Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sotsiologia_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
459.26 Кб
Скачать

1.Әлеуметтік институттың түрлері мен функциялары.

Әлеуметтік институттар дегеніміз – бұл қоғамдық мәнді функцияларды орындайтын, адамдардың бірлескен қызметі мен қатынастарын ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары болып табылады. Әлеуметтік институттар бір-бірінен ӛздерінің функционалдық сапаларымен ерекшеленеді1.Экономикалық-әлеуметтік институттар – меншік, айырбас, банктер, әр түрлі типтегі шаруашылық бірлестіктері – олар экономикалық ӛмірді әлеуметтік ӛмірдің басқа салаларымен ұштастыра отырып, қоғамдық байлықты ӛндіру мен бӛлудің барлық жиынтығын қамтамасыз етеді. 2. Саяси институттар – мемлекет, партиялар, кәсіподақтар және саяси мақсаттарды кӛздейтін және саяси биліктің белгілі бір формасын орнатуға және қолдауға бағытталған басқа да қоғамдық ұйымдар. Олардың жиынтығы сол қоғамның саяси жүйесін құрайды. 3. Әлеуметтік-мәдени және тәрбие институттары мәдени және әлеуметтік құндылықтарды меңгеру мен ӛндіруді, индивидтердің белгілі бір субмәдениетке тартылуын, сондай-ақ мінез-құлықтың тұрақты әлеуметтік-мәдени стандарттарын меңгерту арқылы индивидтердің әлеуметтендірілуін және сол құндылықтар мен нормалардың қорғалуын ӛздерінің алдына мақсат етіп қояды. 4. Нормативті-бағыттаушы институттар – индивидтердің мінез-құлқын реттеудің моральдық-этикалық бағыт-бағдарының механизмдері. Олардың мақсаты – мінез-құлыққа үлгі-ӛнегелік және этикалық негіздерді енгізу. 5. Нормативті-санкциялаушы институттар юридикалық және әкімшілік актілерде бекітілген нормалар, ережелер мен жарлықтардың негізінде мінез-құлықты қоғамдық-әлеум еттік реттеуді мақсат етеді. Нормалардың міндеттілігі мәжбүрлеу санкциясымен қамтамасыз етіледі.6. Салтанатты-символикалық және ситуациялық-конвенционалдық институттар. Бұл институттар конвенционалдық (келісім бойынша) нормалардың қабылдауға, оларды ресми және ресми емес бекітуге негізделген. Бұл нормалар күнделікті келісім-шарттарды, топтық және топаралық мінез-құлықтың әр түрлі актілерін реттейді.

2.Тұлғаның ажырамас белгілері.

Билет №17 (1)

3.Туа біткен мәртебе-ол Адамның өмірге келген сәтінен белгіленген, яғни субьектіден тәуелсіз туғаннан сақталатын мәртебе: нәсілі, жынысы, ұлты.

4.Э. Дюркгейм тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы.

Ол өзіне деңгейлердің негізін алғанда қоғам дамуы туралы ойша, дерексіз теориялар жасауға көп көңіл бөлінгенін және олардың әлеуметтік факторларды зерттейтін ғылыми әдіс әзірлеумен аз айналысқанын айта келіп, әлеуметтанудың әдісін дайындауды қолға алады.Оның пікірінше әлеуметтану – әлеуметтік факторлар туралы ғылым.Бұл дегеніміз- адамдардың ұжымдық санасы қалыптастырған саяси , құқық, мораль, діни және басқа да идеялар, нормалар мен құндылықтар және жекелеген индивидтерді осы идеялар, нормалар мен құндылықтарға сәйкес қалыптастыруға мәжбүр етушілік.

Билет №27

1.Әлеуметтік мобилділік ұғымы және түрлері.

Әлеуметтік мобильділік – ол «Әлеуметтік мобильдік» деп, қоғамдағы жекелеген индивидтер мен адамдар тобының бір әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз. Оны ғылыми жағынан негіздеп, «әлеуметтік мобильдік» теориясының авторы П. Сорокин терең зерттеді.

Әлеуметтік мобилділік түсінігінде стратификациялық құрылым туралы сөз болады, ал әлеуметтік мобилділік ретінде адамның, әлеуметтік топтың бір қабаттан екінші қабатқа орын ауыстыруы, әлеуметтік баспалдақ бойынша жоғары не төмен жылжуы есептеледі. Әлеуметтік мобильділік- адамның не әлеуметтік топтың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы әлеуметтік жағдайының өзгеруіне байланысты жүзеге асатын процесс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]