Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gotovui_bilet_po_nalogovomu_uhetu.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
139.85 Кб
Скачать

ҚазККА

«Есеп және аудит»

кафедрасы

Емтихан билеті №1

«Қаржылық есептілік»пәні

бойынша

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

«___»___________2013ж

ТЕСТ

1 Мемлекетте алынатын салықтар түрлерінің, салық заңдары мен нормативтік актілер және салық органдарының қызметінің жиынтығы нені құрайды?

А) салық механизмін;

Б) салық саясатын;

В) салық жүйесін;

Г) Қаржы Министрлігін;

Д) салық саясатының мәнін білдіреді;

2 Жерге салық салу қағидалары:

А) жер салығының негізі болып жер учаскесінің нарықтық құны табылады

Б) жер салығының мөлшері шаруашылық қызметтің нәтижелеріне байланысты

В) жер салығының мөлшері жер учаскесінің сапасына, орналасқан орнына және сумен қамтылуына байланысты

Г) жер салығының негізі болып жер учаскесінің бағалау құны табылады

Д) жер салығының мөлшері қаржылық нәтижелерге байланысты

3 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алымды төлеушілер болып кімдер табылмайды:

А) жеке кәсіпкерлер

Б) мемлекеттік кәсіпорындар

В) коммерциялық кәсіпорындар

Г) кәсіпорындар мен мекемелер

Д) коммерциялық емес ұйымдар

4 Салық алудың келесі тәсілінде салық төлеуші табыс мөлшерін, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептейді:

А) куәлік негізінде

Б) патент негізінде;

В) кадастрлық

Г) табыс алу көзінен:

Д) салық төлеушінің декларациясы.

5 Салық ставкасы:

А) салық салу объектісіне пайызбен бекітілген салық мөлшері;

Б) заңмен бекітілген салық төлеуші;

В) заң бойынша салық салуға жататын нәрсе;

Г) кәсіпорындар арасындағы үстеме бағаны үлестіру әдісі;

Д) ақшаны пайдалану үшін төленетін баға.

6 Жоғары табыстылығынан, жеке тауарлардан және олардың өндірісіне мемлекет монополиялық етуінен алынатын салық түрлері:

А) мемлекеттік баж салығы;

Б) акциздер;

В) қосылған құн салығы;

Г) кедендік баж салығы;

Д) жер салығы.

7 Табысқа немесе меншікке салынатын салықтар:

А) нақты салықтар;

Б) жанама салықтар;

В) тікелей салықтар;

Г) үдемелі салықтар;

Д) үйлесімді салықтар.

8 Объектінің экономикалық белгілеуі бойынша ерекшеленуі:

А) табысқа және тұтынуға салық;

Б) жалпы және арнайы салық;

В) нақты және жеке салық;

Г) тікелей және жанама салық;

Д) мемлекеттік және жергілікті салық.

9 ҚР «Салық жүйесі туралы» Заңы қай жылы қабылданды?

А) 2001 жылдың 12 маусымында;

Б) 1995 жылы 24 сәуірде;

В) 1991 жылдың 25 желтоқсанында;

Г) 2002 жылдың 1 қаңтарында;

Д) 1992 жылдың 1 қаңтарында.

10 Жаңа Салық кодексі қай уақытта қабылданды?

А) 1995 жылы 24 сәуірде;

Б) 1991 жылдың 25 желтоқсанында;

В) 2001 жылдың 12 маусымында;

Г) 2002 жылдың 1 қаңтарында;

Д) 2008 жылдың 10 желтоқсанында.

11 Салықтар қай кезде пайда болды:

А) мелекетттің жан-жақты дамуымен бірге пайда болды.

Б) қоғамның түрлі класстарға бөлінуімен қатар;

В) капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуы кезінен бастап;

Г) ақша-тауар қатынасы дамыған кезден бастап;

Д) мемлекеттің пайда болып, қоғамның түрлі класстарға бөлінуімен қатар;

12 ҚР салық заңдарына байланысты жер салығының мөлшерін анықтау:

А) ) жер учаскесінің сапасына байланысты және шаруашылық қызметінің нәтижесіне тәуелді

Б жер салығының мөлшері жер учаскесінің сапасына, орналасқан орнына және сумен қамтылуына байланысты және шаруашылық қызметтің нәтижесіне тәуелсіз

В) жер учаскесінің сапасына байланысты және шаруашылық қызметінің нәтижесіне тәуелсіз

Г) жер учаскесінің орналасқан орнына және сумен қамытылуына байланысты

Д) жер учаскесінің бағалану құнына байланысты

13 Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуі кімдермен атқарылады:

А) салық органы

Б) нотариалдық кеңсе

В) әділет министрлігі

Г) статистикалық комитет

Д) әкімшілік

14 Жер қойнауын пайдаланушылардың қандай салықтары мен арнайы төлемдері бар?

А) Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, бонус, үстеме пайда салығы;

Б) әлеуметтік салық, үстеме пайда салығы, жеке табыс салығы;

В) Қол қойылатын роялти, үстеме пайдаға салынатын бонус, коммерциялық табу салығы;

Г) әлеуметтік бонус, жеке роялти, үстеме салық;

Д) Роялти,корпоративтік бонус;

15 Мемлекеттік баж - бұл:

А) мәжбүрлі сипатқа ие мемлекет бекіткен төлем;

Б) мемлекет сұранысын қанғаттандыру мақсатында ақшалардың қозғалуы;

В) мемлекет меншігіндегі объектілерді пайдаланғаны үшін төлем;

Г) заңды елеулі әрекеттерді жасағаны үшін алынатын міндетті төлем;

Д) ақша иесінен өз еркімен мемлекетке түсетін ақшалай төлем.

