Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тақырып 10 Power Point.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
377.34 Кб
Скачать

Роwer Роіпtтағы анимация

Мәтіннің, графиктің, диаграмманың және басқа мобъектілердің слайдтағы анимациясы құрылымның әртүрлі жағдайларын айқын көрсетеді, материалды түсіндіру барысын басқарады және презентацияны қызықты етеді.

Анимация жасауда анимацияның дайын сызбаларымен қолданған жұмысты жеңілдендіреді, Анимацияны барлық слайдтардағы элементтерге, кейбір слайд элементтеріне, слайд үлгісіндегі белгілі элементтерге қолдануға болады. Есеп ауданындағы

Анимацияны баптау (Настройка анимации) терезесінің көмегімен қай элемент, қай жерде, қай уакытта және қалай көрінуі керектігін ұйымдастыруға болады.

Анимация эффектілері слайдтың рамкадағы элементтеріне немесе маркерленген жеке абзацтарға немесе тізімге қолданылады. Стандартты және арнайы орын ауыстыру жолы көрсетілген анимациидан басқа, ену, белгілеу және шығу эффектілерін қосуға болады. Анимацияның көптеген сипаттамалары бірнеше эффктілерді қосады. Бұл әсіресе анимацияны дыбыспен ұштастыру құралдарына жатады. Мәтін анимациясын әріптерге, сөздерге және абзацтарға қолдануға болады. Мысалы, тақырып толығымен шықпай, жеке сөздер түрінде шығады.

Анимация эффектісін жеке слайд үшін көруге, сондай ақ толық презентация үшін көруге болады.

Мәтін мен объекті анимациялау. Анимация эффектілері қосылатын презентацияны ашып, келесі әрекеттердің біреуін не екеуінде орында.

А) Анимацияның дайын сызбасын пайдалану

1 Егер анимация сызбасын белгілі бір слайдтарға қосу керек болса, Слайдтар ауданында қажетті слайдтарды белгіле.

2 Слайдтарды көрсету (Показ слайдов) мәзірінен Анимация сызбасы (Схемы анимации) бұйрығын таңда.

3 Есеп ауданында Слайд дизайны (Дизайн слайда) терезесіндегі тізімнен Белгіленген слайдтарға қолдануды (Применить к выделенным слайдам) таңда.

4 Егер анимация сызбасын барлық слайдтарға қолдану керек болса, Барлық слайдтарға қолдануды (Применить ко всем слайдам) таңда..

Б) Арнайы анимацияны қолдану

1 Мәтініне немесе объектілеріне анимация жасау керек слайдты қалыпты режимде аш.

2 Анимация жасалатын объектіні таңда.

3 Слайдты көрсету (Показ слайдов) мәзірінен бұйрығын таңда.

4 Есеп ауданындағы Анимацияны баптау (Настройка анимации) терезесінде пиктограммасын шерт, содан кейін келесі әрекеттердің біреуін не бірнешеунін орында.

  • Егер слайдты көрсету кезінде мәтінді не объектіні белгілі бір көрнекті эффектпен енгізу керек болса, онда Енгізу ( Вход) бұйрығын шерт, сонан соң керек эффектті шерт

  • Егер слайдта орналасқан мәтінге не объектіге анимациялық эффекті беру керек болса, онда Белгілеу (Выделение) пиктограммасын, сонан соң кажетті эффекті шерт.

  • Егер слайдтағы мәтінге не объектіге көрсетілген уақытта слайдтан шығатын анимациялық эффект жасау керек болса, онда Шығу (Выход) пиктограммасын, сонан соң қажетті эффектіні шерт.

  • Егер объекті слайд бойымен белгілі жолмен қозғалатын анимация жасау керек болса, онда Орын ауыстыру жолы (Пути перемещения) пиктограммасын, сонан соң қажетті эффектіні шерт.

