Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sotsiologia_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
459.26 Кб
Скачать

1.К. Маркстың әлеуметтанулық көзқарастары. 30-билет, 4-сурак.

2.Әлеуметтенудің түрлері мен агенттері. Әлеуметтену дегеніміз-қоғамда қалыптасқан меңгеру ж/е жетілдіру жолымен жас ұрпақты сол қоғамның әлеуметті-экономикалық құрылысына сәйкес қоғамдық рольдер системасына қосу болып табылады. Қазіргі заманғы оқыту мен тәрбиелеу дегеніміз жас адам тұлғасын қалыптастыру үшін оған жоспалы да мақсатты түрде әсер ету-оның еңбекке деген білігі мен қабілетін дамыту. Жас ұрпақты әлеуметтендірудің марксистік ғылыми теориясы жас ұрпақты тәрбиелеу процесі мен оқыту арқылы білім беру процесін бірлікте қарастырады, өйткені қазіргі заманғы ғылыми техникалық прогресс оқыту процесінің білім беру арқылы адамды дамыту міндетімен бірге,и сондай-ақ тәрбиелеу міндетіне де жоғары талаптар қойып отыр. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында іс-эрекет пен адамның мінез-құлқы жеке тұлғаны қалыптастырудың компоненті ретінде келеді. Білім және тәрбие орындарында әлеуметтік тәрбиенің мазмұны; - ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жеке тұлғаны әлеуметтендіру; - жастардың адамгершілік тәрбиесінің құрамды бөліктері: отанға деген сүйіспеншілік, халықаралық мәдени қарым-қатынас, еңбекке деген жауапкершілік, саналы тәртіп, мінез-құлық мәдениеттілігі, эстетикалық және дене дамуы, жанұя мен әлеуметтік ортаның әсері, жеке тұлғаның әлеуметтік институттармен қарым-қатынасы,. орта және тәрбие. Қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет мұрасы) адамдардың әрекетін үйлестіру мен интеграциялау үшін үлкен маңызды шара, іс-әрекет, сонымен қатар, тәрбие мақсатын айқындаушы. Әлеуметтену — жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады. Социология ғылымы “ұрының баласы — қашан да ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туады” деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды. Өйткені, адам анасынан бірден мәдениетті болып жаралмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр кешу процестерінде ғана қалыптасады. Әлеуметтік-мәдени қасиеттер мен құндылықтарды мұралау өзгеше, биологиялық емес әдіппен, яки ұрпақтан ұрпаққа тарау тетігі арқылы әлеум. жолмен жүзеге асады; әрбір жеке адам (индивид), әр жаңа ұрпақ өздері туып, өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан жүріп өтеді. Осынау маңызды процесті ғылымда “жеке адамның әлеуметтенуі” деп атайды. Әлеуметтену тура мәнінде, жарық дүниеге келген, адамзат мәдениетін игеруге бағдарланған саналы биологиялық организмді, яки адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық-психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ, қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттық, әлеуметтік маңызды қасиеттерді, білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқылы жеке тұлғаға айналдыру жолы. Сондықтан, әлеуметтену дегеніміз жеке адамның әлеуметтік ортамен диалектикалық (өзара) әрекеттесу процесі, оның барысында, бір жағынан — адам бойындағы табиғи, психологиялық өскін жетіліп, өркендей түседі, екінші жағынан — қоғам жеке тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, мәдениетке ұмтылдыру арқылы оған адами тұлғаға тән әлеуметтік мәні мол қасиеттерді сіңіреді. Әлеуметтену — қысқа мерзімді, бір мәртелік емес, іс жүзінде жеке адамның бүкіл ғұмырын қамтитын ұзаққа созылатын көп қырлы құбылыс. Соның арқасында жеке адам қоғамдық өмірге араласып қана қоймайды, сондай-ақ өзінің әлеуметтік статусы мен рөлін иелене және өзгерте алады. өйткені, әрбір жеке тұлға тиісті құқылар мен міндеттерді иелене отырып, қоғамдағы өзіне лайықты орынды еншілейді және нақты қызмет міндеттерін атқарады, яғни әлдебір әлеуметтік статусқа ие болады. Ол жеке тұлғаның жағдайын жан-жақты, әрі жинақтай бейнелейтін сипаттамаларды: мамандығын, кәсіби білігін, атқарып жүрген жұмыстарының сипатын, лауазымын, материалдық әл-ахуалын, саяси ықпалын, партияға және кәсіподаққа мүшелілігін, іскерлік байланыстарын, туыстық тарамдарын т.б. қамтиды. Бұлардың барлығын белгілі социолог Р. Мертон (1910 жылы туылған) “статустық жиым” деп атаған. Оның өзі туа бітті (немесе маңдайға жазылған), яки субъектіге тәуелсіз күйде, көбінесе жаратылысынан дамитын (мысалы, жынысы, жасы, ұлты, туыстары)статустар және қол жеткен (немесе қолы жететін), яғни жеке тұлғаның өзінің күш-жігерін жұмсауы арқылы алған статустары болып бөлінеді. Кей реттерде осы аталған екеуінің қасиеттерін тоғыстыратын аралас әлеуметтік статустар да (мысалы, өз еркінен тыс жұмыссыз қалғандардың, мүгедектікке ұшырағандардың, босқыншылыққа ұшырағандардың, т.б. статусы), кездеседі. Әлеуметтік статус пен жеке бастың статусты ажырата білу қажет. Мәселен, әлеуметтік статусты, яғни жеке тұлғаның бүкіл қоғам ауқымындағы не ірі әлеум. топ ішіндегі жай-жағдайын айқындар сәтте, алдымен оның қызмет істейтін саласы, лауазымы не ғыл. атақ-дәрежесі т.б. ауызға ілігеді. Былайша айтқанда, кез келген адамның әлдебір әлеуметтік топқа (әлеум.-топтық, әлеум.-кәсіби, әлеум.-этникалық, т.б.) жататындығы дәйектеледі. Ал жеке тұлғаның шағын (бастауыш) әлеуметтік топтағы (отбасындағы, бригададағы, студенттік топтағы т.б.) беделі, көбінесе, оның мәртебелік басымдығына емес, жеке бастың, даралық қасиеттеріне, оған ағайын-туыстарының, жұмыстас не курстас жора-жолдастарының, таныстарының, көршілерінің т.б. субъективті қарым-қатынастарына байланысты қалыптасады.

