Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKOLOGIYa_LEKTsIYa.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
74.46 Кб
Скачать

Жоспары :

  1. Экологиялық мәселелерді шешу жолдары

  2. Экологиялық құқық.

  3. Энергияның кейбір дәстүрлі емес көздерін пайдалану

Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тек теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. қазіргі жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. Экологиялық мәселелердің алдын – алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғатпен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз , ұзақ уақыттың бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.

Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.

Республика Президенті Н.ә. Назарбаевтың Бұұ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдарда қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты. Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды. Биологиялық алуан түрлілікті қорғаудың ұлттық баяндамасы қабылданды.

Тұракты дамуды қамтамасыз ету құралдармен байланысты мәселелерге мыналар жатады.

  • қаржы ресурстары және оларды пайдалану механизмі

  • экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану; тұрақты дамуды ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету.

Бұл мәселелерді шешудің міндеттері “қР-ның экологиялық қауіпсіздік” концепциясында қарастырылған.

Алда тұрған маңызды мәселенің бір адамды қоршаған ортаға мүмкін болатын шекті экологиялық қысымды, яғни экожүйелердің өзара байланыстары, қарым-қатынастары, олардың біртұтастығы сақталатын антропогенді фактордың әсер етуінің максималды деңгейін анықтау болып табылады.

қазіргі кезде қазақстан территориясының көптеген бөліктері күшті антропогенді әсерге ұшыраған. Арал маңы аймағы экологиялық қатер аймағы болып табылады.

2. қазақстан Республикасының Конституциясында: “әрбір азамат оның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар”

Халықаралық дәрежеде адамның қолайлы қоршаған ортаға деген құқығын Бұұ-ның әр-түрлі бөлімдері қамтамасыз етеді.

Олар қоршаған ортаның жағдайын сауықтыруға арналған көптеген бағдарламалар жасады; “қоршаған ортаның гигиенасы”, “Ауыл шаруашылық химикаттары мен қалдықтары”, “Адам және биосфера”.

Белгіленген бағдарламалардың жүзеге асуының 1972ж. құрылған Бұұ-ның қоршаған орта бойынша бағдарламасы және Бұұ-ның қоршаған орта мен даму жөніндегі Халықаралық Коммисиясы жалпы басшылық жасайды.

құқықтық мемлекеттегі адамдардың арасындағы қарым-қатынастар жалпыға бірдей міндетті құқық нормалары болып табылатын заңдардың көмегімен реттеледі. Адамнңы табиғатты өзгертушілік қызметі тек соңғы жылдары ғана құқықтық тұрғыдан шектеле бастады.

4. Күн – энергиялық іс жүзінде сарқылмайтын көзі болып табылады. Оны тікелей немесе жанама, яғни фотосинтездің өнімдері, судың айналымы, ауа массаларының қозғалысы және т.б. арқылы пайдалануға болады. қазіргі кездің өзінде көптеген елдерде (АқШ, Израиль, т.б.) жылумен, ыстық сумен қамтамасыз етуде күн энергиясын пайдаланады. Парникте қарапайым құрылғылардың көмегімен күн энергиясын жинауға болады. Тәуліктің жарық кезеңінде жылуды жинау үшін беттік ауданы мен жылу сыйымдылығы жоғары материалды орналастырады. Олар: тастар, су, металл, құм және т.б. күндіз олар жылуды жинайды, ал түнде бөліп шығарады. Мұндай құрылғылар Ресейдің, қазақстанның, Орта Азияның оңтүстігінде теплицаларда кеңінен қолданылады.

Жел. Жүздеген жылдардан бері жел механикалық энергия көзі ретінде қолданылып келді (диірмендер, ағаш кесу құрылғылары)

Теңіз мұхит суларының энергетикалық ресурстарын пайдалану

Термоядролық энергия қазір атом энергетикасында энергия көзі және ыдырау өнімі ретінде радиоактивті элементтер қолданылады.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы қазіргі кездегі білімнің даму деңгейі, жасалып жатқан технологтялар адамзатқа энергетикалық ресурстардың сарқылуына байланысты және энергетиканың экологиялық мәселелерді туғызуы жөнінен тұйыққа тірелу қаупінің болмайтынын көрсетеді.

Лекция № 15

Тақырыбы: қоршаған орта және адам қоғамының тұрақты дамуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]