Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гиста тирек кимыл жуйеси.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Mб
Скачать

Тірек-қимыл аппараты

Байланыстарды суреттен қараңыздар

Сүйектер мен шеміршектер – қаңқаны түзетін тіндер. Қаңқа бұлшық еттері, сіңірлер, байламдар, апоневроздар мен эластикалық байламдар басқа тіндер сияқты сүйекпен байланысып, жоғары рет-тегі морфофункционалдық бірлікті немесе тірек-қимыл аппаратын түзеді.

Байланыстар – екі немесе одан көп сүйектердің байланысқан жерлері, әрі бұлар әртүрлі дәрежедегі еркін қозғалғышты қамтама-сыз етеді. Байланыстар синартроздар және диартроздар болып жіктеледі.

Синартроздар – қозғалғыштығы айқын шектелген екі сүйек арасындағы байланыс. Олардың синовиальді мембранасы немесе синовиальді қуысы болмайды, сондықтан сүйектер бір-бірімен дәнекер тіндері арқылы байланысады.

Сүйектер қайдай тіндердмен байланысуына қарай, синартроз-дардың мына түрлері анықталады:

  • синдесмоздар – сүйектер тығыз дәнекер немесе фиброзды тіндер арқылы байланысады. Бұған мысал: альвеолодентальді байлам (АБ) арқылы түзілген тістің түбірі (Т) мен альвеолярлы сүйек (АС) арасындағы байланыстар жатады. Бас сүйектерінің тігістері (Т) – синдесмоздың басқа түріне қатысты;

  • симфиздер – екі сүйек талшықты шеміршек арқылы байланысады. Денеде симфиздің екі түрі бар: шонданай симфизі (ШС) мен омыртқа аралық дискілер (ОД);

  • синхондроздар – екі сүйек уақытша гиалинді шеміршек арқылы байланысады. Нәресте дүниеге келгеннен кейін синхондроз сына тәрізді сүйек (СС) пен шүйде сүйек (ШС) арасында сақталып қалады. Сүйектердің эпифизальді табақшалары да синхондроздарға жатады.

  • синостоздар – қаңқаның бөліктері сүйек тіні арқылы екінші рет байланысады. Мықын (МС), шонданай (ШС) және қасаға сүйектері (ҚС) өсу үшін гиалинді шеміршек арқылы байланысады. Жыныстық жетілген кезінде шеміршек тіні сүйек тініне ауысып, жамбас сүйегі (ЖС) түзіледі. Дәл осы сияқты сүйек тінінің қосылысынан сегізкөз сүйегі де қалыптасады.

Диартроздар синовиальді мембранасы (СМ) мен сино-виальді қуысы (СҚ) бар, қозғалыстың еркіндігін қамтамасыз ететін байланыстар.

Симфиз бен диартрозға мысал болатын тек омыртқа аралық диск.

Т

Т

АС

ШС

ОД

СС

АБ

Т

ТШ

МС

ШС

ҚС

ЖС

СМ

СҚ

Синдесмоздар

(тығыз талшықты тін)

Симфиздер

(талшықты шеміршек)

Синостоздар

(сүйек)

Синхондроздар

(гиалинді шеміршек)

Диартроздар – қозғалмалы синовиальді мембраналы

Синартроздар – қозғалмайтын немесе аз қоз-ғалатын сино-виальді мембра-насыз

Байланыстар

101­– сурет. Р.В. Кристичтың үлгісі бойынша (299-300 беттерді қараңыз)

Қосымша Бақылау есептері

Жүйке жүйесі

Нерв (жүйке), нерв түйіндері. Жұлын. Бас миы

  • Суретте құрамында мулътиполярлы нейрондары бар (интра- және экстрамуралъды) мүшенің ішіндегі және сыртындағы түйіндер көрінеді. Бұлар қандай қызмет атқаратын түйіндер? Құрамындағы нейрон түрлері (қызметіне байланысты) қандай?

  • Шеткі нерв жүйесі құрамында сезімтал нейрон бар, осы нейрон нерв жүйесінде қандай мүшенің құрамында болады? Қозғалтқыш нейрондармен салыстырғанда морфологиялық ерекшеліктері қандай?

  • Жұлынның артқы түбіршегі құрамында миелинді нерв талшықтары бар. Осы талшықтар жұлында қайдан басталады? Бұлардың біліктік цилиндрін қандай нейронның өсінділері құрайды?

  • Тәжірибе барысында жануардың жұлыннан шыққан артқы түбіршегі кесіліп кеткен. Осы түбіршектің құрамындағы миелинді талшықтың жұлынмен байланысатын бөлігінде кейін не байқалады?

  • Микроскопиялық зерттеудің нәтижесінен жұлынның дорсальды ақ затының бөлігінде нерв талшықтарының дегенерациясы байқалған. Бұл қандай нейрондардың зақымдануынан туады?

  • Препаратта үлкен ми сыңарының жақсы дамыған II және IV қабаттары көрінеді. Осындай ми қыртысының түрі қандай? Бұл қабаттар қалай аталады?

  • Берілген микросуретте диаметрі 120 мкм ірі пирамидалы нейрондар көрінеді, бұл нейрон бас миының қай қабатында, бұлардан шыққан аксон қандай өткізгіш жолдың құрамында болады және жұлында қайда аяқталады?

  • Суретте 3 түрлі нейрондар көрінеді; бірі -пирамида тәрізді, екіншісі - алмұрт тәрізді, ал үшіншісінің цитоплазмасында көптеген нейросекреторлы көпіршіктер бар. Осы нейрондардың атын атаңыз. Бұл нейрондар ОНЖ-ның қандай бөліктерінде орналасады?

  • Микросуретте ірі алмұрт пішіндес нейрон көрінеді. Осы нейронның денесін себет тәрізді нейрондар қоршап, синапс түзетін қандай нейрон және осы нейрон қайда орналасады?

  • Ғылыми мақалада ОНЖ құрамындағы мүк және шырмауық тәрізді талшықтар (жолдар) аталған, осы ОНЖ-ның қандай бөлігі? Қандай нейрондарда бұл жолдар аяқталады?

  • Мишықтың эфферентті жолдары ганглиозды нейрондардан басталады да, ал дендриттерінің біразы синапс түзеді. Осы денесінде синапс түзейтін ассоциативті жасушалардың атын атаңыз.

  • Хаттамада жануарға тәжірибе жасаған кезде сопақша мидың тұсындағы аксонына зақым келуіне байланысты артқы аяғының қимылы жойылды (паралич). Осы аксоны зақымдалған нерв қайда орналасқан? Мына нейрондардың қайсысы алмұрт тәрізді, себет тәрізді, пирамидалы, нейросекреторлы, полиморфты екенін анықтаңыз.