3.Мәдени-тарихи типтер тұжырымдамасын әзірледі. Мәдениеттің өрлеуі туралы мәселе – бұл қоғамның үдемелі тарихи дамуындағы мәдениеттің элементтері мен құндылықтарының сабақтастығы, жеке елдерде, халықтар мен қоғамдастықтарда адамның дамуының әр түрлі тарихи кезеңдері мен дәуірлерінің өзара қатынастары туралы мәселе. Қазіргі мәдениеттану теориялары линиялық эволюция идеяларына сын және “жергілікті өркениеттер” тұжырымдамасын құру ретінде қарастырылады. Бұл тұжырымдаманы әр түрлі ғалымдар дамытты және әр елде дамыды: Шпенглер Германияда, Тойнби Англияда, Данилевский мен Сорокин Ресейде. Белгілі “Европаның құлдырауы” (“Закат Европы ”) жұмысының авторы Освальд Шпенглерге мәдени-тарихи ұласу идеясы жатады: әрбір мәдени организм өмірге келген соң, табиғи ұласудан өтеді, яғни гүлденеді және кедейленіп, құлдырайды, өркениет түрінде өзінің соңына жетеді. Н.Я. Данилевский үшін мәдениеттердің тарихи алуандығы проблемасы және оның ішкі құрамының айырмашылығы шын бастапқы жағдай ретінде болады. Оның ойынша, тарих бар, этникалық қауымдардың, оңаша, жергілікті “мәдени-тарихи” типтердің (“өркениеттердің”) тарихи тұрмысы табиғатпен және бір-бірімен әрқашан күресте болады. П. Сорокин ХХ ғасырдағы ең ірі әлеуметтанушылар мен мәдениеттанушылардың бірі болып саналады. Ол әлеуметтік стратификация (қоғамның әлеуметтік жіктелуі) және әлеуметтік мобильділік (қоғамның жаңаруы) теориясын жасаушылардың бірі. Тарихи процесс дербес тұтастық және оның типін анықтайтын бірнеше басты алғышарттар бар. Сорокин мәдениеттердің үш типін айқындап көрсетеді: 1) сезімдік (шындықты сезіммен қабылдау басым болады); 2) идеационалды (ұтымды ойлау басым болады); 3) идеалистік (интуитивті таным басым болады); Қазіргі мәдениет түсінігі бойынша И. Хейзингтің ойын теориясы маңызды болып саналады. Ол ойынды мәдениет негізі және көзі деп санайды. Оның ойынша, ойын мәдениеттен үлкен, өйткені ойынның негізгі белгілері жануарлар әлемінде бар. Сонымен қатар ойын биологиялық шеңберден шығып кеткен, адамның ұтымды қызметінің формаларында кездеседі: өнерде, философияда, құқықта және т.б.

4.Көлденең мобилділік – ол адамның тұтас алғанда әлеуметтік стратификациясын сол деңгейде ола тұра, 1 әл/к топтан 2шісіне өту.

Билет №32

1.Қоғам типологиясы. Қоғамның құрылымы өте күрделі. Қоғамның әлеуметтік құрылымы – тіршілік әрекетінің шаралары бойынша әлеуметтік топтар мен адамдар қауымдастықтың құрылымына байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне: таптар; қала және ауыл адамдары; ой және дене еңбегінің өкілдері; сословиелер; әлеуметтік-демографиялық топтар; ұлттық қауымдастықтар. Әлеуметтік құрылымның басты элементтері: индивид, әлеум/к институттар, әл/к қоғамдастықтар н/е топтар. Формациялық теория - әлемдік тарихи-әлеуметтік өсу бірізді кезеңдер алмасуымен - қоғамдық-экономикалық формациялар түрінде сипатталған К.Маркс теориясы. Жалпы әлемдік тарихта К. Маркс мұндай төрт (немесе бес) формацияларды анықтаған: алғашқы қауымдық, феодалдық (азиялық), капиталистік және коммунистік. Формацияның құрылымдық діңгегі - өндіруші күштердің және өндірістік қатынастардың диалектикалық өзара қарым-қатынасы, өз кезегінде ол сәйкес саяси қондырманы (мемлекет) және қоғамдық сана түрлерін (идеологияны, мәдениетті, дінді және тағы басқа) қалыптастыруға себепкер болады. Қол жеткізілген мәртебе - қандай да бір әлеуметтік жағдайға, жеке күштердің немесе ашық бәсекелестіктің арқасында ие болу. Туа біткен статуска қарама-қарсы. «Стратификация» ұғымы қоғамды күрделі құрылым ретінде көрсетеді.Әлеуметтік стратификацияға негізгі топтарға біріккен адамдар мен олардың мәртебесінің дәрежелеріне байланысты оларды басқа топтарға қарсы қою жатады.Бұдан қоғамның біркелкі еместігін,әлеуметтік теңсіздігін бар екендігін көреміз.Адамдар арасындағы теңсіздікке байланысты әлеуметтік жік пайда болды.Әлеуметік стратификация-бұл әлеуметтік теңсіздік формаларын айқындайтын ұғым.Үндістандағы касталық құрылыс.Орта ғасырлардағы Еуропа елдерінде сословиелік монархия.XVIIIғасырда «тап»ұғымы п.б.Ұғымды енгізген Карл Маркс.К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымы жайында таптық құрылым теориясын жасады.Маркстік ілім таптарды адамдардың өндірістегі алатын орнына,өндіріс құрал-жабдықтарына ж/е еңбекті ұйымдастыруындағы қатынасына,қоғамдық байлықтан алатын үлесіне,оның алыну тәсіліне қарай жіктеледі.

