Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
poezia_otv.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
196.44 Кб
Скачать

22. Серік Аңсұңқарұлы поэзиясындағы бүгінгі заман көрінісі

Ел мен жерді сақтар айбар мен намыстың жоқтаушысы бола алатын тек «түкті жүрек» қана. Өмірге құштарлық ақынның ұлтына деген терең сүйіспеншілік сезімін, биік оптимизмін туындатады. Өршіл рухты жырларымен кешегі Махамбеттермен үндесетін, солардың бүгінгі рухани жаңғыруындай әсер қалдыратын Ақсұңқарұлының жырлары қайғы-қасіреттің өзін өр рух, асқақ пафоспен жырлайды. «Басын» іздеген, яғни рухани бастауын іздеген «Кенесарының түкті жүрегі» кеудесіне жерленген ақынның поэтикалық «мені» мұң мен қасіретке шомыла тұра күрес жолынан танбайды. Осы идея, осы сарын «Кенесарының басы» өлеңінде жалғасын тапқан. Ұлтымыздың жанына батқан ауыр жара Кенесарының өлімі болса, оның басының табылмауы жоғын іздеген қазаққа тағы бір сын болуда. Елінің намысын жоқтап, халықтың кегін қуған Кенесарыдай қаһарманның трагедиялы тағдыры, кесілген бастың ізсіз кетуі жүрегімізге шер, жанымызға шемен болған тарихи оқиға. Серік Ақсұңқарұлының жырларында ұрпақтар сабақтастығын, уақыт байланысын арқау еткен поэтикалық идея туған дала және оның жыршысының бейнесі арқылы өрнектеледі. «Қарқаралым – қара орманым» атты бөлімде ақынның туған елі мен жері жырға арқау болған. Қарқаралының «қасиетті топырағына еміреніп, Қасым – Музасына» тебірендім. Мен оның тауының әрбір тасына, орманының әрбір бұтағына ғашық едім», – депті ақын осы бөлімге қара сөзбен жазған кіріспесінде. 1997 жылдың тамызында Қарқаралы ормандарының өртенгенін ел біледі. Осы өрт «Өрт менің өзегімді өртеп, жүрегімді қап-қара ғып тастады», – дейді ақын. Ақынның өртенген жүрегі Қарқаралыға арналған өлеңдерінің өн бойынан лүпілдей көрінеді. Қарқаралыдағы өртті ғана емес, қазақ жанындағы дертті де күңірене жырға қосады: Дегелеңді дерт алды, Қарқаралыны өрт алды.

Шыңырауда көзі біткен бұлақ – тұл, Өзегіне өрт кеп түскен құрақ – тұл. Алматыда Көшесінде Саиннің Ұлттық ұят бетін басып, Жылап тұр. Қара орман ұлт рухы мен киесінің символдық бейнесіне айналып, өрт те астарлы поэтикалық мән иеленген. Кешегі Мәдидей тағдыр иесі «Атыңнан айналайын Қарқаралы, Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады» деп күңіренткен қазақтың бұл киелі мекенін Серік Ақсұңқарұлы: Қарқаралы, қайда көктің жасындары, қайтейін, Сенен бір өрт, Менен бір дерт басылмады, қайтейін. Пенделердің көзіндегі құрты болдың, қайтейін, Салған өрт пен жанған өрттің жұрты болдың, қайтейін. Ғаламдағы жалғыз пірім, Қарқаралы-ау, қайтейін, Сенен – бір шер, Менен – шемен тарқамады-ау, қайтейін...– деп жырға қосады. Кезекті қайталау үлгісімен өрілген бұл жолдар сыртқы айшығының әсемдігімен ғана емес, ішкі көркемдік мазмұнының тереңдігімен де ерекше. Ақынның көркемдік ізденісі дәстүрлі пішінді жаңғырта отырып, жаңаша ой айтумен дараланған. Қарқаралысын өрт алғанда жаны шырылдаған ақын: Қара орманнан бұрын түсіп отқа кеп, « – О, Тәңірім, өрт басарың жоқ па? – деп, Сұрап едім, тіл қатпады ол маған, Тұла бойым – содан бері соқпа дерт.

23. Қазіргі ақындардың қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді ерекше жырлауы

Қоғамдық жүйенің өзгеруі, халықтың өмір сүру қағидаларына түбегейлі өзгерістер әкелді. 1991 жылдың желтоқсанына дейін елдегі саяси- эканомикалық, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени-рухани дүниедегі жаңару-жаңғыру үрдістері түрлі қайшылықтарға толы болды. Соның ішінде рухани-мәдени салада біраз қиыншылықтарды бастан өткеруге тура келді.

