- •Тірек-қимыл аппаратының белсенді бөлігі (бұлшық еттер туралы ілім – миология)
- •Буындағы гиалинді шеміршек тіні
- •Сүйек - трансплантациясы мен тіндік инженерияның объектісі
- •Сүйек байланыстары
- •Үзіліссіз сүйек байланыстары (синартроздар)
- •Сүйектің үзілісті байланыстары, диартроздар немесе буындар
- •Синовальды қабығы
- •Синовиальды қабықтың құрлысы
- •Тірек-қимыл аппараты
- •Қосымша Бақылау есептері
- •Нерв (жүйке), нерв түйіндері. Жұлын. Бас миы
- •Жүрек пен қан тамырлар жүйесі Артериялар. Майда қан тамырлар арнасы
- •Жүрек пен қан тамырлар жүйесі. Веналар. Лимфа тамырлары. Жүрек
Сүйек - трансплантациясы мен тіндік инженерияның объектісі
Сүйек тіні жойылған аймағының көлеміне байланысты (оның зақымдануы нәтижесінде немесе ісікті алып тастағаннан кейін) пайда болған ақаудың орнын толтыру қажеттілігі туындайды. Сүйектің бүтіндігін қалпына келтіру опера-циясына (отасын) зәру науқастардың саны өте көп: тек қана АҚШ-та оның саны жылына бір миллионнан асады. Емдеудің тиімді әдісі сүйек тінінің трансплантациясы (ауыстыру) болып табылады. Бұл мақсатта аутотрансп-ланттанттар мен аллотрансплантанттар қолда-нылады.
Сүйек аутотранспланттациясы ағзада болатын сүйек тінінің қорына байланысты өз мүмкіншілігімен шектелген. Онымен бірге қалыпты қан тамырлардан ауыстырылған сүйек аутотрансплантанты әдетте сынықтардан өсетін сүйек тініне көше отырып, біртіндеп солады да тіршілігін жояды. Бірақ аталған операция пайдасыз емес. Ауыстырылған сүйек тіні сынықтардың шеттерін механикалық түрде бекітеді де, өсіп келе жатқан сүйек қалқаларына бағыттаушы элемент рөлін атқарады, жаңа сүйек тінінің дамуын күшейтіп және стимульдеуші әсер етеді.
Сүйек аллотрансплантациясы (әдетте мәйіттен алынған) донор мен рецепиенттің тіндік сәйкессіздігінің салдарынан трансплан-танттың кері тебілуімен аяқталады. Кері тебу реакциясына қарамастан алмастырылған сүйек тіні бәрібір рецепиенттің сүйегінің сынған жерінде остеогенездің бел-сенділігіне әсер етеді. Сүйек протездеріне жаңа материалдарды қолдану сүйектің өсу әсерін және остеогенездің кеңістіктік үйлесімділігі жолымен қалыпқа келтіруге мүмкіндік жасайды.
99 – сурет. Шеміршек тіндері, (Ю.И. Афанасьев бойынша)
А- гиалинді шеміршек; В- талшықты шеміршек
I – шеміршек қабы: 1. талшықты қабаты; 2. хондрогенді қабаты; 3. хондрогенді жасушалар; 4. Хондробласт;
II – жас шеміршек аймағы: 5. жеке орналасқан хондробласттар; 6. шеміршек матриксі;
III – пісіп жетілген шеміршек аймағы: 7. хондроциттердің изогенді топтары; 8. шеміршек лакуналары; 9. шеміршектің базофильді матриксі (а – территориальді, б – аралықтерриториальді), 10. негізгі зат; 11. эластин талшықтары (суретте жоқ); 12. коллаген талшықтарының жігі; 13. фиброциттер.
Биологиялық инертті материалдан жасалған протездерді қолданумен қатар соңғы жылдары жақында ойлап шығарылған арнайы кеуекті және биоактивті (мысалы, гидроксиапатиттер) материалдары қолдану керекті бағыттардың бірі, олар уақытша тіректік және бағыттаушы элемент рөлін атқарады. Сүйек тінінің өсуіне әсер етеді де, әрі қарай біртіндеп сорылады.
Остеогенез индукциясы-сүйектің бүтіндігін қалпына келтіретін жаңа табысты бағыт. Мұны бірнеше жолдармен жүзеге асыруға болады. Олардың бірі деминералданған сүйектен жасалған ұнтақты қолданумен байланысты оны зақымданған аумаққа енгізгенде сүйек тінін өсуін бейімдейді. Мұндай жолмен алынған тіннің көлемі клиникалық нәтижелі бола бермейді. Басқа перспективті бір бағыт болып сүйек тінінің индукциясына сүйектің морфогенетикалық белоктарын қолдану.
Сүйек байланыстары
Сүйектердің байланыстары 2 топқа бөлінеді:
Үзіліссіз – синартроздар (грек тілінен.syn бірге, arthron – буын) қозғалмайтын немесе аз қозғалатын байланыстар.
2. Үзілісті – буындар немесе диартроздар (грек тілінен dia – арқылы, arthron буын) сүйектердің қозғалысын қамтамасыз етеді.