2. П. Сорокин, К. Маркс, Р. Дарендорф тұжырымдамаларындағы әлеуметтік конфликт табиғаты. Парсонс Талкотт (1902-1979) - белгілі американ әлеуметтанушысы. Парсонс адамдық шындықтың барлық жағын қамтитын теориялық жүйені қалыптастыруға тырысты. Қоғамды сақтау мен тұрақтылық жағдайларын талдады. Кез келген жүйенің сақталуын қамтамасыз ететін негізгі төрт қызметті анықтады: бейімделу, мақсатқа жету, ықпалдасу мен модельді қолдау. "Әлеуметтік стратификация теориясына талдамалы көзқарас" атты еңбегінде қоғам туралы функционалдық ұғымды теориялық тұрғыдан негіздей бастайдыӘлеуметтік жүйе деңгейінде бейімделу функциясын - экономикалық бөлік, мақсатқа жету функциясын - саяси, ықпалдасу функциясын - құқықтық институттар мен дәстүр, модельді қолдау функциясын - наным жүйесі, мораль және әлеуметтендіру ұйымдары (отбасы, білім беру институттары, т.б.) қамтамасыз етеді. Парсонс пікірінше, әлеуметтік жүйені талдауда үш деңгей бар: құндылықтар, қалыптасқан заңдар мен ұжымдық ұйымдар.Парсонс құрылымдық структурализм деген атқа ие болған жалпы соіиологиялық теорияның негізін салушы. Бұл теорияның іргетасы – «әлеуметтік әрекет» тқжырымдамасы болды. Қоғамдық өмір – адамдар (индивидтер) қарым-қатынасының шексіз көптігі мен шырмауы, ал қоғам – адамдардың дәлелді бірлескен әрекет және ол белгілі бір ортада әрекет ететін индивидтерден тұрады. Парсонстың пікірінше, кез келген әлеуметтік құбылысты адам мінез-құлығын (жеке әлеуметтік әрекетін) зерттеу арқ. түсіндіруге болады. Парсонста әлеуметтік әрекеттің субъектісі моральдік индивид болып саналады.Әлеуметтік әрекеттің белгілі бір құрылымы бар: әрекет етуші тұлға, мақсат, ситуация(жағдай); нормативті бағдар, әрекет затының (басқа тұлғаның) реакциясы.Осының бәрі индивид неге осылай әрекет еткеніне түсінік беруі тиіс. Ең алдымен, адамның мінез-құлығы адамға қоғамның таңып беретін (міндеттейтін) мәртебелік – ролдік мінез-құлығының мазмұнымен байланысты. Осылайша адам әлеуметтік сахнада «актерге» (әрекет етуші тұлға) айналады.Адам «актер» ғана емес, шынайы әлеуметтік әрекеттің «архитекторы» да. Өз таңдауын, өз мақсатын ол сол қоғамның мәдениеті (қоғам құндылықтары жүйесі)(қоғамда өмір сүріп, одан еркін болуға – болмайды!) және өз тұлғасының мәдениеті негізінде жасайды. Егер ролден күтілетін нәтиже анық және ол дұрыс орындалатын болса, қоғам тепе-теңдікте болады. Сондықтан әлеуметтік әрекеттердің табыстылығы, яғни күтілетін міндеттердің дұрыс орындалуы әрекетке сай құралдар мен әдістерді дұрыс таңдай бөлуге байл (позитивті көз жеткізу, негативті мәжбүрлеу, эгоистік компромисс).Бірақ қоғам өз мүшелерінің ілеуметтік ролді орындауға мәжбүр ету, ролдік ауытқулар болған жағдайда оны түзетіп отыруы керек.Парсонстың жалпы социологиялық теориясында құрылымдық талдау мәселесі маңызды орын алады. Бұл жерде ол әлеуметтік жүйені (құрылымды) қызмет ету тұрғысынан ғана емес, даму тұрғысынан да қарауды ұсынады. Бұл үшін ол тең дәрежелі және интеграция идеяларына, «тәртіп», «әрекет», «құрылым», «талап» түсініктеріне назар аударады (ғалым оны «айнымалылар» деп атайды, бұл эмпирикалық социология темині, ұғымы).Парсонс төрт негізгі қызмет ететін мәселені көрсетеді.1.Тиімді ұйымдастыру және материалдық, адами, мәдени ресурстарды бөлу мәселесі. Бұл функционалды талаптар бейімделу мәселесі ретінде белгілі: өмір сүру үшін жүйе ішкі жағдайларға да, сондай-ақ сыртқы өзгерістерге де бейімделуі керек.2.Бұл функцияға экономика сәйкес келеді: қоғам мүшелері өмір сүре алатындай белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті материалдық өнімдерді жеткізеді және бөледі.3.Көрсетілген жүйе салаларына бейімделу процестерін реттейтін зауыттар, банктер, дүкендер және т.б сияқты әлеуметтік институттар сәйкес келеді.4.Соңында қатынастар шеңберінде орындалатын норма-ролдер, кәсіпкер-жұмысшы, тұтынушы және т.б.Негізгі мақсаттарды анықтау және оған жетуге қолдау көрсету процесі мәселесі. Бұл функцияға саясат және саяси ұйымдар – партиялар, қозғалыстар және т.б сәйкес келеді. Олар мақсат қояды және функционерлер арқ. қоғам мүшелерін осы мақсатқа жұмыс істеуге ынталандырып саяси әрекеттермен айналысады.Интеграция мәселесі – тұрақтылықты, бірлік, ынтымақтастықты сақтау. Бұл функцияны жалпы нормалар мен құндылықтарды, белгілер жиынтығы мен жалпы мәдениетті құру және оған қолдау көрсету жолымен әлеуметтік бақылау институттары жасайды. Адамдардың мінез-құлқына қоғамның әдейі әсер етуі арнайы ұйымдар – мемлекеттік аппарат пен заңды институционалды құралдар арқ. жүзеге асырылады, олар теңдіктің бұзылуы мен жүйені қайта өндіруді талаптану және мәжбүрлеу формалары арқ. табысты жүргізуге мүмкіндік береді.Мінез құлық үлгісіне қолдау көрсету, қайраткерлердің өздерінен талап етілетін әлеуметтік ролдерін орындау кезіндегі дәлелдемелері мен жеке тұлғалар дәлелдемелері жүйесіндегі жасырын шиеленістерді жою (латент мәселесі) мәселелері. Берілген тәртіпті сақтау үшін әлеуметтік жүйе адамдардың өз дербестігін алуына және сонымен бірге берілген қоғамдағы норма-ролдерді игеруіне, бұл нормаға бағыну қажеттілігін дамыту үшін әлеуметтендіру процесі мен механизмін жасауы керек.Парсонстың «бәрін қамтитын» және «әмбебап» теориясы адамдардың өзара байланысы әлемін түсіндіріп бере алмады және «жалпыға ортақ жарылқаушы қоғамға» жол көрсете алмады. Айналада, барлық жерде аймақтық соғыстар, экологиялық апаттар, көпшілік мәдениетіне қысымшылық көрсету сияқты катаклизмалар өршіді. Парсонс теориясына шағымдар жасала бастады:ол көрсеткен функциялар бойынша бәрін түсіндіру мүмкін емес, әлеуметтік әрекеттердің (мінез-құлықтың) барлық түрін «әлеуметтік жүйелер» логикалық құрылымына жатқызуға болмады. Ғылыми мінез-құлыққа жатқызуға болмайтын кейбір әрекет түрлері де бар. Ғылымның жұмысында кейбір қажетті процедуралардан басқа интуиция мен қиял қолданылады. Бұл шығармашылық жұмыс «Х факторы» (белгісіздік) бар қоғамның өзі сияқты оқиғаның барысын күні бұрын болжай алмайды. Сондықтан күрделі әлеуметтік әрекеттерді басқаруды қатал бағдарлама негізінде жүргізуге болмайды.

