
- •5.Тозандану
- •6. Даражарнақты өсімдіктер
- •8.Қосжарнақты өсімдіктер
- •9. Көкнәрлар тұқымдасы(маковые)
- •12. Клеткалық теория
- •13. Алғ және жаб тканьдер
- •15. Өсімдіктердің көбеюі.
- •19.Эндоплазмалық ретикулум
- •20. Қабықтұқымдылар
- •33. Вегетативтік органдар
- •35 Қоңыр балдырлар
- •40.Тамыр құрылысы
- •51 Астық тұқымдасы
- •54.Ерінгүлділер тұқымдас өсімдіктердің ортақ белгілер
- •65 Саңырауқұлақтар
- •75 Астралар тұқымдасы
- •78 Күрделі гүлділер тұқымдасы
- •82. Тундра аим өсім құр
- •84. Мегаспорогенез.
- •85. Ботаника өсім тур ғылым
- •87. Лалагүл
- •88. Микроскоп
- •89. Алғ және жаб тканьдер
- •90. Ботаника пән өсім үшін маңызы
19.Эндоплазмалық ретикулум
Эндоплазмалық ретикулум (ЭР) – цистерна және түтікше тәрізді құрылымдардың күрделі желісі.Ол жануарлардың клеткасының ішкі көлемінің едәуір бөлігін қамтиді.Негізгі ролі – ақуыздар биосинтездендірілетін орын, олар содан кейін шығарылады және лизосомаларға не плазмалық мембранаға кіреді.Клетка үшін қауіп туғызатын гидролиздік ферменттер ЭР-да процессингке ұшырайды. ЭР-мен рибосомалар қатынаста /бұжырлы ЭР/. Құрамына рибосомалар кірмейтін, ЭР-ның облыстары майда ЭР болып аталады.Мұнда стеролдардың биосинтезі, детоксикация және май қышқылдардың денатурациясы жүзеге асырылады. Бұл процестер b5 және Р450 цитохромдардың қатысуымен жүретін, электрондардың алмасуының жүйесіне кіреді
Цитоплазманыңнегізгіқұрамдасбөлігініңбірі — эндоплазмалықтор. 1948 жылыПортер, т.б. электрондықмикроскопарқылыәртүрліжасушалардықарапотырып, цитоплазмада шоғырланған жұқа торды тапқан әрі оны эндоплазмалық mop депатаған. Кейін эндоплазмалық тор өзара байланысқан цистерналар, көпіршік және ультрамикроскоптық өзекшелер жүйесінен тұратыны күрделі мембраналар жүйесі екені анықталды. Барлық әукариот жасушаларының цитоплазмасы күрделі мембраналар жүйесімен қоршалған. Әсіресе эндоплазмалық тор өзекшелері зат алмасуы қарқынды жүрек жасушаларда көп болады. Бүл өзекшелердің мембраналарында жасушаның тіршілігін қамтамасыз ететін көптеген ферменттер орналасқан. Эндоплазмалық тордың мембраналарының екі түрі болады: тегіс жөне түйіршікті. Тегіс эндоплазмалық тордың мембраналарында көмірсулар мен майдың алмасуына қатысатын ферменттер жүйесі бар. Тегіс эндоплазмалық тор мембраналары тер безі жасушаларында, бауыр жасушаларында (гликоген синтезі), қоректік заттарға бай жасушаларда (өсімдік тұқымы) көп болады. Түйіршікті эндоплазмалық тордың басты қызметі — мембранаға бекінген рибосомаларда жүзеге асатын нәруыз синтезі. Әсіресе түйіршікті мембраналар без жасушалары мен жүйке жасушаларында көп. Тордың өзекшелері бойымен мембранада синтезделген заттар орын алмастырады. Эндоплазмалық тор мембраналарының тағы да бір атқаратын қызметі — ол белгілі бір реттілікпен биохимиялық реакцияға қатысу үшін қажетті ферменттер жүйесінің кеңістіктегі бөлінуін қамтамасыз етуі. Сонымен, эндоплазмалық тор — жалпы жасушаішілік айналмалы жүйе. Оның өзекшелері бойымен заттар синтезделіп, жасуша ішінде бір жасушадан екінші жасушаға тасымалданады.
Рибосома (лат. rіbes — ағыс және грек. some — дене) — ақуыз синтезін жүзеге асыратын жасуша-ішілік органоид. Рибосомалар - екі орташа: үлкен және кіші өлшем бірлігінен тұрады. Нәруыздар биосинтезін (нәруызда аминқышқылдарды қосады) іске асырады.Рибосома тірі организмдердің барлығынан дерлік табылған.Әр жасушада шамамен 1000-нан 10000-ға дейін Рибосомалар болады. Шамамен диам. 20 нм-дей. Рибосомалар екі класқа бөлінеді: 70S және 80S (S-седиментация коэфф., Сведберг бірлігі). 70S Рибосома ядросы жоқ прокариоттар жасушаларында, ал 80S Р-лар эукариоттардың цитоплазмасында болады. Химиялық құрамы жағынан Р-лар РНІ-нан және ақуыздардан тұратын нуклеопротеид болып саналады. 70SBoldtext Рибосомасының 60 — 65%-ы РНҚ және 35 — 40%-ы ақуыздан, ал 80S Рибосомасының 50%-ы РНҚ-дан, 50%-ы ақуыздан құралады. Құрылымы жағынан Рибосомалар үлкен және кіші суббөліктерден тұрады. Олар жасуша цитоплазмасындағы Mg иондарының концентрациясына байланысты диссоциацияланып (молек. ыдырауы) және реассоциацияланып (молекулалардың қайта бірігуі) отырады. Рибосомалар жасушада ақуыз синтезіне қатысатын құраушыларды ұстап тұру, оларды бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарады. Рибосомалар цитоплазмада топтасып (5-70-тен) орналасып, полисомалар (полирибосома) түзеді. Рибонуклеопротеидтен құралған (протеин пен РНҚ) рибосомалар жасуша цитоплазмасында базофилді боялады, олардың құрамында ферменттер де кездеседі. Рибосома митохондриялар құрамында да болады. Бос рибосомалар жасушаның өзіне керекті протеиндерді, ал эндоплазмалық тор қабырғасындағы рибосомалар жасушадан сыртқа шығарылатын протеиндерді түзуге қатысады. 1943 жылы америкалық ғалым А. Клод "центрифугадан шыққан заттарды" қарап отырып, нуклеин қышқылдарына бай бөлшектерді тауып, оларды "микросомалар" деп атады. Кейін құрамында РНҚ-ның көп мелшерде болуына байланысты бұл бөлшектерді рибосомалар деп атаған.Рибосомалар ядродан алынатын генетикалық ақпаратты жүзеге асыруда үлкен рөл аткарады.Олар диаметрі 15—35 нм сфера тәрізд.