Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гиста тирек кимыл жуйеси.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Mб
Скачать

Синовальды қабығы

Синовальды қабығы буын қапшығын ішінен тыстайды. Кейбір аймақтарда бұл қабық синовиальды қатпарлар мен синовиальды бүрлер түзеді. Синовиальды қабық фиброзды қабықпен тығыз байланысады. Кейде бұлардын арасында борпылдақ дәнекер тіні мен май тіндерінің де болуы мүмкін. Зақымдалған аймақта бұл қабық регенерация қабілеті жоғары екені байқалады.

100 – сурет. Буынның жалпы құрылысы, (Л.И. Быков бойынша).

1. БС –буын қалтасы; БШ – буын шеміршегі; БҚ – буын қуысы; СҚ –синовиальды қабығы; ФҚ- фиброзды қабығы.

2. Буын шеміршегі: І- үстіңгі аймағы; ІІ- аралық (негізгі) аймағы,ІІІ- базальды аймығы; ЖП - жабынды пластинка; ТҚ - тангенциальды қабат; АҚ – аралық қабат; ХИТ- хондроциттердің изогенді топта; ИШҚ- известелінбеген шеміршектің қабаты (гипертропты хондроциттер); БС – базафильды сызығы (минерализацияланған); МШҚ – минерализацияланған шеміршек қабат; КАП – капиллярлар; СТ- сүйек тіні.

3. СБ – синовиальды бүрлер; ҮҚ- үстінгі қабаты; ҮКЭҚ - үстігі кол-лагенді - эластинді қабат; АКЭҚ – астыңғы коллагенді- эластинді қабат.

4. С – синовиоцитер: А – А-жасушалары (макрофагтық синовиоциоттер); В – В-жасушалары, фибриобласттарға ұқсас синовиоциттер.

Синовиальды қабықтың құрлысы

Синовиальдық қабық үш қабаттан тұрады (фиброзды қабықтан буын қуысына дейін орналасқан):

  • Коллагенді – эластинді қабат (тереңірек орналасқан), буын қапшығының фиброзды қабығына байланысқан, құрамында коллаген, эластин талшықтары болады. Бұлар буын осімен аталмыш қабаттың талшықтарына перпендикулярлы немесе бұрыш жасап орналасады.

  • Үстіңгі коллагенді – эластинді қабат, коллаген мен жіңішке эластинді талшықтары буын осіне ұзындығы бойлық бағытталады. Құрамында жасуша аралық зат пен жасушалар болады. Жасушалары: фиброциттер, гистиоциттер және адипоциттер.

  • Жабынды қабат – буын қуысына бағытталған, фенестрленген (саңылаулы), қан мен лимфа тамырлары орналасқан синовиальды жасу-шалардан тұратын, құрамында бірнеше қабаттары бар. Синовиальды жасушалардың немесе синовиациттердің эпителиден айырмашылығы жасуша аралық байланыстары болмайды. Сондықтан бұлар өзара жасуша аралық заттармен байланысады.

  • Синовиациттер дәнекер тінінің маманданған жасушалары, екі топқа жіктеледі: А- жасушалары - (М – жасушалары, макрофаг тәрізді синовиациттер) ядросы сопақша келген көптеген митохондриялар мен нашар дамыған түйіршіктелген эндоплазмалық тор мен Гольджи комплексі, лизосома, фагосома пиноцитозды көпіршіктері бар сопақша келген жасушалар. Осыған байланысты бұл жасушалардың қызметі синовиальды сұйықтықтың компоненттерінің резорбциясына байланысты. В- жасушалары (Ғ- жасушалары, фибробласт тәрізді синовиациттер немесе синовиальды фибро-бласттар) ядросы ірі, көп бұрышты жасушалар. Цитоплазмасында синтетикалық аппараты тығыз секреторлы түйіршіктері болады. В- жасушалары матрикстік компоненттерді синтездей отырып, синовиальды сұйықтыққа бір қатар заттарды бөледі (протео-гликандар мен гиалурон қышқылы).

Синовиальды сұйықтық буын қуысында орналасқан тұтқыр ,мөлдір, сары түсті құрылым, pH – 7,2-7,4, мөлшері 0,2-4,5 мл. Мұның негізін синовиальды қабықтың құрамындағы В-жасу-шаларынан бөлінген секреторлы өнімдер түзеді.

Синовиальды сұйықтың қызметтері:

  • Буындық беттерді ылғалдандырады

  • буындық шеміршектердің қоректенуін қамтамасыз етеді.

Синовиальды сұйықтықтың құрамы:биохимиялық түрғыдан 95% судан тұрады, аздаған мөлшерде белок пен липидтер болады. Қалыпты жағдайда синовиальды сұйықтықта иммуноглобулиндер мен ұйыту жүйесінің факторлары болмайды, сондықтан бұл сұйық ұйымайды, қалапты буынның синовиальды сұйықтығындағы жасушалары көп емес. Олардың кон-центрациясы 13-200 мм³ жасушаны құрайды. Сұйықты бұзушы элементтері көбірек, негізінен бұл синовиальды жабынды жасушалар (36%), лимфоциттер (40%), гистиоциттер (10%), аздаған моноциттер мен нейтрофильдер де кездеседі. Синовиальды сұйықтықтың құрамының өзгеруі буын ауруларына диагноз қоюда алатын орны ерекше. Синовиальды сұйықтықты цитологиялық зерттеуде синовиальды қабықтың биоптатын гистологиялық зерттеу қажетке алынады. Ауру кезінде жасушалардың концентрациясы өзгеруі олардың жеке түрлерінің арақатынасының өзгеруіне алып келеді. Көбінесе буындардың қабынып зақымдануларында жасушалардың құрамы 50000 мм³ ке жетеді, ауыр жағдайларда 100 000мм³ ке де жетуі мүмкін, мұндай жағдайда түйіршікті нейтрофильдердің саны бірден көбейеді (65-85%).

Буындардың зақымдалуы – артриттер (инфекциялық агент-тердің метаболикалық бұзылыстары немесе аутоиммундық процестерден пайда болған) адамдарда жиі кездесетін кесел немесе сырқаттардың қатарына жатады, әсіресе қарттық шақта. Олар әдетте буындық шеміршектің бұзылуымен және буындық қапшықтардың өзгеруімен сипатталады, бұл буын қызметінің бұзылуына әкеліп соғады және өте ауыр ауру сезімімен сипатталады (буынның толық қозғалыссыз қалуы - анкилоз).