3. Рөлдік орындау – ол Әлеуметтік орта адамдарды өз рөлдерін дұрыс орындауға қалайша мәжбүр етеді? Бұған санкциялар механизмі қызмет етеді. Белгілі бір мәртебеге ие болған адам өзін біз күткеннен бөлек ұстайтын болса, әрине, біз қандай да бір жолмен өзіміздің қанағаттанбайтынымызды, ашу-ызамызды білдіреміз; ал егер де керісінше адамдар өз рөлдерін өз деңгейінде атқарса, онда біз оларға өзіміздің құптайтынымызды, ынталандыратыны¬мызды білдіреміз. Сол арқылы социум адамдарды жалпы қоғам үшін ең болмағанда әлеуметтік жағынан жақын ортаға қолайлы арнаға бағыттайды.Әлеуметтік рөлдерді қоғамдағы сан алуан түріне қарай қандай да бір тиімді зерделеу олардың кем дегенде жалпы жіктелуін талап етеді. Мұндай әрекетті Т.Парсонс жасап көрген. Ол негізгі бес өлшемді бөліп көрсеткен, олардың көмегімен кез келген рөлді сипаттауға болады.1. Эмоциональдік деңгейі. Барынша әділ мінез-құлық күтілетін рөлдер болады, Мысалы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің рөлдері. Сонымен қатар, егер де әйелі өзін-өзі эмоциональді сабырлы ұстаса, онда күйеуі оған онша дұрыс қарай қоймауы мүмкін.2. Алу тәсілі. Рөл дегеніміз белгілі бір мәртебе иесінен күтілетін мінез-құлық екенін ескере отырып, біз мәртебе сипатының рөлдің сипатына да ықпалын тигізетіндігін күтуге құқылымыз. Іс жүзінде кейбір рөлдердің бейнелері олардың мәртебелеріне қосып жазылған сипатымен негізделеді; басқа рөлдер ие болатын мәртебесімен қоса алынады (әрине, қандай да бір рөлдерді дұрыс атқару үшін оларды иеленушілердің “оқып-жаттығуына” тура келеді).3. Көлем. Рөлдердің кейбіреулері өзара қарым-қатынастың белгілі бір қырларымен едәуір қатаң шектелген. Мысалы, егер де жоғары оқу орынының оқытушысы емтиханда студент білімінің деңгейін бағалауда студенттің өткен материалды қалай меңгергеніне қызығушылық танытып қана қоймай, оның діндарлық дәрежесін немесе саяси сенімін назарға алатын болса, онда бұл оның рөл шеңберінен шыққандығын, демек оны дұрыс орындамайтындығын білдіреді. Сонымен қатар, мысалы, әке рөлі мен бала рөлі арасындағы арақатынас шеңбері неғұрлым кең, өйткені әкесін бала өмірінің әр алуан жақтары алаңдатуға тиіс.4. Ресмилендіру деңгейі. Көптеген рөлдердің атқарылуы ресмиленген, яғни оның өзіндік сипаты бар. Іс жүзінде формальді ұйымдардың көпшілігінде - әсіресе бюрократиялық, әскери және жартылай әскери ұйымдарда рөлдердің барлығы осындай. Бұл жерде мінез-құлық ережелері нақты шектелген, ал импровизация диапозоны онша үлкен емес (ұйымдар теориясы көрсеткеніндей толық алынып тасталмаған). Басқа бір шеті - әкенің немесе достың рөлі сияқты әлсіз шектелген рөлдер, мұнда жеке басқа тән сәттерді енгізетін диапазон ауқымы неғұрлым кең.5. Уәждеу. Түрлі рөлдерді атқару әр түрлі уәждермен негізделген. Біз бизнесменнен өзінің ақшасын, уақыты мен қажыр-қайратын өз қауымдастығының гүлденуі немесе өзі жалдаған қызметкерлерінің баюы үшін жұмсауын күте қоймасымыз анық; оның негізгі мақсаты - барынша көп пайда табу (алдымен - одан да көп пайда табу үшін қаражатын іске жұмсау және т.с.с.). Саясаткер жеке билігінің ауқымын ұлғайтуды басшылыққа алады. Әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері болса клиенттерінің әл-ауқатын жақсартуды мақсат етеді. Бұл уәждердің барлығы, әрине, кей жерде өз бағыттылығы бойынша ішінара үйлесім тауып жатса, кей жерде бір-біріне қайшы келіп, күрделі әлеуметтік қарым-қатынастармен астарласып жатады. Рөлдерді жіктеудің барлық белгілерінің ішінде уәждеу белгісі тікелей есепке алу мен талдауға оңай көне қоймайды.Әрбір адам көптеген әр түрлі жағдайларда бірнеше рөлдер атқаратын болғандықтан рөлдер арасында қақтығыс пайда болуы мүмкін.Жалпы алғанда рөлдік қақтығыстардың екі түрін бөліп қарауға болады: рөлдер арасындағы және бір рөлдің шегіндегі. Қақтығыстар екі және одан да көп рөлдер көбіне тұлғаның бір-біріне сәйкес келмейтін, қақтығысатын міндеттерін қамтиды. Мысалы, жұмыс істейтін әйел өзінің негізгі жұмысының талаптарын оның үй шаруасындағы міндеттерін орындаумен қақтығысқа келеді деп есептейді. Мұндай қақтығыс рөлдер арасындағы қақтығысқа жатады.Ішкі шиеленістер мен қақтығыстардан, мүдделер қақтығысы дейтіннен таза болатын рөлдер көп емес, Мысалы индивид жағдайдың әсерімен оның мүддесіне не болмаса оның ішкі ұстанымдарына жауап бермейтін рөлді атқарған кезді алайық. Егер де қақтығыс насырға шапса, онда ол рөлдік міндеттерді орындаудан бас тартуға, сол рөлден шығуға, ішкі жан күйзелісіне әкеп соғуы мүмкін.Рөлдік шиеленістің төмендеуіне көмектесетін әрекеттердің бірнеше түрін бөліп қарауға болады. Рөлдерді оңтайландыру - тұлғаның қандай да бір жағдайды қиын қабылдауына қарсы оған әлеуметтік жағынан және жеке басына дұрыс болатын ұғымның көмегімен қорғанатын тәсілдердің бірі. Оңтайландыру рөлдік қақтығыс шындығын көңіл қалағанымен қол жетпейтін рөлдің жағымсыз жақтарын санадан тыс іздеу арқылы жасырады.Рөлдерді бөлу рөлдік шиеленісті рөлдердің бірін өмірден уақытша алып тастау және оны жеке адамның санасынан ажырату, бірақ сол рөлге тән рөлдік талаптар жүйесіне жауап ретінде әрекет етуін сақтап қалу жолымен төмендетеді. Рөлдерді реттеу - формальді рәсім, оның көмегімен индивид қандай да бір рөлді орындау салдары үшін жеке жауапкершіліктен босатылады. Бұл ұйым мен қоғамдық ассоциациялардың теріс қабылданатын немесе әлеуметтік жағынан мақұлданбайтын рөлдер үшін жауапкершіліктің басым бөлігін өз мойындарына алатынын білдіреді. Тәжірибеде бұл индивидтің белгілі бір жолмен әрекет етуіне ұйымның ықпалы болғанына сілтеме жасағаны сияқты көрінеді [17].Адам өзінің мәртебесіне және тиісті рөлдеріне өзін әр түрлі деңгейде теңестіреді. Рөлімен ең көп үйлесуін рөлдік сәйкестендіру, ал орташа немесе ең аз үйлесуін - рөлден алшақтау деп атайды. Қоғам қандай да бір мәртебені қаншалықты жоғары бағаласа, сәйкестену дәрежесі де соншалықты күшті болады.

