Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
poezia_otv.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
196.44 Кб
Скачать

27) Қазіргі қазақ поэзиясының зерттелуі

Поэзия- ұлы әлем, тылсым күш. Мұңайғанның жүзіне күлкі сыйлатқан, бейқам көңілді тұңғиық ойға шомдырған, ғашық көңілдердің асық жүректерін бір арнаға тоғыстырған не құдірет?... Әрине, ол-поэзия.

   

Серік Ақсұңқарұлы поэзиясының тілі. Өз басым Серік ағамның жырларымен 9 сыныпты аяқтаған уақытта таныс болдым. «Жұлдыздар отбасы» журналынан Алаш ардақтысы М.Шахановтың сұқбатын оқыған ем. Сол сұқбатта ақын аға: ...қазіргі қазақ ақындарының ішінен С.Ақсұңқарұлының: «...Қазақ деген- Кенесары,  Денесі- бар. Басы- жоқ.»,-деген шумағы ерекше ұнағанын айтыпты. Менің де жас жүрегіме қатты әсер етті. «Өмір деген- Күнді айналу» кітабын тауып алып оқыдым. Ақын жырларына ғашық болдым.

Қазір- «Адам ата- Һауа ана» (Рух кітабы) кітабындағы жырларға тоқталғым келіп отыр.

 «Сұрақ белгісі» деген өлеңінде:

«Естісін халық!

Кім мені келсе сынап көргісі,

Жаныма маза бермейді ес-түсімді алып

  Сұрақ белгісі!»,- дейді ақын.

Неге жауап іздейді, ағам? –Бәріне...

Қаншама қырғын не үшін?

Белгісіз боздақ қаншама, белгісіз мола қаншама?

 Хиросима?

Бұның бәрі де не? Әрине, жауабы жоқ сұрақ.

 «Адам ата- Һауа ана һәм цивилизация» өлеңіне үңілсем.

 Сол бір бейбіт уақытта: «Адам ата өмір сүрді үңгірде...

                                             ...Һауаның да жоқ-ты алтын сырғасы».

 -Ал енді ше? – «Ай қыдырған Аспан деген алаңда,

                              Құдайлардың төбелесі басталды».

 ХХ ғасырда басталған алпауыттар соғысы әлі жалғасып келеді.

   

Жүрсін Ерманның жалынды жырлары

   «Бүгініміз- беймәлім

    Ертеңімі күмәнды» («Ырғай жыры») заманда қаламын серік етіп, өлең- жырын жаныны көрік етіп жүрген ағаларымның бірі- Ж.Ерман. Жүрсін ағамды кезіндегі ақындар айтысының ұйымдастырушысы ретінде танитын едім. Ендігі уақытта оның «Ырғай» жыр кітабын оқығаннан бері жазба ақын ретінде де мойындадым. Тіліп түсер өткір тілді ақын ағаның жырларын жанымы жақын тарттым. Ұнаттым.

   Осы сынды Жүрсін ағаның:

                             «Қай жерде, мейлі, қай елде,

                              Әлемнің мәні- әйелде...

                               ...Халыққа сыйлы болмайсың,

                               Әйелге болсаң жексұрын...

                               ...Әлемнің тілін таппайсың,

                               Әйелдің тілін таппасаң...

                               ...Әйелмен күнің өлшенер,

                               Құдайдан кейін-сол шебер.

                               Бақытты сен де болмайсың,

                               Әйелің сорлы болса егер.

                                ...Адамның күні әйелмен,

                               Әйелдер мәңгі жасасын!»,-деп келетін жолдары бар.

   Бұл- әйелді биік көтеру. Өйткені, әйел-жар, әйел- Ана. Ендеше, бұл жыр- Ананы сүю, Ананы мойындау.

   

Қалқаман Сарин поэзиясындағы сыршыл лирика.  Махаббат лирикасы- сыбызғы сезімге толы лирика. Абай атамыздың өзі- «Ғашықтың тілі- тілсіз тіл» деп жырлап кеткен емес пе еді?

   Күні кешегі, жырын Алаш жұрты мойындаған Мұқағали атамды мен ХХ ғасырдың махаббат пірі дер едім. Сезімге толы әрбір шумағы жүрекке от салады.