ЕСЕП

Қызметкерге қаңтар айында 38 000 тг жалақы есептелінді.

Төлем көзінде алынатын жеке табыс салығын, әлеуметтік салық

СҰРАҚ

1. Салықтың экономикалық мәні және мазмұны.

ҚазККА

«Есеп және аудит»

кафедрасы

Емтихан билеті №2

«Қаржылық есептілік»пәні

Бойынша

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

«___»___________2013ж

ТЕСТ

1 Төмендегілердің қайсысына жер салығы салынады?

А) Орман қорының жерлеріне

Б) Ерекше қорғалатын жерлерге

В) Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге

Г) Су қорының жерлеріне

Д) Запастағы жерлерге

2 Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi консулдық iс-әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттарды бергенi үшiн шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан, резидент емес шетелдiк заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан алынатын төлем - бұл:

А) Лицензиялық алым

Б) Тіркеу алымдары

В) Мемлекеттік баж

Г) Консулдық алым

Д) Кедендік баж

3 Балаларды сауықтыру мекемелерінің жерлеріне салынатын салық тиісті ставкаларға қосымша қанша коэфициентпен есептеледі?

А) Есептелмейді

Б) 0,5

В) 1,5

Г) 2,0

Д) 0,1

4 Жер салығы Қазақстанда қай уақыттан бастап есептелінеді?

А) 1992

Б) 1991

В) 1993

Г) 1995

Д) 1998

5 Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, сондай-ақ шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерiн беру кезінде мемлекеттік баж төлеуден мыналардың қайсысы босатылмайды?

А) оралмандар.

Б) Даңқ орденінің үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаћарманы» атағын алған адамдар;

В) «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

Г) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар;

Д) Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері;

6 ҚР-ның заңды тұлғалары қандай ставкада әлеуметтік салық төлейді?

А) 6,5%;

Б) 11%;

В) 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Г) 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Д) 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

7 Жеке нотариустар әрбір қызметкер үшін қанша мөлшерде әлеуметтік салық төлейді?

А) 6,5%;

Б) 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

В) 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Г) 11%;

Д) 21%

8 Әлеуметтік салық бойынша декларация салық органдарына қашан тапсырылуы тиіс?

А) Есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей;

Б) Есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей;

В) әр айдың 20-на

Г) Есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-не;

Д) Ағымдағы жылдың 20 ақпанына, 20 мамырына, 20 тамызына, 20 қарашасына;

9 Тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандырылған ұйымдар мүгедектер үшін қанша мөлшерде әлеуметтік салық төлейді?

А) 4,5%;

Б) 15%;

В) 20%;

Г) 21%;

Д) 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

10 ЖЖТ туралы және шегерімдер туралы декларацияны салық органына мыналардың қайсысы тапсырмайды:

А) тұрғын үй салу және осындай құрылыс үшін құрылыс материалдарын сатып алуды қоспағанда, салық жылында 2000 АЕК жоғары сомаға бір жолғы ірі сатып алуды іске асырған салық төлеушілер.

Б) төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бар жеке тұлғалар;

В) парламен депутаттары мен судьялар;

Г) ҚР тыс жерлерден табыс алатын жеке тұлғалар;

Д) банк қызметкерлері тұрғын үй салу және осындай құрылыс үшін құрылыс материалдарын сатып алуды қоспағанда, салық жылында 2000 АЕК жоғары сомаға бір жолғы ірі сатып алуды іске асырған салық төлеушілер;

11 Салық салудың әділдігі принципі, бұл:

А) салық төлеуші

Б) ҚР-да салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдері айқын болып табылады;

В) салық салу мәселелерін реттейтін нормативті құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануы тиіс;

Г) ҚР-да салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады; белгіленген міндеттерді толық орындауы тиіс;

Д) барлық салық төлеушілерге біртұтас болып табылады.

12 Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақыны төлеу мерзімі?

А) Есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-не;

Б) ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешiктiрмей

В) әр айдың 20-на

Г) Есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей;

Д) Ағымдағы жылдың 20 ақпанына, 20 мамырына, 20 тамызына;

13 Консулдық алым қандай консулдық iс-әрекеттер жасағаны үшін алынады:

А) барлық жауап дұрыс.

Б) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресiмдеу;

В) Қазақстан Республикасының визаларын беру;

Г) Қазақстан Республикасына қайта оралу куәлігін беру;

Д) шетелде болу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының өтiнiштерiн ресiмдеу;

14 Келесі аталғандардың қайсысы салық салу принципі болып табылады?

А) әрбір азамат үкіметті қоғамға қатысуға міндетті.

Б) ер азамат салық төлеуі тиіс;

В) салық төлеушілер үшін салық төлемі анық болуы тиіс;

Г) салық мемлекетке қолайлы уақытта алынуы тиіс;

Д) салық жүйесі біртұтас болуы тиіс;

15 Қазақстан Республикасы салық салу принциптеріне жатпайды:

А) салық салудың мақсаттылығы;

Б) салық салудың міндеттілігі;

В) салық салудың айқындылығы;

Г) салық салудың біртұтастылығы;

Д) салық салудың жариялығы.