4.Әлеуметтік мобилділік – түсінігінде стратификациялық құрылым туралы сөз болады, ал әлеуметтік мобилділік ретінде адамның, әлеуметтік топтың бір қабаттан екінші қабатқа орын ауыстыруы, әлеуметтік баспалдақ бойынша жоғары не төмен жылжуы есептеледі. Әлеуметтік мобильділік- адамның не әлеуметтік топтың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы әлеуметтік жағдайының өзгеруіне байланысты жүзеге асатын процесс.

Билет №33

1.Ұжымдық мобилділік: түсінігі, себептері, салдарлары. адамның немесе әлеуметтік топтың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы әлеуметтік жағдайының өзгеруіне байланысты жүзеге асатын әлеуметтік процесс. Әлеуметтік мобилділік – адамның бір топтан екінші түріне өтуінің кезкелген түріМобилділік - қоғамдағы және әлеуметтік стратификациядағы адамдардың түрлі позицияларға ауысуы. Тік мобилділік белгілі бір иерархиядағы статустың өзгеруі.әлеуметтік орта өзгергенмен статустың өзгеріске түспеуі.Көлденең мобилділік мысалы, ҚарМУ ОҚЫТУШЫСЫ -----------> ҚарМТУ ОҚЫТУШЫСЫКөлденең мобилділік мысалы, ЛЕЙТЕНАНТ--> КАПИТАН--> МАЙОР--> ПОДПОЛКОВНИК--> ПОЛКОВНИК Ұжымдық мобилділік – ол адамның бір топтан екінші түріне өтуінің кезкелген түрі. Мобилділік - қоғамдағы және әлеуметтік стратификациядағы адамдардың түрлі позицияларға ауысуы. Тік мобильділік-адамның мәртебесінің иерархиялық тәртіппен жоғарыдан төмен немесе керісінше өтуі.Көлденең молбильділік-адамның тұтас алғанда әлеуметтік стратасының сол деңгейде бола тұра бір әлеуметтік топтан 2-не өтуі.

2. Мәдениет әлеуметтануы: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі. «Мәдениет» деген ұғым латын тіліндегі «Cultura» сөзінен алынған. Ол өңдеу, игеру, әдемілеу, тәрбиелеу, білім алу сияқты мағыналарды білдіреді. Ғылыми әлеуметтану мәдениетті, оның алуан түрлерін адамның қолымен істелген және ақыл-ой санасымен өңделіп, жасалған еңбегінің жемісі ретінде қарастырады. Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениетсіз адам қоғамы болмайды.Мәдениеті өркендеген қоғам әр уақытта ілгеріп, дамиды, мәдениет қоғамдағы барлық құбылыс, процестермен тығыз байланысты. Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: Материалдық және рухани. Материалдық – бұл өндірістегі құрал-саймандар,техника, құрылымдар, т.б. Рухани - бұл ғылым, өнер, әдебиет,т.б. Мәдениет – адам құндылықтарының жиынтығы. Басқаша айтқанда, мәдениет адамдардың іс-әрекет, қимылдарының, еңбегінің, іс-қызмет, жұмысының, тәрбиесінің негізінде жинақталған және қоғамның ілгері дамуына әсер ететін, адамдардың жоғары адамгершілік қасиеттерінің, ғылымның, білімнің, тәрбиенің, әдет-ғұрып, салттардың бағалы ережелердің, нұсқаулардың, т.б мұраттардың жиынтығы. Мәдениет әлеуметтануының негізгі мәселесі – мәдениеттің ерекше құбылыстарын, оның қоғамда атқаратын қызметінің заңдылықтарын, қоғамдық мәдениеттің шығармашылық мақсатын зерттейді, қоғамда жаңа мазмұндағы мәдени және рухани құнды мұраттарды қалыптастырады.Мұнан әрі мәдени әлеуметтану әлеуметтік тапсырыстардың, яғни жүзеге асуы міндеттелген әс-қызметтің (жұмыстың) орындалу мазмұндарын анықтайды.Мысалы,жаңа көркем әдебиет пен арнаулы бір көркемөнер түрін жасауға арналған әлеуметтік тапсырысты орындауға қандай факторлар кедергі жасап отырғанын зерттеп, оларды жұмсарту немесе жою туралы жаңа шешім, кеңес, ұсыныстар береді.

3.Рөлдік күту – ол нақтылы бір рөлден қандай да бір мәселеге байланысты бірдеңе күту,тосу,үміт ету. Рөлдік күтулер - тиісті әлеуметтік рөлдердің орындалуына қойынатын бейресми талаптардың жиынтығы ретінде көрініс табатын топтар мен Ұйымдардағы адамдардың жүріс-тұрысын реттеу механизмінің ерекше бөлігі. Рөлдік тосу, күту, үміт ету (ожидание) – бұл ойын ережесіне сәйкес нақтылы рөлден бірдеңені үміт ету, тосу, күту, ал, рөлдік тәртіп дегеніміз, адамның өзінің рөлі шеңберінде белгілі бір міндеттерді атқару. Күнделікті өмірде адам бір рөлді алып, осыған байланысты құқықтар мен міндеттерді анық түсінеді, бұдан іс-әрекеттің, жұмыстың жобасын, оларды атқарудың реттерін біледі және өзінің мінез-құлқын айналасындағы адамдардың мүдделерімен сәйкестендіреді.