   Бүгінгі күні өз басын, махаббат жыршысы деп, өзі айтқандай бір күн де мөлдір мұңсыз өмір сүре алмайтын ақын- Қалқаман ағамда айтар едім.

                                 «Ойлаумен тек өзіңді түн де ұзарар,

                                  Сырыма қанып үнсіз жұлдыз ағар.

                                  Мендегі махаббатты оятты ғой,

                                  Сендегі сезім тұнған нұрлы жанар»

Маралтай Райымбекұлының дауылпаз жырлары

   «Тұлпарға мінген Ұлы даланың,

     Тарпаң мінезді ұлы»- Маралтайдың  «Кентавр» жинағындағы біраз жырға тоқталғым келіп отыр.

                            «Мен туғанмын ер Мұхаммед өлген күн,

                              Мен болмасам жүрегімді емдер кім.

                              Хақ Мұхаммед айтып кеткен кешегі,

                              Келеді деп...

                              Келген ақын, сол- Менмін!»

   Ағам, менің бала жүрегімді дүдамал күйден арылтты, дерттен емдеді, жырларымен. Сонысымен де ұнады.

   Маралтай «Өмір» өлеңінде:

                             «Бала арманым өлді екен деп тереңде,

                               Болмас іске қабағымды керем бе.

                               Жерге сыйлап жансыз қалған тәнімді,

                               Көкке кетем көресімді көрем де»,- дейді.

   Бұл не дегені? Бұны түсіну қиын.

   Меніңше, бұл- ішкі мұң. Сол мұңнан туған дүние. Әйтпесе ақын:

                              «Менің жаным аппақ емес, қап- қара» демес еді ғой.

«Жас ақындар жырының анталогиясы».  Бұл кітапты мен 9 сынып оқып жүргенімде, қазіргі жас ақындар кімдер екен деген қызығушылықпен оқыған едім. Кітапқа қазіргі жыр патшалығының 45 ақынының өлеңдері енгізілген. Кітап алғысөзін ақын Ұ.Есдәулет жазған. Жинақта Ұлықбек ағаша айтар болсам: «Қазақ өлеңінде болашақ бар ма?» деген сұраққа жауап табылады (Егер сенбесеңіздер оқыңыздар!). Мен өзімше жазамын. Алаш ардақтысы М.Жұмабаев сеніп өпкен: «Арастандай айбатты,

                                    Жолбарыстай қайратты,

                                    Қырандай күшті қанатты» жастардың жырлары бұлар.

Жас ақын Нәзира Бердалының бала күнін ойға алып, бойжеткен шағынан қиял тербеп балалықтың ауылына сапар шеккен өлеңі:

                             «Ей, самолет, самолет,

                               Алматыға ала кет!

                               деп жүргенде,

                               Осы біздер бала ма ек.

                               ...Самолеттен ала кет деп сұраған,

                               Алматыда жүрмін мен...

                               ...Ей, самолет, самолет!

                               Балалығым сапарда,

                               Қай жерде екен айтып кет!»

  Ақын балалығын осылай сағынады. Осы ойды, ауылға деген сағыныш сезімін:

                             «Сағынып келем жып-жылы жаз ауылымды,

                               Алматының қар басқан көшелерінде» деп толықтыра түседі.

Келесі бір жас ақын- Бақыт Беделханұлы. Мысалға, «Солай бәрі болу керек» өлеңін алатын болсам: «Өрт боп жанған махаббатым аман бол,

                               Өшер кезде ешкім маған от бермес».

Осы жолдарда ақын ұлы күш- махаббаттың жалынын анық аңғартады. Махаббат от береді, маздатады. Тағы бір ерекшелік, өлеңнің бірінші (ө), төртінші (е) шумақтары ассонансты пайдаланып, ал екінші (л), үшінші (м), бесінші (с) шумақтары аллитеррация тәсілін қолданылып жазылған. Және де сол басқы әріптерден құралған сөз: «Ө Л М Е С»... Иә, бұл жалынды жырлар өлмейді, мәңгі!

   Осы ойды «Мәңгіліктер» өлеңінде былайша сабақтайды:

                           «Мәңгіліктер...

                             Мәңгі өлмейтін жаныма жаңғырып кел».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]