Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
poezia_otv.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
196.44 Кб
Скачать

1. Қазіргі лирика: уақыт пен кеңістік

Дәстүр сілеміне ізетпен қарай отырып, ақындарымыз қатпары мол жан дүниесіндегі сезім ахуалын табиғаттағы құбылыс арқылы бейнелеуде өзіндік өрнек қалыптастырған. Солардың бірі – Жұмекен Нәжімеденов. Ақын табиғат суретіне көз сала отырып, оның әрбір сәтінен сыр түйеді және лирикалық кейіпкердің көңіл күйін сол өзгерістермен қабыстырады. Алатаудың бұлтсыз, адамның ойсыз болуы жөн емес. Ақын бұл ойды екі нысанды (Алатау мен лирикалық кейіпкер) салыстыру арқылы бейнелейді. «Алатау – лирикалық кейіпкер», «бұлт – ой» жұптарымен тұтастай бейнелеулер жүйесі түзіліп, өлеңнің психо-лирикалық мазмұнын тереңдете түскен.  Бұлт келді әппақ-әппақ, үрпек-үрпек, Жалғыз сөз көмейімде тұр кебіртек. Ой келді басыма бір... Ақша бұлттар Қарайып бара жатты бірте-бірте... Осылайша тау басына үйірілген әппақ бұлт пен кейіпкер басына келген ойлар қатарласа суреттеліп, сол әппақ бұлттың бірте-бірте қарайып бара жатуы арқылы кейіпкер жан-дүниесінің құбылысы, көңіл күй ауаны тұспалданады. Омарғазы Айтанұлының «Жер, бұлт, жел» өлеңінде бұл үшеуі бір-бірімен тілдеседі. Жер айтады бұлтқа қарап: – Суретшінің бояуынан Есеңгіреп жатырмын. Бұлт айтады жерге еңкейіп: – Құшағыңды аш, келіп тұрмын, Сезімімен ақынның. Жел айтады сонда оларға: – Жер, сен жатқан бір кәрі қыз, Дәреті жоқ, некесіз. Бұлт, сен жүрген бір қаңғыбас Шолақ атты мекенсіз. Қалыпты ойлаудан ерекше бұл өлеңнің өзіндік жаңалығы – мифопоэтикалық құрылыммен өрнектеле отырып, психолиризмнің жаңа мүмкіндігін танытқандығы дер едік. Ақын Есенғали Раушановтың табиғаттағы құбылыс (жел) пен затты (қайың) назарға ала отырып, тұтас әрекеттер тізбегі арқылы адам болмысының ішкі сырларын сөзбен кескіндеген төмендегі өлеңіне тоқталайық. Бір қайың бар –  Ақ қайың, нәзік қайың, Өскен күнге құшағын жазып дәйім. Нәзігімнің өмірін сырттан бағып

Мен тұрамын қалшиып қазықтайын. Табиғаттың нәзік те әдемі өскіні – ақ қайың адамның ішкі әлемінің бейнесіне ауысқан. Бұл өлеңдегі кейіпкерлер – қайың, жел және лирикалық қаһарман. Өлеңнің өзегі – сезім.  Бұл ауланың қожасы жел болады, Оның өзі – сапарда, Кем қонады. Ылғи тосын келеді ол құйындатып, Асты-үстіне шығарып кең қораны. Жел мінезі осындай әрекетімен бейнеленген. «Ақындар желді өршітіп, «заттандырып» қана қоймай, оған жан бітіруге жиі барады», – дейді қазақ поэзиясындағы стиль мен бейнелілік мәселесін тереңдей қарастырған әдебиетші ғалым Қ. Мәшһүр-Жүсіп [10, 314]. Әр құбылыстың өзіне тән ерекшелігі бар. Осы ерекшелік өлеңдегі бейненің негізгі сипаты болып алынады. Сол арқылы ғайыби (абстрактылы) ұғымдар халі бедерленеді. Содыр желдің қиянатшыл әрекетінен қорғана алмаған қайыңның халі мейлінше «адамдандырылған». Ойы орындалған соң тұрағы жоқ жел ғайып болған. Ендігі қайыңның халі трагедиялық қалыппен көрінеді.  ...Дене дел-сал, Қысқа шаш ұйпа-тұйпа, Мұңды қайың көз жасын көлдетеді. Желдің жұртында жылап қалған қайыңның кейпі мен әрекеті соншалықты шынайы. Дел-сал дене, ұйпа-тұйпа қысқа шаш, көз жасы – бәрі де қайғылы халдегі жанның бейнесі. Сәтті бейнелеу сезімнің ширығуын танытуда өз орнын таба алған. Қайыңның қайғылы қалпын «мұңды» эпитеті аша түскен.  Метафора және символ сияқты бейнелеу құралдарының пайдаланылу жолдары белігілі бір заңдылықтарға бағынғанмен, әр суреткердің қиялы мен ақындық дарыны нәтижесінде өзіндік сипатқа ие болатыны белгілі. Біз талдаған өлеңдерде аталған бейнелеу құралдары адам жанының қат-қабат сырларын бейнелеуде ерекше мәнге ие болып, ақын талантының, сондай-ақ қазақ поэзиясының көркемдік мүмкіндіктерін, ұлттық дүниетанымның поэтикалық ойлау жүйесіндегі салмақты орнын, суреткерлік болмыс қырларын, әр ақынға тән дара стильді танытқан. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]