Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sotsiologia_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
459.26 Кб
Скачать

1.Әлеуметтік девиация: ұғымы, түрлері.

Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеуметтанушысы Э. Дюркгейм.Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, деликвентті ж/е криминалды мінез-құлық.Девиантты мінез-құлық әлеуметтік нормалар мен ережелерге сай келмейтін мінез-құлықты айтады. Деликвентті мінез құлық заң бұзушылықпен ерекшеленеді: агрессивті, зорлаушылық мінез-құлық, ашкөздік, наша сату. Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық ж/е т.б

Әлеуметтік және жеке бастық статустар бір-бірімен сәйкес келмеуі де мүмкін. Жеке тұлғаға сипаттама беру үшін, сондай-ақ, әлеуметтік рөл ұғымын пайдаланудың да маңызы ерекше. Ол белгілі бір әлеуметтік статус иеленетін адамнан және нақты қоғамдағы осы статустар тән адамдар тобынан үміт етілетін мінез-құлықтар болып саналады. Әлеуметтік статус та, әлеуметтік рөл де ресми түрде (мысалы, заңмен не басқалай құқықтық актімен) бекітілуі немесе бейресми сипат (мінез-құлықтың моральдық нормалары) иеленуі мүмкін. Әлеуметтанушылар (Р. Линтон, Дж. Мид, Т. Шибутани т.б.) әлеуметтік рөл проблемаларын әлеуметтік статус мәселелерімен байланыстыра отырып, оны әлеуметтік статустың қозғаушы күші ретінде түсіндіреді. Әсіресе, П. Парсонс (1902 — 1979) рөлдердің құндылықтармен ажырамас байланысын айрықша атап көрсетіп, әлеуметтік рөлді жалпыға бірдей құндылықтарға негізделген әрі әлеуметтік жүйеге қажетті құрылымдық элемент құрайтын, нормативті түрде реттелетін мінез-құлық ретінде қарастырады. Яғни, әлеуметтік рөл әлеуметтік құндылықтарды жеке тұлғаның нақты әлеуметтік іс-әрекеттеріне ұластырудың құралы қызметін атқарады..

2.Қазақ либерал демократтардың әлеуметтік-саяси көзқарастары (а.Байтурсынов, а. Букейханов, м.Дулатов)

А.Байтұрсынов (1873-1937) – Қазақстандағы қоғамдық ойдың дамуында ӛзіндік орны бар тұлға. Қазақ халқының, әсіресе «оқыған азаматтарының» кӛсемі болған А.Байтұрсыновтың саяси іске араласуы Ресейдегі саяси-әлеуметтік құбылыстармен тікелей байланысты болды: түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың құрылып, олардың қызметтерінің жанданған кезеңіне, бірінші орыс революциясының ӛршіген тұсына сәйкес келді. М.Әуезовтың пікірі бойынша А.Байтұрсыновтың саяси кӛзқарасының қалыптасуы Қарқаралы жерінен бастау алды. Патша үкіметі кемсіткен бұратана қазақтардың мұңын мұңдап жоғын жоқтау оның негізгі мақсаты болды. . Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсыновтың үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын жазбай, «Ахаң Жахаң» деп бірге атады. Пенделік бар қазақтан бас тартап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты.Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) — Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің даму тарихында өзіндік орны бар біртума алып тұлға.Қазақ халқының, әсіресе «оқыған азаматтардың тұңғыш ... көсемі» болған А. Байтұрсыновтың саяси іске араласуы Ресей ішіндегі саяси - әлеуметтік құбылыстармен тікелей байланысты болды: түрлі саяси партиялар мен Қозғалыстардың құрылып, олардың қызметтерінің жанданған кезеңіне, бірінші 0рыс революциясының өршіген тұсына сәйкес келді. Бұл кезеңде ол Қарқаралы қаласында кызмет істейтін еді. Оз халқының мүддесін, болашағын ойлаған А.Байтұрсынов осы кезеңде саясатқа белсене араласты осы мәселені М.Әуезов «Қарқаралыда тұрғандағы соңғы төрт жыл Ақаңның саясат ісіне белсене кірісіп, жазумен де, ісімен де бой көрсеткен кезі; сол мезгілде 1905 жылдың өзгерісі болған. Қазақтың Мәскеуден келген бірен-саран студенттері, басқа қалаларда оқып жүрген жастары һәм ескіліктен келе жатқан пікірі түзу үлкендердің арасында өзгеріс рухы жайылып, қазақтың елдігін сөйлей бастаған кездері сол мезгіл болатын» деп атап көрсетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]