Ескерту: Эффектілер анимацияны баптау тізімінде қолдану тәртәбіне байланысты жоғарыдан төмен қарай орналасады. Анимация қосылған объектілер слайдта тізімдегі эффектілер ретіне сай нөмірленеді. Бұл нөмірлер слайдты қөрсету режимінде және қағазға басқанда көрінбейді.

Кеңес. Слайдтағы анимацияны есеп ауданындағы Анимацияны баптау (Настройка анимации) терезесіндегі Көрсету (Воспроизведение) тиегі арқылы алдын ала көргенде ешқандай қосымша тиектерді басудың қажеті жок.

Тапсырма. Мой компьютер - Локальный диск С - 0000 - INFORMATIKA - Тема 22 КАЗ бумасындағы Місгоsoft Word редакторында кұрылған мәтінмен суреттерді пайдаланып бірнеше слайдтан тұратын анимация колданылған презентация кұр. Міндетті түрде әрбір слайдтың тақырыбы болуы керек.

Глоссарий

Саймандар тақтасы. Әртүрлі бұйрықтарды орындатуға арналған тиектер (пиктограммалар) және басқадай басқару элементтері бар жол. Саймандар тақтасын шақырып алу үшін жатық мәзірдің Сервисінің төментүскіш мәзіріндегі Настройка бұйрығын шертіп, сұхбат терезесінде Панели инстументов бетін таңдау керек.

Үлгі (Макет). Тақырып, қосымша тақырып, тізім, сурет, кесте, диаграмма, автофигуралар және видеофрагменттерді слайдта өрнектеу.

Түстік сызба. (Цветовая схема). Слайдтарға, белгілер беттеріне немесе тарату материалдарына қолдануға болатын, гармониялы түрде алынған сегіз түстер жиынтығы. Түстер сызбасы фонның, сызықтар мен мәтіннің түстерін анықтайды және слайдты окуға ыңғайлы ететін қосымша алты түс бар.

Өрнектеу шаблоны. (Шаблон оформления). Презентацияның стилі, маркерлер мен шрифтердің түрлері мен өлшемдері, рамкалардың орыны мен өлшемдері, фонды хаттау сипаттамалары, түстік сызбалар, слайдтар нұскасы көрсетілген файл.

Есеп ауданы. (Область задач). Місгоsоft Оffiстің Роwer Роіnt қолданбасындағы жиі қолданылатын бұйрыктар орналасатын орын. Оның орыны және өлшемдері бұл бұйрықтарды файлмен жұмысты үзбей қолдануга мүмкіндік береді.

Рамка (толтыру орындары). Көптеген слайдтар үлгісінің бөлігі болып табылатын, пунктирлі сызықтармен шектелген слайд бетіндегі өріс. Бұл өріс тақырыпка және негізгі мәтінге немесе, диаграмма, сурет және кестелер сыяқты, объектілерге арналады.

Автофигура. Жиі қолданылатын фигуралар жиынтыгы. Бұл жиынтық негізгі базалық фигуралардан: тіктөртбұрыш, дөңгелек, әртүрлі сызықтар, стрелкалар - тұрады.

Ішкі жазу. (Надпись). Мәтін не басқа объектер үшін, орны мен өлшемдерін өзгертуге болатын, «контейнер». Ішкі жазу бір бетке бірнеше мәтіндік блоктар енгізуге немесе мәтіннің орналасуы мен бағытын, басқа мәндермен салыстырғанда, ерекшелендіруге қолданылады.

WordArt. Қосымша ондеу әрекеттерін қолдануға болатын, дайын эффектілерді қолданып жасалған, мәтіндік объект

Объект. Кесте, диаграмма, сурет, формула немесе басқадай түрдегі деректер. Бір қолданбада жасалып, екінші қолданбаға енгізілген байланыстырылған объект, ОLЕ объектісі болып табылады.

Шекара. Объектінің шеттері бойынша жүргізілген көрінетін сызық. Мысалы, тік төртбұрыштың шекарасы, оны құрушы төрт сызық.

