Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гиста тирек кимыл жуйеси.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Mб
Скачать

Жүрек пен қан тамырлар жүйесі Артериялар. Майда қан тамырлар арнасы

  • Гематоксилин-эозинмен боялған диаметрі 2 мм қан тамырларынан алынған препараттар берілген. Оның бірінде қабаттарының араларын бөліп тұратын ішкі және сыртқы эластинді мембрана көрінеді. Ортаңғы қабатында көптеген циркулярлы бағытта орналасқан тегіс салалы ет тінінің жасушалары көрінеді. Ал, екінші препаратта мұндай эластинді мембраналар байқалмайды, ет жасушалары қабырғасында нашар дамығандықтан, кабырғасы жұқа, қуысы қысыңқы. Осы қан тамырларының түрлерін анықтаңыз.

  • Орсеинмен боялған артерияның екі түрлі препараты берілген. Оның бірінде сыртқы, ішкі эластинді мембраналары және барлық үш кабығында да эластинді талшықтары анық көрінеді, ал екіншісінде ортаңғы қабығында кіші мөлшерде жуан эластинді мембраналары мен тіпті үш қабығының кұрамында да эластинді талшықтар бар екені анықталды. Осы қан тамырлар, бұлар артериялардың қандай түрлеріне жатады?

  • Электронды микросуретте капиллярлар қабырғасындағы жасушалар көрінеді, олардың біреулері базальды мембранада орналасқан, екіншісі базальды мембранамен қоршалған. Осы жасушалардың атын атаңыз. Құрамында гиалуронидазасы бар жылан уы капилляр қабырғасы арқылы оңай өтіп кетеді. Осы құбылыс капиллярдың қабырғасында қандай құрылымның болуымен байланысты?

  • Электронды микросуретте қан тамырының қабырғасында базальды мембранасы анықталмайтын эндотелий жасушалары көрінеді. Бұл жасушаларға оны қоршаған дәнекер тінінен келетін талшықты филаменттер бекінетін тамырдың түрін атаңыз.

  • Препаратта артериола-венулярлы анастомоздың бір бөлігіндегі қан тамыры көрінеді. Оның ішкі қабығында ұзынынан бағытталған тегіс салалы ет тінінің жасушалар тізбегі орналасады. Бұл анастомоздың қай түрі және қандай қан жылжып өтеді (артерия қаны немесе аралас)?

  • Студент қан тамырлары қабырғасының құрылысын талдау барысында оның ішкі қабығы бір қабатты жалпақ мезотелиоциттен тұратынын айтты. Студенттің жауабы дұрыс па, жоқ па?

  • Артериядан дайындалған екі препарат берілген. Бірінші препаратта ішкі және ортаңғы қабықтың арасындағы ішкі эластинді мембрана жоқ, ал ортаңғы қабығында эластинді элементтері мен мембраналары бар. Осы екі артерияның түрлерін анықтаңыздар.

  • Электронды микросуреттен қан тамырларының көлденең кесіндісі көрінеді. Қуысы эритроциттерге толы, қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі қабығы базальды мембранаға бекінген эндотелий жасушасынан тұратын болса, ал ортаңғы қабаты базальды мембрана мен перициттен, сыртқы қабығы адвентициальды жасушасынан тұрады. Осы қан тамырлардың атын атаңыз.

  • Қан капиллярларының кабырғасындағы эидотелий жасу-шаларының цитоплазмасының жұқарған жерлері бар. Базальды мембранасы тұтас болып келген капиллярлардың атын атаңыз да, мұндай капиллярлар қандай мүшенің кұрамында болатынын анықтаңыз (суреттерден).

Жүрек пен қан тамырлар жүйесі. Веналар. Лимфа тамырлары. Жүрек

  • Диаметрі бірдей екі венаның көлденең кесіндісі берілген. Оның бірінде ұзынынан бағытталған тегіс салалы ет тінінің жасушалары көрінеді. Ал, екінші препаратта миоциттер өте аз, тек ортаңғы қабығының кұрамында орналасқан. Бұлар қандай қан тамырлары?

  • Гематоксилин-эозинмен боялған ет типті, ірі венаның екі препараты берілген. Оның біреуінің ортаңғы қабытында аз мөлшердегі тегіс салалы ет жасушалары барлық үш қабығында да байқалады. Осы веналардың қайсысы дененің төменгі бөлігінде болады?

  • Қан тамырларынан дайындалған екі препарат берілген. Оның біреуінің үш кабығында да қан тамырларының "қан тамырлары" анықталса, екіншісінде бұл тек сыртқы қабығында ғана байқалады. Осы препараттың қайсысы венаға жатады?

  • Қан тамырларының екі микросуретінің бірінде ішкі қабығында ішкі эластинді мембранасы, ал ортаңғысында тегіс салалы миоциттер анық көрінсе, екінші тамырда ішкі эластинді мембранасы болмайды да, ортаңғы қабығында аз кездеседі. Осы қан тамырларының кайсысы вена болып табылады және венаның қай түріне жатады?

  • Көлденең жолақты ет тінінен алынған екі препарат зерттеуге беріледі. Оның бірсуінде коптеген ядролары талшықты қабығының астында, ал екіншісінде ядросы жасушаның ортасында орналасқан. Осы екі препараттың қайсысын жүректің миокардына жатқызуға болады?

  • Гликоген қосындысы барын анықтау үшін боялған препаратта (жүрек қабырғасы) эндокардының астында ірі жасушалар орналасқаны байқалады. Кардиомиоциттерге қарағанда бұл жасушалардың боялу қабілетінің жоғары болуын қалай түсіндіруге болады және осы жасушалар қалай деп аталады?

  • Гематоксилин-эозинмен боялған жүректің препаратын зерттегенде екі түрлі ет талшығы көрінеді. Оның біреуінің цитоплазмасы қою кызғылт түске боялған, көлденең жолақтары мен қыстырма диск көрінеді, ал екінші талшықтыщ цитоплазмасы ақшыл түсті, диаметрі үлкендеу, көлденең жолағы көрінбейді. Осы жасушалар қандай кардиомиоциттерге жатады?

  • Кардиомиоциттердің екі электронды микросуреті берілген. Суреттің біреуінде цитоплазмасының мөлшері аз, митохондриялары мен параллель орналасқан миофибриллалары, көп кардиомиоциттер көрінеді. Ал, екінші суретте миофибриллалар аз, әрі ретсіз орналасқан. Цитоплазмасында митохондриялары аз болса, бұлар қандай кардиомиоциттердің түрлері болып саналады?

  • Гипоксия кезінде кардиомиоциттерде О2-нің жетіспеушілігі алдымен сезілсе, өткізгіш жүйенің жасушаларында ол байқалмауы да мүмкін. Жүректің атипті ет тінінің құрылысы мен гистохимиялық ерекшеліктерін біле отырып, осы құбылысты қалай түсіндіруге болады?

  • Берілген екі препараттан сукцинатдегидрогеназаны және гликогенді зерттеу кезінде кесіндінің белгілі бір көрінісінде гистохимиялық реакцияның бірдей еместігі анықталады. Кесіндінің гликоген қосындысы бар бөлігінде қышқылдық ферменттердің белсенділігі төмен, ал керісінше гликоген аз бөлігінде кышқылдық ферменттердің белсенділігі (бояуы) күштірек. Миокардтың құрылыс ерекшелігін біле отырып, бұл гистохимиялық реакцияның айырмашылығын тусіндіру керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]