
- •4.Рөлдік конфликт.
- •1.Әлеуметтік рөлдің құрылымы.
- •2.Конфликтология (р. Дарендорф).
- •3.Индикаторлар
- •1.Сипаты мен технология деңгейі бойынша қоғамның классификациясы.
- •2.Құрылымдық функционализм (т.Парсонс).
- •4.Әлеуметтік конфликтердің негізгі түрлері.
- •1.Социометрия тұлғаралық қатынастың өлшеу әдісі ретінде.
- •2.Өндіріс тәсілі бойынша қоғамның классификациясы.
- •4.Х. Шелдон көзқарасы бойынша девиация байланысты.
- •1.Саяси әлеуметтану: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі.
- •2.Әлеуметтік мәртебе: түсінігі, құрылымы.
- •4.З. Фрейд көзқарасы бойынша девиация байланысты.
- •1.Тiршiлiк ету құралдарының табуының әдiстерi бойынша қоғамның классификациясы.
- •2.Экономикалық әлеуметтану: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі.
- •4.Ч.Ломброзо көзқарасы бойынша девиация байланысты.
- •1.Қоғамның әлеуметтік стратификациясы.
- •2.Э. Дюркгейм әлеуметтануы.
- •3.Генералды жиынтық – ол
- •4.Әлеуметтену
- •2.Құрылымдық функционализм (т. Парсонс). Билет № 12 (2)
- •1.Әлеуметтік мәртебе: түсінігі, құрылымы. Билет №14 (2)
- •2.М. Вебер және г.Зиммел әлеуметтануы.
- •3.Аз топтардағы өлшемдердiң қатынасының әдiстемесі – ол
- •1.Әлеуметтанулық сұрау: түсінігі, түрлері, әдісі, қолдану саласы.
- •2.Қазақ ағартушыларының әлеуметтік-саяси көзқарастары (Абай Құнанбаев, ш. Уалиханов, ы. Алтынсарин).
- •1.Қоғамның дамуы туралы тұжырымдамалар.
- •2.Отбасы әлеуметтануы: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі.
- •4.Постиндустриалды қоғамның белгілері (д. Белл бойынша).
- •1.Әлеуметтік девиация: ұғымы, түрлері.
- •2.Қазақ либерал демократтардың әлеуметтік-саяси көзқарастары (а.Байтурсынов, а. Букейханов, м.Дулатов)
- •3.Интервью қолданатын саласы
- •1.Мәдени-тарихи типтер тұжырымдаларындағы қоғамның дамуы туралы.
- •1.Қоғамның әлеуметтік құрылымы: түсінігі, негізгі элементтері.
- •2.Интервью әлеуметтанулық зерттеудің әдісі ретінде.
- •3.Т. Парсонс тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы. Билет №12 (2)
- •4.Мәртебелік символика
- •1.Тұлғаның рөлдер теориясы
- •2.Білім беру әлеуметтануы: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі.
- •3.К. Маркс тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы
- •4.Әлеуметтік құрылым ішіндегі мәртебе иерархиясы аталады.
- •1.Әлеуметтік институттың түрлері мен функциялары.
- •2.Тұлғаның ажырамас белгілері.
- •4.Э. Дюркгейм тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы.
- •1.Әлеуметтік мобилділік ұғымы және түрлері.
- •2.Эмпирикалық зерттеулер: түсінігі, құрылымы.
- •3.Индустриалды қауымға дейінгі (дәстүрлі) қоғам (д. Белл бойынша)
- •1.Әлеуметтік конфликттің даму стадиялары. Билет №12 (4)
- •2.Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламалық құрылымы.
- •3.Әлеуметтік құрам.
- •4.Қоғамның формациялық теориясын әзірледі.
- •1.К. Маркстың әлеуметтанулық көзқарастары. 30-билет, 4-сурак.
1.Қоғамның әлеуметтік стратификациясы.
Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары. Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз. Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар:-касталар;-сословиелер;-таптар.Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйеАшық - Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады. Әлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосқан М. Вебер және К.Маркс.
2.Э. Дюркгейм әлеуметтануы.
Француз әлеуметтанушысыЭмиль Дюркгейм (158-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды,солардың арқасында оның негізгі туындыларына « Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы», « Өзіне -өзі қол салу», «Әлеуметтанулық әдістің ережелері», «Діни өмірдің қарапайым формалары» жатады. Э.Дюркгейм қоғамдық өмірде болатын құбылыстарды индивидуалдық және психологиялық тұрғыдан түсіндіруге қарсы шықты.Бұл көзқарастар бойынша адамның мінез-құлқы мен жалпы тарихи процесті саналы түрде ұғыну, психологиялық факторлар , яғни адамдардың әуестігі, талаптануы және мүдделері негізгі рөл атқарады.Ол өзінің әлеуметтік реализм теориясында қоғамдық құбылыстардың табиғатын әлеуметтік факторлармен түсіндіру керек деп пайымдайды, индивидтердің, әлеуметік топтардың және әлеуметтік институттардың өзара әрекет ету жүйесі ретінде қоғам адамдардың мінез-құлқына, олардың сан салалы қызметіне талдау жасаудың түп-төркіні, бастауы болады деп санады.Мұнда әлеуметтік орта үлкен рөл атқарады.Дюркгеймнің әлеуметтік реализм көзқарасының негізгі ережелері осылар. Дюркгейм «социологизмнің» басты принципі мен ерекшелігі –оның әлеуметтікті әлеуметтікпен түсіндіруінде еді.Бұның мәні-құндылықтар мен идеялардың әлеуметтік нормаларда жүзеге асуы мен әлеуметтік реттеушіліктің түтқасына айналуында.Қалыпты жағдайда сыртқы әлеуметтік детерминацияадамның құнды бағдары арқылы іске асады. Нормалар мен құндылықтар әлеуметтік құбылыстың, жалпы эмперикалық өмірдің екі жағына айналды.Әлеуметтік нормалар әлеуметтік факторлар сияқты мәжбүр ету сипатында болады, яғни адамды солардың мазмұнына сәйкес әрекет етуге күштейді.Дюркгеймнің ғылыми айналымға құндылықтар және бағдарлар ұғымдарын енгізуіне байланысты оның әлеуметтануының жаңа қырлары көрінеді:егерде сырттан әсер етілетін мәжбүр етуге сүйенбей, қоғамның адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге көңіл бөлінетін болса , әлеуметтік нормаларда соғұрлым тиімдірек болады. Э.Дюркгейм әлеуметтанудың ғылыми әдістерін дайындауды қолдаушылардың бірі болды. Мұндай әдіс кезінде байыптылық, яғни қоғамдық өмірдегі құбылыстарды түсіндіруде қатаң логикалық әдіс сақталу керек, дейді ол. Өзіне деңгейлердің негізін алғанда қоғам дамуы туралы ойша, дерексіз теориялар жасауға көп көңіл бөлінгенін және олардың әлеуметтік факторларды зерттейтін ғылыми әдіс әзірлеумен аз айналысқанын айта келіп, әлеуметтанудың әдісін дайындауды қолға алады.Оның пікірінше әлеуметтану – әлеуметтік факторлар туралы ғылым.Бұл дегеніміз- адамдардың ұжымдық санасы қалыптастырған саяси , құқық, мораль, діни және басқа да идеялар, нормалар мен құндылықтар және жекелеген индивидтерді осы идеялар, нормалар мен құндылықтарға сәйкес қалыптастыруға мәжбүр етушілік.