
- •1Самай сүйек өзектері, олардың маңызы
- •2 Дабыл қуысы, қабырғалары, құрамы, қатынастары, отит кезіндегі асқынулар
- •3Көзұясы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы
- •5 Ми сауыты негізінің сыртқы беткейі
- •6Ми сауыты негізінің ішкі беткейі, тесіктері, маңызы
- •7 Мұрын қуысы, қабырғаларының құрылысы, тесіктері, олардың маңызы
- •8 Бассүйек шұңқырлары. Олардың шекаралары, құрамы
- •9 Көкет, тесіктері, әлсіз жерлері
- •10Іш аймақтары.Тік бұлықеттің қынаптарының пайда болуы
- •34.Жұтқыншақ: бөлімдері, құрылысы, қатынасы.
- •35.Өңеш: топографиясы, құрылысы. Өңештің тарылулары.
- •36.Асқазан: құрылысы, топографиясы, асқазан бездері, ішастарға қатынасы, қызметі, жалғамалары.
- •45.Ұйқыбез (pancreas)
- •49. Құрсақ қуысының жоғарғы қабатындағы ішастар жолының топографиясы және ішастардың ағзаларға қатынасы.
- •50. Бауыр қабы,bursa hepatica,жоғарғы қабырғасы – көкетпен; медиалды жағы - ішастардың орақтәрізді байламымен, артқы қабырғасы – тәждік байламмен шектелген. Құрамына бауырдың оң үлесі кіреді.
- •53. Ауыздың ойылуы /стоматиттер/.
- •68.Несепағар,құрылысы,бөлімдері,ішастарға қатынасы.Несепағардың тарылу жерлері,практикалық маңызы.
- •69.Несеп жібергіш өзек,оның жыныстық ерекшеліктері.Ерлердің несеп жібергіш өзегінің құрылысы,бөлімдері,қызметі.
- •70.Аталық без, аталық без қосалқысы: құрылысы және қызметі.
- •72.Аталық без қабықтары, олардың туындылары.
- •55. Көмей: шеміршектері, қосылыстары, жалғамалары, көмейдің буындары.Көмей қуысы. Көмей бұлшықеттері (кеңейткіштер, қысқыштар, дауыс саңылауын керетін бұлшықеттер).
- •Көмей шеміршектерінің аралық буындары мен байламдары.
- •Көмей бұлшықеттері (мускули ларингис)
- •Көмей қуысы (кавум ларунгис).
- •Кеңірдек және бронхылар. Өкпеде бронхылардың тарамдалуы.
- •56. Өкпенің құрылымдық- функционалді бірлігі.
- •58.Өкпенің құрылысы және қызметі.Өкпенің шекаралары.
- •59 .Оң және солжақ өкпетүбінің анатомиясы және топографиясы, сол өкпенің оңнан айырмашылығы
- •60 .Плевра: бөлімдері, шекаралары, плевра қуысы, плевра синусы, олардың маңызы.
- •60. Көкірекаралық. Базель жіктемесі бойынша бөлімдері, көкірекаралықтың ағзалары, олардың топографиясы. Көкірекаралық Париж номенклатурасы бойынша.
- •Бүйрек топографиясы, бүйректің капсуласы, ішастарға қатынасы. Бүйректің фиксациялық аппараты.
- •Бүйректің микроструктурасы. Бүйректің құрылымдық функционалдық бірлігі.
- •63.Бүйректің юкстагломерулярлық аппараты туралы түсінік.
- •64.Бүйректің қызметтері.Бүйректің форникалдық аппараты.
- •65. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктері. Зәрдің түзілу кезеңдері және шығарылу жолдары.
- •174. Цистерна туралы түсінік. Субарахноидалды кеңістік цистерналары.
- •216. Шонданай нерві, оның тармақтары және нервтендіру аймақтары.
- •217. Үлкен жіліншіктік нерв, қалыптасуы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
- •218. Жалпы кіші жіліншіктік нерві, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
- •219. Вегетативтік рефлекторлық доға.
- •220. Внж, оның жіктелуі және бөлімдеріне жалпы сипаттама.
59 .Оң және солжақ өкпетүбінің анатомиясы және топографиясы, сол өкпенің оңнан айырмашылығы
Өкпенің топографиясы:
Өкпенің ұщы АПЕКС ПУЛЬМОНИС алдынан қарағанда бұғана сүйегінен 2см , бірінші қабырғадан 2-3см жоғары орналасса, артқы жағы УІІ мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне тұспалас орналасқан.
Оң Өкпенің скелетопиясы:
------Оң өкпенің алдыңғы жиегі МАРГО АНТЕРИОР оң өкпенің қабырғалық беті мен көкірекаралық бетінің бір –біріне ұласқан жерінде өткірлеу болып орналасқан. Ол оң өкпенің ұшынан төс-бұғана буынның АРТ.СТЕРНОКЛЯВИКУЛЯРИС артқы бетіне қарай қиғаш өтіп , одан әрі вертикаль бағытта орталық сызықтың ЛИНЭ МЕДИАНА бойымен төмен бағытта, оң УІ қабырға шеміршегінің тұсында оң өкпенің төменгі жиегіне жалғасады.