ЕСЕП

2009жылдың қыркүйек айында еңбек-шарттары бойынша жеке кәсіпкерлерге төленген жұмысшылар табысы 600000 теңгені құрады. Салық шегерімдері 16092 теңгені құрайды. Жұмысшы табысынан табыс салығын есептеңіз?

СҰРАҚ

1 Салық салудың негізгі қағидалары.

ҚазККА

«Есеп және аудит»

кафедрасы

Емтихан билеті №3

«Қаржылық есептілік»пәні

бойынша

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

«___»___________2013ж

ТЕСТ

1 Салыққа сіз қандай анықтама берер едіңіз?

А) салықтар - ол заңда белгіленген мемлекетке төленетін міндеттті төлемдер

Б) салықтар - ол бюджет пен бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;

В) салықтар - ол шаруашылық субъектілерінен алынатын алымдар;

Г) салықтар - ол шаруашылық субъектілері мен халықтардың мемлекетке төлейтін міндетті төлемдері;

Д) салықтар - ол мемлекеттің шаруашылық субъектілері мен азаматтарға салатын заңда белгіленгендей белгілі бір мөлшерде және белгіленген мерзімде төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдері.

2 Төменде келтірілгендердің ішінен қандай кәсіпорындар көлік құралдарына салынатын салықтан жеңілдіктер иемденеді:

А) коммерциялық емес ұйымдар

Б) банктер, олардың бөлімшелері, өкілеттіктері мен ұйымдары

В) тек қана мемлекеттік мекемелер

Г) өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар

Д) медициналық мекемелер

3Жапон елінде шығарылған жеңіл автокөліктің двигатель көлемі 2500 куб. см., пайдалану мерзімі 7 жыл. 2010 жыл үшін көлік құралдарына салынатын салықты есептеңіз, (ставка 5 АЕК):

А) 7065 тенге

Б) 7930 тенге

В) 15623 тенге

Г) 8758,0 тенге

Д) 5232 тенге

4 Көлік құралдарына салынатын салық бойынша бюджетпен есеп айырысу шоты?

А) 3110

Б) 3170

В) 3120

Г) 3150

Д) 3160

5 Жер салығын есептеу кезінде 0,1 деген түзету коэффициенті келесі салық төлеушілерге қолданылады:

А) мемлекеттік кәсіпорындар;

Б) бірыңғай жер салығын төлеушілер.

В) діни ұйымдар;

Г) Балаларды сауықтыру мекемелері;

Д) коммерциялық ұйымдар;

6 Ұйымның көлік құралардына салықты есептеу қандай бухгалтерлік жазумен көрсетіледі?

А) Дт 7210 Кт 3150

Б) Дт 7210 Кт 3110

В) Дт 72010 Кт 3130

Г) Дт 7210 Кт 3170

Д) Дт 7210 Кт 3120

7 Төменде аталған азаматтар санаттарынын кімдер мүлік салығы бойынша жеңілдіктер иемденбейді:

А) зейнеткерлер

Б) Совет Одағының батырлары

В) “Алтын алқа” және “Ардақты ана” атағына ие болған көп балалы аналар

Г) 1 және 2 топ мүгедектері

Д) жедел қызметтегі әскери қызметкерлер

8 Акциздер - ол:

А) Бөлшек бағаға қосылатын салықтар

Б) көтерме баға кұрамына енетін салыктар

В) өнімнің құнына енгізілетін салықтар

Г) өндіріс шығындарына енгізілетін салыктар

Д) өндіріс шығындарына және көтерме бағаға енгізілетін салықтар.

9 Акциздерді төлеушілер:

А) дүкен және сатып алушы.

Б) акциз өнімдерін өткізуші дүкендер

В) акциз өнімін өндірушілер

Г) акцизделетін тауарларды сатып алушылар

Д) дүкен және сатып алушы

10 Акцизделетін тауарларға жатпайтындар:

А) таза былғары және терілер және олардан жасалған бұйымдар

Б) шараптар

В) сыра

Г) темекі өнімдері

Д) спирттің барлық түрлері.

11 Отандық спиртті өткізуде анықталатын акциз сомасы:

А) өткізілетін спирт мөлшері ҳ акциз, тг

Б) өткізілетін спирт бағасы ҳ ҚҚС және акцизді есептемегенде/ ставкасы, %/100%

В) өткізілетін спирт бағасы ҳ ставкасы, %/100%

Г) өткізілетін спирт мөлшері ҳ акциз, %

Д) өткізілетін спирт мөлшері ҳ акциз, евро.

12 Шарапты импорттауда анықталатын акциз сомасы:

А) (әкелінетін шарап мөлшері ҳ евро курсы бойынша ставка) ҳ кедендік төлемдер төлеу кезіндегі Ұлттық банк курсы

Б) өткізілетін шараптың бағасыҳ ставка, тг

В) тартылатын шараптың бағасы (ҚҚС және акцизді есептемегенде) ҳ ставка %/100%

Г) әкелінетін шараптың кедендік құны ставкасыҳставка %/100%

Д) әкелінетін шарап мөлшері ҳ теңге бойынша ставка

13 Салық салынатын табыс қалай анықталады:

А) ЖЖТ пен шығындар арасындағы айырма ретінде анықталады;

Б) барлық табыстардың сомасы ретінде анықталады;

В) ЖЖТ пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде анықталады

Г) шығындар мен кірістер арасындағы айырма ретінде анықталады;

Д) барлық кірістер ретінде анықталады.

