
- •Мәтін мен графикалық объектерден тұратын слайдтар жасау.”
- •6. Студент бiлуге тиiс:
- •7. Студент iстей алуға тиiс:
- •8. Сабаққа дайындалу сұрақтары :
- •9. Әдебиеттер
- •10. Ақпараттық – дидактикалық бөлім
- •Місгоsоft РоwегРоіntтағы өңдеу шаблондары.
- •Презентацияны бос слайдтар көмегімен жасау
- •Бар презентация негізінде жаңа презентация құру
- •Роwer Роіпtтағы анимация
Презентацияны бос слайдтар көмегімен жасау
1 Стандартты саймандар тақтасыңдағы Құру (Создать)бұйрығын шертсе, есеп ауданында Разметка слайда терезесі шығады.
2 Егер бірінші слайд үшін стандартты үлгіні қолдану керек болса 3- адымға өту керек. Егер бірінші слайд үлгісі басқа болу керек болса, есеп ауданындағы
3 Слайдта немесе құрылым ауданында қажетті мәтінді енгізу керек.
4 Презентацияға жаңа слайд қосу үшін саймандар тақтасындағы Создать слайд бұйрығьн шертіп,
Разметка слайда терезесінен қажетті үлгіні таңдау керек.
5 Әр жаңа слайд үшін 3- және 4- адымдарды кайталап орындай отыра, оларға қажетті элементтер мен эффектерді қосып отыру керек.
6 Презентацияны кұрып болған сон, жатық мәзірдегі Файлдың төмен түскіш мәзіріндегі Сақтау (Сохранить) бұйрығын шертіп, пайда болған сұхбат терезесінде презентацияның есімін енгізіп, Сохранить тиегін шерту керек.
Кенес. Бос презентацияны кұруда жатық мәзірдегі Файлдың төмен түскіш мәзіріндегі, есеп ауданында пайда болатын Создание презентации терезесін пайдалануға болады.
Бар презентация негізінде жаңа презентация құру
Төменде келтірілген әрекеттерді орындау бар презентацияның көшірмесін алуға мүмкіндік береді, ал көшірмеде өндеуге және кұрылымына өзгерту енгізу түп нұсканы бүлдірменй жаңа презентация алуға мүмкіндік береді.
1 Егер есептер ауданында Презентация кұру (Создать презентацию) терезесі болмаса, жатық мәзірдегі Файлдың төмен түскіш мәзіріндегі Құру (Создать) бұйрығын шерту керек.
2 Презентация кұру терезесінің Құру бөлімінен Бар презентациядан (Из имеющейся презентации...) бұйрығын шерту керек.
3 Пайда болған Бар презентациядан кұру (Создание из имеющейся презентации...) сұхбат терезесінен қажетті файлды таңдап, Құру (Создать) бұйрығын шерту керек.
4 Презентацияға қажетті өзгерістер енгізген соң, Файлдың төмен түскіш мәзіріндегі Сақтау қалай (Сохранить как...) бұйрығын шерту керек.
5 Файл есімі өрісіне жаңа презентация есімін енгізу керек.
6 Сақтау батырмасын шерту керек.
Кенес. Жаңа презентацияға басқа презентациялардан слайдтар қосуға болады. Ол үшін ашық презентацияда, соңынан слайдтар ендірілетін, слайдты таңдау керек. Жатық мәзірдің Ендіру (Вставка) төментүскіш мәзірінен Файлдан слайдтар (Слайды из файлов) бұйрығын шертіп, кажетті презентацияны, сонан соң қосылатын слайдтарды көрсету керек.
Ұсынылған құрылым негізінде презснтации кұру
1 Егер есеп ауданында Прсзснтация кұру (Создать презентацию) терезесі болмаса, жатық мәзірдегі Файл төмен түскіш мәзірінен Құру (Создать). бұйрығын шерту.
2 Құру (Создать) тізімінен Автокұрылым мастерінен (Из мастера автосодержания) бұйрығын шертіп и мастердің ұсыныстарын орындау керек.
3 Презентация ұсынған мәтінді жаңа мәтінге өзгертіп, сонан соң презентацияға кез келген қажетті өзгерістер енгізуге, мысалы слайд қосу, өшіру, көркемдік өрнектеу немесе анимация эффектілерін енгізу, сонымен катар колонтитулдар енгізу, болады.