-------Оң өкпенің төменгі жиегі МАРГО ИНФЕРИОР оң өкпенің қабырғалық беті мен көкеттік бетінің өзара бір-бірімен беттескен жерінде өткірлеу келіп, жартылай шеңберлі горизонталь бағытта орналасқан. Ол , Оң өкпенің алдыңғы жиегінің тікелей жалғасы , орталық сызықтың бойында, УІ қабырғаның шеміршектік бөлігімен қиылысқан жерінен басталып , төмен жйне латеральді өтіп , алдыңғы қолтық сызығында ЛИНЭ АКСИЛЯРИС АНТЕРИОР УІІ қабырғаны, ортаңғы қолтық сызығында ЛИНЭ АКСИЛЯРИС МЕДИА УІІІ қабырғаны артқы қолтық сызығында ЛИНЭ АКСИЛЯРИС ПОСТЕРИОР ІХ қабырғаны , жауырын сызығында ЛИНЭ СКАПУЛЯРИС, Х қабырғаны кесіп өтіп , омыртқа жанындағы сызықта ЛИНЭ ПАРАВЕРТЕБРАЛИС ХІ қабырғаның тұсында оң өкпенің артқы жиегіне жалғасады.
------- Оң өкпенің артқы жиегі МАРГО ПОСТЕРИОР оң өкпенің қабырғалық беті мен көкірекаралық бетінің түйіскен жерінде , Оң ІІ қабырға басының тұсынан ХІ қабырғаның мойнына дейінгі аралықта вертикал бағытта орналасқан.
Сол өкпенің склетопиясы :
Оң өкпенің склетопиясына ұксас.
-------Сол өкпенің алдыңғы жиегі МАРГО АНТЕРИОР сол өкпе ұшынан төмен және медиальді төс-бұғана буынның АРТ.СТЕРНОКЛЯВИКУЛЯРИС артқы бетіне қарай өтеді. Одан әрі оң өкпенің алдыңғы жиегімен параллель ІУ қабырғаның шеміршектік бөлігіне дейін өтеді . Сол өкпенің алдыңғы жиегі ІУ қабырғаның тұсында , шұғыл сол жаққа қарай бұрылып , сол қабырғаның шеміршектік бөлігінің төменгі жиегін горизонтальді өтіп, сол төс жанындағы сызықта ЛИНЭ ПАРАСТЕРНАЛИС төмен иіліп, жүректік тілікті, ИНЦИЗУРА КАРДИАКА құрап ,ІУ қабырғаның тұсында, сол өкпенің төменгі жиегіне жалғасады.
------Сол өкпенің төменгі жиегі МАРГО ИНФЕРИОР оң өкпенің төменгі жиегінен айырмашылығы, бір қабырға төмен орналасқан. Омартқа жанандағы сызықта ЛИНЭ ПАРАВЕРТЕБРАЛИС сол өкпенің артқы жиегіне жалғасады.
ЕКІ ӨКПЕНІҢ ҰШЫ МЕН АРТҚЫ БЕТТЕРІ БІР-БІРІНЕ СӘЙКЕС ОРНАЛАСҚАН , АЛДЫҢҒЫ ЖӘНЕ ТӨМЕНГІ БЕТТЕРІНІҢ СӘЙКЕС КЕЛМЕУІ ОҢ МЕН СОЛ ӨКПЕ КӨЛЕМІНІҢ ӨЗГЕШЕЛІКТЕРІНЕ ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ.
60 .Плевра: бөлімдері, шекаралары, плевра қуысы, плевра синусы, олардың маңызы.
Өкпеқап:
Өкпенің сыртқы бетін жауып орналасқан тұйық сірлі қабық , өкпеқап ПЛЕУРА деп аталады. Топографиялақ орнына қарай қабырғалық немесе париеталды өкпеқап ПЛЕУРА ПАРИЕТАЛИС және мүшелік немесе висцеральды өкпеқапқа бөлінеді.
------Висцералды өкпеқап ПЛЕУРА ВИСЦЕРАЛИС өкпе паренхимасының сыртқы бетін тығыз жауып орналасқандықтан висцеральды ПЛЕУРА ПУЛЬМОНАЛИС деп аталады. Висцеральды өкпеқап өкпе қақпасының тқменгі қапталының тұсында бүктеліп, вертикальді бағытта көкетке өтіп , өкпелік байламды ЛИГ.ПУЛЬМОНАЛИС құрап, париеталды өқпеқапқа ПЛЕУРА ПАРИЕТАЛИС жалғасады.
