
- •4.Рөлдік конфликт.
- •1.Әлеуметтік рөлдің құрылымы.
- •2.Конфликтология (р. Дарендорф).
- •3.Индикаторлар
- •1.Сипаты мен технология деңгейі бойынша қоғамның классификациясы.
- •2.Құрылымдық функционализм (т.Парсонс).
- •4.Әлеуметтік конфликтердің негізгі түрлері.
- •1.Социометрия тұлғаралық қатынастың өлшеу әдісі ретінде.
- •2.Өндіріс тәсілі бойынша қоғамның классификациясы.
- •4.Х. Шелдон көзқарасы бойынша девиация байланысты.
- •1.Саяси әлеуметтану: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі.
- •2.Әлеуметтік мәртебе: түсінігі, құрылымы.
- •4.З. Фрейд көзқарасы бойынша девиация байланысты.
- •1.Тiршiлiк ету құралдарының табуының әдiстерi бойынша қоғамның классификациясы.
- •2.Экономикалық әлеуметтану: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі.
- •4.Ч.Ломброзо көзқарасы бойынша девиация байланысты.
- •1.Қоғамның әлеуметтік стратификациясы.
- •2.Э. Дюркгейм әлеуметтануы.
- •3.Генералды жиынтық – ол
- •4.Әлеуметтену
- •2.Құрылымдық функционализм (т. Парсонс). Билет № 12 (2)
- •1.Әлеуметтік мәртебе: түсінігі, құрылымы. Билет №14 (2)
- •2.М. Вебер және г.Зиммел әлеуметтануы.
- •3.Аз топтардағы өлшемдердiң қатынасының әдiстемесі – ол
- •1.Әлеуметтанулық сұрау: түсінігі, түрлері, әдісі, қолдану саласы.
- •2.Қазақ ағартушыларының әлеуметтік-саяси көзқарастары (Абай Құнанбаев, ш. Уалиханов, ы. Алтынсарин).
- •1.Қоғамның дамуы туралы тұжырымдамалар.
- •2.Отбасы әлеуметтануы: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі.
- •4.Постиндустриалды қоғамның белгілері (д. Белл бойынша).
- •1.Әлеуметтік девиация: ұғымы, түрлері.
- •2.Қазақ либерал демократтардың әлеуметтік-саяси көзқарастары (а.Байтурсынов, а. Букейханов, м.Дулатов)
- •3.Интервью қолданатын саласы
- •1.Мәдени-тарихи типтер тұжырымдаларындағы қоғамның дамуы туралы.
- •1.Қоғамның әлеуметтік құрылымы: түсінігі, негізгі элементтері.
- •2.Интервью әлеуметтанулық зерттеудің әдісі ретінде.
- •3.Т. Парсонс тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы. Билет №12 (2)
- •4.Мәртебелік символика
- •1.Тұлғаның рөлдер теориясы
- •2.Білім беру әлеуметтануы: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі.
- •3.К. Маркс тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы
- •4.Әлеуметтік құрылым ішіндегі мәртебе иерархиясы аталады.
- •1.Әлеуметтік институттың түрлері мен функциялары.
- •2.Тұлғаның ажырамас белгілері.
- •4.Э. Дюркгейм тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы.
- •1.Әлеуметтік мобилділік ұғымы және түрлері.
- •2.Эмпирикалық зерттеулер: түсінігі, құрылымы.
- •3.Индустриалды қауымға дейінгі (дәстүрлі) қоғам (д. Белл бойынша)
- •1.Әлеуметтік конфликттің даму стадиялары. Билет №12 (4)
- •2.Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламалық құрылымы.
- •3.Әлеуметтік құрам.
- •4.Қоғамның формациялық теориясын әзірледі.
- •1.К. Маркстың әлеуметтанулық көзқарастары. 30-билет, 4-сурак.
3.Әлеуметтік құрам.
Ғылыми және әлеуметтік-саяси әдебиеттерде әлеуметтік құрылым түсінігінің бірнеше мағынасы бар. Кең мағынада бұл – қоғамның жалпы құрылысы, оның бүкіл негізгі элементтері арасындағы байланыстар жүйесі. Сондай-ақ, бұл ұғым әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың түрлері және олардың арасындағы қарым-қатынастың: әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-этникалық сияқты түрлерін сипаттайды. Әлеуметтануда «әлеуметтік құрылым” ұғымы «әлеуметтік жүйе” ұғымымен тығыз байланысты. «Әлеуметтік құрылым” түсінігі «әлеуметтік жүйе” түсінігінің бір бөлігі болып табылады және 2 компоненттен тұрады — әлеуметтік құрам және әлеуметтік байланыстар. «Әлеуметтік құрам” – бұл осы құрылым қамтитын элементтер жиынтығы. Екінші компонент – осы элементтер байланысының жиынтығын білдіреді. Осылайша, «әлеуметтік құрылым” ұғымы бір жағынан қоғамның әлеуметтік құрылымын немесе ондағы әлеуметтік қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын қамтиды, екінші жағынан – мәні мен сипаттамасы бойынша іс-әрекеттінің үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табылады.
