
- •4.Рөлдік конфликт.
- •1.Әлеуметтік рөлдің құрылымы.
- •2.Конфликтология (р. Дарендорф).
- •3.Индикаторлар
- •1.Сипаты мен технология деңгейі бойынша қоғамның классификациясы.
- •2.Құрылымдық функционализм (т.Парсонс).
- •4.Әлеуметтік конфликтердің негізгі түрлері.
- •1.Социометрия тұлғаралық қатынастың өлшеу әдісі ретінде.
- •2.Өндіріс тәсілі бойынша қоғамның классификациясы.
- •4.Х. Шелдон көзқарасы бойынша девиация байланысты.
- •1.Саяси әлеуметтану: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі.
- •2.Әлеуметтік мәртебе: түсінігі, құрылымы.
- •4.З. Фрейд көзқарасы бойынша девиация байланысты.
- •1.Тiршiлiк ету құралдарының табуының әдiстерi бойынша қоғамның классификациясы.
- •2.Экономикалық әлеуметтану: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі.
- •4.Ч.Ломброзо көзқарасы бойынша девиация байланысты.
- •1.Қоғамның әлеуметтік стратификациясы.
- •2.Э. Дюркгейм әлеуметтануы.
- •3.Генералды жиынтық – ол
- •4.Әлеуметтену
- •2.Құрылымдық функционализм (т. Парсонс). Билет № 12 (2)
- •1.Әлеуметтік мәртебе: түсінігі, құрылымы. Билет №14 (2)
- •2.М. Вебер және г.Зиммел әлеуметтануы.
- •3.Аз топтардағы өлшемдердiң қатынасының әдiстемесі – ол
- •1.Әлеуметтанулық сұрау: түсінігі, түрлері, әдісі, қолдану саласы.
- •2.Қазақ ағартушыларының әлеуметтік-саяси көзқарастары (Абай Құнанбаев, ш. Уалиханов, ы. Алтынсарин).
- •1.Қоғамның дамуы туралы тұжырымдамалар.
- •2.Отбасы әлеуметтануы: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі.
- •4.Постиндустриалды қоғамның белгілері (д. Белл бойынша).
- •1.Әлеуметтік девиация: ұғымы, түрлері.
- •2.Қазақ либерал демократтардың әлеуметтік-саяси көзқарастары (а.Байтурсынов, а. Букейханов, м.Дулатов)
- •3.Интервью қолданатын саласы
- •1.Мәдени-тарихи типтер тұжырымдаларындағы қоғамның дамуы туралы.
- •1.Қоғамның әлеуметтік құрылымы: түсінігі, негізгі элементтері.
- •2.Интервью әлеуметтанулық зерттеудің әдісі ретінде.
- •3.Т. Парсонс тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы. Билет №12 (2)
- •4.Мәртебелік символика
- •1.Тұлғаның рөлдер теориясы
- •2.Білім беру әлеуметтануы: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі.
- •3.К. Маркс тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы
- •4.Әлеуметтік құрылым ішіндегі мәртебе иерархиясы аталады.
- •1.Әлеуметтік институттың түрлері мен функциялары.
- •2.Тұлғаның ажырамас белгілері.
- •4.Э. Дюркгейм тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы.
- •1.Әлеуметтік мобилділік ұғымы және түрлері.
- •2.Эмпирикалық зерттеулер: түсінігі, құрылымы.
- •3.Индустриалды қауымға дейінгі (дәстүрлі) қоғам (д. Белл бойынша)
- •1.Әлеуметтік конфликттің даму стадиялары. Билет №12 (4)
- •2.Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламалық құрылымы.
- •3.Әлеуметтік құрам.
- •4.Қоғамның формациялық теориясын әзірледі.
- •1.К. Маркстың әлеуметтанулық көзқарастары. 30-билет, 4-сурак.
3.К. Маркс тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы
К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.Маркс пен Энгельс өз философияларында бұл категориялардың арақатынасы жайында келесi тұжырым жасап- қоғамдық болмыс бiрiншi, ал қоғамдық сана оған тәуелдi, оның туындысы екенiне келесi дәлел келтiрдi: адамдар ғылыммен, өнермен, философиямен, саясатпен т.б. айналасу үшiн алдымен сусын iшуi, тамақ жеуi, киiнуii баспанасы болуы тиiс, ал бұлар болу үшiн оларды өндiру қажет. Осы қарапайым ақиқаттың астарында қандай мән жатыр? Адамның бүкiл өмiрi, тiршiлiгi сайып келгенде материалдық игiлiктер өндiру тәсiлiне тәуелдi. Олай болса, бүкiл қоғам өмiрiнiң негiзi-еңбек. Өндiрiстiк еңбексiз қоғам өмiр сүре алмайды, тiптi пайда болмаған да болар. Сонымен, не алғашқы деген сұрақтан, келесi жауап туады: көғамдық сана қоғамдық болмыстан туады, соның бейнесi болып табылады, қ/б өзгергеннен кейiн сана да өзгередi. Бiрақ, адамның санасы әрекетшiл, белсендi қоғамдық күш болып табылады және тарихи дамудың жетекшiсi; ал тарихи дамудың негiзiн қоғамдық практика құрады. Адамның еңбек қызметiнiң практикалық iс-әрекетiнiң белсендiлiгi, сананың жасампаздығын, активтiлiгiн тудырады (К.Маркс «Фейербах туралы тезистерi»).Сондықтан, қ/с және қ/б арақатынасы бiркелкi емес, қ/б бiлеушi, шешушi болғанымен кейбiр жағдайларда қ/с өз дербестiгiн, өз даму заңдылықтары бар екенiн байқатады:. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижелерінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.Біз бұл турасында маркстік , формациялық тұрғыдан жіктеудін мәніне көшейік. Маркстік теория бойынша қоғамның даму сатыларын анықтауда нгізгі өлшемге өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктің түрі мен қоғамның таптық құрылымы алынады. Осы тұрғыдан талдай келе марксизм қоғам дамуын 5 тарихи сатыға жіктсйді. Олардын басқаша 5 қогамдық - экономикалық формациялар дсп те атайды. Олар мыналар:а) алғашқы қауымдық қоғам;ә) құл иеленушілік қоғамдық -экономикалық формация;б) феодалдық қоғамдық-экономикалық формация;в) капиталистік қоғамдық-экономикалық формация;г) коммунистік қогамдық-экономикалық формация.Бұлардың үшеуі, яғни құлдық, феодалдық және капиталистік қоғамдық-экономикалық формациялар — таптық-антагонистік. қанауға негізделген, еңбек адамына жат қоғамдар ретінде сипатталады. Марксизм коммунистік қоғамға ерекшс маңыз береді.
