
- •Тірек-қимыл аппаратының белсенді бөлігі (бұлшық еттер туралы ілім – миология)
- •Буындағы гиалинді шеміршек тіні
- •Сүйек - трансплантациясы мен тіндік инженерияның объектісі
- •Сүйек байланыстары
- •Үзіліссіз сүйек байланыстары (синартроздар)
- •Сүйектің үзілісті байланыстары, диартроздар немесе буындар
- •Синовальды қабығы
- •Синовиальды қабықтың құрлысы
- •Тірек-қимыл аппараты
- •Қосымша Бақылау есептері
- •Нерв (жүйке), нерв түйіндері. Жұлын. Бас миы
- •Жүрек пен қан тамырлар жүйесі Артериялар. Майда қан тамырлар арнасы
- •Жүрек пен қан тамырлар жүйесі. Веналар. Лимфа тамырлары. Жүрек
Үзіліссіз сүйек байланыстары (синартроздар)
Сүйектің үзіліссіз байланыстары (синартроздар) сүйектерді байланыстыратын тіндерге қарай байланысты үш түрге бөледі: 1. Синдесмоз; 2. Синхондроз; 3.Синостоз.
Синдесмоздар – (грек тілінен syn – бірге, desmos – байлам) – тығыз талшықты дәнекер тін арқылы сүйектердің байланысуы. Адамда мұндай байланыстар иықтың, балтыр, білектің, сүйек аралық байланыстарын даму сатысындағы бассүйектердің арасындағы тігістерді (ұрық пен нәрестедегі өте кең – еңбектері) жатқызады.
Синхондроздар – (грек тілінен syn – бірге, chondros – шеміршек) сүйектер аралықтарының шеміршек тінімен байланысуы. Мұндай байланыстарға мысалы: қабырғалар мен төстің арасының гиалинді шеміршек арқылы немесе негізгі массасын талшықты шеміршек тіні құрайтын байланыстар жатады. Уақытша синхон-дроздарға сүйектің даму барысындағы эпифизарлы гиалинді шеміршек пластинкасының эпифиз бен сүйек диафизінің қосылысы жатады. Ағзадағы синхондроздардың маңызды түрі омыртқа аралық дискілері.
Омыртқа аралық дискілер омыртқалардың денесін бай-ланыстырады, және өзінің құрылысының арқасында кейбір қозғалысты қамтамасыз етеді. Олар механикалық мықты фиброзды сақинадан тұрады, мұндай сақиналар амортизаторлық қызмет атқа-рады. Фиброздық сақина талшықты шеміршектен түзілген. Балаларда ол су (90% шамасында) мен негізгі аморфтық заттың компоненттерінің көп болуына байланысты ол жартылай сұйық консистенцияға ие. Бірақ жасқа байланысты онда коллагенді талшықтары көбейеді, ұлғаяды. Фиброздық сақинаның жастық дегенеративті өзгерістері немесе жарақаттық зақымдануы омыртқа аралық дискілердің деформациясына және жүйке түптерінің жаншылуына алып келуі мүмкін, ол клиникада ауру сезімінің қозғалыс пен сезімталдықтың бұзылыстарымен байқалады.
Синостоздар – (грек тілінен syn – бірге, osteon – сүйек) сүйек аралықтарының сүйек тінімен байланысуы көп жағдайда қаңқа дамуының аяқталатын сатысы ретінде синхондроз бен синдесмоздың ауысуы жолымен көрінеді. Мысалы, жамбас сүйектері балалық шақта олардың өсуін қамтамасыз ететін гиалинді шеміршекпен байланысқан жеке құрылымдарды құрайды. Жыныстық жетілу кезеңінен кейін бұлар сүйек тінімен бірге байланысады. Осындай жолмен балалық шақта өсуге мүмкіндік жасайтын бас сүйектерінің арасындағы талшықты дәнекер тіні ересек адамда синастоздың түзілуіне байланысты сүйек тініне ауысады.
