
- •5.Тозандану
- •6. Даражарнақты өсімдіктер
- •8.Қосжарнақты өсімдіктер
- •9. Көкнәрлар тұқымдасы(маковые)
- •12. Клеткалық теория
- •13. Алғ және жаб тканьдер
- •15. Өсімдіктердің көбеюі.
- •19.Эндоплазмалық ретикулум
- •20. Қабықтұқымдылар
- •33. Вегетативтік органдар
- •35 Қоңыр балдырлар
- •40.Тамыр құрылысы
- •51 Астық тұқымдасы
- •54.Ерінгүлділер тұқымдас өсімдіктердің ортақ белгілер
- •65 Саңырауқұлақтар
- •75 Астралар тұқымдасы
- •78 Күрделі гүлділер тұқымдасы
- •82. Тундра аим өсім құр
- •84. Мегаспорогенез.
- •85. Ботаника өсім тур ғылым
- •87. Лалагүл
- •88. Микроскоп
- •89. Алғ және жаб тканьдер
- •90. Ботаника пән өсім үшін маңызы
9. Көкнәрлар тұқымдасы(маковые)
450-дей түрлері бар,28-30 туыс.Әдетте шөптесін өсімдіктер,кішігірім ағаштары мен бұталары да болады.Солтүстік ендіктің тропикалық,субтропикалық,қоңырдай климатты облыстарында өседі.Жапырақтары кезектесіп орналасады,шеттері тілімделген,қосалқы жапырақшалары жоқ болып келеді.Ішінде шырындаржиналатын қапшық тәрізді клеткаларымен бунақты шайыр жолдары болады.Құрамында әртүрлі алколоидтары бар,әсіресе морфин,кодеин,пантопин ж/е т.б апиыны бар сүтті шырындар болады(қызыл,сары,ақ түсті).Гүлдері қос жынысты,көп жағдайда актиморфты,сиректеу зигоморфты болып келеді.Тостағаншасы гүлдеудің бастапқы кездерінде-ақ түсіп қалып отыратын 2 тостағанша жапырақшадан,күлтесі 4 дұрыс қатпарланбаған күлтежапырақшадан тұрады,кейде соңғысының саны 12-ге жетеді.Андроцейі көптеген шеңбердің ж/е спиральдің бойымен бос орналасқан аталықтардан тұрады.Олардың саны 4-тен н/е 6-12-ден аспайды.Гинецейі ценокарпты,екі н/е бірнеше жеміс-жапырақшалардан тұрады.Гүл түйіні жоғарғы,2 н/е көп ұялы болып келеді,аналықтың аузы барлық уақытта отырмалы.Гүлдері үлкен,бояуы қанық,біреуден н/е симподиальды гүлі аз болып келетін гүлшоғырынан тұрады.Жемісі қорапша.
Крестгүлділер н/е капустагүлділер.
Крестгүлділер жер бетінде құрлықтардың барлығында,әсіресе қоңыржай,суық климатты облыстарда,тіпті Арктикаға дейін кең тараған.Түрлерінің саны 3 мыңдай,туыс 350.Өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер,бұталары да кездеседі.Қалыпты жағдайжа жапырақтары кезектесіп орналасқан,жапырақтақталары тұтас н/е тілімделген,қосалқы жапырақшалары жоқ өсімдіктер.Бұларда глюкозидтер жиналады,олар ыдырағанда қыша майы(гарчичное)түзіледі.Гүлдерінің құрылысы біртектес,гүластыжапырағы мен гүластыжапырақшасы болмайды.Гүлшоғыры шашақ н/е сыпырғы тәрізді.Гүлдері актиноморфты,қосжынысты,гүл серігі қосарланған болып келеді.Тостағаншасы екі қатар шеңбер түзіп орналасқан 4 тостағанша жапырақшадан,күлтесі 4 култежапырақшадан(бірақ 1 ғана шеңбер түзеді) тұрады.Андроцейі екі шеңбер түзіп орналасатын 6 аталықтан тұрады.Оның 4 ішкі шеңбер(ұзые),2 сыртқы (қысқа) шеңберді түзеді.Гинецейіценокарпты,2 жеміс жапырақшадан тұрады.Жатыны жоғарғы екі жалған перделерінің болуына байлн. 2 ұялы болып келеді.Аналықтың мойны жоғарғы жағында екі жақтауы аналықтың аузымен ұштасады,кейде аналықтың басы шоқпарбас болып келеді болып келеді.
