
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Негізгі:
1.А.К.Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, ғылым.1997ж.
2.Е.Мамбетказиев. қ.Сыбанбеков. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Аматы қайнар.1990ж.
3. Жамалбеков Е. ү., Білдебаев Р. М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. А. қазақ университеті 2001 ж.
қосымша:
4.А.Б.Бигалиев, Е.У.Джамалбеков. қазақстан топырақ экологиясы. Алматы. 1998ж.
5.Г.К. Сагимбаев. Экология и экономика. Алматы. 1997ж.
6.И.А.Шилов. Экология. Москва. Высшая школа. 2000ж.
7. А.А.Грелова. Экология. Москва. 1997ж.
8.В.И.Фурсов.Экологические проблемы окружающей среды. Алматы. 1991ж.
9.Ю.М.Одум. Экология в 2-х томах. Москва. Мир, 1986ж.
10.В.А.Радкевич. Экология. Минск. Высшая школа.1997ж.
1. А.В.Чигаркин. Геоэкология Казақстан. Алматы. Санат. 1995ж.
2.А.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаева, Г.З.Сауытбаева, Экология. Алматы. ғылым. 2001ж.
3. А.К.Саданов, З.С.Сванбаева. Экология. Алматы.1999ж.
4. В.А.Алексеенко. Экологическая геохимия. Учебник. М. Логос. 2000ж.
5. Ф.И.Гиренок. Экология. Цивилизация. Ноосфера. М. 1987ж.
6.М.И.Будько. Глобальная экология. М. Мисль. 1997ж.
7.Л. А.Муравей. Экология и безопасность жизнедеятельности. М. ЮНИТИ, 2000ж.
8.Э.В. Гирусов. Экология и экономика природопользования. М. ЮНИТИ, 1998ж.
9. Г.С.Оспанова, Г.Т. Бозшатаева.Экология.Алматы .Экономика.2002ж.
Лекция № 3
Тақырыбы: Тірі организмдердің ұйымдастырушылық денгейлері.
Тірі жүйелер ( биологиялық жүйе).
Жоспар:
Тірі жүйенің жалпы қасиеттері.
Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері.
Тірі жүйенің бірлігі мен алуантүрлілігі.
Биологилық жүйе ретінде аутэкология жекелеген тірі ағзаны-жануар , өсімдік немесе микроорганизм оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Экологияда биологиялық жүйелердің төмендегідей негізгі ұйымдасу деңгейлерін бөліп көрсетуге болады: молекулалық (гендік), жасушалық, ұлпалық, мүшелік, ағзалық, популяциялық түрлік, биоценоздық, биосфералық.
Уэбстер бойынша жүйе дегеніміз “ біртұтас бүтінді түзетін, реттелген түрде өзара әрекеттесетін және өзара байланысты компоненттер”. Олай болса, жүйенің негізгі элементтеріне компоненттер, байланыстар шекаралар жатады. ( сурет).
Жүйелердің үш түрін бөліп көрсетуге болады:
Оқшауланған, яғни көршілес жүйелермен зат пен энергия алмасуы болмайды.
Жабық, яғни көршілес жүйелермен энергия алмасады, бірақ зат алмасуы болмайды ( мысалы, космос кемесі).
Ашық, яғни көршілес жүйелермен зат және энергия алмасуы болады. Барлық биологиялық жүйелер- ашық жүйелер. Себебі, олар сыртқы ортамен затпен, энергиямен және ақпаратпен алмасып отырады.
Биологиялық жүелердің ұйымдасуының маңызды нәтижесі компоненттердің күрделірек функционалдық жүйелерге бірігуі барысында бұл жаңа жүйелерде сапалық жағынан жаңа алдыңғы деңгейде болмайтын қасиеттер пайда болады. Мұндай сапалық жаңа қасиеттерді- эмердженттік деп атайды ( кенеттен пайда болған). Мысалы, экожүйенің қасиеттерін жеке популяциялар туралы мәліметтерге ғана сүйеніп айтуға болмайды. Орманды тұтас алып зерттеп қана қоймай, осы ормандағы жеке ағаштарды да зерттеу қажет.
