Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тақырып 10 Power Point.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
377.34 Кб
Скачать

G-041.07.01.78-2008

Power Pointта презентация жасау

Ред. 2.

Парақ 13 13-ден

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРИТЕТІ

ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ

Мамандықтар 5B110100 «Мейірбикелік іс»

5B110200 «Қоғамдық денсауық сақтау»

5B110400 «Медициналық профилактикалық іс»

5B130100 «Жалпы медицина»

5B130200 «Стоматология»

Пән Информатика

Курс 1

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

АҚПАРАТТЫҚ –ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК

ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

ТӘЖРИБЕЛІК САБАҚҚА

Тақырып №

Power Pointта презентация жасау.

Мәтін мен графикалық объектерден тұратын слайдтар жасау.”

Құрастырушы

Аға оқытушы Дихамбеков Ж.К.

Семей, 2011 ж.

«Студенттерге арналған ақпараттық-дидактикалық блок және әдістемелік нұсқаулар тәжрибелік сабаққа: Тақырып № Power Pointта презентация жасау. Мәтін мен графикалық объектерден тұратын слайдтар жасау.

кафедра (курс) мәжілісінде қарастырылды 2011жыл

Хаттама №

Курсқа жауапты Буланова Р.К.

1. Тақырыбы: Power Pointта презентация жасау. Мәтін мен графикалық объектерден тұратын слайдтар жасау.

2. Оқу сағат саны: 3 академиялық. сағат (150 мин)

3. Тақырып өзектiлiгi (оқу дәлелдемесi) : Қазігі кезде дәріс беруде, әртүрлі докладтар жасауда көрнектілік құралы ретінде бағдарламасы қолданылады.

4. Сабақтың мақсаты : Студенттерді Power Point бағдарламасының мүмкіндіктерімен таныстыру

5. Оқыту міндеті : Студенттерді Power Point бағдарламасын пайдаланып анимациялы слайдтар жасауға үйрету

6. Студент бiлуге тиiс:

- Компьютермен MS Windows ортасында жұмыс жүргізу тәртібін

7. Студент iстей алуға тиiс:

Операциялық жүйе MS Windows ортасында тізімше құру, файлдарды көшіру, өшіру

8. Сабаққа дайындалу сұрақтары :

- негiзгi бiлiм бойынша :

1.  Компьютердің құрылымы: жүйелік блок және оның элементтері.

2.  Негізгі сыртқы қондырғылар: ақпараттарды сақтағыштар, монитор, клавиатура, принтер, тышқан және т.б.

- осы сабақ тақырыбы бойынша:

1. Power Point терезесінің элементтері және терезенің түрлері

2. Місгоsоft РоwегРоіntтағы өңдеу шаблондары.

3. Презентацияны бос слайдтар көмегімен жасау

4. Бар презентация негізінде жаңа презентация құру

5. Ұсынылған құрылым негізінде презснтации кұру

6. Слайдқа мәтін қосуға жалпы түсініктер

7. Суреттер. Суреттерді файлдан қосу

8. Роwer Роіпtтағы анимация

9. Әдебиеттер

Негiзгi әдебиеттер:

1. Адибаев Б.М. және басқалар, ИНФОРМАТИКА, Алматы,1997, стр. 80-89;

2. Изтлеуов М.К. және басқалар, Ақтөбе, Информаттика, 2005, 256 – 263.

Қосымша әдебиеттер:

1. Ефимова О., Морозов В., Шафрин Ю. Курс компьютерной технологии, 1-том, Москва, АБФ, 1998, стр. 452-477.

3. Микляев А.П., Настольная книга пользователя, Москва, 2000, стр. 329-366

10. Ақпараттық – дидактикалық бөлім

Роwег Роіnt типті программалардың көмегімен оқулық, аныктамалық және жарнамалық слайд – фильмдер дайынжауға болады. Мұндай фильмдер тыңдаушыларға материалды түсінікті, ұғынықты және қызықты етіп көрсетеді, сонымен қатар эстетикалық қызықтану тудырады. Сондықтан Роwег Роіnt презентация құрушының өнерлік шығармашылық қабілеттеріне жоғары талаптар дың ақпараттық технологияларға қатысы жоқ.

Роwег Роіnt жұмысқа қосу Пуск - Программы – Microsoft Offise- Роwег Роіnt тізбегін орындау арқылы жүргізіледі, немесе есеп (тапсырма) тақтасындағы жылдам шақыру пиктограммасын, егер ол бар болса, шерту арқылы жүрг ізіледі.