4 Презентацияны дайындап болған соң жатық мәзірдегі Файл төментүскіш мәзірінен Сақтау (Сохранить) бұйрығын таңдап, сұхбат терезесінде Файл есімі (Имя файла) өрісіне презентация есімін енгізіп Сақтау (Сохранить) батырмасын шерту керек.
С
лайдқа
мәтін қосуға жалпы түсініктер
Слайдқа төрт түрлі мәтін енгізуге болады: рамкадағы мәтін, Автофигурадағы мәтін, ішкі жазу және WогdArt мәтіні (сурет 7)
1 Рамкадағы мәтін,
2 Тақырып ретінде қолданылған ішкі жазу,
3 Wогd Art мәтіні,
4 Стрелка түріндегі фигурадағы мәтін.
Рамкадағы мәтін. Рамкада енгізілетін, тақырып және маркерленген тізім түріндегі, мәтінді слайд не кұрылым ауданында өзгертуге болады. Оны құрылым ауданынан Місгоsоft Wоrdқа көшіруғе болады. Объектердегі, ішкі жазу немесе автофигуралардағы және WordArt мәтіндер құрылым ауданында көрсетілмейді, сондықтан оларды тек қана слайд ауданында өзгертуге болады.
Слайд ұлгісінде мәтін үшін және әртүрлі комбинацияда орналасатын объектер үшін рамкалар бар. Арнаулы рамкаларға тақырып, тақырыпшалар және негізгі мәтіндер енгізіледі. Рамкалар өлшемдерін өзгертуге, олардың орындарын ауыстыруға, шекараларынын және түстерінің көмегімен түрін өзгертуге болады.
Мәтін сипттамаларын автоматты түрде таңдау. Місгоsoft РоwerРоіпt өз еркімен мәтінді рамкаға сыйғызу үшін, мәтіннің сипаттамаларын автоматты түрде өзгертеді. Мысалы, такырып мәтінінің бірнеше сөзі келесі жолга өтетін болса, мәтін шрифтінің өлшемдері тақырып бір жолға сыятындай болып өзгереді Місгоsoft РоwerРоіпt өз еркімен шрифт өлшемін 8 пунктқа дейін кеміте алады.
Автотаңдау құралы рамканың өлшемі кішірейтілсе шрифт олшемін кемітеді, ал рамка өлшемдерін арттырса шрифт өлшемдерін арттырады.
Автотаңдау
кұралын қосуга және алып тастауға
болады. Автотаңдау құралының қосылған
жағдайында
оның осы рамка үшін көрсеткіштерін
баптауға болады. Ол үшін мәтіннің
өлшемдерін алғашкы өзгерткен кездерде
пайда болатын Автотаңдау
сипаттамалары
(Параметры
автоподбора)
тиегін
шерту керек. Осы кезде рамкадан шығып
тұратын мәтін
сипаттамаларын өзгертуге мүмкіндік
беретін мәзір шығады.
Автофигурадағы мәтін. Автофигуралар, ішкі жазу және фигуралы стрелкалар мәтінмем байланысады. Автофигураға енгізілген мәтін, автофигурамен бірге қозғалады.
Ішкі жазу мәтіндері. Ішкі жазулар мәтінді слайдтың кезкелген жеріне, мысалы
рамкадан тыс жерде, орналастыру үшін қолданылады. Ішкі жазуды суретке мәтін қосу үшін қолдануға болады. Егер мәтінді автофигурамен байланыстыру қажет болмаса, мәтінді ішкі
жазумен енгізуге болады. Ішкі жазудың шекарасын түрлі түсті қылуға, оның ішін бояуға, көленке және көлем беруге болады. Сонымен қатар тнрін өзгертуге болады
WordAr мәтіні. WordArt мәтіні әртірлі көрнекті эффектер кұруға мүмкіндік береді.
Мәтімнің түрін, түсін, орналасуын өзгертуге болады.
