
- •Ақ «астана медициналық университеті» лор және көз аурулары кафедрасы
- •Оториноларингология, офтальмология модулі бойынша білімін, іскерлігі мен дағдыларың қорытынды бағалау үшін бақылау- өлшем тапсырмалары
- •Қорытыңды бақылау үшін оториноларингология бойынша ситуациялық есептер:
- •№1 Есеп
- •№2 Есеп
- •№3 Есеп
- •№7 Есеп
- •№10 Есеп
- •№11 Есеп
- •№24 Есеп
№7 Есеп
27 жастағы науқас ішімдік ішкен жағдайында металды құрылымен бет аймағына соққы алған. Қысқа уақытқа есін жоғалтқан, құсу және жүрек айну болған.
Түскен кезінде - сол жақ төменгі қабақ аймағында қан құюылуы; мұрын арқасы ортаңғы сызық бойынша, қозғалмалы, бұл аймақтағы жұмсақ тіндер шамалы ісінген, пальпация кезінде крепитация анықталады. Рентгенограммада мұрын сүйектерінің және жоғарғы жақтың орбитальды қабырғасының сынуы, тотальды қараюы.
Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және т нұскауларды беру.
№8 Есеп
19 жастағы науқас жол жақтауына сырғанап мұрынмен құлағаннан кейін бетте ісіну пайда болды. Мұрыннан қан кетуі өз-өзінен тоқтаған, құсу, жүрек айну болмаған, мұрынмен тыныс алуы бұзылмаған. 3 аптадан кейін бетте ісіну жоғалғаннан кейін науқас мұрынның пішіні өзгергенін байқаған.
Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.
№9 Есеп
Науқас 21 жаста, шағымдары: тамағының ауру сезіміне, дене қызуы 38 С, әлсіздік, шаршағыштық. Суық тиген, 2 күн бойы ауырады.
Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, t – 38 С, тері жабындысы бозғылт, пальпацияда жұтқыншақтың лимфа түйендері ұлғайған. Фарингоскопиялықта жұмсақ таңдайдың доғашықтарының, тілшенің қызаруы және инфильтрациясы анықталады, таңдай бадамша бездері ісінген және қызарған, беткейінде көп дөңгелекті, шамалы көтерінкі сары нүктелер.
Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.
№10 Есеп
3 жастағы бала жедел жәрдем бригадасымен қабылдау бөлімшесіне келесі шағымдарымен жеткізілген: тыныс алуының қиындауына, тамағының ауырсынуына, t – 38,2 С, әлсіздік. Ата-анасының айтуынша ауырғанына 3-ші күн, бұл уақыт аралығында іріңді бөлінділер анықталған, називинмен емделген.
Объективті: жағдайы ауыр, тынысы стридор тәрізді, дауысы қарлыққан, тері жабындысы бозғылт, t – 38,6 С, ұлғайған, қатты ауратын лимфа түйендері пальпацияланады, басы сол жаққа қарай қисайған.
Фарингоскопиялық: ассимметрия, жұтқыншақтың артқы қабырғасының гиперемиясы мен томпайғаны, көбірек сол жағынан. Зондпен тексергенде жұмсақ ісік анықталады.
Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.
№11 Есеп
20 жастағы науқас жиі баспаларға, буындарындағы анда-санда ауырсынуға, тез шаршағыштыққа шағымданады.
Анамнезінен: 3 жыл аралығында әр жарты жыл сайын баспамен аурады, бір жыл бұрын паратонзиллитпен ауырған
Объективті: жалпы жағдайы қанағатанарлық, тері жабындысы қалыпты, төменгі қабақтары цианозды, ұлғайған аймақтық лимфа түйендері пальпацияланады, дене температурасы қалыпты.
Фарингоскопиялық: орта сызықта бір-біріне қабысып тұрған таңдай бадамша бездері, лакуналарда іріңді тығындылар.
Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.
№12 Есеп
63 жастағы науқас жұтқыншақтағы құрғау және қыжылдау сезіміне, кей кезде күйдіру жане қатты тағам жұтқанда ауырсыну сезіміне, аузынан сасық иістін болуына шағымданады.
5 жылдан көп аурады; анамнезіде – созылмалы ахилиялық гастритпен холецистит. Мезофарингоскопияда – жұтқыншақтын шырышты қабығы бозғылт, жүқарған, құрғақ, қан-тамырлармен инъекцияланған, тұтқыр шырышпен жабылған.
Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.
№13 Есеп
18 жастағы науқас сол жақ құлағындағы қатты аурсынуға, есту қабылетінің төмендеуіне шағымданады. Ауырғанына 2 күн болды. Объективті: AD – норма, AS – сыртқы есту жолында патологиялық бөлінді жоқ . Mt – гомогенді гиперемирленген. Сыбырлап сөйлеу -1,5м.
Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.
№14 Есеп
30 жастағы науқас оң жақ құлағындағы қатты аурсынуға, есту қабылетінің төмендеуіне шағымданады. Суық тигеннен кейін ауырғанына 2 күн болды. Объективті: AD – сыртқы есту жолында патологиялық бөлінді жоқ. Mt – гомогенді гиперемирленген. Сыбырлап сөйлеу -0,5м.
Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.
№15 Есеп
50 жастағы науқас сол жақ құлағынан ірің ағуына, құлақтағы және құлақ арты аймағындағы қатты аурсынуға, есту қабылетінің төмендеуіне шағымданады. Ауырғанына 3 апта болды. Объективті: AS – сыртқы есту жолында 3 ватник шамасында шырышты-іріңді бөлінді, иіссіз. Mt – гиперемирленген, алдыңғы-төменгі квадрантта перфорация, «пульс тәрізді рефлекс», сыртқы есту жолының жоғарғы-артқы қабырғасының салбырауы. Еміздікше өсіндіні пальпациялағанда қатты ауырсынады, ұшында қаттырақ.
Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.
№16 Есеп
19 жастағы науқас оң жақ құлағындағы қатты аурсынуға, есту қабылетінің төмендеуіне, бетінің асимметриясына шағымданады. Ауырғанына 1 апта болды, суық тиген. Кеше анық көрінетін бетінің асимметриясы пайда болды.
Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.
№17 Есеп
32 жастағы науқас клиникаға бас айналу, құсу, тепе-тендігінің бұзылуы, сол жақ құлағындағы шуыл, есту қабылетінің төмендеуі шағымдарымен жеткізілді. Үстама өмірінде бірінші рет нервті күштенуден кейін пайда болды.
Тексергенде – ЛОР-ағзалары қалыпты, сол жағынан есту қабылеті төмендеген: С.с.- 1 м., Қ.с.- 4 м., сол жақта III дәрежелі SpNy бар, саусақ-мұрын сынамасы –оң жаққа қарай істей алмайды, Ромберг тұрысында – тұра алмайды, оң жаққа қарай құлайды.
Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.
№18 Есеп
26 жастағы науқас оң жақ құлағындағы шуыл, есту қабылетінің екі жақтан төмендеуіне шағымданады Бала тапқанан кейін ауырғанына 6 жыл болды лет, шулы жағдайда жақсы естиді. Mt - барлық анықтайтын контурларымен. Есту қабылетінің бұзылуы кондуктивті түрі бойынша, оң жағынан көбірек. Вестибулярлық қызметі қалыпты.
Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.
№19 Есеп
36 жастағы науқас, мономицинмен пневмонияны емдеген кезде екі құлағындада шуыл пайда болды және күрт есту қабылеті төмендеді. Аудиометриялық зерртеуде дыбыс қабылдағыш түрі бойынша екі құлағындада күрт есту қабылетінің төмендеуі анықталды (III дәреже).
Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.
№20 Есеп
23 жастағы науқас шағымы: даусының қарлығуы, тамағында күйдіру сезімі, құрғақтық, аз қақырықты жөтел. Жоғарыда аталған шағымдар ЖРВИ кезінде пайда болды. Объективті – жалпы жағдайы қанағатанарлық, дене температурасы 37,3°С. Тура емес ларингоскопияда көмейжұтқыншақта және көмейде шырышты қабықтың анық гиперемиясы, ісіну анықталады, дауыс байламдары маңындағы тіндермен "бір-біріне қосылған". Дауыс саңылауы 1,5 см, тыныс алу бос, афония.
Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.
№21 Есеп
Қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригадасымен 53 жастағы науқас жұтқыншақта бөгде дене тұрған сезімі, шаншу, жұтынғанда құшейетін шағымдарымен жеткізілді. Объективті: көмей үсті шеміршектің негізінде тілдік бетінде балық сүйегі анықталды.
Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.
№22 Есеп
3 апта бойы науқас сол жақ құлағында біртіндеп есту қабілетінің төмендеуін байқады, құлақтан бөлініс бастапқыда аз мөлшерде иіссіз болды, кейіннен сасық көп мөлшерде. Отоскопияда сол жақ сыртқы есту жолында қою ірің; құлағын тазалағанан кейін дабыл жарғағында 4 әр түрлі және көлемді перфорация, 2-і шеттік. Самай сүйегінің Шюллер әдісі бойыншы рентгенограммада – сол жағында жайылған кариес, емізік өсіндіде секвестрлер
Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.
№23 Есеп
16 жастағы науқастың шағымы мұрын арқылы тыныс алудың мүлде болмауына, оң жақ құлағының бітелуіне және есту қабылетінің төмендеуіне. Мұрынның бітелуі мен мұрын арқылы тыныс алудың қиындауына 2 жыл болды.
Объективті: оң жақта мұрын қуысының артқы бөлімдерінде анық-қызыл өсінді анықталды. Оң жақта мұрын арқылы тыныс мүлде жоқ. Мұрынжұтқыншақ қуысы тегіс тығыз өсіндімен толған, ол толық хоананы.жауып тұр. Мұрынжұтқыншақ рентгенограммасында жұмсақтінді өсіндінін қараюы анықталады, мұрынжұтқыншақты және сына тәрізді қуысты толық жауып тұрған, мұрын қуысына қарай өскен. Өсіндіні қоршап тұрған сүйекті қабырғалары анық контурларымен.
Болжамды диагнозды негіздеу, негізгі және қосымша зерттеу әдістері мен емдеуді негіздеу және тағайындау, болжамды және нұскауларды беру.