II. белсенді ірі молекулалар – ақуыз, нуклеин қышқылдары, көмірсулардың қызметі түрінде көрінеді. Осы деңгейден тірі материяға тән қасиеттер: сәулелі энергияның органикалық заттардың химиялық энергиясына айналуы арқылы жүретін зат алмасу, тұқым қуалаушылықтың кодтаушы құрылымдардың ( ДНК,РНК) көмегімен тасымалдануы байқалады. Бұл деңгейге құрылымдардың ұрпақтарда тұрақтылығы тән.
Жасушалық деңгейде биологиялық белсенді молекулалар біртұтас жүйеге қосылады. Жасушалық ұйымдасуына байланысты барлық ағзалар бір жасушалы және көп жасушалы болып бөлінеді.
ұлпалық деңгейде құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас жасушалардың жиынтығынан ұлпа түзіледі. Ол шығу тегі мен атқаратын қызметінің ортақтығы бойынша біріккен жасушалардың жиынтығын құрайды.
Мүшелік деңгейде ұлпалардың бірнеше типтері функционалдық жағынан өзара байланыса отырып, белгілі бір мүшені құрайды.
Ағзалық деңгейде бірқатар мүшелердің өзара әсері жеке ағзаның біртұтас жүйесінің түзілуіне әкеледі.
Популяциялық-түрлік деңгейде шығу тегі , тіршілік ететін және мекен ету орталарының ортақтығы арқылы байланысқан біртекті ағзалардың жиынтығы түзіледі. Бұл деңгейде жалпы алғандағы элементарлық эволюциялық өзгерістер жүреді .
Биоценоздық деңгейде бірге тіршілік ететін және бір-бірімен байланысқан түрлердің комплексі – биоценоздық деп аталатын біртұтас жүйені түзеді .
Биогеоценоздық ( экожүйелік) – түрлік құрамы бойынша әр түрлі ағзаларды мекен ету ортасымен өзара байланыста біріктіретін (биотопта) тірі материяның ұйымдасуының жоғары деңгейі .
Биосфералық- ғаламшар шекарасындағы барлық тіршілік белгілерін қамтитын анағұрлым жоғары сатыдағы табиғи жүйелердің қалыптасқан деңгейі.
Бұл деңгейде тірі ағзалардың әрекетімен байланысты ғаламдық ауқымдағы барлық зат айналымдары жүзеге асады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Негізгі:
1.А.К.Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, ғылым.1997ж.
2.Е.Мамбетказиев. қ.Сыбанбеков. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Аматы қайнар.1990ж.
3. Жамалбеков Е. ү., Білдебаев Р. М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. А. қазақ университеті 2001 ж.
қосымша:
4.А.Б.Бигалиев, Е.У.Джамалбеков. қазақстан топырақ экологиясы. Алматы. 1998ж.
5.Г.К. Сагимбаев. Экология и экономика. Алматы. 1997ж.
6.И.А.Шилов. Экология. Москва. Высшая школа. 2000ж.
7. А.А.Грелова. Экология. Москва. 1997ж.
8.В.И.Фурсов.Экологические проблемы окружающей среды. Алматы. 1991ж.
9.Ю.М.Одум. Экология в 2-х томах. Москва. Мир, 1986ж.
10.В.А.Радкевич. Экология. Минск. Высшая школа.1997ж.
1. А.В.Чигаркин. Геоэкология Казақстан. Алматы. Санат. 1995ж.
2.А.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаева, Г.З.Сауытбаева, Экология. Алматы. ғылым. 2001ж.
3. А.К.Саданов, З.С.Сванбаева. Экология. Алматы.1999ж.
4. В.А.Алексеенко. Экологическая геохимия. Учебник. М. Логос. 2000ж.
5. Ф.И.Гиренок. Экология. Цивилизация. Ноосфера. М. 1987ж.
6.М.И.Будько. Глобальная экология. М. Мисль. 1997ж.
7.Л. А.Муравей. Экология и безопасность жизнедеятельности. М. ЮНИТИ, 2000ж.