14Тауарларды (жұмыстар, қызметтер) сатқаннан түскен табыстарға:

А) үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды және амортизацияға жатпайтын активтерді сатқан кездегі құн өсімінен түскен табыстар;

Б) ҚҚС қоса алғанда сатылған тауарлардың, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің құны;

В) ҚҚС қоспағанда сатылған тауарлардың, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің құны;

Г) сатып алынған тауарлар жіне жұмысшыларға төленетін табыстар мен өтемақылар бойынша міндеттелер;

Д) негізгі қарыздарды талап ету мен қарыз алушыға төленетін сома арасындағы оң айырма ретінде анықталатын табыс.

15 Амортизацияға жатпайтын тіркелген активтерге мыналар жатады:

А) қызмет түрлеріне байланысты жұмыс машиналары мен жабдықтар;

Б) үйлер, құрылыстар;

В) өтпелі құрылғылар;

Г) жер;

Д) көпжылдық өсімдіктер.

ЕСЕП

Егер жеке тұлғаның 2011 жылғы июль айындағы еңбек ақысы 25000 теңгені құрайды. Жеке табыс салығын есептеп шығарыңыз?

СҰРАҚ

1 Кәсіпорындар төлейтін салықтың түрлері және олардың сипаттамасы.

ҚазККА

«Есеп және аудит»

кафедрасы

Емтихан билеті №4

«Қаржылық есептілік»пәні

бойынша

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

«___»___________2013ж

ТЕСТ

1 Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеуден мыналардың қайсысы босатылмайды?

А) ІІІ топтағы мүгедектер

Б) І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер;

В) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын репатрианттар (оралмандар);

Г) шаруа немесе фермер қожалықтары;

Д) жеке тұратын зейнеткерлер

2 Салық салу әдістеріне төмендегілердің қайсысы жатады?

А) Арнаулы салықтық режим, декларация негізінде салық салу, төлем көзінен, кадастрлық;

Б) декларация бойынша салық салу және кадастрлық;

В) табыс алу көзінен және патент негізінде;

Г) есептеу әдісі бойынша

Д) патент, декларация негізінде, бір жолғы төлем түрінде;

3 Салық салу объектісі мен мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынасқа байланысты салықтарды былай бөледі:

А) шынайы және жеке;

Б) жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар;

В) жалпы және арнайы салықтар;

Г) тікелей және жанама ;

Д) реттелетін және бекітілген.

4 Салықтардың фискалды функциясы:

А) мемлекеттік бюджетке жұмылдырылған мемлекеттің ақшалай табыстарының қалыптасуымен тікелей байланысты;

Б) бұл функция біртіндеп тартылатын функция болып табылады;

В) бұл ақшалай табыстарды қайта бөлумен байланысты;

Г) салық төлеушілердің қаржы -шаруашылық қызметін бақылаумен байланысты;

Д) әлеуметтік мақсатты көздейді.

5 Алым - бұл:

А) ақша иесінен өз еркімен мемлекетке түсетін ақшалай төлем.

Б) мемлекет сұранысын қанғаттандыру мақсатында ақшалардың қозғалуы;

В) мемлекет меншігіндегі объектілерді пайдаланғаны үшін төлем;

Г) мәжбүрлі сипатқа ие мемлекет бекіткен төлем;

Д) белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.

6 Салықтың реттеушілік функциясы мемлекеттің экономикалық функциясының кеңейуімен бірге пайда болды және ол:

А) салық төлеушілдерден орталықтандырылған мемлекеттің қаржы қорына қаражаттар алу;

Б) төлем сұранысы құрылымын және оның көлемін өзгертеді;

В) амортизациялық саясатқа, инвестициялық жеңілдік, салық ставкаларын төмендету саясатына сүйене отырып, капиталдың жедел жинақталуына мүмкіндік береді;

Г) қабылданған бағдарламаға сәйкес шаруашылықтың дамуына тікелей әсер етеді;

Д) азаматтардың түрлі категориясы арасындағы қоғамдық табыстарды бөлу.

7 Бірыңғай жер салығының ставкасы:

А) Жеке меншігінде немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскесініңбағалау құнының 10%-і ;

Б) Жеке меншігінде немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскесінің бағалау құнының 0,1%-і ;

В) Жеке меншігінде немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскесінің бағалау құнының 0,1%-ден 0,5%-і аралығында;

Г) Жеке меншігінде немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскесініңбағалау құнының 0,01%-і ;

Д) Жалға алынған жер учаскесінің аренда құнының 50%-і ;

8 Арнайы салық режимі дегеніміз не?

А) Жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;

Б) Салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленген және жекелеген салық түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін берудің оңайтылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі;

В) Жер қойнауын пайдаланушыларға арналған салық режимі;

Г) Барлық салық төлеушілерге арналған салық режимі;

Д) Заңды тұлғаларға арналған оңайлатылған салық режимі;

9 Арнайы салық режимін мыналардың қайсысы қолдана алмайды?

А) Шағын кәсіпкерлік субьектілері;

Б) Шаруа қожалықтары;

В) Акцизделетін өнімді өндіретіндер;

Г) Ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер;

Д) Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асырушылар;

10 Патент дегеніміз не?

А) Арнайы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат;

Б) Арнайы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомаларының бюджетке төленгенін растайтын құжат;

В) әлеуметтік және корпоративтік немесе жеке табыс салықтары, сондай-ақ салық жүктемесін кемітуге бағытталған жеңілдік стаыкалары мен басқа да тетіктер бойынша салық есеп беруін есептеу, төлеу және берудің оңайтылған тәртібі;

Г) Жер қойнауын пайдаланушыларға арналған салық режимі,

Д) Барлық салық төлеушілерге арналған салық режимі;

11 Біржолғы талон негізінде қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар әлеуметтік салықты төлеуден босатылады ма?