4.Әлеуметтік топ - ол кең мағынада белгілі бір нақты әлеуметтік, яғни ең алдымен қоғам өмірімен байланысты белгілердің қоғамдағы қоғамдық қатынастар жүйесінің негізіндегі топтық қауымдастықтардың кең жиынтығы.

Билет №34

1.Заманауи қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік процестер. қоғамдық жүйенің жаһандануы, урбанизациялануы, модернизациялануы • қазіргі уақыттағы жастардың бәсекеге қабілеттілігі;• жастардың әлеуметтенуі;• Қазақстанда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету;• қоғамның, мәдениеттің және тұлғаның синергизмденуі;• қоғамдағы азаматтық, мемлекеттік, мемлекттік емес институттардың әлеуметтік серіктестігі;• әлеуметтік процестерді моделдеу, болжау, құрастыру және басқару;• әлеуметтік ақпараттарды зерттеу, сараптау, талдау және бағалау; • қоғамның әлеуметтік жүйесі және әлеуметтік стратификациясы;• өмір сүру жағдайын (сапасын) жоғарлату;• халықтың түрлі деңгейіне байланысты әлеуметтік қызмет көрсету, реабилитациялау;• әлеуметтік қызмет көрсетудің медициналық және психологиялық аспектілері;• түрлі типті отбасына әлеуметтік қызмет көрсету; • әлеуметтік қызметтердің сандық және сапалық әдістемесі;• ақпараттық процестерді болжау;заманауи әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстарының теориясын дифференциациялау;• қазақстандық қоғамды әлеуметтенуге бейімдеу;• қазіргі жастардың құндылықтарды бағдарлауы;• Қазақстанда гендерлік саясатты енгізу: жағдайы және перспективасы;• Қазақстанда өмір сүру жағдайын талдау және болжау; • ақпараттық процестерді болжаудың әлеуметтік талдануы;

2.П. Сорокин, К. Маркс, Р. Дарендорф тұжырымдамаларындағы әлеуметтік конфликт табиғаты. Парсонс Талкотт (1902-1979) - белгілі американ әлеуметтанушысы. Парсонс адамдық шындықтың барлық жағын қамтитын теориялық жүйені қалыптастыруға тырысты. Қоғамды сақтау мен тұрақтылық жағдайларын талдады. Кез келген жүйенің сақталуын қамтамасыз ететін негізгі төрт қызметті анықтады: бейімделу, мақсатқа жету, ықпалдасу мен модельді қолдау. "Әлеуметтік стратификация теориясына талдамалы көзқарас" атты еңбегінде қоғам туралы функционалдық ұғымды теориялық тұрғыдан негіздей бастайдыӘлеуметтік жүйе деңгейінде бейімделу функциясын - экономикалық бөлік, мақсатқа жету функциясын - саяси, ықпалдасу функциясын - құқықтық институттар мен дәстүр, модельді қолдау функциясын - наным жүйесі, мораль және әлеуметтендіру ұйымдары (отбасы, білім беру институттары, т.б.) қамтамасыз етеді. Парсонс пікірінше, әлеуметтік жүйені талдауда үш деңгей бар: құндылықтар, қалыптасқан заңдар мен ұжымдық ұйымдар.Парсонс құрылымдық структурализм деген атқа ие болған жалпы соіиологиялық теорияның негізін салушы.