8.Э.В. Гирусов. Экология и экономика природопользования. М. ЮНИТИ, 1998ж.
9. Г.С.Оспанова, Г.Т. Бозшатаева.Экология.Алматы .Экономика.2002ж.
Лекция № 4
Тақырыбы: Дарақ экологиясы – аутэкология
Жоспар:
Организм және оның тіршілік жағдайлары.
Экологиялық факторлар және олардың жүйесі
Аутэкология – жеке организмдер (особь) арасындағы қарым-қатынастар ды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Яғни, жеке организмдерге табиғат факторлары қалай әсер етеді, оған организм қалай
жауап береді, организмдегі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер туралы мәселелер қарастырылады. Одан әрі зерттеулер тереңдетіліп келуде.
Ботаникалық факторлар
Ботаникалық фактор дегеніміз – даралар мен пуляциялар арасындағы өзара әсерлердің түрлері. Ботаникалық факторлардың екі тобы белгілі түрішілік (бірдей) және түраралық (әр түрлі).
Бірігіп тіршілік ету кезінде өмір сүру қабілетінің артуына әкелетін физиологиялық процестердің тиімділігін “топтық эффект” деп атайды. Ол жеке дараның өзінің түріне жататын дараның қасында болуына психико – физиологиялық реакциясы түрінде көрінеді. Мысалы қой жеке болса тамыр соғуы, тыныс алуы жиілейді, ал жақындап келе жатқан үйірді көргенде бұл процестер қалпына келеді.
Көгершіндердің кейбір түрлері егер басқа құстарды көрмесе жұмыртқа салмайды.
Топтық эффект жеке тіршілік ететін түрлерде байқалмайды. Егер мұндай жануарларды бірге тұруға мәжбүр етсе, олардың көптеген көрсеткіштері қалыпты шамадан ауытқиды, Мысалы құлақты кірпілерді, топта ұстаса жеке кірпімен салыстырғанда 134% -ке оттегін көп пайдаланады.
әрбір жануарлардың түрі бойынша түрдің оптималды мөлшері мен популяцияның оптималды тығыздығы болады (олли принципі).
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Негізгі:
1.А.К.Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, ғылым.1997ж.
2.Е.Мамбетказиев. қ.Сыбанбеков. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Аматы қайнар.1990ж.
3. Жамалбеков Е. ү., Білдебаев Р. М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. А. қазақ университеті 2001 ж.
қосымша:
4.А.Б.Бигалиев, Е.У.Джамалбеков. қазақстан топырақ экологиясы. Алматы. 1998ж.
5.Г.К. Сагимбаев. Экология и экономика. Алматы. 1997ж.
6.И.А.Шилов. Экология. Москва. Высшая школа. 2000ж.
7. А.А.Грелова. Экология. Москва. 1997ж.
8.В.И.Фурсов.Экологические проблемы окружающей среды. Алматы. 1991ж.
9.Ю.М.Одум. Экология в 2-х томах. Москва. Мир, 1986ж.
10.В.А.Радкевич. Экология. Минск. Высшая школа.1997ж.
1. А.В.Чигаркин. Геоэкология Казақстан. Алматы. Санат. 1995ж.
2.А.С.Бейсенова, Ж.Б.Шілдебаева, Г.З.Сауытбаева, Экология. Алматы. ғылым. 2001ж.
3. А.К.Саданов, З.С.Сванбаева. Экология. Алматы.1999ж.
4. В.А.Алексеенко. Экологическая геохимия. Учебник. М. Логос. 2000ж.
5. Ф.И.Гиренок. Экология. Цивилизация. Ноосфера. М. 1987ж.
6.М.И.Будько. Глобальная экология. М. Мисль. 1997ж.
7.Л. А.Муравей. Экология и безопасность жизнедеятельности. М. ЮНИТИ, 2000ж.
8.Э.В. Гирусов. Экология и экономика природопользования. М. ЮНИТИ, 1998ж.
9. Г.С.Оспанова, Г.Т. Бозшатаева.Экология.Алматы .Экономика.2002ж.
