
- •Тірек-қимыл аппаратының белсенді бөлігі (бұлшық еттер туралы ілім – миология)
- •Буындағы гиалинді шеміршек тіні
- •Сүйек - трансплантациясы мен тіндік инженерияның объектісі
- •Сүйек байланыстары
- •Үзіліссіз сүйек байланыстары (синартроздар)
- •Сүйектің үзілісті байланыстары, диартроздар немесе буындар
- •Синовальды қабығы
- •Синовиальды қабықтың құрлысы
- •Тірек-қимыл аппараты
- •Қосымша Бақылау есептері
- •Нерв (жүйке), нерв түйіндері. Жұлын. Бас миы
- •Жүрек пен қан тамырлар жүйесі Артериялар. Майда қан тамырлар арнасы
- •Жүрек пен қан тамырлар жүйесі. Веналар. Лимфа тамырлары. Жүрек
XI БӨЛІМ
Тірек-қимыл аппаратының белсенді бөлігі (бұлшық еттер туралы ілім – миология)
Қаңқа бұлшық еттері көлденең жолақ ет талшықтарының жігінен тұрады. Ет талшықтары бір-біріне параллель орналасқан, борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер тінді перделермен қоршалып, бірінші реттік ет талшықтары тобын түзеді. Бірнеше бірінші реттік талшықтар топтамалары бірігіп, екінші, үшінші реттегі талшықтарды құрайды. Осындай ет талшықтарының барлық топтамалары дәнекер тінді қабықпен қоршалып, ет талшықтардың денесін түзеді. Ет талшықтарының арасындағы дәнекер тінді қабыршақ перделері біртіндеп еттің сіңір бөлігіне ауысады.
Әрбір ет талшықтарында белсенді түрде жиырылатын денесі және сіңірі арқылы сүйекке бекінетін пассивті бөлігін ажыратады. Сіңір тығыз қалыптасқан талшықты дәнекер тінінен тұрады. Сіңір ашық түсті, ал ет талшықтары болса қызыл-қоңыр түсті болып келеді. Көптеген жағдайларда сіңір ет талшықтарының шеткі екі ұштарында да болады. Өзіндік пішіні, құрылысы, қызметі бар, ағзадағы дамуымен жай-күйі белгілі, құрамында қан тамырлары мен нервтері болғандықтан бұлшық ет – мүше. Бұлшық еттің сіңір бөлігінің пішіні әртүрлі. Қол-аяқ еттерінің соңғы сіңір бөлігі ұзынша келген цилиндр тәрізді - жіпшелер. Дененің кеуде бөлігіндегі еттерінде сіңірдің пластинка тәрізді сіңірдің созылған бөлігі – апоневроз деп аталады. Еттердің сіңірге ауысатын бөлігі үзіліссіз болып келеді. Сіңір талшықтары ет талшықтарының сарко-леммаларына тығыз байланысып миофибриллаларының арасына бірігіп кетеді. Сондықтан ет талшықтарынан сіңірге зақым келтірмей бөліп алу қиын. Бұлшық еттердің дәнекер тінді қабығы сіңірді қоршап, перемизийді түзеді, одан перитенониге ауысады.
Буындағы гиалинді шеміршек тіні
Б
уындағы
гиалинді шеміршек
астындағы сүйекпен тығыз байланысады.
Нәрестенің қаңқа сүйектерінің біразы
гиалинді шеміршек тінінен тұрады. Ал,
ересек адамдарда шеміршек жілік
сүйектерінің буын беттерінде және басқа
да мүшелерінің құрамында кездеседі.
Түсі көкшіл, әйнек тәрізді, мөлдір болып
келген. Адам ағзасындағы гиалинді
шеміршек тінінің сырты
шеміршек қабы –перихондриймен қоршалады.
Перихондрий құрамында
қан тамырлары бар сыртқы
талшықты дәнекер тіні және ішкі
жасушалы қабаттардан тұрады. Жасушалары
прехондробласттардан
пайда болған хондробластар.
98 – сурет. Қанқа бұлшық ет тінінің құрылыс ерекшелігі,
(А.А. Заварзин боынша)
А – талшықтың жиырылу кезеңі: ет талшықтарының арасындағы ко-ллаген фибриллаларының спираль тәрізді оралымы; Б – талшықтың созылуы кезеңі: ет талшықтарының арасындағы коллаген фибриллалары-ның созылуы.
1. сарколемма; 2. ет талшы-ғының ядросы; 3. саркоплазма; 4. сіңір; 5.-ет талшықтарының ішін-дегі сіңір талшықтарының жігі.
Перихондрийдің астындағы шеміршектің үстінде жас хондро-циттер орналасады. Бұлардың пішіні жіп тәрізді, шеміршек бетіне параллель бағытта орналасады. Шеміршектің тереңірек қабатындағы хондроциттердің пішіні сопақша, не дөңгелек . Мұндай хондроциттер бөліне келе бір - бірінен алыстап кетпей топтасады да, изогенді топтарды түзеді. Изогенді топтағы хондроциттер (2-4-ке дейін) сыртын аморфты зат сіңген коллаген талшықтары қоршайды. Гиалинді шеміршектің буынға бағытталған беткейінде шеміршек қабы болмайды. Буын шеміршектерінде үш түрлі аймақтарын ажыратуға болады. Үстіңгі аймағы – аз маманданған , майда хондроциттерден тұрады. Ортаңғы аймағы – үстіңгі аймағына параллель орналасқан пішіні дөңгелек, өте ірі хондроциттердің тізбегінен қалыптасады. Ал, ең тереңірек орналасқан буын шеміршегінің астыңғы аймағы – кальцийленген құрамында қан тамырлары бар аймақ.
Талшықты шеміршек тіні. Талшықты шеміршек тіні – коллаген талшықтарына бай, мықтылығы күшті, омыртқа аралық дискілерде, шат тігісінде, сонымен қоса сіңірдің гиалинді шеміршекке ауысатын тұстарында кездеседі. Талшықты шеміршектің бір ұшы гиалинді шеміршекке, ал екінші ұшы тығыз қалыптасқан дәнекер тініне айналып отырғандықтан, бұл шемірщек ағзада жеке кездеспейді. Аталған шеміршек тіннің құрамында жасушалар мен жасуша аралық заты да бар. Шеміршек жасушалары – хондроциттер.
Хондроциттердің пішіні сопақша, не дөңгелек, цитоплазмасы ашық түсті вакуольдерге бай болады. Хондроциттер аралық затта жеке де немесе топтасып орналасады да, изогенді топтағы жасушаларды түзеді. Бұл жасушалардың құрылысы сіңірге , ал қызметі фибробласттарға ұқсас. Бұлар аралық затқа II-типтегі коллаген талшықтарымен бірге протеогликандар мен коллагеннің I-түрін де синтездейді. Фибробласттарға ұқсас болғандықтан , хондроциттер сіңірге ұқсастығы да баршылық.
Жасуша аралық затында 90% I-типті коллаген талшықтары болады , бұлар бір-біріне параллель орналасады. Хондроциттердің сіңірге ауысатын тұстарында құрылысы фиброциттерге ұқсастығы байқалады. Шеміршектің регенерациясы шеміршек қабы арқылы жүзеге асады. Егер шеміршек қабы болса, онда регенерациясы хондрогенді жасушалардың көбеюі арқылы жүзеге асады. Буындағы шеміршекте шеміршек қабы болмайды, сондықтан жаңалануы аралық затындағы хондроциттері арқылы жүреді.