4.Қоғамның формациялық теориясын әзірледі.
Формациялық көзқарас – маркістік ілімге тән. Онда 1-ші формация алғашқы қауымдық құлиеленушілік пен азиялық өндірісті біріктіреді 2-ші формация құлиеленушілік, крепостнойлық және капитализмді біріктіреді. Бұлар жеке меншікпен байланысты. 3-ші формация коммунистік, онда жеке меншік айында және гуманизм кезеңі келеді деп есептеді.
Формациялық ілім:
Қоғамдық, тарихи формациялық өзгерісін, табиғи-тарихи процесс деп түсіндіреді.
Материялық өмірдің рухани құңдылықтан жоғары болуы мүмкін екендігін білдіреді.
Қоғамдық өндірістік қатынастар базис болып табылады ал саяси, құқықтық, идеологиялық, ұлттық қатынастар қондырма деп аталады. Қондырма базиске тәуелді және содан туындайды.
Қоғамдағы кластар оғамдық қатынастардың негізгі бірлігі және тарихи субъектісі болып табылады. Формациялық көзқарас бойынша қоғамның бір кезеңнең екінші кезеңге өтуі топтар арасындағы қарама-қайшылықтың нәтижесі болып табылады. Бұл формациялық көзқарас.
Билет №29
1.Әлеуметтік топтардың түрлері мен сипаты. Әлеуметтік топ – ол кең мағынада белгілі бір нақты әлеуметтік, яғни ең алдымен қоғам өмірімен байланысты белгілердің қоғамдағы қоғамдық қатынастар жүйесінің негізіндегі топтық қауымдастықтардың кең жиынтығы. Әлеуметтік қауымдастық – бұл белгілі бір өзара әрекет ететін индивидтер тобына ортақ болып табылатын, өмір әрекеті жағдайымен (экономиялық, әлеуметтік жағдай, кәсіби дайындығы мен білім, қажеттіліктер мен мүдделер денгейі) сипатталатын индивидтер жиынтығы; тарихи қалыптасқан территориялық қауымдастықтарға (қала, ауыл), белгілі бір әлеуметтік институттарға (отбасы, білім, ғылым) енуі. Әлеуметтік қауымдастық әлеуметтік байланыс арқылы біріккен адамдар топтарын ғана білдіреді. Қауымдастықтардың негізгі екі түрін бөлуге болады: әлеуметтік орта, яғни адамдардың белгілі бір қарым-қатынастарды жүзеге асыруы. Мұндай қауымдастықтар байланыстың тұрақтылығы мен осы қарым-қатынастар жүзеге асырылатын саланың маңыздылығына байланысты үлкен немесе кіші ынтымақтастық импульсына, конформизм элементтеріне ие болады. Өзара әрекет түріндегі (мысалы, жіктелген, реттелген әрекеттер жүйесімен алмасу сияқты) бірігу, ынтымақтастық, бірлесе еңбек етудің келісілгендігі сияқты байланыстар негізінде жатқан қауымдастықты әлеуметтік топ деп атауға болады.