Лекция № 5
Тақырыбы: Популяциялық экология – демэкология.
Жоспар:
Популяцияның негізгі қасиеттері мен түсініктері.
Биотикалық факторлар
Бәсекелестік ығыстыру ережелері.
Популяция дегеніміз – бір бірімен өзара қарым – қатынаста болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы. С.С. Шварцтың анықтамасы бойынша: популяция бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы. Популяция ұғымын латын тілінен аударғанда халық тұрғындар деген мағына береді.
Кез келген популяция төмендегі қасиеттермен сипатталады:
Популяция саны берілген территория немесе көлем бірлігіндегі даралардың жалпы саны. Ол еш уақытта тұрақты болмайды және ол көбею мен өнімнің интенсивтілігінің қатынасына байланысты.
Популяцияның тығыздығы популяция алып жатқан аудан немесе көлем бірлігіне шаққандағы даралар санымен анықталады. Мысалы ағаштың 150 түбінің 1 гектарда өсуі осы популяцияның тығыздығын сипаттайды.
|
Туылу – көбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа даралар саны. Тір ағзаларға көбеюге деген мүмкіндік берілген.
өлім – белгілі бір кезеңде өлген даралардың саны.
Популяцияның өсімі – туылу мен өлімнің арасындағы айырма: өсім оң немесе теріс болуы мүмкін.
Популяцияның жыныстық және жастық құрамы. Жыныстық құрылым популяциядағы жыныстардың қатынасын көрсетеді. Аталықтар мен аналықтардың жасы және жыныстық жетілу жағдайлары популяция санын ұстап тұруға әсер етеді.
Популяция санының динамикасы. Популяцияның саны негізінен бір – біріне қарама – қарсы екі құбылыспен анықталады – туу және өлім. Популяциядағы даралар санының көбею процесі теориялық жағынан алғанда шексіз өсуге қабілетті – биотикалық потенциал (А) бірақ қоршаған орта жағдайлары бұл өсуді шектейді, іс жүзіндегі өсу логистикалық қисықпен (Б) сипатталады. Теориялық және іс-жүзіндегі өсудің арасындағы айырмашылық ортаның қарсылығын сипаттайды.
Бәсекелестік. Азық, өмір сүру ортасы және басқа қажетті жағдайлар үшін болатын даралар арасындағы кері әсерлер. Мысалы түраралық бәсекелестікке сілеусін мен росомаха арасындағы азық үшін бәсекелестікті айтуға болады. Бәсекелестік тікелей немесе жанама болуы мүмкін.
Тікелей бәсекестік даралардың бір – бірімен агрессивті шекісіп қалуы немесе өсімдіктер мен микроорганизмдердің улы заттарды бөліп шығаруы арқылы көрінеді.
Жанама бәсекелестік кезінде даралар арасында тікелей өзара әсер болмайды. Ол аралық звено – әр түрлі жануарлардың бір ресурспен қоректенуі, ал ол ресурс шектеуші фактор болуы арқылы жүзеге асады. Тіршілік процесінде көптеген өсімдіктер, жануарлармен микроорганизмдер қоршаған ортаға газ тәріздес, сұйық және қатты заттарды бөліп шығарады. Мысалы, бидайық пен арамшөптер мәдени өсімдіктердің, жаңғақ пен емен өздері бөліп шығарған заттармен шөптесін өсімдіктердің өсуін тежейді
Симбиоз (селбесу) дегеніміз – әр түрге жататын даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Жануарлардағы симбиозға мысал – шаян мен актинияның бірігіп тіршілік етуі жатады. Актиния шаянның арқасында бекініп оны атпа жасушаларының көмегімен қорғайды, ал актиния шаяннан қалған тамаққалдықтарымен қоректенеді және оны қозғалыс құралы ретінде пайдаланады.
әріптестік бірігіп тіршілік ету. Мысалы, құстардың бірнеше түрінің бірігіп ұя салуы, тырна мен крачка, олардың бірігіп өмір сүруі жауларынан қорғануды жеңілдетеді.