Ұлтты белгілі бір мақсатқа, мүддеге біріктіру жайлы мүлдем айтылған, жазылған жоқ десек жаңсақ болар еді. Жазушы-ғалымдарымыз, қоғам қайраткерлері бұл тұрғыда өз ойларын БАҚ арқылы білдіріп жатты. Бірақ көпшілікті ұйытып, соңдарынан ерте алмады. Қалыпты жағдайды уақыттың өзі жасады. Экономика түзеліп, саяси жағдай тұрақтала бастады. Ұлттық идеология төңірегіндегі пікірталас та осы кезеңдерде белең алды. Бір өкініштісі, ұлттық идеологияның негізгі тетігі ретінде дөп басып көрсетер, сырт көзге қалқан қылар рухани құндылығымызды әлі айқындай алмай келеміз.

...Қазақстан Республикасы өз атын өзгерткенімен, өзінің саяси құрылымының ішкі мазмұнын әлі толық жаңарта алған жоқ еді. Халықтың көпшілік бөлігінің сана-сезімінде кеңестік дәуір дүниетанымының сарқыншағы басым еді...».

Тарихшыларымыз осылай деп баға берген Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан халқы үшін сындарлы кезең болатын. Кеңестік идеология сарқыншағын санадан тазартып, елді ұлттық мүдде бағытына топтастыруға үндеген халық шығармашылығы өкілдерінің алдыңғы легінде ақберен жырдың иелері айтыс ақындарының болғандығын тағы да тілге тиек етеміз. Бүгінгі күні айтыс өнері туралы қоғамдық көзқарас екіұдай пікір білдірсе де, біз анық бір ақиқатты мойындауымыз керек. Ол ақиқат – тәуелсіздік таңы атқан 1991 жылдан 2006 жылға дейінгі он бес жыл бойы айтыс өнері ұлттық идеологияның жалынды жаршысы, насихатшысы болғандығы. Айтыстағы болмашы кемшіліктер мен олқылықтарды жіпке тізе бергенше, оның ұтымды, қазақ қоғамына қажетті орасан зор мүмкіншіліктерін тілге тиек еткеніміз абзал. Бұл жерде 1991-2006 жылдар шартты түрде алынып отыр. Өйткені Тәуелсіздіктің алғашқы он бес жылы елдің ел болуын, қазақтың ұлт болып ұйысуының сипатын айқындаған жылдар болды.

Ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздіктің тұрақтылығын сақтап қалуда бұл он бес жыл, ұлт тарихына алтын әріппен жазылары сөзсіз. Айтыс өнерінің бұқаралық сипат алып, ұлттық идеологияның  ұйтқысына айналуына телевизияның септігі мол болды. Қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістер, саяси-экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар сол кезде өткізілген ақындар айтысында жан-жақты насихатталып, халық назарына ұсынылып жатты. Әсіресе, дін, діл, тіл мәселелері өткір көтеріліп, бұқара халық көзқарасын осы бағытқа бұруда ақындар айтысы ерекше рол атқарды. Ақындар айтысын ұйымдастырушы әрі оның теледидар арқылы Қазақстан аумағына таралуына көп еңбек сіңірген ақын, тележурналист Жүрсін Ерманның осы жылдар еншісінде атқарған қызметін ұлт өнері тарихында қалар ерен іс деп бағалаған жөн. «Екі тізгін, бір шылбыр» атты кітабында айтыс өнері төңірегінде болған текетірес пен талас-тартыстың барлығын бастан өткерген Ж. Ерман былай деп жазады: «...Оның алдындағы жылдары «Айтысқа» жасалған қысым-қиянат ойға түссе, әлі күнге аза бойым қаза болады. Тоқырау тұманының арасынан шырылдап шыққан ақындар айтысының ащы шындық дауысы әркімдердің-ақ шамына тисе керек. Әр айтыстан кейін телерадикомитеттің төрағасы К. Смайлов үлкен үйге шақырылатын. Ол «ана жерін қиып таста, мына жерін өшіріп таста» деген нақты нұсқаулармен оралатын...».

Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы айтыс ақындары кәсіби тұрғыдан сауатты, оқыған-тоқығаны көп білімді жырларын, нақты дерек, айғаққа, шындыққа, негіздеп айтатын. «Бүгінгі айтыс пен кешегі айтыстың деңгейі де бөлек. Қазіргі айтыскерлеріміздің бәрі де жазба ақындар. Олардың жазба ақындардан айырмашылығы – көп оқиды, көп ізденеді...».

Айтыс ақындарының осы деңгейі олардың шығармашылық тұрғыдағы шеберліктеріне өлшем болса керек. Жоғарыда келтірілген ұлттық идеология ұйытқысы бола білгендері де, айтыскер ақындардың осы қасиеттерімен айқындалады. Ұлттық руханиятымыздың алтын діңгегі – тілді жырласа да, ар ожданның өзегі – дінді насихаттаса да, ақындар жалаң сөз, жадағай ойға барған жоқ. Тәуелсіздіктің негізгі тірегі бірлік, ынтымақта екендігін айтыс ақындары шын жүректерімен сезініп, соны халыққа насихаттай білді. Саяси-экономикалық ахуалдың да, сайып келгенде, ұлт мүддесі үшін жұмыс істеу керектігін де айтыс ақындары баса айтып отырды. Мэлс Қосымбаевпен айтысында ақын Мұхамеджан Тазабеков осы мәселелер жөнінде ойын былайша түйіндейді: 

«...Жалқаулық Жаратқанға ұнамайды,

Қамсыз қазақ қартайтқан ұлы Абайды.

Балақ түріп, қарекет қылғандардың,

Бақ келіп есігінен сығалайды.

Еріншектің етігі көлеңкеде,

Соқасы күн астында тұралайды.

Көршіңіз байып жатса қуаныңыз,

Қуанғаннан намысың құламайды.

Өйткені, сізге бөліп бермесе де,

Қол жайып, ештеңеңді сұрамайды...».

Халықтың зердесіне жетер насихат жыр, ұлттық ұғымға сай өрілуі, айтыс өлеңдерінің өзіндік еркешелігін тағы бір мәрте дәлелдеп тұр. Қоғамдағы нарықтық қатынастар қағидасын халыққа дәл осылай жеткізу, ұғындыру айтыс жырларында өте мол ұшырасады. Мұның өзі біріншіден айтыстың қоғамдық-әлеуметтік маңызын көрсетсе, екіншіден халыққа тығырықтан шығудың жолын нұсқаған насихатшылдық, үгітшілдік рөлін айқындайды. Ал, үгіт, насихат принциптерінің қоғам идеологиясына қызмет ететіндігі өзінен өзі белгілі.

«Кейінгі  жылдардағы айтыстардың көпшілігінде бірсыпыра әлеуметтік  мәселелер қозғалып, кейбір келеңсіз жайлардың сыналып ашық айтылуы, бұл өнер түрінің халыққа берер тәлім-тәрбиелік мәні орасан зор екенін айқын сипаттайды».

Ғалымдарымыздың осы пікіріне сүйене отырып «халыққа берер тәлім-тәрбие» бағытының қандай дәрежеде өрбігендігін төмендегі айтыс нұсқаларынан жақсы бағамдауға болады. Айтыс үнемі ой қақтығысы, пікір қайшылығы арқылы проблема ретінде қарастырылып отырған объектінің бірнеше қырын ашып көрсетеді.

Айтыс ақындары Бекарыс Шойбеков пен Оразалы Досбосынов арасында өткен жыр сайысында осы тақырып прогрессивті және регрессивті тұрғыдан сипатталады. Мәселен, Оразалы ақын 2030 жылға дейінгі саяси-экономикалық даму стратегиясын, халықтың сол уақыттағы әлеуметтік жағдайымен сабақтастыра отырып былай деп жырлайды:

«...2030-ды ойға жиі алады,

Көңілі көншігендей сұңғыла елдің.

Сары бидайын сапырған сары қымыздай,

Сұлыға зар болып тұр қырманы елдің.

Мемлекеттің бар малы жоқ боп жатыр,

Тоз тоз боп тоқымындай сынған ердің...».

Оразалының бұл ойына Бекарыс Шойбеков басқа қырынан келіп, әріптесіне басалқы сөз айтып, халықты сабырға шақырады:

«...Бүгін біз егеменді ел дейміз де,

Сол елдің жағдайына келмейміз бе?

Бұйырса келер ғасыр ширегінде,

Көркейген қазақ елін көрмейміз бе?

Нострадамус болжаса сенеміз де,

Назарбаев болжаса сенбейміз бе?...».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]