2.Бақылау әлеуметтанулық ақпарат жинаудың әдісі ретінде. . Бақылау – зерттеушінің болып жатқан оқиғадларды тікелей тіркеу. Ақпаратты өңдеу әдістемесі және оның қорытындыларын талдау. Социологиялық зерттеудің мәліметтері өз бетінше жалпылама қорытындылар бере алмайды, тенденцияларды анықтауға және гипотезаларды тексеруге болмайды. Социологиялық зерттеудің қорытынды кезеңдерінің мақсаты ол қорытындылар және ұсыныстарды беру, жиналған мәліметтерді жалпылау және талдау. Реттелген мәліметтерді кесте, схемелар, графиктер және диаграмма түрінде бейнелеп беру. Социологиялық зерттеудің эмпирикалық мәліметтерді талдаудың келесі кезеңдерін бөліп көрсетеді: бейнелеу, түсіндіру және болжам. Бақылаудың бірліктерін топтастыру -әлеуметтік ақпаратты бейнелеудің алғашқы және қарапайым түрі. Типтелендіру деген әлеуметтік объектінің тұрақты қатынастарын іздеу. Әлеуметтік ақпаратты топтастыру – сәйкес немесе қарсы келетін белгілері бойынша классификациялау және тәртіпке келтіру. Эмпирикалық және теориялық типтелендірулер бөліп көрсетіледі. Бұқаралық коммуникация-бұл ақпаратты бұқаралық коммуникация құралдары (баспасөз, киномотография, радио, телевизия), арқылы көпшілік аудиторияга адамдардың бағалау, көзқарасы мен іс қимылына әсер етуі арқылы хабарлау процесі. Бұқаралық коммуникация тұжырымдамалары. Жалпы әлеуметтанылық контексттегі БК туралы алғашқы зерттеулер 20ғ. басынан басталды. БК жӛніндегі зерттеуледің негізі Г.Тард, Г.Лебон, П.Лавров, Н.Михайловский, Н.Кареева, П.Сорокиннің еңбектерінен қаланған. Алғашқы БК туралы тұжырымдамада бұқараны тобырдан бөліп қарастырады. Тобыр адамдарды басқаруға қабілетсіз және мүлдем жауапкершіліксіз қылады. Ол (тобыр) талқыламай эмоцияға, көңіл-күйге беріледі. Лебонның айтуына қарағанда, 20ғ. басты сипатын индивидтің тобырдың санасыз іс-әрекетін саналы іс-қимылға ауыстыруын санады. Лазерефельд пен Клаппердің қорытындыларын саяси коммуникациядағы БАҚ-ң рӛлі туралы кейінгі зерттеулері де дәлелдеп, БК ықпал ететін келесі факторларды анықтады: 1) ақпарат кӛзі әрқашан хабарлаушымен(комментатор) байланысты, яғни, ақпараттың қалай және кіммен берілуі маңызды; 2) хабардың контексі маңызды болып саналады; 3) ақпарат кӛзі мен коммуникатордың арасында бір жағынан хабар мен аудитория, келесі бір жағынан «ақаулар», шудың болуы; 4) референттік топтардың болуы маңызды.
3.Заманауи конфликтологияның негізін қалаушы. Конфликт (лат. тілінен – қақтығыс) А. А. Урбановтың тұжырымы бойынша: бәсекелестіктің түбіндегі қарама-қайшы ойлардың қақтығысуы (мақсаттың, ұстанымның, көзқарастың) түрлі өткір эмоционалды толқулармен байланысты өзара түсініспеушіліктің болуы. Конфликті жағдайдың жағымды жақтары: Көптегн мәселелердің шығуына, олардың шешілуіне көмектеседі; Іс- әрекеттіңтиімді жолдарынның пайда болуына ; Кейде ұжымныңсыртқы қысымдарға бірігіп қарсылық көрсетуіне себеп болады. Кері жақтары: Әлеуметтік психологиялық климаттың нашарлауына алып келеді; Адамның жүйке жүйесінеәсер етіп, күйзеліске ұшыратады; Көптегн адамның тікелей жұмысындағы міндетін орындауда көлінің бөлінуі. Сондықтан, конфликт – бұл кездейсоқ күрделі және қарама – қайшылық тудыратын психологиялық құбылыс. Конфликттің негізгі құрылымдық компаненттері: конфликт объектісі, конфликт мүшесі (оппонент), конфликтті жағдай, инцидент (қақтығыс)
4.Рөлдік күту – ол нақтылы бір рөлден қандай да бір мәселеге байланысты бірдеңе күту,тосу,үміт ету.
Билет №30
1.Заманауи Қазақстандағы ішкі саяси тұрақтылықтың факторлары (Стратегия «Казахстан-2030»). »). Мықты стратегияға ие болып әрі табандылық таныта отырып, біз жолымызда кездесер кез келген күрделі кедергілер абырой мен еңсере аламыз. Ішкі саясаттың орнықтылығы мен қоғамның шоғырлануы ; бірлік-қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктер және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырмашылықты азайту. Әлеуметтік мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды. Шетелдің инвесторлар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика әзірлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу макроэкономиканы орнықтыру, экон.өрлеуді қамтамасыз ету, экон.ң нақты секторын сауықтыру күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты құжаты Қазақстан -2030 бағдарламасы қабылданғаннан бері біз 10 жылдан астам ішінде бүкіл әлем өзгерді, біз де өзгердік. Бағдарламаның өзекті мәселелері:-Мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылым дайындау.-Мемлекеттік тілді оқытудың процесін ынталандыру.-Мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру.-Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру.-Тіл мәдениетін жетілдіру.