Мәтінді презентацияга енгізу
Басқа программалардың көмегімен жасалған мәтіндерді, Құрылым ауданына енгізіп, содан соң тақырыптар мен негізгі мәтіндерді өңдеуге болады. Осылайша Місгоsft Word (DОС), Rісh Техt Ғогmаt (RТҒ) және кәдімгі мәтін (ТХТ) түріндегі кұжаттарды презентацияға енгізуге болады. НТМL кұжат тақырып құрылымын сақтай отыра презентацияға қойылады.
Мәтінді енгізуде немесе басқа кұжаттар мегізінде жасалған презентация кұруда үйреншікті «Көшірме алу» және «Қою» бүйрыктарының орнына Місгоsоftй РоwегРоіnt мәзірлеріндегі бұйрықтарды қолданган дұрыс.
Місгоsoft Word немесе RТҒ түрдегі мәтіндерді енгізу.
Wогd құжатын немесе RТҒ түріндегі мәгінді Місгоsoft РоwегРоіпtқа ендіру үшін көп деңгейлі құрылым қолданылады. Бұл кұрылым негізіне бастапқы кұжаттағы тақырыптар стильдері алынады. Бастапқы кұжаттағы бірінші деңгейлік тақырып Місгоsoft РоwегРоіпtқа слайд тақырыбы болады, ал екінші деңгейлік тақырып слайдтағы бірінші деңгейлік мәтін болады, үшінші деңгейлік тақырып - екінші деңгейлік мәтінге айналады, т с с. Егер бастапқы кұжатта тақырыптар стилі болмаса, Місгоsoft РоwегРоіпtқа мәтінді енгізуде абзацтар негізінде кұрылым кұрады.і Мысалы, DОС немесе RТҒ кеңейтулі файлдарда бірнеше абзацка бөлінген кәдімгі стилідегі мәтіннің, әрбір абзацын слайд тақырыбы етіп орналастырады.
НТМL түріндегі мәтінді енгізу
НТМL кұрылымды мәтінді презентацияға енгізгенде тақырыптардын бастапқы кұрылымы сақталады. Файлдаңы барлық мәтін мәтіндік өрісте көрсетіледі. Мұндай мәтінді тек қана слайд ауданында өңдеуге болады. Егер НТМL кеңейтулі файлдар негізінде бірнеше слайд жасау керек болса, онда әр файлды жеке слайдқа енгізу керек.
Кәдімгі мәтінді енгізу
Кәдімгі мәтіндік кұжаттағы мәтінді енгізгенде абзац алдындағы табуляция оның кұрылымдағы деңгейін анықтайды. Мысалы, табуляциясыз жазылған мәтін, слайд тақырыбы болады, ал бір табуляциялық бос орыны бар абзац бірінші деңгейлік мәтін болады, екі табуляциялы бос орыны бар абзац екінші деңгейлік мәтін болады, т с с. Егер кәдімгі мәтіңде стиль аныкталмаған болса, онда ағымды презентация стилдері қолданылады.
Мәтінді слайдқа қосу үшін
Келесі әрекеттердің бірін орыңда:
А) Негізгі мәтәңді немесе мәтін тақырып мәтінін енгізу
• Мәтіндік рамканы шерт, сонан соң мәтінді пернетақтадан теріп енгіз немесе оныалмасу буферінен кой.
Ескерту. Егер мәтін рамкаға сыймайтын болса, онда оның шрифтерінің өлшемдері және жол аралық қашыктықтары кішірейтіліп, мәтін рамкаға сыяды.
Б) Мәтінді автофигураларға енгізу
Мәтін автофигуралармен бірге орын ауыстыруы үшін, автофигураны таңдап алып, оған мәтінді пернетақтадан тер.
Егер мәтін аввтофигурамен бірге орын ауыстырмауы керек болса, онда мәтінді ішкі жазумен енгіз
1 Сурет саймандар тақтасында Надпись пиктограммасын шерт
2 Келесі әрекеттердің бірін орында:
а) Мәтінді бір жолға енгізу
• Слайдта қажетті орынды көрсетіп, мәтінді тер немесе алмасу буферінен қой.
б) Мәтінді бірнеше жолға боліп енгізу
• Слайдта қажетті орынды көрсетіп, жазудың кажетті олшемдерін шекараларын тасымалдау арқылы көрсетіп, мәтінді тер немесе алмасу буферінен қой.