А) Жалпыға белгіленген тәртіппен төлейді;

Б) Толық босатылады;

В) әрбір қызметкер, сондай-ақ шаруа қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелері үшін АЕК 20% ставкасы бойынша;

Г) Ешқандай жеңілдік жоқ;

Д) Ішінара жеңілдік қолданылады;

12 Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық бюджетке қай кезде төленуге тиіс?

А) Жеке немесе корпорациялық табыс салығы мен әлеуметтік салық түрінде тең үлеспен есепті айдан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей;

Б) Жеке немесе корпорациялық табыс салығы мен әлеуметтік салық түрінде тең үлеспен салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей;

В) Жеке немесе корпорациялық табыс салығы мен әлеуметтік салық түрінде тең үлеспен есепті жылдан кейінгі жылдың 31-нен кешіктірмей; Г) Мәлімделген табыстың 3%-і мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен 1қазаннан кешіктірмей;

Д) әр айдың 20-на;

13 Салық төлеуші салық төлеуден қашқан жағдайда салық органдары қандай тәсілге жүгінеді?

А) салықты мәжбүрлі түрде алу;

Б) декларация негізінде;

В) салық ескертуі негізінде;

Г) бір жолғы талонды алу;

Д) өздігінен салықты есептеу.

14 Салықта салық төлеу, яғни субъект салық ауыртпалығының тасымалдаушысы болып табылғанда, оның мүмкіндігінің нақты азаюына апарып соғатын салықтар қалай аталады?

А) тікелей салық;

Б) жанама салық;

В) әмбебап жанама салық;

Г) жеке жанама салық;

Д) мақсатты салықтар.

15 Салық салғанда салық базасының өсуі салық ставкаларының өсуін де қарастырады.

А) үйлесімді салық;

Б) кемімелі салық;

В) үдемелі салық;

Г) тепе-теңдік салық;

Д) мақсатты салық.

ЕСЕП

2011 жылы ақпан айында жұмысшының табысы 35000теңгені құрасы, жеке табыс салығын есептеңіз

СҰРАҚ

1 Салық салу базасы мен салық салу объектілері.

ҚазККА

«Есеп және аудит»

кафедрасы

Емтихан билеті №5

«Қаржылық есептілік»пәні

бойынша

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

«___»___________2013ж

ТЕСТ

1 Салық ставкасы:

А) заң бойынша салық салуға жататын нәрсе;

Б) заңмен бекітілген салық төлеуші;

В) салық салу объектісіне пайызбен бекітілген салық мөлшері;

Г) кәсіпорындар арасындағы үстеме бағаны үлестіру әдісі;

Д) ақшаны пайдалану үшін төленетін баға.

2 Жоғары табыстылығынан, жеке тауарлардан және олардың өндірісіне мемлекет монополиялық етуінен алынатын салық түрлері:

А) жер салығы.

Б) мемлекеттік баж салығы;

В) қосылған құн салығы;

Г) кедендік баж салығы;

Д) акциздер;

3 Табысқа немесе меншікке салынатын салықтар:

А) жанама салықтар;

Б) тікелей салықтар;

В) нақты салықтар;

Г) үдемелі салықтар;

Д) үйлесімді салықтар.

4 Объектінің экономикалық белгілеуі бойынша ерекшеленуі:

А) жалпы және арнайы салық;

Б) табысқа және тұтынуға салық;

В) нақты және жеке салық;

Г) тікелей және жанама салық;

Д) мемлекеттік және жергілікті салық.

5 Салық алудың келесі тәсілінде салық төлеуші табыс мөлшерін, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептейді:

А) салық төлеушінің декларациясы.

Б) патент негізінде;

В) кадастрлық

Г) табыс алу көзінен:

Д) куәлік негізінде.

5 Мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде қайтарымсыз және өтеусіз, тұрақты сипатта бюджетке төленетін төлем-

А) Төлем

Б) Алым

В) Салық

Г) Төлемақы

Д) Баж

6 Салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген кім?

А) Нұрсұлтан Назарбаев

Б) Адам Смит

В) Чарлз Стон

Г) Френсис Бэкон

Д) Кемал Ататүрк

7 Салықтың қандай негізгі қызметтерін білесіңдер?

А) Реттеушілік, фискалдық, қайта бөлу

Б) Реттеушілік, бақылау, қайта бөлу

В) Жинақтау, бақылау, қайта бөлу

Г) Жинақтау, қайта бөлу, бақылау

Д) Бюджетті толықтыру

8 Төмендегі аталғандардың қайсысы мүлік салығына жатпайды

А) Өндірістік мақсаттағы ғимараттар

Б) Құрылыс-жайлар

В) Көлік құралдары

Г) Басқару әкімшілгінің ғимараттары

Д) Қойма ғимараттары

9 Мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болатын функция

А) Толықтыру

Б) Фискалдық

В) Қайта бөлу

Г) Бақылау

Д) Реттеушілік

10 Түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтуде пайда болатын салық функциясы

