
- •1 Вариант
- •47. Төменде көрсетілген суреттегі белгіленген № 7 анатомиялық құрылымды атаңыз.
- •2 Вариант
- •47. Төменде көрсетілген суреттегі белгіленген № 1 анатомиялық құрылымды атаңыз.
- •3 Вариант
- •4 Вариант
- •5 Вариант
- •13. Төменде көрсетілген бұлшықеттің қайсысы иықтың алдыңғы топ бұлшықетіне жатады?
- •6 Вариант
- •47. Төменде көрсетілген суреттегі белгіленген № 7 анатомиялық құрылымды атаңыз.
- •7 Вариант
- •8 Вариант
- •21.Қол басы қандай бөлімдерден тұрады?
- •9 Вариант
- •10 Вариант
8 Вариант
1. Ортаңғы құлақтың дабыл қуысында неше есту сүйекшелері орналасады?
A. 2
+B. 3
C. 4
D. 5
E.6
2.Жүректің сол жақ қарыншасынан қандай қан тамыр шығады?
+A. Қолқа
B. Өкпелік сабау
C. Өкпелік артерия
D. Өкпелік вена
E. Тәждік артерия
3. Үшкіл нервтің ІІІ – тармағы қызметіне байланысты қандай нерв?
+A. Аралас
B. Вегетативті
C. Қозғалтқыш
D. Сезімтал
E. Симпатикалық
4. Бұғананың ұштарын көрсетіңіз:
A. Алдыңғы, артқы
B. Жоғарғы, төменгі
C. Құстұмсықтық, иықтық
D. Төстік, иықтық
+E. Төстік, құстұмсықтық
5. Төстіктің бөлімдерін көрсетіңіз:
A. Денесі,мойыны , тұтқасы
B. Денесі, бүйір массалары
+C. Тұтқасы, денесі, семсер тәрізді өсіндісі
D. Тұтқасы, денесі, тісті өсіндісі
E. Тұтқасы, денесі, құстұмсық тәрізді өсіндісі.
6. Тізе буынының қуысында буынның қандай қосымша элементі бар?
+A.Мениск
B. Диск
C. Ерінше
D. Сесама тәрізді сүйек
E. Жарғақ
7. Төменде аталған сүйектердің қайсысының ауа қойнауы бар екендігін көрсетіңіз:
A. Бет сүйегі
B. Мұрын сүйегі
C. Төменгі жақ сүйегі
+D. Жоғарғы жақ сүйегі
E. Желбезек
8. Тіс сауыты сыртынан қандай қатты затпен қапталғанынын көрсетіңіз:
A. Дентинмен
+B. Кіреукемен
C. Периодонтпен
D. Периостпен
E. Цементпен
9. Қол басының алақан бөлімінде қандай артериялық доғалар бар екендігін көрсетіңіз:
A. Алдыңғы, артқы
+B. Беткей, терең
C. Жоғарғы, төменгі
D. Медиальді, бүйірлі
E. Үлкен, кіші
10. Иық венасы қандай венаға жалғасатындығын көрсетіңіз:
A. Бұғанасты
B. Жауырынасты
C. Қәріжілік
+D. Қолтық
E. Шынтақ
11. Иық буынын нервтендіретін нервті көрсетіңіз:
A. Бүйір кеуде
B. Жауырынасты
C. Жауырынүсті
+D. Қолтық
E. Медиальді кеуде
12. Тақым артериясы қандай екі тармақтарға бөлінеді?
A. Аяқ басының сыртқы және терең сан
+B. Алдыңғы асықты жілік және артқы асықты жілік
C. Алдыңғы және артқы қайтымды асықты жілік
D. Алдыңғы асықты жілік және кіші жілік
E. Медиальді және бүйір табан
13. Мұрын қуысының тыныс алу аймағының шырышты қабаты қандай эпителимен жабылған?
A. Көп қабатты
+B. Кірпікшелі
C. Өтпелі
D. Призма тәрізді
E. Цилиндр тәрізді
14. Мұрын қуысын қандай құрылым екі симметриялы жартыға бөледі?
+A. Аралық перде
B. Мұрын қылқаны
C. Мұрын арқасы
D. Мұрын сүйегі
E. Мұрын қалқаны
15. Соңғы мидың қуысты қалдығын көрсетіңіз:
+++++A. Бүйір қарыншалар
B. Орталық өзек
C. Сильвиев суқұбыры
D. ІІІ - қарынша
E. ІҮ - қарынша
16. Оң жақ өкпе неше бөліктен тұратынын көрсетіңіз:
A. 2
+B. 3
C. 4
D. 5
Е. 6
17. Жұлынның мойын сегменттерінің санын көрсетіңіз:
A. 1
B. 2
C. 4
D.5
+E. 8
18. Жартылай сыңар вена( v.hemiazygos )қандай венаға құяды:
A. Бұғанаасты
B. Жоғарғы қуыс
C. Өкпелік
+D. Сыңар
E. Төменгі қуыс
19.Бүйректің экскреторлық жолының құрамына кіретін құрылымдарды көрсетіңіз:
A. Кіші, үлкен тостағаншалар, бүйрек қойнауы.
+B. Кіші, үлкен тостағаншалар, түбек, несепағар
C. Қуық, кіші тостағаншалар, бүйрек қойнауы
D. Түбек, несепағар, құық
Е. Қуық, несеп шығағыш өзек
20. Құлақтық түйін қандай безді нервтендіреді:
A. Көз жасы
B. Қалқанша
+C. Құлақ түбі
D. Төменгі жақ асты
Е. Тіл асты