Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKOLOGIYa_LEKTsIYa.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
74.46 Кб
Скачать

Лекция № 11

Тақырып: Су ресурстары және оны қорғау.

Су тіршіліктің қажетті шарты, тіршілік факторы. Жоспары :

  1. Су ресурстарының экологиялық мәселелері.

  2. Жердегі су қоры. Судың ластану мәселесі.

  3. Судың евтрофикациясы.

1 Жердегі барлық су біртұтас. Олар атмосферамен, литосферамен қатар жеке қабат гидросфераға бөлінеді. Ол тіршілік ортасы ретінде ерекше қасиеттермен сипатталады. Судың қасиеттері:

  1. Табиғат ресурсы және зат ретіндегі сарқылмайтыны жердегі барлық ресурстар жайылатын, шашырайтын болса, ал су әр түрлі күйге; сұйық, газ тәрізді және қатты күйге өтуіне байланысты мұндай жағдайға ұшырамайды.

  2. Суға қату кезінде көлемінің артуы және сұйыққа өту кезінде көлемінің келуі тән.

  3. Ең жоғарғы тығыздығы +40С-да байқалады. Мысалы су қоймаларының терең қатуының болмауы.

  4. Жылу сыйымдылығының және жылу өткізгіштігінің жоғары болуы.

  5. Тек оң ғана емес, теріс температурада да жеңіл газ тәріздес күйге өту қабілеттілігі. Теріс температурада қатты күйден (мұз, қар) бірден су тәрізді күйге өтеді. Мұндай құбылыс – сублимация деп аталады.

  6. Булану мен еру кезінде жылу сіңіріледі және бұдан конденсациялану мен қату кезінде жылудың бөлініп шығуы тән.

  7. әмбебап еріткіш. Сондықтан, табиғатта абсолютті таза су жоқ. Су атмосфераның оттегімен толығуының (фотосинтез) бірден – бір көзі. қазіргі түсінік бойынша тіршілік суда пайда болған. Адам ағзасындағы судың үлесі 60% ке жақын, бірақ жекеленген мүшелер мен ұлпаларда 1% – 96%- ке дейін жетеді. Бидайдың бір тоннасын алуға 2500т, мақтаға-10000т, күрішке-4560т, сиыр етіне-30000т су жұмсалады.

Су адам үшін тек биологиялық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік те фактор болып табылады. Биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамға тәулігіне 2-5 литр су қажет. Тұрмыстық комуналдық қажеттілікке 100-150 литр су жұмсалады.

2. Жердегі судың әлемдік қоры орасан зор. Олар 1353985 мың км3 . Егер гидросферадағы барлық суды біртекті етіп жер бетіне жайсақ оның қалыңдығы 2,5км. болар еді. әлемдік мұхит шегінде орташа тереңдік 3,96км., ал терең максималды тереңдік 11022м (Мариан шұңғымасы). Жердегі судың басым көпшілігі тұзды су болып табылады. Ол жалпы қордың 97,5% үлесін құрайды, бірақ тұщы сукдың көлемі 35млн. км3 тең.

Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әр түрлі дәрежеде ұшырайда. Судағы көп кездесетін элементтерге калций, натрий, хлор, калий жатады. Судағы химиялық элементтің жиынтығы жануарлармен адамның қанының құрамына жақын болады.

Бұл өмірдің суда пайда болғандығының дәлелі бола алады. Адам қаны мен әлемдік мұхит суының химиялық құрамы:

 

Химиялық элемент

Еріген заттардың жиынтығынан %

Мұхит суы

Адам қаны

Хлор

Натрий

Оттегі

Калий

Кальций

49,3

30

9,9

1,8

0,8

55

30,6

5,6

1,1

1,2

тұщы су – 1г/л дейін. Тұздылау 1 – 3 г/л, аз тұзды 3-10 г/л . тұзды және өте тұзды 10-50г/л.

Ауыз судың санасын бағалауда химиялық крийтерилермен қатар бактериалогиялық және органолептік қолданылады.

Судың бактериалық жағдайы төмендегідей анықталады:

1) Судағы бактериалардың жалпы саны , ол судың 1 мм – інде 100 – ден аспауы керек . 2) Ішек таяқшасы тобының бактериаларының саны арқылы. Ол коли – индекс: судың 1 литріндегі ішек таяқшасының шамасы ( үштен көп болмауы керек) немесе коли – титрмен анықталады.