2.Символикалық интеракционизм (Д. Мид). Мид Джордж Герберт (27.02.1863, Сауг-Хадли, Массачусетс — 26.04.1931, Чикаго) прагматизм мен натурализмнің көрнекті өкілі Мидтің шығармалары жөнінде айтатын болсақ, ол өмірді құбылыстардың, оқиғалардың қосындысы ретінде түсінген. Әлеуметтік өмірге деген көзқарасы феноменологиялық социологияға жақын. Ойлау адамның өмірге бейімделуінің құралы. Қоғам мен тұлғаны адамдардың байланысы ретінде қараған. Тұлғалардың деңгейі басқа адамдардың рөлін қабылдау қабілетінде. Тұлғаның байлығы адамдармен қарым - қатынасының байлығында. Мид символикалық интеракционизм теориясының негізін қалаушы. Танымал микроәлеуметтану теориясы нышандық интеракционизм теориясы болып табылады. Нышандық интеракционизмнің басты белгілері — ол адамдардың мінез-құлқын түсіндіргенде, жеке тұлғалардың әуестігінен гөрі қоғамдық мүдде мен қажеттілікті басшылыққа алады. Сондай-ақ, адамның заттармен, табиғатпен, басқа адамдармен, адамдар қауымдастығымен және қоғаммен әр алуан байланыстары нышандар арқылы жүзеге асады деп біледі. Негізгі еңбегі "Ымдаудан рәмізге дейін". Бұл еңбегінде нышандық интеракционизм негізінде тілдік және басқа нышандық жүйеде тіркелетін әлеуметтік рөлдер жиынтығы — әлеуметтік қызмет жайлы ұғым жатыр.
3. Қоғам дамуының үш стадиясы жөніндегі ілімді әзірледі. Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстарктілі ұғымдарды қолданды.Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процесттердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырды.О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет. Нақтылы фактілер –бұл әлеуметтік құбылыстар мен процесттер.
4.Марксизмдегі тұлға – К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді. Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипатты белгі – қоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл – қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады. Қоғамға жүйелік тұрғыдан қараудың негізгі принциптеріне көшпес бұрын, алдымен жүйе (система) дегенге анықтама бере керек. Жүйе - өзара байланыста болып, белгілі бір тәртіпке келтірілген элементтерден тұратын, өздігінен дамитын және өзін өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық. Кез келген тұтас жүйенің ішкі табиғатын, мазмұнын оны құрайтын элементтердің құрамы анықтайды. Қоғам - әлеуметтік жүйе. Ал, әлеуметтік жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан тұратын , өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз. көзқарастары. К. Маркс пен Ф. Энгельс бірігіп жазған "Коммунистік партияның манифесті" атты белгілі шығармада әлеуметтік парадигма адамзатты қанаудан құтқаратын пролетариаттың бүкіл әлемдік-тарихи мессиялық рөлін орнықтыратын революциялық идеологиянық концептуалды негізі ретінде қолданылады. Бұл тарихи міндетті пролетариат революция жасағанда және өзінің таптық диктатурасын орнатканда ғана орындай алады. В.И. Лениннің ойы бойынша марксизмдегі ең басты мәселе — пролетариат диктатурасының тарихи болмай қалмайтындығы мен оның тарихи кажеттілігін мойындау. Марксизмде әлеуметтік парадигма әлеуметтік - экономикалықка өзгереді. К.Маркс пен Ф.Энгельстің көзқарасы бойынша, қоғамдық дамудың іргетасы адамдардың материал- дық игіліктерді өндіруі болып табынады, ал ол сатылы процесс ретінде, өндірістің ерекше тәсілі ретінде жүзеге асырылып, қоғамның экономикалық базисін қалыптастырады. Бұл парадигма бойынша, тұлға саяси өмірдің қайнары мен өзегі болады. Адамзат өзінің саясатқа қатысуын анықтайтын өзгермейтін субстанциялық касиеттерге ие. Индивидуалдық даму деңгейі, тәжірибе мен мәдениетті игеру адамның осы процеске жасампаздық тұрғыда қатысуын анықтайды. Сондықтан саясат сферасы адам осы процесте өзін саяси субъект ретінде көрсете алатын адамдардың ісәрекетінің аймағы болып саналады.
Билет №31