Сурет. Өңделетін жеке объектілерге жекелендіруге болатын

( мысалы, Windowsтың метафайлы), файл немесе, нүктелік сурет тәріздес, бір объект болып табылатын файл.

Картинка. Нүктелік сурет немесе фигуралар топтары болып табылатын, дайын кескін.

Белгілер ауданы. (Область заметок). Белгілер беті режимінде ғана басылып шығатын немесе презентация Beб-бет түрінде сақтағанда экранда көрінетін, қалыпты режимде слайдқа белігілер енгізуге орын.

НТМL.Язык HTМL. Beб-қүжаттарда қолданылатын, стандартты белгілеу тілі. НТМL веб беттерді көрсетушіге беттер элементін көрсету әдістерін, сонымен біргеқколданушы әрекеттеріне жауан беру әдістерін ұсынатын тегтерді қолданады.

Слайд нұсқасы. (Образец слайдов) Шрифтердің сипатамалары, рамкалардың өлшемдері мен орналасуы, фон сипаттамалары мен түстер сызбасы сыяқты көрсеткіштерді қамтитын, өңдеу шаблоны қолданылған слайд,

Юникод. Стандарт кодироики ніакон, разработанный Unicode консорциумы құрған символдарды белгілеу стандарты..

Белгілер беті. (Страницы заметок) Слайд астында автордың белгілері көрсетіліп кағазға басылған беттер.

Тарату материалдары (Раздаточные материалы). Бір бетте бінеше слайдға дейін басылып шыққан және шетінде белгілер салуға орын қалдырылған беттер.

Байланыстырылған объект. (Связанный объект). Файл көзден фййл қабылдаушыға, осы екі файл арасындағы байланысты пайдаланып, қойылған объект.

Ендірілген объект. (Внедренный объект). Файл көзден файл қабылдаушыға объект түрінде қойылған, дерек. Ендірілген соі объект қабылдаушы файлдың бөлігі болып табылады. Ендірілген объектке жүргізілген өзгерістер, қабылдаушы файлда көрсетіледі

Анимация. Мәтінге немесе объектіге қосылган арнайы видео- немесе дыбыстық эффекттер. Мысалы, бетке солжақтан бір бір әріптен ұшып келетін мәтіндік тізім кұруға, немесе сурет ашылғанда қол соғу дыбыстарын шыгаруға болады.

Анимация сызбасы. (Схема анимации). Слайдтағы мәтіге дайын видеоэффектілерді қосу. Әрбір сызбада слайд тақырыбына және тізім марекрлеріне немесе абзацтарға арналған эффектер болады.

Орьн ауыстыру жолы. (Путь перемешения). Анимацияны көрсетуду қосқанда объектінің не мәтіннің слайд бетімен орын ауыстыру жолы.

Анимация триггері. (Триггер анимации). Шерткенде анимацияны қосатын, элементтер қоюға арналған анимация кұралы.

Анимацияны баптау тізімі. (Список настройки анимации). Анимация эффектілерін тізбекті түрде көрсету тізімі. Тізімдегі элементтер тәртібі олары қосу ретіне сәйкес келеді және олардың басқа анимация уақиғаларымен салыстырғандағы уақыттық сипаттамаларын көрсетеді.

11. САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ

11.1. Өз бетiмен атқарылатын

Оқытушының беген жеке тапсырмасын орындап презентация құру.

11.2. Оқытушымен жұмыс:

- Қателiк жiберілген кезде, не түсiнiксiз жағдайлар болғанда оқытушыны ескерту керек

- Сабақ соңында iстелген жұмыстын есебiн мұғалiмге көрсетiп, сынақ баға алу керек

11.3. Негiзгi және қортынды бiлiм деңгейiн бақылау:

- Компьютерде тестелу

- Оқытушының тақырып сұрақтары бойынша әңгiмелесуi