Жемісі бұршақпен,кейде бұршаққы,екі жақтауы арқылы қақырап ашылады.Жалған пердеден төменнен жоғарыға қарай қақырауы арқылы айқын ажыратылады.Кейбір түрлерінің жемісі қақырамайтын көпдәнді н/е бірдәнді,бунақты бұршаққын,қанатша болып келеді.Дәндерінің эндоспері болмайды.
10.Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфирмайлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.[1]
Өсімдіктерде болатын биологиялық белсенді заттар эртүрлі органикалық қосылыстарға енеді. Олар — алколоидтар, гликозидтер, сапониндер, эфир жэне шыны майлары, органикалық қышқылдар, витаминдер, фитонциндер, т.б.
Эфир майлары — күрделі әртүрлі үшпамай қосылыстары, өткір иісті зат. Шыны майлардан ерекшелігі матада және қағазда майдың іздері қалмайды. Дүние жүзінде 2500 эфир майлы өсімдіктер бар. Олар өсімдіктің эртүрлі мүшелерінде: гүлінде, жапырағында, жемісінде, кейде жерасты мүшелерінде болады. Өсімдіктің вегетациялық дамуы барысында эфир майларының қасиеті мен иісі өзгеріп отырады. Мысалы, кориандрдың піспеген жемісіне жағымсыз иіс тэн болса, піскеннен кейін иісі өте жағымды болады, сондықтан тамақ өнеркэсібінде кең қолданады. Өсімдіктегі оның мөлшері 0,001%-тен 20%-ке дейін өзгеріп отырады. Оны су буымен айдау немесе экстракция эдісімен бөліп алады. Олар спиртте, шыны майда жэне басқа органикалық еріткіштерде ериді. Эфир майының химиялық қүрамы әртүрлі болғандықтан, адам организміне түрлі-түрлі эсерін тигізеді. Микробтарға жэне түйілуге қарсы дэрі, жүрек жүмысын жақсартады, қызуды басады, ас қорыту жолдарында шырын бөлінуін күшейтеді.
Гликозидтер. Өсімдік бөліктерінде болатын күрделі органикалық заттар. Оладың қантты және қантсыз бөліктері бар. Фермент қышқылдар арқылы жэне қайнатқанда қантқа (глюкоза, фруктоза т.б.) жэне қантсыз бөлігіне (агликон) ыдырайды. Таза түрінде кристалл тэрізді ащы зат, суда өте жақсы ериді, бірақ спиртте ерімейді, көбісі улы. Гликозидтермен әртүрлі ауруларды емдеу агликонның химиялық қүрамы мүмкіндігіне байланысты. Қазір жүрек гликозидтерін көп пайдаланып жүр. Сақ болу керек, олар өте улы. Тек дэрігерлер бақылауымен ғана емделген жөн. Гликозидтер табиғатына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Солардың бірі флавоноидтар мен кумариндер.
Флавоноидтар — барлық флаваноидтар негізінен флавон деген қосылысқа жатады. Үшкөміртек үзбелерді байланыстыратын структураға қарай, сонымен бірге оның тотығу дәрежесіне байланысты барлық флавоноидтар бірнеше негізгі топтарға бөлінеді; 1) Катехиндер; 2) Лейкоантоцианидтер; 3) Антоцианидиндер; 4) Флавоноидтар; 5) Флавонолдар-3; 6)Флавондар жэне флавонолдар; 7) Халкондар жэне дигидрохохалкондар; 8) Аурондар; 9) Изофлавондар. Флавоноидтар өздерінше бос күйінде де, немесе гликозидтер түрінде де (катехиндерден басқасы) кездеседі. Көміртекті бөлігі ретінде моно-, ди- жэне трисахаридтер болуы мүмкін. Моносахаридтерден кәдімгі өсімдіктерде болатын қанттар: Д-глюкоза, Д-галактоза, L-рамноза, L- арабиноза болады.
Флавоноидтар деген атпен белгілі өсімдіктер пигменттері класын зерттеу XIX ғасырдың басынан жүргізілді деп айтуға болады. Флавоноидтар қосылыстарына қызығушылық әсіресе ерекше 20ғасырдың 40 жылдарынан басталды. Септ — Дьерди 1936 жылы лимон қабығынан алынған флавоноидтар жиынтығының Р — Витамині белсенділігіндей эсері бар екендігін дэлелдеді. Қазіргі кезде флавоноидтардың фармокологиялық эсері диапазоны өте кең белгілі болды. Әдебиеттердегі мәліметтерден флавоноидтарды жүрек-қан тамырларын емдеуге, ;спазмолитикалық, қабынуға қарсы, микробтарға қарсы дэрілік заттар ретінде пайдалануға болады. Соңғы кезде флавоноидтарды ісікке қарсы да қолдануға болады деген мэліметтер бар. Бірақта флавоноидтардың дэрі-дәрмек ретінде ресми түрде пайдалануы элі шектеулі. Өте жиі флавоноидтарды Гален жэне Жаңа гален препараттары қүрамына кіретіндігі туралы айтылады[19].
