Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sotsiologia_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
459.26 Кб
Скачать

3.Генералды жиынтық – ол

Генералды жиынтық – бiртұтас сапалы негiзбен, ортақ байланыстармен құбылыстардың бір бірінен ажыратылатын белгілермен біріктірілген зерттелетiн жиынтық. Мысалы, жанұялардың үй шаруашылығы, жиынтығы, кәсiпорындар, фирмалар, одақтарды жиынтық осындай жиынтық тағы сол сияқтылар. Зерттеу объектісі 500 не одан жоғары болса, сұрыптау әдісі қолданылады. Сұрыптау әдісі зерттеу объектісінің минимумын зерттеу барысында, генералды жиынтық жөнінде көріністі толық қалыптастыру. Көптеген әлеуметтік үрдістер социологиялық зерттеу бағдарламасымен белгіленген шеңберінің пәні болып табылады және өзінің территориалдық уақыт шекаралары бойынша, генералды жиынтықты құрайды. Әрбір зерттеу жиынтығын белгілі қасиет сипаттайды, оның мәңі бойынша, берілген объекттің генералды жиынтыққа жататынын немесе жатпайтынын үнемі белгілеуге болады. Осылай, генералды жиынтық негізінде берілген қала тұрғындарын, кәсіпорынның өндірістік персоналын, студенттерді және т.б. қарастыруға болады. Генералды жиынтықтың берілген бөлігі бақылау объектісінің негізі ретінде айқындалатын, сұрыптау жиынтығы деп аталады. Генералды жиынтыққа толық, айқын сипаттама беретін, сұрыптау қасиеті репрезентативтілік деп аталады. Сұрыптаудың негізгі принципіне барлық генералды жиынтық элементтеріне сұрыптауға түсу тең шарттармен қамтамасыз ету. Сұрыптау негізі – бұл генералды жиынтық элементтерінің тізбегі.

4.Әлеуметтену

Әлеуметтену — жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады. Социология ғылымы “ұрының баласы — қашан да ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туады” деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды. Өйткені, адам анасынан бірден мәдениетті болып жаралмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр кешу процестерінде ғана қалыптасады. Әлеуметтік-мәдени қасиеттер мен құндылықтарды мұралау өзгеше, биологиялық емес әдіппен, яки ұрпақтан ұрпаққа тарау тетігі арқылы әлеум. жолмен жүзеге асады; әрбір жеке адам (индивид), әр жаңа ұрпақ өздері туып, өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан жүріп өтеді. Осынау маңызды процесті ғылымда “жеке адамның әлеуметтенуі” деп атайды. Әлеуметтену тура мәнінде, жарық дүниеге келген, адамзат мәдениетін игеруге бағдарланған саналы биологиялық организмді, яки адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық-психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ, қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттық, әлеуметтік маңызды қасиеттерді, білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқылы жеке тұлғаға айналдыру жолы. Сондықтан, әлеуметтену дегеніміз жеке адамның әлеуметтік ортамен диалектикалық (өзара) әрекеттесу процесі, оның барысында, бір жағынан — адам бойындағы табиғи, психологиялық өскін жетіліп, өркендей түседі, екінші жағынан — қоғам жеке тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, мәдениетке ұмтылдыру арқылы оған адами тұлғаға тән әлеуметтік мәні мол қасиеттерді сіңіреді. Әлеуметтену — қысқа мерзімді, бір мәртелік емес, іс жүзінде жеке адамның бүкіл ғұмырын қамтитын ұзаққа созылатын көп қырлы құбылыс. Соның арқасында жеке адам қоғамдық өмірге араласып қана қоймайды, сондай-ақ өзінің әлеуметтік статусы мен рөлін иелене және өзгерте алады. өйткені, әрбір жеке тұлға тиісті құқылар мен міндеттерді иелене отырып, қоғамдағы өзіне лайықты орынды еншілейді және нақты қызмет міндеттерін атқарады, яғни әлдебір әлеуметтік статусқа ие болады.

Билет №17

1.Тұлға ұғымы.

Тұлға – сана сезімі мен іс-әрекеттеріндегі ерекшелігін білдіретін, ылайық ырық белсенділігі бар әлеуметтік мәдениеттілігінің сапасы.Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психология қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерішң жиынтығы, қоғамдық даму жемісі мен белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.Тұлға философиялық тұрғыда адамды “адам” ретінде тануға, яғни оның рухани-адамгершілік, ділдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады. Психология тұлғаның өзіне тән күш-жігерін, мінез-құлқын,психо-физиология ерекшеліктерін зерттейді. Социологияда тұлға қоғам мүшесі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік қырлары, саналы қоғамдық әрекеті жан-жақты зерттеледі. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласының қай-қайсында болсын адам орталық мәселе болғандықтан олар тұлға ұғымын ортақ қолданып, әрқайсысы әр қырынан зерттеп-таниды және осы ғылым салаларының зерттеу нәтижелерінің өзара ықпалдастығы мен бір-біріне әсері бар. Әр ғылым саласы тұлға сөзіне өзіне тән танымдық-ұғымдық мағына сыйғызады.Тұлғалық белгілер — адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық белгілер теориясы — негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері" деген ғылыми анықталған терминді қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын қарастырады.Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүлделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]