А) Қайта бөлу

Б) Реттеушілік

В) Фискалдық

Г) Бақылау

Д) Толықтыру

11 Жеке тұлғаларға мүлік салығын төлеу мерзімі

А) есепті жылдың 1 қазанына дейін

Б) 10 тамыз

В) 20 ақпан, 20 мамыр, 20 қыркүйек

Г) 15 мамырдан кешіктірілмей

Д) 1 шілдеге дейін

12 ҚҚС-ның нөлдік ставкасы қолданылмайтын айналымды атаңыз:

А) аффинирленген бағалы металдарға салық салу

Б) халықаралық тасымалдауға салық салу

В) мақта-мата, былғары аяқ киім өнеркәсібі

Г) тауарларды импорттау

Д) тауар экспорты

13 ҚР кеден территориясына еркін айналысқа импортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық салу объектісіне жатпайтындар:

А) жеке тұлғалармен ҚР Үкіметі белгілеген нормада импортталатын тауарлар

Б) ҚР территориясына бейрезиденттермен сатылған тауарлар

В) жеке тұлғалармен әкелінген тауарлар

Г) ТМД елдері ққатысушылары-мемлекеттерінен әкелінген тауарлар

Д) экспорттаушы елде ҚҚС ставкасы ҚР-де белгіленген мөлшерден төмен болса

14 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алымды төлеушілер болып кімдер табылмайды:

А) коммерциялық кәсіпорындар

Б) мемлекеттік кәсіпорындар

В) жеке кәсіпкерлер

Г) кәсіпорындар мен мекемелер

Д) коммерциялық емес ұйымдар

15 ҚҚС-ның нөлдік ставкасы қолданылмайтын айналымды атаңыз:

А) тауарларды импорттау

Б) халықаралық тасымалдауға салық салу

В) мақта-мата, былғары аяқ киім өнеркәсібі

Г) аффинирленген бағалы металдарға салық салу

Д) тауар экспорты

ЕСЕП

Егер, жұмыс берушінің (заңды тұлға) жұмысшыларға табыс ретінде төлеген шығындарының мөлшері 15000 болса, онда 2011 жылға әлеуметтік салық сомасын есептеңіз

СҰРАҚ

1. Салық саясатының жалпы түсінігі. . Салық саясатына қойылатын негізгі талаптар мен ережелер.

ҚазККА

«Есеп және аудит»

кафедрасы

Емтихан билеті №6

«Қаржылық есептілік»пәні

бойынша

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

«___»___________2013ж

ТЕСТ

1 ҚР кеден территориясына еркін айналысқа импортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық салу объектісіне жатпайтындар:

А) жеке тұлғалармен әкелінген тауарлар

Б) ҚР территориясына бейрезиденттермен сатылған тауарлар

В) жеке тұлғалармен ҚР Үкіметі белгілеген нормада импортталатын тауарлар

Г) ТМД елдері ққатысушылары-мемлекеттерінен әкелінген тауарлар

Д) экспорттаушы елде ҚҚС ставкасы ҚР-де белгіленген мөлшерден төмен болса

2 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алымды төлеушілер болып кімдер табылмайды:

А) коммерциялық кәсіпорындар

Б) мемлекеттік кәсіпорындар

В) жеке кәсіпкерлер

Г) кәсіпорындар мен мекемелер

Д) коммерциялық емес ұйымдар

3 Мемлекетте алынатын салықтар түрлерінің, салық заңдары мен нормативтік актілер және салық органдарының қызметінің жиынтығы нені құрайды?

А) Қаржы Министрлігін;

Б) салық саясатын;

В) салық механизмін;

Г) салық жүйесін

Д) салық саясатының мәнін білдіреді;

4 Салықтар келесі қасиеттері бойынша жіктеледі:

А) аталғандардың бәрі дұрыс.

Б) қолданылуына байланысты;

В) салық салатын органдарға байланысты;

Г) объектінің экономикалық белгісіне байланысты;

Д) салық салу объектісіне байланысты және салық төлеушілер мен мемлекет арасындағы байланыстарға орай;

5 Қазақстанның салық жүйесі қандай нормативтік актімен реттеледі?

А) Салық кодексі;

Б) Азаматтық кодексі;

В) Қазақстан Конститутциясы;

Г) ҚР Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заң күші бар жарлығы;

Д) ҚР «Салық жүйесі туралы» Заңы.

6 Қр «Салық жүйесі туралы» Заңы қай жылы қабылданды?

А) 2002 жылдың 1 қаңтарында;

Б) 1995 жылы 24 сәуірде;

В) 2001 жылдың 12 маусымында;

Г) 1991 жылдың 25 желтоқсанында;

Д) 1992 жылдың 1 қаңтарында.

7 Жаңа Салық кодексі қай уақытта қабылданды?

А) 2002 жылдың 1 қаңтарында;

Б) 1991 жылдың 25 желтоқсанында;

В) 2001 жылдың 12 маусымында;

Г) 2008 жылдың 10 желтоқсанында.

Д) 1995 жылы 24 сәуірде;

8 Салықтар қай кезде пайда болды:

А) қоғамның түрлі класстарға бөлінуімен қатар;

Б) мемлекеттің пайда болып, қоғамның түрлі класстарға бөлінуімен қатар;

В) капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен дамуы кезінен бастап;

Г) ақша-тауар қатынасы дамыған кезден бастап;

Д) мелекетттің жан-жақты дамуымен бірге пайда болды.

