Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sotsiologia_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
459.26 Кб
Скачать

2.Экономикалық әлеуметтану: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі.

«Экономика әлеуметтануы» термині XIXғ бастап қолданысқа енді, дегенмен мұндай атаумен еңбектер XXғ шыға бастады. Ең бірінші еңбек Бельгиялық әлеуметтанушы Г.Де Грефаның (1886-1964) «la sociologio economique» деген кітабы болды, ол1904 жылы орыс тіліне аударылып «әлеуметтік экономия» деген атпен жарық көрді. Экономикалық әлеуметтанудың тарихын үш кезеңге бөліп қарауға болады: ғылымға дейінгі(б.з.д.3 мыңжылдық-б.з.XVIII) классикалық(XIXғ- XXғ) және қазіргі (XXғ соңы- XXIғ). Платон (б.з.д. 427-347) бірінші болып еңбектің «әртүрлі үйлесімдік» заңын орнатты. Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды.Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан бір-бірімен тығызбайланысқан құбылыстар мен процестер жатады.Ал, экономикалық әлеуметтану пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері жатады.Бұған экономикалық алуан түрлі адамдар бірлестіг, мысалы, өндіріс еңбек ұжымдары, өндіріс саласындағы әлеуметтік қатынастар,(үстемдік ету – бағыну,басқару – орындау)еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы,миграция, мамандықты іріктеп алу,еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың экономикалық іс-әрекеттің себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау жағдайы,көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапасының артуына әсері, тағы басқалар жатады.Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әректі, қызметінің жемісі ретінде қарайды.Қоғамдағы адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы әр түрлі болғандықтан, олардың мұқтаждықты талап-тілектері де, тұтыну дәрежелері де әр түрлі. Сондықтан олар қоғамда әр түрлі рольдер, яғни қызмет атқарды,осыған сәйкес олар қоғамда әр түрлі орында, жағдайда,беделде болады.Экономикалық әлеуметтану экономиканы зерттеудің басты мәселесі ретінде экономиканы өз алдына жүйе деп қаралды.Ал,экономикалық жүйеде – өндіріс - бөлу – айырбастау - тұтыну жүзеге асырылады. экономикалық жүйедегі адам, оның нысана бағыттары,тәртібі – міне экономикалық әлеуметтанудың экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің басты бағыттары мен мәселелері.Дәлірегі, адамның өмір сүріп отырған ортасы - қазіргі экономикалық жүйеге қатынасы, ондағы алуан түрлі жүріп жатқан өзгерістерге (ой-пікірлері,көзқарастары) нарықтық қатынастарға,ондағы экономикалық реформаларға қатынасын зерттейді.

3.Номиналды шкала – ол өлшелетiн облыс элементтердiң арасындағы тек қана баламалықтың қатынас көрсететiн метрлiк шкала.

4.Ч.Ломброзо көзқарасы бойынша девиация байланысты.

Ауытқыған мінез-құлық әлеуметтануында девиацияның пайда болуының себептері мен жағдайларына қатысты бірыңғай кӛзқарас жоқ. Мәселен, ХІХ ғасырдың аяғында итальяндық доктор (дәрігер) Цезаре Ламброзо қылмыстық мінез-құлық пен белгілі бір дене белгілерінің (физические черта) арасында байланыстың бар екендігін айқындады. Ол биологиялық құрылымы бойынша мінез-құлықтың белгілі бір типіне бейім адамдар, яғни «қылмыстық типтер» адамзат эволюциясының неғұрлым ерте сатысына қайта оралумен байланыстырылады. Мұндай типтер тӛмендегідей белгілері бойынша ажыратылады: тӛменгі жақ сүйегі алға шығып тұрады, сақалы сирек, ауруға деген сезімталдығы тӛмен болып келеді. Ламброзоның осы теориясы кеңінен таралды. Қылмыстық бағыныштылықпен байланысқан физикалық белгілер теориясын ұсынды. Дене бітімінің физикалық ерекшеліктері девиациясының себебіне айналады деп тұжырымдайды.Қылмыстық құқықта антропологиялық мектептің пайда болуы, алдында аталып өткендей, қылмыстылықтың қанат жаюымен және "классикалық" мектептің онымен күресу шараларын ұсынуға шамасы келмейтіндігімен сабақтас болды. Бұл мектептің негізін қалаушы итальяндық дәрігер-психиатр Чезаре Ломброзо (1835-1909) болып табылады, ал ол қылмыстылық — биологиялық сипаттағы құбылыс деп дәлелдеуге ұмтылыс жасады.Ломброзо қылмыскер — ерекше биологиялық тұлға, оның өзіндік антропологиялық сипаттары болады, жалпы адам қылмыскер болып туады және оны түзеу мүмкін емес деп есептеген.Ломброзо және оның ізбасарлары қылмыскерлерді жан-жақты сипаттап, "өлшеп" қылмыскерге тән белгілі өзгешеліктері — қылмыстылық стигматтары болады дегенге арқа сүйеген. Мәселен, кісі өлтірушілердің шықшыты шығыңқы, тістері ақсиып тұрады, қаймыжық ерін, дөң мұрын болады деп болжамдаған. Жыныстық қылмыс жасайтындардың ерні қалың, шашы ұзын болады және т.б.Ломброзо және оның жақтастары адам тумысынан түзелмейтін қылмыскер болып табылады деген "теорияларына" табан тіреп, ондай құқық бұзушыларға өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, жыныстық органын шауып тастау және басқа да ауыр жазаларды қолдануды ұсынған. Антропологтардың пікірінше, көрсетілген шаралар сот тағайындайтын жазаны алмастыратын болған. Ол ол ма, антропологтар соттарды жойып, оларды қандай болмасын субъектіге "қылмысты адамның" кейіптерін анықтайтын және ондайларға қолданылатын қауіпсіздік шараларын шешетін арнайы әкімшілік органдарымен алмастыруды ұсынған. Әрине, мұндай шешімдердің тым тұрпайы екендігінде дау жоқ. Бірақ, бертін келе Ломброзоның және оның жолын ұстаушылардың (мысалы, Э.Ферри) теориясы өзге де рацистік теориялармен бірге фашистік Италияда және гитлерлік Германияда кең қанат жайып, нәсілдік және саяси тұрғыдан жаппай қырып жою мен қуғын-сүргіндерге негіз болғандығына таң қалуға болмайды.

Билет №16

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]