Бұл теорияның іргетасы – «әлеуметтік әрекет» тқжырымдамасы болды. Қоғамдық өмір – адамдар (индивидтер) қарым-қатынасының шексіз көптігі мен шырмауы, ал қоғам – адамдардың дәлелді бірлескен әрекет және ол белгілі бір ортада әрекет ететін индивидтерден тұрады. Парсонстың пікірінше, кез келген әлеуметтік құбылысты адам мінез-құлығын (жеке әлеуметтік әрекетін) зерттеу арқ. түсіндіруге болады. Парсонста әлеуметтік әрекеттің субъектісі моральдік индивид болып саналады.Әлеуметтік әрекеттің белгілі бір құрылымы бар: әрекет етуші тұлға, мақсат, ситуация(жағдай); нормативті бағдар, әрекет затының (басқа тұлғаның) реакциясы.Осының бәрі индивид неге осылай әрекет еткеніне түсінік беруі тиіс. Ең алдымен, адамның мінез-құлығы адамға қоғамның таңып беретін (міндеттейтін) мәртебелік – ролдік мінез-құлығының мазмұнымен байланысты. Осылайша адам әлеуметтік сахнада «актерге» (әрекет етуші тұлға) айналады.Адам «актер» ғана емес, шынайы әлеуметтік әрекеттің «архитекторы» да. Өз таңдауын, өз мақсатын ол сол қоғамның мәдениеті (қоғам құндылықтары жүйесі)(қоғамда өмір сүріп, одан еркін болуға – болмайды!) және өз тұлғасының мәдениеті негізінде жасайды. Егер ролден күтілетін нәтиже анық және ол дұрыс орындалатын болса, қоғам тепе-теңдікте болады. Сондықтан әлеуметтік әрекеттердің табыстылығы, яғни күтілетін міндеттердің дұрыс орындалуы әрекетке сай құралдар мен әдістерді дұрыс таңдай бөлуге байл (позитивті көз жеткізу, негативті мәжбүрлеу, эгоистік компромисс).Бірақ қоғам өз мүшелерінің ілеуметтік ролді орындауға мәжбүр ету, ролдік ауытқулар болған жағдайда оны түзетіп отыруы керек.Парсонстың жалпы социологиялық теориясында құрылымдық талдау мәселесі маңызды орын алады. Бұл жерде ол әлеуметтік жүйені (құрылымды) қызмет ету тұрғысынан ғана емес, даму тұрғысынан да қарауды ұсынады. Бұл үшін ол тең дәрежелі және интеграция идеяларына, «тәртіп», «әрекет», «құрылым», «талап» түсініктеріне назар аударады (ғалым оны «айнымалылар» деп атайды, бұл эмпирикалық социология темині, ұғымы).Парсонс төрт негізгі қызмет ететін мәселені көрсетеді.1.Тиімді ұйымдастыру және материалдық, адами, мәдени ресурстарды бөлу мәселесі. Бұл функционалды талаптар бейімделу мәселесі ретінде белгілі: өмір сүру үшін жүйе ішкі жағдайларға да, сондай-ақ сыртқы өзгерістерге де бейімделуі керек.2.Бұл функцияға экономика сәйкес келеді: қоғам мүшелері өмір сүре алатындай белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті материалдық өнімдерді жеткізеді және бөледі.3.Көрсетілген жүйе салаларына бейімделу процестерін реттейтін зауыттар, банктер, дүкендер және т.б сияқты әлеуметтік институттар сәйкес келеді.4.Соңында қатынастар шеңберінде орындалатын норма-ролдер, кәсіпкер-жұмысшы, тұтынушы және т.б.Негізгі мақсаттарды анықтау және оған жетуге қолдау көрсету процесі мәселесі. Бұл функцияға саясат және саяси ұйымдар – партиялар, қозғалыстар және т.б сәйкес келеді. Олар мақсат қояды және функционерлер арқ. қоғам мүшелерін осы мақсатқа жұмыс істеуге ынталандырып саяси әрекеттермен айналысады.Интеграция мәселесі – тұрақтылықты, бірлік, ынтымақтастықты сақтау. Бұл функцияны жалпы нормалар мен құндылықтарды, белгілер жиынтығы мен жалпы мәдениетті құру және оған қолдау көрсету жолымен әлеуметтік бақылау институттары жасайды. Адамдардың мінез-құлқына қоғамның әдейі әсер етуі арнайы ұйымдар – мемлекеттік аппарат пен заңды институционалды құралдар арқ. жүзеге асырылады, олар теңдіктің бұзылуы мен жүйені қайта өндіруді талаптану және мәжбүрлеу формалары арқ. табысты жүргізуге мүмкіндік береді.Мінез құлық үлгісіне қолдау көрсету, қайраткерлердің өздерінен талап етілетін әлеуметтік ролдерін орындау кезіндегі дәлелдемелері мен жеке тұлғалар дәлелдемелері жүйесіндегі жасырын шиеленістерді жою (латент мәселесі) мәселелері. Берілген тәртіпті сақтау үшін әлеуметтік жүйе адамдардың өз дербестігін алуына және сонымен бірге берілген қоғамдағы норма-ролдерді игеруіне, бұл нормаға бағыну қажеттілігін дамыту үшін әлеуметтендіру процесі мен механизмін жасауы керек.Парсонстың «бәрін қамтитын» және «әмбебап» теориясы адамдардың өзара байланысы әлемін түсіндіріп бере алмады және «жалпыға ортақ жарылқаушы қоғамға» жол көрсете алмады. Айналада, барлық жерде аймақтық соғыстар, экологиялық апаттар, көпшілік мәдениетіне қысымшылық көрсету сияқты катаклизмалар өршіді. Парсонс теориясына шағымдар жасала бастады:ол көрсеткен функциялар бойынша бәрін түсіндіру мүмкін емес, әлеуметтік әрекеттердің (мінез-құлықтың) барлық түрін «әлеуметтік жүйелер» логикалық құрылымына жатқызуға болмады. Ғылыми мінез-құлыққа жатқызуға болмайтын кейбір әрекет түрлері де бар. Ғылымның жұмысында кейбір қажетті процедуралардан басқа интуиция мен қиял қолданылады. Бұл шығармашылық жұмыс «Х факторы» (белгісіздік) бар қоғамның өзі сияқты оқиғаның барысын күні бұрын болжай алмайды. Сондықтан күрделі әлеуметтік әрекеттерді басқаруды қатал бағдарлама негізінде жүргізуге болмайды.

3.Мәртебелік идентификация – ол субьектінің әлеуметтік мәртебеге қосылуының тәсілі.

4.Әлеуметтенудің алғашқы және кейінгі агенттеріне жатады. Әлеуметтену — жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады. Социология ғылымы “ұрының баласы — қашан да ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туады” деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды. Өйткені, адам анасынан бірден мәдениетті болып жаралмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр кешу процестерінде ғана қалыптасады. Әлеуметтік-мәдени қасиеттер мен құндылықтарды мұралау өзгеше, биологиялық емес әдіппен, яки ұрпақтан ұрпаққа тарау тетігі арқылы әлеум. жолмен жүзеге асады; әрбір жеке адам (индивид), әр жаңа ұрпақ өздері туып, өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан жүріп өтеді. Осынау маңызды процесті ғылымда “жеке адамның әлеуметтенуі” деп атайды. Әлеуметтену тура мәнінде, жарық дүниеге келген, адамзат мәдениетін игеруге бағдарланған саналы биологиялық организмді, яки адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық-психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ, қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттық, әлеуметтік маңызды қасиеттерді, білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқылы жеке тұлғаға айналдыру жолы. Сондықтан, әлеуметтену дегеніміз жеке адамның әлеуметтік ортамен диалектикалық (өзара) әрекеттесу процесі, оның барысында, бір жағынан — адам бойындағы табиғи, психологиялық өскін жетіліп, өркендей түседі, екінші жағынан — қоғам жеке тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, мәдениетке ұмтылдыру арқылы оған адами тұлғаға тән әлеуметтік мәні мол қасиеттерді сіңіреді. Әлеуметтену — қысқа мерзімді, бір мәртелік емес, іс жүзінде жеке адамның бүкіл ғұмырын қамтитын ұзаққа созылатын көп қырлы құбылыс. Соның арқасында жеке адам қоғамдық өмірге араласып қана қоймайды, сондай-ақ өзінің әлеуметтік статусы мен рөлін иелене және өзгерте алады. өйткені, әрбір жеке тұлға тиісті құқылар мен міндеттерді иелене отырып, қоғамдағы өзіне лайықты орынды еншілейді және нақты қызмет міндеттерін атқарады, яғни әлдебір әлеуметтік статусқа ие болады. Ол жеке тұлғаның жағдайын жан-жақты, әрі жинақтай бейнелейтін сипаттамаларды: мамандығын, кәсіби білігін, атқарып жүрген жұмыстарының сипатын, лауазымын, материалдық әл-ахуалын, саяси ықпалын, партияға және кәсіподаққа мүшелілігін, іскерлік байланыстарын, туыстық тарамдарын т.б. қамтиды. Бұлардың барлығын белгілі социолог Р. Мертон (1910 жылы туылған) “статустық жиым” деп атаған. Оның өзі туа бітті (немесе маңдайға жазылған), яки субъектіге тәуелсіз күйде, көбінесе жаратылысынан дамитын (мысалы, жынысы, жасы, ұлты, туыстары)статустар және қол жеткен (немесе қолы жететін), яғни жеке тұлғаның өзінің күш-жігерін жұмсауы арқылы алған статустары болып бөлінеді. Кей реттерде осы аталған екеуінің қасиеттерін тоғыстыратын аралас әлеуметтік статустар да (мысалы, өз еркінен тыс жұмыссыз қалғандардың, мүгедектікке ұшырағандардың, босқыншылыққа ұшырағандардың, т.б. статусы), кездеседі. Әлеуметтік статус пен жеке бастың статусты ажырата білу қажет. Мәселен, әлеуметтік статусты, яғни жеке тұлғаның бүкіл қоғам ауқымындағы не ірі әлеум. топ ішіндегі жай-жағдайын айқындар сәтте, алдымен оның қызмет істейтін саласы, лауазымы не ғыл. атақ-дәрежесі т.б. ауызға ілігеді. Былайша айтқанда, кез келген адамның әлдебір әлеуметтік топқа (әлеум.-топтық, әлеум.-кәсіби, әлеум.-этникалық, т.б.) жататындығы дәйектеледі. Ал жеке тұлғаның шағын (бастауыш) әлеуметтік топтағы (отбасындағы, бригададағы, студенттік топтағы т.б.) беделі, көбінесе, оның мәртебелік басымдығына емес, жеке бастың, даралық қасиеттеріне, оған ағайын-туыстарының, жұмыстас не курстас жора-жолдастарының, таныстарының, көршілерінің т.б. субъективті қарым-қатынастарына байланысты қалыптасады.