Ескерту. Мәтінді сызықтарға, полисызыктарға қосу үшін ішкі жазуды қолдану керек.
WordArt мәтінін қосу
1. WordАгt объектісі қосылатын слайдты белгіле.
2.Сурет
саймандар тақтасыңдағы WordArt
(объектісін қосу (Добавить объект
WordАгt)
пиктограммасын
шерт.
3. WordАгt тың қажетті стилін таңдап шерт, сонан соң ОК тиегін шерт.
4. WordАгt мәтінін өзгерту (Изменение текста WordАгt) сұхбат терезесінде қажетті мәтінді енгіз.
5. Келесі әрекеттердің қажеттісін орында орында.
Шрифті өзгерту үшін Шрифт тізімінен қажеттісін таңда .
Шрифт өлшемдерін өзгерту үшін Размер тізімінен қажеттісін таңда.
Қалың шрифті қолдану үшін Ж әріпі бар пиктограмманы шерт.
Мәтінде курсивті пайдалану үшін К әріпі бар пиктограмманы шерт.
Мәтінді басқа файлдардан енгізу
Місгоsоft РоwегРоіntқа енгізілетін мәтін бастапқы құжаттағы тақырыптар стиліне байланысты өрнектеледі.
Келесі әрекеттердің бірін орында
А) Баска файл мәтіні негізінде жаңа презентация құру
1 Місгоsоft РоwегРоіntқа Файл төмен түскіш мәзірінен Ашу (Открыть) бұйрығын шерт
2 Тип файлов тізімінен Все структуры бұйрығын шерт.
3. Файлдар тізімінен қолданылатын құжат белгісін екі рет шерт. Ескерту. Мәтінді кеңейтулері .дос, rtf немесе .txt файлдардан коюға болады.
Б) Мәтінді Місгоsоft Wordтан жаңа презентацияға тасымалдау.
1 Місгоsоft Wordта тасымалданатын кұжатты аш..
2 Файлдың төмен тұскіш мәзірінен Жіберу (Отправить), сонан соң — Місгоsоft РоwегРоіnt таңдап шерт.
Ескерту. Кеңейтулері .dос, .rtf, .txt, немесе .ntm файлдардағы мәтіндерді тасымалдауға болады.
Белгіні не арнайы белгіні ендіру
В шрифтах, таких как Агіаl және Тіmеs Rоmаn, сыякты шрифтерде мәтіндік Юникод кодировкасымен үйлесімділік қамтамасыз етілген. Юникод белгілерін категориялар бойынша іздестіру үшін Белгілеу (Обозначение) сұхбат терезесіңде Жинақ (Набор) тізімін пайдалануға болады.
1 Символ бұйрығын қолдануға мүмкіндік алу үшін қалыпты режимде курсорды Кұрылым ауданында немесе слайдтағы мәтіндік рамкаға орналастыру керек.
2 Қоюдық (Вставка) төментүскіш мәзірінен Символ бұйрығын шерт.
3 Шрифті өзгерту үшін Шрифт тізіміндегі қажеттісін шерт.
4 Келесі әэрекеттердің бірін орында:
А) Символдар мен белгілерді стандартты тізімнен (АSCII) қою
Қажетті белгіні не символды таңдап, Қою батырмасын, сонан соң Жабу батырмасын шерт
Б) Юникод символы және белгісін кою
1 Из өрісінен Юникод (hех) бұйрығын танда. (Егер тізімде Юникод (hех) болмаса, таңдалған шрифте Юникод белгілерін пайдалануға болмайды).
2 Терезенің жоғарғы оң жағындағы Жинақ (Набор) өрісінде белгілер мен символдардың қажетті категориясын таңда. (Тізім кұрамы таңдалған шрифтке байланысты.)
3 Керекті белгіні не символды белгілеп, Қою, сонан соң Жабу тиектерін шерт. Ескерту. Егер алдыңғы жолы Юникод белгілері таңдалған болса, бұл терезені келесі ашқанда Юникод белгілері бірден ашылады.