9 ҚР салық заңдарына байланысты жер салығының мөлшерін анықтау:

А) жер салығының мөлшері жер учаскесінің сапасына, орналасқан орнына және сумен қамтылуына байланысты және шаруашылық қызметтің нәтижесіне тәуелсіз

Б) жер учаскесінің сапасына байланысты және шаруашылық қызметінің нәтижесіне тәуелді

В) жер учаскесінің сапасына байланысты және шаруашылық қызметінің нәтижесіне тәуелсіз

Г) жер учаскесінің орналасқан орнына және сумен қамытылуына байланысты

Д) жер учаскесінің бағалану құнына байланысты

10 Салықтарға келесі функциялар тән:

А) фискалды, бақылау, ынталаңдыру;

Б) бақылау, реттеу, бөлу;

В) реттеу, қайта бөлу, фискалды

Г) қайта бөлу, фискалды, ынталаңдыру;

Д) экономикалық және бөлу.

11 Проценттік ставканың неше түрі бар?

А) 3;

Б) 1;

В) 2;

Г) 4;

Д) 5:

12 Салық салудың әдістеріне жатпайды

А) Салық төлеушінің декларациясы бойынша

Б) Кадастрлық

В) Проценттік

Г) Төлем көзінен ұстап қалу

Д) Патенттік негізде

13 Салықтың ұйымдық құқықтық нормалары мен басқару әдістерінің жиынтығы

А) Салық кодексі

Б) Салық элементі

В) Салық механизмі

Г) Салық қағидалары

Д) Салықтың принциптері

14 Салық жүйесінің дамуы неше кезеңнен тұрады?

А) 3

Б) 1

В) 2

Г) 5

Д) 4

15 Салық кодексінің құрылымы неше бөліктен тұрады?

А) 3

Б) 1

В) 2

Г) 4

Д) 5

ЕСЕП

Кәсіпорын №1 "Лесхоз" – 10000 теңгеге сай тақтайшылар жібереді. ҚҚС ставкасы –12% болса, ҚҚС сомасын есептеңіз?

СҰРАҚ

1. Салық есептілігі және оның түрлері. Салық есептілігін жасау ерекшеліктері.

ҚазККА

«Есеп және аудит»

кафедрасы

Емтихан билеті №7

«Қаржылық есептілік»пәні

бойынша

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

«___»___________2013ж

ТЕСТ

1 Салықтардың неше түрін білесіздер?

А) 9

Б) 13

В) 7

Г) 10

Д) 5

2 Мемлекеттің салық саласында жүргізіп отырған іс шараларының жиынтығы қалай аталады?

А) Салық механизмі

Б) Салық саясаты;

В) Салық элементі;

Г) Салық кодексі;

Д) Салық жүйесі;

3Консулдық алым қандай консулдық iс-әрекеттер жасағаны үшін алынады:

А) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресiмдеу

Б) Қаз ақстан Республикасының визаларын беру;

В) Қазақстан Республикасына қайта оралу куәлігін беру;

Г) шетелде болу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының өтiнiштерiн ресiмдеу;

Д) барлық жауап дұрыс.

4 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алымды ставкасы:

А) 14%;

Б) 15%-5%;

В) 6,5%;

Г) 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде

Д) 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде

5 Салық төлеушілер аукционнан алынатын алымды қашан төлейді:

А) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 жұлдызында;

Б) есепті жылдан кейінгі жылдың 31 науырызында;

В) аукциондар (аукцион) өткiзiлген есептi айдан кейiнгi айдың 15-сынан кешiктiрілмей

Г) аукциондар (аукцион) өткiзiлген есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрілмей

Д) аукциондар (аукцион) өткiзiлген есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан

6 Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу алымының төлеушілері кім?

А) Аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар

Б) І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер;

В) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын репатрианттар (оралмандар);

Г) шаруа немесе фермер қожалықтары;

Д) Аукциондарды өткізуші жеке және заңды тұлғалар

7 Аукционнан алынатын алым ставкасы:

А) аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша айқындалған мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) өткізу құнының 3%;

Б) аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша айқындалған мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) өткізу құнының 2%;

В) аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша айқындалған мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) өткізу құнының 7%;

Г) 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде

Д) 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

8 Салық саясатының неше типін білесіз?

А) 2

Б) 1;

В) 3;

Г) 4

Д) 5

9 Салықтарды салық салу объектісі бойынша қалай бөлінеді?

А) Тікелей, көлденең

Б) Тікелей, жанама

В) Жеке, әмбебап

Г) Фискалды, монополиялық

Д) Нақты, жеке.

10 Экспортты-импортты операциялар жасау кезінде тауарлар мен қызметтерге салынады:

А) Кедендік баж

Б) Мүлік салығы

В) Тікелей салықтар

Г) Жанама салықтар

Д) Көлік салығы;

11 Өсімпұл көлемі қай формуламен есептеледі?

А) (10,5 х 2,5)/ 365;

Б) 365/30 х 2;

В) 11 / 365 - 30;

Г) 11/30 х 0,05;

Д) (365-11) х 2,5;

12 Бюджетпен есеп айырысу үшін қандай бөлімнің шоттары қолданылады?

А) 1100

Б) 3200

В) 3300

Г) 3110

Д) 1000

13 Жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық ставкасы қандай?

А) 0,5%

Б) 1,0%

В) 0,01%

Г) Мүлік соммасының көлеміне байланысты

Д) 0,005%

14 Мүлік салығы заңды тұлғалар үшін салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құнынан қанша пайыз?

