Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-4 билет сурактарынын жауаптары..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
47.75 Кб
Скачать

І билет.

  1. Қазақ өлеңінің құрылысы туралы теориялық еңбектер

Өлең құрылысы – өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс үндестігі мен ырғағына тән ерекшеліктерді белгілейтін шарттар мен заңдылықтар. Өлең-жырдың күнделікті айтылатын жай сөз, қара сөздерден басты айырмасы олар мөлшерлі жеке жолдарға, яғни тармақтарға бөлінеді. Өлең тармағының құрылыс жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан. Дүниежүзілік әдебиетте орын тепкен өлең құрылымы 4 түрге бөлінеді: 1) Метрикалық өлең жүйесі өлең ырғағында ұзын буын мен қысқа буынның кезектесіп келуіне негізделеді. Мысалы, ежелгі грек және рим поэзиясында кең орын алған ямб, хорей т.б. 2) Силлабо-тоникалық өлең жүйесінде екпінсіз буын мен екпінді буындар кезектесіп келеді. Ол орыс, неміс, ағылшын халықтары поэзиясында кездеседі. 3) Тоникалық өлең жүйесі орыстың халық поэзиясында қолданылған. Оны жазба әдебиетте орнықтырған A.Маяковский болды. Мұнда ырғақ екпінді буындарға негізделеді, екпін түспейтін буындар есепке алынбайды. Кейбір қосарланып келетін сөздер болмаса, тармақтағы әр сөз бір екпінмен айтылып, дербес ырғақтық бөлшек құрайды. Мұның өзі өлеңді мәнерлеп, тақпақтап оқуға мүмкіндік береді. 4) Силлабикалық өлең жүйесі буын санының мөлшерін тұрақты сақтауға негізделген. Бұл өлең құрылысы француз, чех, итальян және барлық түркі тілдес халықтардың поэзиясында қолданылады.

Қазақ өлеңі, алдымен буынға негізделіп, ырғақ пен тармақ та, ұйқас пен шумақ та буынға бағынады. Қазақ өлеңінің құрылымын Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, І.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, С.Мұқанов, З.Ахметов, З.Қабдолов зерттеді.

Қазақ өлеңдерінің құрылысы –қазақ әдебиеті теориясының категориясы, қазақ өлең сөзінің жасалу жүйесінің негізгі шарттары мен заңдылықтары. Қазақ өлеңдерінің құрылысын әдебиет теориясының категориясы ретінде алғаш зерттеген –  А.Байтұрсынов. Ол өлең теориясын өлең айшықтары, шумақ түрлері, өлең тармақ тұлғалары, бунақ буындары, өлең ағындары, тармағының кезеңдері, тармақ ұйқастығы деп бөліп қарастырды. Абай жаңа өлшем, шумақ, ұйқас түрлерін орнықтыруда асқан шеберлік көрсетіп, бұрыннан белгілі көп тараған өлшем – өрнектерді, айшықтарды керек жерінде жаңаша түрлендірді. Абайдан кейін бұл дәстүрді дамытқан С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, І.Жансүгіров. Кеңестік кезеңде Қазақ өлеңдерінің құрылысын теориялық тұрғыдан зерттеулерде идеологиялық себептерге байланысты Байтұрсыновтың есімі аталмағанымен, ол жасаған атаулар пайдаланылып, әрі қарай дамытылды. Академик З.Ахметовтің пікірінше қазақ өлең, жырларында жеті буынды тармақ (4 буын – 3 буын) пен сегіз буынды тармақ (3 буын – 2 буын – 3 буын) ежелден еркін араласып келе береді. Халықтық поэзиядағы ең көне өрнектердің бірі – жыр өлшемінде осындай жеті сегіз буынды тармақтар қолданылады.

  1. Көркемдік ойлау және көркемдік қиял

Көркемдік ойлау өнер туындысын жарататын және одан эстетикалық нәр алып қабылдайтын ақыл-ой қызметінің ерекше бір түрі. К.о/ң табиғаты мен мәні - дүниені көркемдік тұрғыдан игерудегі рухани қабілет екендігімен анықталады. Образдық-сезімділік тұрғыдан әлемді тану, адам болмысына үңілу, тұрмыс мәнісін бағалау, көңіл-күй құбылыстарын суреттеу көркемдік ойлаудың ерекшелігі болып табылады. Эстетик. талғам, киыннан қиыстыру, метафоралық толғам- көркемдік ойлаудан туындайды. Ал осының негізінде идея, концепция жасалады.

Көркемдік қиял - көркемдік ойлау ерекшелігі, суреткердің дүниеде, өмірде болатын, болуы мүмкін нәрселерді, жай-жағдайларды қиял арқылы елестету қабілеті, бейнелеп көрсету тәсілі. Көркемдік Қиял шындық пен шарттылықтың бірлестік-тұтастығына негізделеді. Көркемөнерде тақырып таңдау, оның тереңіне бойлау, сан алуан кейіпкердің бейнесін, жан дүниесін, жүріс-тұрысын суреттеу Көркемдік Қиялға байланысты. Мысалы, қиял-ғажайып ертегілерде кездесетін бейнелер ойдан шығару, көркемдік қиял негізінде туады. Бұдан біз көркем өнердегі ойдан шығару, Көркемдік Қиял дегеніміздің екі түрлі мағынада айтылатынын байқаймыз. Бірінші, кең мағынасында, қандай да болсын өмірдегі кездесетін, кездесу мүмкін құбылыстары ойша елестетіп бейнелеп көрсету деген ұғымды білдіреді. Бұл тұрғыдан қарағанда көркем әдебиеттегі адам бейнелері, өмір суреттері түгелдей ойдан шығару, шындық пен Көркемдік Қиялды ұштастыру арқылы жасалады. Екінші, тұра мағынасында, тек ғажайып сипаты бар, болмыста әлі сол қалпында кездеспейтін қиялдан туған көркемдік бейне, көріністер ғана ажыратылып алынады. Мұндай таза Көркемдік Қиялдан туған бейнелер де қалайда белгілі, өмірде кездесетін нәрселердің нақтылы сипат-белгілерін негізге алып, соларды ойдан шығарылған бейнеге телу арқылы пішінделеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]