Билет №35

1.Ч.Кулидің «Сол күйіндегі бейнелеу» теориясы. .Рөлдік тұжырымдама Американың әлеуметтік психологиясында ХХ ғасырдың30-шы жылдары пайда болды. Оның ірі өкілдері Кули Чарльз Хортон. Кули Ч.Х. «шағын кіші» топтар теориясының негізін салушылардың бірі, оның «Зеркальноя», «Человеческяая природа», «Социальный порядок» (1912ж.), «Социальная организация» (1909ж.), «Социальный процесс» (1918ж.), «Социологическая теория», «Социальное исследование» (1930ж.) деген еңбектері бар. Кулидің жалпы әлеуметтік теорияларының негізінде әлеуметтік ұйым және сананың әлеуметтік процестерді қалыптастырудағы шешуші рөлін мойындау жатыр. Ч. Кули мен Дж. Мидтің бұл теориялары әлеуметтанудағы әр түрлі ағымдарға кең тараған. Оның ішінде тұлғаның рөлдік тұжырымдамасын Т. Парсонс өзінің әлеуметтік-функционалдық талдау теориясында көп қолданды. Жалпы тұлғаның рөлдік теориясы тұлғаның бейімделу процесін көп дәріптей отырып, оның белсенді, творчестволық жағын жоққа шығарады. Ч. Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдармен алуан түрлі қарым-қатынастар мен байланыстар негізінде болады деп тұжырымдады. Осылардың негізінде адам өзінің «айналадағы мен» деген имджін жасайды. Ол үш элементтен құрылады:а) жұрт мені қалай қабылдайды;ә) жұрт менің сыртқы түріме қалай әсер етеді;б) мен жұрттың тигізген ықпалына қалай жауап беремін.Бұл теория біздің қоғамдық пікірді қалай қабылдап, оған қалай жауап берукеректігін түсіндіреді. Шиеліністі жағдай қарама-қарсы жақтардың арасында болады. Олар кем дегенде екіжақ болуы мүмкін. Бұларды шиеліністің субъектілері деп атайды, оларға жекелеген индивидтер, әлеуметтік топтар, әлеуметтік жіктер, саяси партиялар, т.с. жатады.

2. Әлеуметтік рөл және әлеуметтік мінез-құлық моделінің арақатынасы. Әлеуметтік рөл - белгілі бір әлеуметтік ұстанымға ие жеке адам үшін нормативті қолданатын мінез-құлық үлгісі болып табылатын, салыстырмалы тұрақты және іштей байланысты әрекеттер жүйесі.Нағыз әлеуметтік мінез-құлық - жақсылық істеуге бағытталған, адамның адамдар арасындагы мінез-құлқы. Әлеуметтік рөл – адам мәртебесімен көрінетін күтілетін мінез-құлық.Әр мәртебеге бірнеше рольдер енеді.Берілген мәртебеге әсер ететін рольдердің жиынтығы рольдер жиынтығы д.а.Әлеуметтік рөл - белгілі бір әлеуметтік ұстанымға ие жеке адам үшін нормативті қолданатын мінез-құлық үлгісі болып табылатын, салыстырмалы тұрақты және іштей байланысты әрекеттер жүйесі. Нағыз әлеуметтік мінез-құлық - жақсылық істеуге бағытталған, адамның адамдар арасындагы мінез-құлқы.

3. Тік мобилділік – ол индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кету бағытында болады.

4.Әлеуметтік стратификация- бұл адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздік: бұл теңсіздік олардың арасындағы жоғарыдан төмен қарай болатын (иерархиялық сипаттағы) теңсіздігінен көрінеді; бұл теңсіздікті түрліше сипаттағы саяси мекемелер берік сақтап реттеп отырады. Стратификацияның тарихи типтері – құлдық дәуірі, касталар, сословиялар – бұлар жабық қоғамды сипаттайды. Ал, таптар болса – бұлар ашық қоғамды айқындайды. Жабық қоғамда төменгі сатыдан жоғары сатыға әлеуметтік тұрғыда көтерілуге тыйым салынған. Ашық қоғамда бір сатыдан екіншісіне өтуге ресми түрде ешқандай да шек қойылмайды. Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеу-к жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндігі бар әлеу-к құрылым ашық стратификациялық жүйе д.а.Ал мұндай мүмкіндік болмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе д.а Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары. Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз. Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар: касталар;сословиелер;таптар. Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе 1.Ашық - Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады 2.жабық жүйе- Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде цастұс (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл қоғамда касталардың 4 тобы болған: брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын; кшатрийлер (әскери адамдар); вайшьтер (саудагерлер), бұл екі топ халықтың 7%-ын құрайтын; шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) – 70%-ға жуық; хариджандар – қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру, қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа бағу) атқаратын адамдар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]