А) 1

Б) 1,5

В) 0,1

Г) 0,5

Д) 0,15

15 Заңды тұлғалар мүлік салығын төлеу мерзімі

А) есепті жылдың 25 ақпан, 25 мамыр, 25 тамыз, 25 қараша

Б) 1 тамыз

В) 1 қазан

Г) 20 ақпан, 20 мамыр, 20 тамыз, 20 қараша

Д) Заңды тұлғалар мүлік салығын төлемейді

ЕСЕП

Ағымдағы мерзімде акциздік тауарларды сатқаннан түскен түсім 36240 мың.теңге. Акциз ставкасы 10 %. Жеткізіп берушілер төлеген және есепке жатқызылған ҚҚС мен акциз сомасы 2200 мың.теңге және 1340 мың теңге. Бюджетке енгізілетін ҚҚС мен акциз сомасын анықтаңыз?

СҰРАҚ

1. Салық есебінің ережелері. Есеп құжаттмасын жасау және сақтау.

ҚазККА

«Есеп және аудит»

кафедрасы

Емтихан билеті №8

«Қаржылық есептілік»пәні

бойынша

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

«___»___________2013ж

ТЕСТ

1 Мүлік салығы салынатын объекті

А) Көлік құралдары

Б) Жер

В) Ғимараттар

Г) Аяқталмаған құрылыс объектілері

Д) Жалпыға ортақ қолданыстағы автомобил жолдары

2 Төмендегілердің қайсысына жер салығы салынады?

А) Орман қорының жерлеріне

Б) Ерекше қорғалатын жерлерге

В) Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге

Г) Су қорының жерлеріне

Д) Запастағы жерлерге

3 Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi консулдық iс-әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттарды бергенi үшiн шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан, резидент емес шетелдiк заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан алынатын төлем - бұл:

А) Тіркеу алымдары

Б) Консулдық алым

В) Мемлекеттік баж

Г) Лицензиялық алым

Д) Кедендік баж

4 Балаларды сауықтыру мекемелерінің жерлеріне салынатын салық тиісті ставкаларға қосымша қанша коэфициентпен есептеледі?

А) 0,1

Б) 0,5

В) 0,1

Г) 2,0

Д) Есептелмейді

5 Жер салығы Қазақстанда қай уақыттан бастап есептелінеді?

А) 1993

Б) 1991

В) 1992

Г) 1995

Д) 1998

6 Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін, сондай-ақ шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерiн беру кезінде мемлекеттік баж төлеуден мыналардың қайсысы босатылмайды?

А) оралмандар.

Б) Даңқ орденінің үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаћарманы» атағын алған адамдар;

В) «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

Г) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар;

Д) Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері;

7 ҚР-ның заңды тұлғалары қандай ставкада әлеуметтік салық төлейді?

А) 11%;

Б) 6,5%;

В) 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Г) 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Д) 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

8 Жеке нотариустар әрбір қызметкер үшін қанша мөлшерде әлеуметтік салық төлейді?

А) 21%;

Б) 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

В) 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Г) 11%;

Д) 6,5%;

9 Әлеуметтік салық бойынша декларация салық органдарына қашан тапсырылуы тиіс?

А) Есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей;

Б) Есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей;

В) әр айдың 20-на

Г) Есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-не;

Д) Ағымдағы жылдың 20 ақпанына, 20 мамырына, 20 тамызына, 20 қарашасына;

10 Тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандырылған ұйымдар мүгедектер үшін қанша мөлшерде әлеуметтік салық төлейді?

А) 20%;

Б) 15%;

В) 4,5%;

Г) 21%;

Д) 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

11 Қазақстанда төлемақының қанша түрі бар?

А) 11.

Б) 9;

В) 12;

Г) 8;

Д) 10;

12 Бөлек тұратын зейнеткерлер жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу алымынан босатылады ма?

А) 50 пайыз босатылады;

Б) ішінара босатылады;

В) толық босатылады;

Г) ешқандай жеңілдік жоқ;

Д) 10 пайыз жеңілдік бар.

13Коммерциялық табу бонусы дегеніміз не?

А) Жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт жасалған аумақтағы әрбір коммерциялық табуы үшін төленетін тіркелген төлем;

Б) Техногендік құралымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін төлем;

В) Пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге,шығаруға байланысты төлем;

Г) Жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт жасалған аумақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығы үшін біржолғы тіркелген төлем;

Д) Пайдалы қазбаларды өндіру мен техногендік құралымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін төлем;

14 Коммерциялық табу дегеніміз не?

А) Келісім-шарт аумағы шегінде ашылған, өндіру үшін экономикалық жағынан тиімді пайдалы қазбалардың белгілі бір түрлерінің запастары;

Б) Жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт жасалған аумақтағы әрбір коммерциялық табуы үшін төленетін тіркелген төлем;

В) Пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, шығаруға байланысты төлем;

Г) Жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт жасалған аумақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығы үшін біржолғы тіркелген төлем;

Д) Пайдалы қазбаларды өндіру мен техногендік құралымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін төлем;

15 Бонус-бұл:

А) Арнаулы төлем;

Б) Салық;

В) Алым;

Г) Баж;

Д) Аударым;

ЕСЕП

Шаруа қожалығының меншігінде 230 га жер учаскесі бар. Оның бағалау құны – 800 мың теңге. Бірыңғай жер салығын есептеңіз және төлеңіз.

СҰРАҚ

1 Жылдық жиынтық табысқа жататын табыс түрлері

ҚазККА

«Есеп және аудит»

кафедрасы

Емтихан билеті №9

«Қаржылық есептілік»пәні

бойынша

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

«___»___________2013ж

ТЕСТ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]