махамбетті Жәңгір хан ұлы Зұлқарнайынмен қосып оқуға жіберді – Орынборға (1824-1829).

Махамбеттің түрмеде отырған жылы – 1829ж.

Махамбеттің Бөкей ордасы билеушілеріне ашық білдірген өлеңі – Баймағамбет сұлтанға арналған өлеңі.

Суырып салма өнерді жетілдірген – Шернияз.

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ деген жерде дүниеге келген –

Сүйінбай Аронұлы (1822-1895).

Ірі эпик ақын, жастай екі көзінен бірдей айырылған – Шөже Қаржаубайұлы.

«Қозы Көрпеш-Баяе Сұлу» жырының ең көркем нұсқасы – Шөженің айтуымен таралған.

Ш.Уәлиханов суырыпсалма өнерін жоғары бағалаған – Шөже.

Қазақстандағы 1867-68жж-ғы реформа

1865ж. Патша үкіметі ХІХ ғ-ң 60-жылдары Қазақстанның басқару жүйесін өзгерту үшін –

Бутков басқарған комиссия құрылды.

Комиссия қазақ даласын 2 облысқа бөлуді ұсынды.

1868ж-ға дейін Қазақстанда 2 генерал-губернаторлық болды (Батыс, Шығыс).

1865ж. Қазақ өлкесін басқару ісін өзгертуді дайындау ішкі істер министрлігі кеңесінің

мүшесі Гирс басқарған «Дала комиссиясына» жүктелді.

1865ж. 5 маусымда ІІ Александр патша өмірі бойынша дайындалған - өлкені зерттеп білу.

Қазақстанды билеуді халықтың өзін-өзі басқару негіздерінде қайта құруды талап еткен –

Ш. Уәлиханов.

ІІ Александр патша «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы ережені» –

1867Ж. Шілдеде бекітті.

«Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ережені» -

1868Ж. Қазанда бекітті.

Орынбор мен Торғай облысы Орынбор генерал-губернаторлығына бағынды.

Жетісу, Сырдария облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына бағынды.

Ақмола, Семей облыстары Батыс генерал-губернаторлығына бағынды.

1872ж. Бөкей хандығының жері Астрахань губерниясына кірді.

Маңғыстау приставтығы Закаспий облысына енгізілді.

1867-68 ж-ғы реформаның бір түйінді жері – әскери және азаматтық биліктің

генерал- губернатор қолына шоғырлануы болды.

Түркістан генерал-губернаторлығына Қытай мен Иран сияқты елдермен дипломатиялық

келіссөзжүргізуге рұқсат берілді.

Облыс басында әскери губернатор отырды.

Облыстық басқарма 3 бөлімнен тұрды – шаруашылық, сот және жарлықты іске асыру

Облыстар уездерге бөлінді.

Ауылдарға енген шаңырақтар саны – 100-200.

Уез бастықтарын генерал-губернатор тағайындады.

Салықтан босатылған – Шыңғыс тұқымдары.

Отырықшы елді мекендерінде полициялық және басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс – Сырдария.

Губернатор бекіткен Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны – билер мен қазылар соты; оларды бекітті әскери губернатор.

1867-68жж. реформа бойынша әкімшілік басқару – 5-ке бөлінді.

Капиталистік құбылыстар ене бастады – ХІХғ.соңы.

ХІХғ.-ң 60-70 жылдарындағы қазақ халқының азаттық күресі

Қазақ даласы бойынша бәріне міндетті «Шаңырақ салығы» енгізілді: 1-3 сомға дейін.

Орал мен Торғай облысындағы көтеріліс (1867-68ж.): уақытша ережемен байланысты еді.

Көтеріліс басшылары – жеңілдіктерінен айырылған ру басшылары еді.

1869ж. Фон Штемпель басқарған топқа көтерісшілер Жамансай көлі маңында шабуыл жасады.

1869ж. наурыз-маусым айларында шаруалар өз феодалдарына қарсы 41 шабуыл жасады.

Көтерілісшілер саны – 3мың.

Маңғыстаудағы көтерілісті басу үшін әскери құрама әкелінді – Кавказдан.

1870ж. Маңғыстау көтерілісшілерінің басшылары – Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы.

«Бұларды келістіріп жазалау керек» деген – әскери министр Милютин.

Адай елі 2жылдың ішінде160мың сом салық төлеуге тиіс еді.

1870ж. Маңғыстау көтерілісі кезінде қазақ шаруаларының рухын көтерген – Рукин отрядының талқандалуы.

Көлұлы басқарған 3000-ға жуық шаңырақ 1870ж. желтоқсан айында Хиуа хандығына өтіп кетті.

Көтерілістің жеңілуінің бір себебі – рулық-патриархалдық құбылыстардың сақталып қалуы.

Маңғыстау көтерілісінің ерекшелігі – жалдамалы жұмысшылардың қатысуы.

Адайлықтар соғыс шығыны ретінде 90000 қой өткізуге міндеттенді.

1870ж. көтеріліс орталығы - Маңғыстау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]