Сүйектің үзілісті байланыстары, диартроздар немесе буындар
Үзілісті сүйек қосылыстары сүйектердің еркін қозғалысын қамтамассыз етеді. Байламдармен ұсталып тұрады және тығыз дәнекер тінді қапшықпен қоршалған, үйкелісті азайту үшін сүйектердің буындық беттері тегіс буындық шеміршекпен жабылған және буындық қуысты толтырып тұрған синовиальді сұйықтықпен ылғалданады.
Буындық шеміршектің (әдетте гиалинді) буындық беттерінің қалыңдығы 0,1-6 мм қабат түрінде. Бұл қабат сүйекке мықты бекінген, тегіс және жылжымалықпен бірге түрткі амортизациясын қамтамасыз етеді. Буындық шеміршектің қоректенуі екі жолмен жүзеге асады: синовиальді сұйықтықтан (метаболиттердің түсуінің негізгі жолы) және субхондральді, бұл сүйек жағынан жүзеге асады. Буындық шеміршектің құрылысы сүйектің эпифизарлы шеміршекті пластинкасының құрылысына ұқсас.
Буын шеміршегінің құрылысы. Мұнда үш аймақты ажыратады: үстіңгі, аралық (негізгі), базальді.
Үстіңгі аймағы – буын қуысына қараған жасушасыз табақшадан, тығыздалған хондроциттері бар тангенциальді қабаттан және жеке орналасқан домалақ хондроциттерден түзілген ауыспалы қабаттан тұрады. Коллаген талшықтары аталған аймақта көбінесе буын бетіне параллель (тангенциальді) орналасады.
Аралық (негізгі) аймағы – шеміршектің ең кең аймағы. Мұндағы хондроциттер бағаналар түрінде орналасып, изогенді топтар түзеді де, шекарасы анық емес екі қабаттан тұрады. Коллагенді талшықтары бағаналардың арасымен өтіп, буын бетіне бұрыш жасап бағытталған.
Базальді аймақ – буындық шеміршекті субхондральді аймақпен байланыстырады. Ол ізвестелінбеген және ізвестелінген шеміршек қабаттарынан түзілген. Шекарасының рөлін минера-лизация фронтына сәйкес келетін толқын тәрізді базофильді сызық атқарады. Ізвестелінген шеміршектің қабаты капилляр ілмектері енетін сүйекке жақын жатады. Ізвестелінген шеміршек қабатында гипертрофияланған хондроциттер орналасады. Бұл аймақтағы коллаген талшықтары буын бетіне перпендикуллярлы орналасады.
Сүйектің белсенді өсу кезінде буындық шеміршек өсіп келе жатқан эпифиз өсу сатысындағы диафизге қажет болатындай мағынаға ие: оның жасушалары көбейіп, жасуша аралық заттарды өндіреді. Осылайша сүйек тіні үнемі алмасып отыратын ізвесте-лінген шеміршектің кемістігін толтырып отырады. Эпифиздің өсуі тоқтағанда, буындық шеміршектің өсуі және оның сүйек тініне алмасуы тоқталады да, әрі қарай хондроциттер көп мөлшерде жасуша аралық заттар өндіреді. Бірақ көп бөлінбейді. Буындық шеміршек шеміршек қабынан айырылғанда (шеміршекте камбиальді элементтердің орналасқан жері), бұл регенерацияға қабілеттілігін жояды.
Буындық қапшық (капсула) буын қуысын қоршай отырып және буын беттеріне, сүйек қабына тығыз бекінеді. Ол екі қабықтан түзілген-сыртқы фиброзды және ішкі синовиальді.
Фиброзды қабық сүйек қабына өтетін тығыз талшықты дәнекер тінінен түзілген. Көп буындарда онда циркулярлы бағытталған талшықтар бар, сыртқы қабаты және бойлық орналасқан коллагенді талшықтарынан тұратын ішкі қабатын ажыратуға болады.