Кеңес. Бұрын қолданылған символдар мен белгілерді жылдам табу үшін, Белгілеу (Обозначение) сұхбат терезесінің төменгі жағындагы Бұрын қолданылған белгілер (Ранее использованные обозначения) тізімін пайдалану керек
При отображении в поле из пункта АSСІІ (deісіmаl) белгілерін қолданғанда Белгі коды (Код знака) өрісінде көрсетілген нөмірді пайдалану керек. Курсорды Місгоsoft РоweгРоіпt слайдының қажетті жеріне орналастырып, NUM LOСК тиегі қосылған режимде болуы керек, кіші сандық клавиатурадан АLТ батырмасын басып тұрып, алдымен 0 (нөл), сонан соң символдың нөмірін енгіз. Тиектерді қоя бер.
Кейбір символдар, күліп тұрган бет және стрелкалар, мәтін енгізілгенде автоматты түрде қойылады. Мысалы, пернетақтадан күліп тұрған бет белгілерін енгізсе, ол автоматты түрде күліп тұрған бет белгісіне айналады.
Суреттер.
Місгоsоft Оffісе қолданбаларының көмегімен суреттер не үлгілер кұрған кезде, қандай суреттер: нүктелік не векторлық - қолданылатындығын білу керек. Жұмыс жүргізіліп тұрған суреттің түрін білу, оны алай өңдеуге болатындығын анықтауға мүмкіндік береді.
Нүктелік сурет деген не? Нүктелік суреттер (растрлык суреттер) нүктелер жиынтығынан тұрады, миллиметрлік кағаздағы квадраттарды бояу арқылы салынған сурет тәрізді.. Нүктелік суреттер графикалық редакторларда, мысалы Місгоsоft Раіпt, салынады және өңделеді. Сканермен алынған суреттер мен кескіндер нүктелік суреттер болып табылады. Олардың ауданын өзгерткенде олардың анықылығы жоғалады, суретті кұрып тұрған жеке нүктелер көріне бастайды. Нұктелік суретте түстерді өзгертуді жарықтылық пен контрастылықты өзгерту арқылы, түстерді сұр түске немесе ақ-кара каескінге айналдыру арқылы, немесе мөлдір аудандар жасау арқылы жүргізуге болады. Нүктелік суреттерде нақты бір түсті өзгерту үшін бейне кескінді (фотография) өңдеуші программа қажет.
Нүктелік суреттер ВМР, РNG, .JPG немесе GІҒ кеңейтулердің бірімен сақталады.
Векторлық сурет деген не? Векторлық суреттер түзулерден, қисықтардан, тік төртбұрыштардан және басқа объектерден тұрады. Оларды өңдеуге, орнын ауыстыруға және көрсету тәртібін өзгертуге рұхсат етіледі. Векторлық суреттің өлшемдерін өзгерткенде компьютер бастапқы аныктылықты сақтау үшін сызықтар мен фигураларды қайталап сызып отырады. Автофигуралар векторлық суреттер болып табылады.
Векторлық суретті кұратын сызықтар мен фигураларды топтастыруға және жекелендіруге, олардың көрсетілу ретін, бір немесе барлық бөліктерінің түсін өзгертуге болады.
Векторлық суреттер оны қүрған қолданба кұжаты түрінде сақталады. Мысалы, МісгоsоftWindowsтың метафайлдары WМҒ кеңейтумен сақталады.
Суреттерді файлдан қосу
1 Суреттің орналасатын жерін шерт.
2 Келесі әрекеттердің бірін орында:
Сурет саймандар тақтасындағы Файлдан сурет қосу (Добавить рисунок из файла)
пиктограммасын
шерт.
Жатық мәзірдің Қоюды (Вставка), ал оның төментүскіш мәзірінен Сурет (Рисунок) бұйрығын, бағыныңқы мәзірден «файлдан» («из файла») бұйрығын шерт.
Кескінді баптау (Настройка изображения) саймандар тақасындағы Файлдан сурет қосу (Добавить рисунок из файла) пиктограммасын шерт.
3 Қажетті сурет сақталған буманы таңда, сонаң соң сурет файлын белгіле.
4 Келесі әрекеттердің бірін орында:
Суретті ендіру үшін Қою (Вставка) тиегін шерт;
Қатты дисктегі сурет файлымен байланыс ұйымдастыру үшін, Қою тиегінің жанындағы стрелканы шертіп, Файлмен байланыстыру (Связать с файлом) бұйрығын шерт.