4.Әлеуметтік құрылым ішіндегі мәртебе иерархиясы аталады.
Біздің ойымызша әлеуметтік құрылым әрқашан бір де бірінің басымдылығы жоқ көптеген факторлардың нәтижесі болады. Нақты жағдайларды кейбір белгілер алдыңғы шетке шығады, немесе, маңыздылығынан айрылады. әлеуметтік құрылымды қалыптастыруда ең маңызды ретінде өндіріс тәсілінің басымдылығын мойындай отырып, біз оны абсолюттендіре алмаймыз. Социологиялық ойдың жетістігі болып, әлеуметтік құрылымды қозғалмайтын құрылыс ретінде емес, динамикалық бүтіндік ретінде қарастыруға көшу табылады. Бұл әлеуметтік құрылымның теориялық концепцияларын түрлі критерийлер негізінде қалыптастыруға мүмкіндік берді Біздің әдебиеттерімізде қоғамның келесі әлеуметтік жіктелуі кең таралған: - адамдардың бөлінуі нәтижесінде қалыптасатын әлеуметтік–таптық құрылым (таптар, касталар, сословиелер, әлеуметтік топтар, олардың қабаттары);- әлеуметтік–этникалық құрылым, яғни адамдардың белгілі бір территорияға, экономикаға, мәдениетке, дәстүрлерге, психологиялық ерекшіліктері және т.б. арқылы бірігуі негізінде пайда болған адамдардың тарихи қауымы – тайпа, ру, халық, ұлт, этностар. - мекендердің негізгі түрлерін құрайтын (қала, макрополис, агломерация, ауыл, т.б.) территориялық құрылым; - жаспен, жыныспен белгіленетін (ерлер, әйелдер, жастар, балалар, «жұмыс жасындағы» адамдар, зейнеткерлер) демографиялық құрылым; - отбасылық-тұрмыстық құрылым, көрші қауымдастықтар, ата-аналар мен балалар, сондай-ақ, некелік пен некесіз байланыстар мен қатынастар. Сондай-ақ, әлеуметтік-кәсіби, білім беру, діни және т.б. құрылымдарды бөлуге болады. Сонымен, құрылым адамдардың белгілі бір тобын - олардың жіктелуі мен интеграциясын білдіреді. Осылай “әлеуметтік қауымдастық”, “әлеуметтік топ” категориялары қалыптасады және олар келесіні білдіреді:1) біріккен әрекет;2) біріккен кеңістіктік–уақыттық болмыс, қатынас (жалпы орта, территория, коммуникация);3) топтық бағыттылық пен ережелер.Қоғамдық еңбек бөлісінің нәтижесі болып келесі әлеуметтік-экономикалық топтар табылады: 1) өзінің жеке меншікке қарым-қатынасы бойынша емес, атқаратын жұмысының түріне байланысты кәсіпкерлік топтар;2) белгілі бір территорияда - қала немесе ауыл – 3) рангтық топтар – басшы мен бағынушы арасындағы қатынастар (негізінде тік өзара байланыс).Қандай әлеуметтік топтар жетекшілік орын алады, қандай мамандықтар көп екендігіне қоғамның түрі де, оның әлеуметтік-саяси құрылысы да тәуелді.Сонымен, әлеуметтік «әлеуметтік қауымдастық» категориясы қоғамның әлеуметтік құрылымындағы негіз болып табылады. Әлеуметтік топтардың көптүрлілігін зерттеу үшін, оларды салыстыру үшін әлемдік социологияда «әлеуметтік стратификация» ұғымы енгізілді. Әлеуметтік стратификация теориясы әлеуметтік теорияның неғұрлым мықты дамыған бөліктерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік стратификацияны зерттеудің қазіргі тәсілдерінің негізін М. Вебер салды және оны әрі қарай Т. Парсонс, Э. Шилз, К. Девис, У. Мур жалғастырды.Әлеуметтік стратификация теориялары страта (латынша stratum – қабат), әлеуметтік топ белгілі бір ортақ позициялардағы немесе ортақ істері бар адамдарды біріктіретін нақты эмпирикалық тіркелетін қауымдастық болып табылатындығына негізделеді.
Билет №26