--------Париеталды өкпеқап ПЛЕУРА ПАРИЕТАЛИС ол өкпенің сірлі қабығының сыртқы табақшасы болып саналады. Париетальды өкпеқаптың сыртқы беті, кеуде қуысы қабырғаларының ішкі бетін жауып орналасқан , , тұйық ішкі кеуделік шандырмен ФАСЦИА ЭНДОТОРАЦИКА тығыз байланысып , өкпеқапқуысына қараған беті сірлі сұйықтықтыбөлетін мезотелий жесушаларымен көмкерілген
Өкпеқап қуысы:
Париетальды және висцеральды бөліктерінің арасындағы саңылау өкпеқап қуысы КАВУМ ПЛЕУРАЛИС деп аталады. Тыныс ал у кезінде сұйықтық өкпенің сірлі қабық аралығындағы үйкелісті жеңілдеті қызметін атқарады.. Сонамен қатар инспираторлық күш пен өкпенің талшықтты тінінің әсерінен өкпеқап қабықтарының бір-біріне беттісін қамтамасыз етіп, өкпеқап куысында теріс қысымның пайда болуына байланысты өкпенің тыныс алу кезінде еркін жазылып , еркін қазғалуына ықпал етеді. Өкпеқаптың жоғарғы бөлігі мойын аймағына өтіп , өкпенің ұшымен беттесіп , өкпеқап күмбезін КАПУЛЯ ПЛЕУРЭ құрайды. Париетальды өкпеқап орналасуына қарай : Қабырғалық ПЛЕУРА КОСТАЛИС, көкеттік ПЛЕУРА ДИАФРАГМАТИКА және көкірекаралық ПЛЕУРА МЕДИАСТИНАЛИС болып бөлінеді.
Өкпеқаптың шекарасы.
Өкпеқап бауырмен тұспалас орналасуына байланысты ассиметриялық жағдайда , оң өкпеқап сол өкпеқапқа қарағанда жалпақ және қысқа. Өкпеқаптың алдыңғы , артқы, төменгі жиектері біркелкі орналаспаған.
---- Екі өкпеқаптың жиегі , қабырғалық өкпеқаппен шекарасы бірдей омыртқа бағанасының бойында сәйкес келіп , өкпеқаптың күмбезі КАПУЛЯ ПЛЭУРА мен 12 қабырға басының аралығында бойлық орналасқан.
----- Өкпеқаптың алдыңғы жиегі оң және сол жағында бірдей , өкпенің ұшынан АПЕКС ПУЛЬМОНИС Төмен медиальді бағытта өтіп, төс-бұғана буынының АРТИКУЛЯЦИО СТЕРНОКЛЯВИКУЛЯРИС аотқы бетіне өтеді. Одан әрі параллель бағытта 2 қабырғадан 4 қабырғаға дейін төмен өтеді.
------Оң өкпеқаптың алдыңғы жиегі , төс- бұғана буынының артқы бетінің тұсынан , алдыңғы орталық сызықтан ЛИНЭ МЕДИАНА антериор оң қапталының бойымен тік бағытта төс сүйегінің тұтқасы мен денесінің аралығына дейін өтеді . Одан әрі , төмен тік бағытта 6-7 қабырғалардан немесе төс сүйегінің семсертәрізді өсіндіден ПРОЦЕССУС ХИПОИДЕУС төмен оң жаққа өтіп , оң өкпеқаптың төменгі жиегіне жалғасады
Сол өкпеқаптың алдыңғы жиегі , оң өкпеқаптың алдыңғы жиегі саяқты , төс-бұғана буынның артқы қапталының тұсынан төмен төс сүйегінің сол қырының бойымен 4-қабырғаның шеміршектік бөлігіне дейін өтеді. Сол 4 қабырғаның тұсында , жүректік тілікті ИНЦИЗУРА КАРДИАКА құрап , төмен өтіп 6 қабырға шеміршегінің тұсында сол өкпеқаптың төменгі жиегіне ұласады.
------Оң өкпеқаптың төменгі жиегі , оң өкпеқаптың алдыңғы жиегінің тікелей жалғасы. Ол төмен латеральді өтіп , емшектік сызықта ЛИНЕ МАММИЛЯРИС 7 қабырғаны , ортаңғы қалтық сызықтын, ЛИНЭ АКСИЛЯРИС МЕДИАНА 9 қабырға кесіп өтіп , одан әрі горизонтальді бағытта 10-11 қабырғаны кесіп өтіп 12 қабырға басының тұсында өкпеқаптың артқы жиегіне жалғасады.
------Сол Өкпеқаптың төменгі жиегі. Оң өкпеқаптың төменгі жиегіне қарағанда , жағарда көрсетілген сызық бойынша бір қабырға төмен орналасып , оң 12 қабырға басының тұсында өкпеқаптың артқы жиегіне жалғасады.
Өкпеқаптың қойнаулары СИНУСТАРы:
------Өкпеқап синустары немесе қойнаулары РЕККЕСУС ПЛЕУРАЛИС деп париетальды және висцеральды өкпеқаптың аралығындағы қуыс. Екі өкпеқаптың Түйіскен жерінде орналасқан кең қабырға-көкет қойнауы РЕККЕСУС КОСТАДИАФРАГМАТИКУС
Қабырға-көкірекаралық қойнау РЕККЕСУС КОСТОМЕДИАСТИНАЛИС , ол сол өкпенің алдыңғы жиегінің жүректік тілігінің ИНЙИЗУРА КАРДИАКА бойында орналасқан.