Кумариндер өсімдікте таза түрінде немесе гликозидтер қүрамындағы агликонмен қосылыс түзеді. Олар жарыққа сезімтал, тез ыдырайды, суда нашар ериді. Олардың көпшілігі тамыр кеңейткіш, ісікке қарсы қолданылады. Қазіргі уақытта 150 аса кумариндер түрі бөлініп алынды. Кумариндер көбінесе бүршақтүқымдастар, шатыргүлділер түрлерінің тамыры мен жемістерінде болады.
Алкалоидтар — күрделі азотты қосылыстар. Бүл сөз арабша алкали -сілті жэне гректің эйдос — үқсас деген мағына береді. Өсімдік түрлеріне, өскен ортасына, биологиялық даму сатыларына, өсіру жәнС жинау эдістеріне байланысты алкалоидтардың мөлшері де эртүрлі болады. Алкалоидтар суда ерімейді, бірақ түрлі органикалық қышқылдармен тез байланысып, суда ерітінді түзеді. Медицинада алкалоид түздарының судағы ерітіндісі қолданылады. Алкалоидтар дэмі ащы, көпшілігі улы, күшті эсер еткіш дэрілік заттар тобына жатады. Фармакологиялық эсері өте көп.
Шайыр — күрделі химиялық қосылыс, жабысқақ, суда ерімейтін, әртүрлі иісті зат. Сұйық шайырды бальзам деп атайды. Өсімдікте шайыр шайыр жолдарында болады. Егер өсімдіктің сыртқы қабаты жарақаттанса, шайыр толық жауып, кеуіп қалудан жэне микроб түсуден қорғайды. Шайыр қылқанжапырақтыларда, қайыңның бүрі мен жапырағында, алоэ да кездеседі. Медицинада оларды бактерияға қарсы, ал түндырмасы ішкі органдырға пайдаланады. Қарағайдан алынған шайыр медицинада кең қолданылатын «клеол» пластырь қүрамына кіреді. Ежелгі Египетте ладаң, мирра, канифоль сияқты шайыр заттарын өлген адамды бальзамдау үшін қолданған. Бірі сүргі ретінде, екіншісі жараларды емдеуге, үшіншісі несеп айдауға дәрі ретінде қолданылады.
Шыны майлар мен майға үқсас заттар. Глицеринді күрделі эфирлер мен жоғары май қышқылдарының қосылыстары. Май қүрамына қаныққан жэне қанықпаған қышқылдар кіреді. Қаныққан май қышқылдары қүрамында пальмитин, стеарин, миристил жэне лаурин қышқылдары болады. Шыны майы көбінесе өсімдіктің түқымында кездеседі, тек зэйтүн майы етті зэйтүн жемісінен өндіріледі. Шыны майлар суда ерімейді, спирттің суық ортасына қарағанда ыстық ортада тез ериді. Медицинада өсімдік майларын (мазь, кремдер, сабын) теріні жүмсарту үшін кең қолданады. Көпшілік майлар қү-рамындағы қанықпаған қышқылдар қан қүрамындағы холестеринмен байланысып, тез еритін қосылыстар түзеді де, ағзадан шығаруға көмектеседі. Сондықтан шыны майларын «эссенциальды» деп атайды, организмде түзілмейді. Ең бағалы болып жүгері, күнбағыс, зэйтүн майы саналады. Өсімдік майын көп қолданатын Үнді, Қытай, Жапония елдерінде Америка, Европа елдерімен (бүл елдер көбінесе жануарлар майын қолданады) салыстырғанда атеросклероз ауруларына шалдығу біршама томен. Майға үқсас заттарға балауыз, стериндер, камфора кіреді, оларды да дэрі дайындауға қолданады.
Илік заттар — илік заттар барлық өсімдіктер қүрамында кездеседі. Тырыстыратын дэрі қүрамына кіреді, ағзадағы бактериялардың өсуіне кедергі болатын қасиеті бар, эртүрлі суық тигенге, қанның қалпына келу процесіне қатысады.