Органолептикалық көрсеткіштерге судың иісі , түсі , дәмі , мөлдірлігі жатады. Судың сапасының маңызды көрсеткіші – ондағы оттегінің болуы. Оған гидрокорбанаттардың (аэробтар) тіршілігі мен судың өздігінен тазаруға қабілеті тәуелді болады.

Суды ластаушы заттар . Сулардың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады.Екінші ретті ластану бірінші ретті ластанушылардың әр түрлі тізбекті риакцияларға түсуі арқылы жүреді. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері , минералды тыңайтқыштар , улы химикаттар және т.б. жатады.

3.Судың эвтрофикациясы. Судың энтрофикациясы деп – судың биогенді элементтерімен, әсіресе азотпен, фосформен немесе құрамында осы элементтер бар заттармен баюын атаймыз. Эвтрофикация ( грек тілінен аударғанда эу – жақсы ,трофе – қоректену ) – судың бай қоректенуі.

Эвтрофикацияның нәтижесі – балдырлар мен басқа өсімдіктердің қарқынды өсуі , су қоймасында органикалық заттармен басқа да ағзалардың шіру өнімдерінің жиналуы болады. Бұл өлген органикалық затпен қоректенетін , оны бастапқы минералдық элементтер мен көмірқышқыл газына дейін ыдырататын рецудент – ағзалардың санының артуына әкеледі.

Лекция № 12

Тақырыбы: Атмосфералық ауа және оны қорғау жолдары.

  1. Жоспары :

1. Атмосфераның қасиеттері және оның адамға әсері.

2.“Парниктік” немесе жылулық эффект мәселесі.

3.Озон мәселесі.

Оңтүстік Қазақстан Обылысы полиметалдық кендердің, фосфаттардың қоймасы болып табылады. Олар қорғасын, мырыш, мыс, күміс, индий және т.б. Оңт. Қазакстан Обылысы республикада қорғасын өндіру бойынша 3 орын, мырыш –4 тұрады. қаратау тауындағы тау-кен өндірісі ертеден белгілі. Оңт.қаз. обылысында қүрылыс материал- дарының қоры көп.(құрылыстық тас, қиыршық тас, тау тас түрінде болады. Бадам (гранит). қаратас, Түлкібас, Тұздықұдық және т.б. жатады.

Сайрам, Төлеби, Түркістан, Алғабас және Отырар аудандарында кірпіш өндірісіне қажетті сазды балшықтар бар.

Созақ және Отырар аудандарында уран кендері бар.

Су ресурстары: Оңт.қаз.обылысы териториясында су ресурстары біртекті таралмаған. Негізгі су артериясына Сырдария өзені

жатады, ол орталық Тянь – Шаннан бастау алады. Оңт.қаз облысында жер асты суларының 25 кен орны барланған, белгілі кенорындары мына түрлерге бөлінеді.

  1. өзен аңғарларындағы жер асты сулары – Абай, Арыс,

  2. Александров, Жоғарғы Келес Жіңішке, Ленгір, Темірлан,

Шардара

  1. артезиан бассейінің жер асты сулары – Ванновка, қарашық,

  2. Түлкібас

Топырақ ресурстары Негізінен жазық дала әр түрлі типті сұр

топырақтармен жабылған. Агроклиматтық жағынан алғанда

облыс территориясын мына белдеулерге бөлуге болады:

    1. құрғақ ыстық шөл белдеуі. Бетпақдала, Мойынқұм,

    2. қызылқұм,.

    3. өте қуаң ыстық тау етегіндегі белдеу. Түркістанның,

Алғабастың, Түлкібастың, Сайрамның, Ленгірдің,

қазығұрт аудандарының тау етегіндегі бөліктері.

  1. Тау белдеу. қаратау тау жотасы мен батыс

Тянь – Шанның етегі.

Атмосфераның қасиеттері және оның адамға әсері.

  1. Атмосфера ауа, химиялық қоспалар мен су буынан

тұратын күрделі жүйе, ол биосферадағы физико-химиялық

және биологиялық

процестердің жүруінің шарты және

метеорологиялық режимнің маңызды факторы.

    1. Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда жер

бетіндегі орташа жылдық температура +150С немесе –180С

болар еді.

Атмосфераның маңызды қасиеттеріне оның жылдас араласуы мен үлкен ара қашықтыққа орын ауыстыруы, басқа сфералармен, әсіресе

мұхитпен байланысы жатады. Мұхитпен жанасуы нәтижесінде

мұхит атмосферадағы көміртегінің қос оксиді (СО2), күкіртті газ және басқа қосылыстарды сіңіреді. Атмосферадағы қосылыстардың басым бөлігін өсімдіктер сіңіреді және зат алмасудың топырақ звеносына кіреді. Жылдам араласқыш қасиеті мен оның ластануды таратуы, сонымен қатар локальды ластануды ғаламдық ластануға айналдырушы фактор болып табылады.