Роwег Роіnt терезесі, Місгоsоft Оffise қолданбаларының терезелері тәрізді, тақырып жолынан, жатық мәзір жолынан, саймандар тақтасынан, негізгі жұмыс терзесінен (қүжат терезесі) және күй жолынан тұрады.

Негізгі жұмыс терезесінің түрі Роwег Роіntың режиміне байланысты. Роwег Роіnt 2000-да 5 режим бар (сурет 1): 1) калыпты, 2) кұрылым 3) слайд, 4) сұрыптау 5) көрсету. Бұлардан қалыпты және сұраптау режимдері негізгі болып табылады, себебі олар презентация ең жиі қолданылатындар. Роwег Роіnt 2003-те тек қана 3 режим белгіленген (сурет 1а).

Роwег Роіntың қалыпты режимінде презентация слайдтары кұрылады. Бұл режимде негізгі жұмыс терезесін төрт ауданға бөлуге болады (сурет 2): құрылым ауданы, слайд ауданы, слайд ауданы және белгілер ауданы. Бұл аудандар презентация құруда барлық мүмкіндіктерді бір мезгілде пайдалануға барлық мүмкіндік береді. Аудандардың қай қайсысының болмасын өлшемдерін, олардың шекараларын тышқанмен тасылмауда арқылы, өзгертуге болады.

Құрылым ауданы. Құрылым ауданы презентация мазмұнын ұйымдастыру және жаю үшін қолданылады. Мұнда презентация мәтінін енгізумен қатар тізімді, абзацтарды және слайдтарды тәртіпке келтіруге болады.

Слайд ауданы. Бұл слайдтың форматтау әсері ескерілген мәтіні көрсетіледі. Жеке слайдтарга сурет, фильм, дыбыс, анимация және гиперссылкалар қосуға болады.

Есеп ауданы. Есеп ауданы, Microsoft Offісе қолданылатын бұйрықтар:

  • слайд құру кезінде слайд үлгілері,

  • слайдты өңдеу кезінде- слайд дизайны:

    • өңдеу шаблоны,

    • түстік сызба,

    • анимация эффектісі орналасатын орын.

Белгілер ауданы. Белгілер ауданы Дәріс оқушыға қажет болатын белгілер енгізуге және тыңдаушыларға қажет болып қалатын мәліметтер енгізуге арналған орын. Егер белгілер ретінде сурет енгізу керек болса, оны белгілер беті (страницы заметок) режимінде жүргізу керек. .Бұл аудандар презентацияны Wеb-беттер түрінде сақтағандада болады. Бір ерекшелігі, кұрылым ауданы презентация бойымен қозғауға болатын мазмұн ретінде көрінеді.

С ұраптаушы режимінде (сурет 3) экраңда слайдтардың барлығыда кішірейтілген түрде көрінеде. Бұл жағдай слайдтарды қосуды, жоюды және орындарын ауыстыруды, слайдтарды көрсету уақытын белгілеуді және слайдтарды ауыстыру әдістерін таңдауды жеңілдетеді. жеңілдетеді Сонымен қатар бірнеше слайдтағы, қажеттілерін белгілеп, анимацияны, Показ слайдов мәзіріндегі Просмотр анимации бұйрығын таңдап, көруге болады.

Презентацияны құру кезінде кезкелген уақытта слайтарды көрсетуде Показ слайдов пиктограммасын шертіп іске қосып, презентацияны көруге болады.

С лайдтар үлгісі. «Үлгі» объектердің слайдта орналасуын көрсетеді. Үлгілерде слайд объектері енгізілетін пунктирмен шектелген рамкалар бар. Олардың бірінің ішіне слайд такырыбы, маркерленген тізім тәріздес мәтіндер жазылса, басқаларына слайдтың негізгі объектері: кестелер, диаграммалар, фигуралар және суреттер енгізіледі. Мысалы 4-суретте көрсетілген:

1 Тақырып және маркерленген тізім енгізуге арналган негізгі үлгі, 2 Үш рамкалы үлгі: тақырыпқа, маркерленген тізімге және слайдтың негізгі кұрылымы - кестелер, сызбалар, диаграммалар және суреттер – енгізуге арналған.

Әрбір жаңа слайдты коскап кезде оған үлгіні есептер ауданындағы Разметка слайда терезесінен таңдап алу керек Бұл терезеде әр түрлі слайдтар кұруға арналған үлгілердің жеткілікті түрі көрсетіледі. Сонымен катар бос үлгіні таңдауға болады.