Адам атмосфераның әр-түрлі параметрлеріне және қасиеттеріне, оның химиялық құрамына, жылу режиміне, орын ауыстыру, радиоактивтік электромагниттік фон және т.б. әсер етеді.

Адамның атмосфераға әсерінің байқалуы, оның биосфералық процестерге белсенді түрде араласа бастауынан, ормандарды жою, жерді жырту, эрозия, құрғату, суару, қалалар мен өндіріс орындарын т.б. салу нәтижесінде басталды.

Атмосфераны ластаушы заттар.Атмосфераға шығарылатын химиялық заттардың ішінен бірінші орында көмірқышқыл газы тұр. Бұл қосылыс ұзақ өмір сүреді және атмосферада жиналуға қабілетті күкіртті газ әсіресе өсімдіктер үшін қауіпті. Олар жануар мен адамға қарағанда бұл газға өте сезімтал. өсімдіктер газдың олардың бетіне құрғақ қону немесе қышқыл жауын-шашынмен келіп түсуі нәтижесінде зақымданады. Бұл газ қазіргі кездегі қоршаған ортаның әр-түрлі элементтері әсеріне байланысты бірінші орында тұрған әлемдік ластаушы.

Парниктік” немесе жылулық эффект мәселесі. Озон мәселесі

Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеру нәтижесінде мүмкін болатын жер шарының температурасының ғаламдық артуын парниктік эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ көмірқышқыл газы болып табылады. Көмірқышқыл газының парниктік эффектіге қосатын үлесі әр-түрлі мәліметтер бойынша 50% -тен 65% -ке дейін жетеді.

Жер бетіне негізінен жылулық емес, көрінетін сәулелер ағыны түседі. Бұл сәулелер парниктік газдар арқылы өзгермей өтеді. Жер маңы кеңістігінде бұл сәулелердің басым бөлігі әр-түрлі денелермен кездескенде ұзын толқын (инфра-қызыл) жылулық сәулелерге айналады. Парниктік газдар жылу сәулелерінің космос кеңістігіне

кетуіне қарсы әсер етеді. Олар қақпанға түскендей болып жиналады да ауаның температурасының артуына (парниктік эффект) әкеліпсоқтыр-

ады. Мәліметтер бойынша парниктік газдардың әсерінен соңғы жүз жылдықта жердің орташа жылдықтемпературасы 0-0,30С артқан. қазіргі кезде көмірқышқыл газының концентрациясының арту жылдамдығы жылына 0,3-0,5%. Осыған жақын қарқынмен басқа да парниктік газдардың мөлшері артып келеді. (Метан жылына -1%, азот оксидтері жылына –0,2%).

Атмосферадағы парниктікгаздардың мөлшерінің екі еселенуі ХХІ ғасырдың екінші жартысында болуы мүмкін. Бұл ғасырда, әр-түрлі болжамдарға сүйенсек, планетаның орташа жылдық температурасының 1-3,50С-ға артуына әкеледі.

Болжамдар бойынша ауа-райының жылынуы әсерінен мәңгі мұздықтардың еруі салдарынан әлемдік мұхит шамамен 1,5 м (соңғы 100 жылда 10-12 см) көтерілуі мүмкін. Мұхит деңгейінің 1,5-2 м-ге

көтерілуі шамамен 5 млн.км2 құрылықтың су астында қалуына әкеледі.

Ауа райының жылынуы әлемдік мұхиттың деңгейінің көтерілуінен басқа да құбылыстар: ауа райының тұрақсыздық дәрежесінің артуы, дауылдардың жиіленуі, жануар мен өсімдіктердің жойылу жылдамдығының артуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер мен бақылаулар техногенді процестермен қатар, парниктік газдарды шығару көзі экожүйелердің өзі болып табылатынын

көрсетті.

Экожүйелердегі қалыптасқан зат айналымның адамның әсерінен бұзылуы көмірқышқыл газының, метан мен басқа газдардың бөлініп шығуына әкеледі.

  1. Атмосфераның жоғары қабатындағы озон оттегі молекуласының (О2) ультракүлгін сәулелер әсерінен ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Бос оттегінің оттегі молекуласына қосылуынан озон түзіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]