Ғылыми мэліметтерде илік заттардың антигепатоксикалық, антибактериалық, антимутагендік, эртүрлі саңырауқүлақтарға қарсы сондай-ақ қаннның қалпына келуіне, суық тигенге қарсы белсенділігі бары анықталынған[20]. Сонғы жылдары эртүрлі зерттеулер жүргізу нэтижесінде илік заттардың қатерлі ісікке қарсы, антигипоксиялық, антиоксиданттық, антивирустық, фунгицидтік, бойдың өсуін реттеуші, түмауға, гепатит, СПИД ауруларына қарсы белсенділіктері анықтаЛЫнды. Олардың ішінде ауыл шаруашылығында қолдануға болатын далалық жэне өндірістік сынақтар бойынша өсімдіктерді вирустық аурулардан қорғау, тамыр жемістілерді үзақ сақтау кезінде шіруден сақтау қүралдары, дэнді дақылдардың өсуін реттеуші тиімді, экологиялық таза қүралдары ретінде қарастырған. Сондықтан ғалымдар илік заттары көп кездесетін шикізат көзін іздестіруде[21].
Сапониондер — бүл да гликозидтер, шайқағанда сабынның көбігіндей көбік пайда болады. Латынша «сапо» — сабын. Олар қант пен агликонға бөлінеді. Оны сапогенин деп атайды. Сапгенинді қақырық түсіруге, несеп айдауға, түрлі мүшелердің бекуіне жэне организмнің қызметін жақсартып, қуаттандыруға қолданады.
Витаминдер — латынша «vita» өмір сүруге керекті, биоогиялық белсенді органикалық зат. Организмнің бірқалыпты дұрыс тіршілігіне өте қажет. Олар адам организміне тағаммен бірге енеді. Витаминдер зат алмасу процесіне қатысады, түрлі науқастарға қарсы түрақтылықты қамтамасыз етеді және организмде ферменттер қүруда үлкен маңызы бар.
Қазіргі уақытта 30-дай витаминдер бөлініп алынды, олардың 20-дай түрі адам организмине өсімдіктер тағамымен енеді. Дэрілік өсімдіктер шикізаты -адам организміне керекті витамин алуға өте құнды қайнар бүлақ.
Л витамині — өсімдіктер майы қүрамында кездеседі. Оның жеткіліксіздігі көздің қүргақ көз (ксерофтальм) ауруына шалдықтырады, бетті безеу басады, тері жаралары іріңдегіш келеді, тәбет нашарлйды, адам шаршағыш келеді. Бүл витамин осы ауруға қарсы шипа.
11. Тамыр – жоғарғы сатыдағы өсімдік денесінде түпкілікті кездесетін вегетативтік органдардың бірі. Тамырдың негізгі қызметі - өсімдік денесін топырақта ұстап тұру және онан қоректік заттардың ерітінділерін қабылдау. Сонымен қатар тамырда кейбір органикалық заттар да синтезделеді, қоректік заттардың қоры да жиналады, ол тыныс алу қызметін де атқарады, тамырда фотосинтез процесі де жүруі мүмкін.
Тамырдың өсуі мен бұтақтануы
Тамырдың бой конусында орналасқан өсу нүктесі клеткаларының бөлінуі нәтижесінде, тамыр көбінесе ұшынан өседі. Ондағы клеткалар бөліне келіп, қабаттаса жататын бірнеше гистоген – алғашқы жасаушы ұлпалар түзеді. Ал сол гистоген клеткаларының үздіксіз бөлінуі нәтижесінде өсімдік тамырының бойы әрмен қарай өсе береді. Сонымен, әрбір өсімдік тамырының ұшында, негізінен алғанда үш түрлі – түзуші аймағы, жіктелгіш аймағы, өскіш аймағы болад. Құрлысы күрделі өсімдіктерде тамырдың үш түрі – негізгі тамыр, жанама тамыр және қосалқы тамыр – кездеседі.
Н е г і з г і т а м ы р деп тамырдың ұрықтан өсіп шыққан түрін атайды. өсімдік сабағы мен негізгі тамыр аралығындағы учаскені т а м ы р м о й ы н ы дейді. Ол – сабақтың топыраққа кіре берісіндегі бірден жіңішкеріп кеткен жері. Тамыр мойынынан бастап алғашқы жапыраққа дейінгі, яғни тұқым жарнағына дейінгі, сабақтың бөлігін г и п о к о т и л ь, яғни т ұ қ ы м ж а р н а ғ ы н ы ң а с т ы ң ғ ы қ ы л т а с ы деп атайды.
Негізгі тамыр, өсімдік түріне қарай, әрқилы келеді:
1) кейбір өсімдіктің негізгі тамырының ұш жағы аздап бұтақтанғанымен, жіңішкелігі тамыр мойнынан бастап ұшына дейін біркелкі жіп тәрізді бітеді. Сондықтан мұндай тамырды ж і п т ә р і з д і тамыр деп атайды. Мұндай тамыр, мысалы зығырда болады.
2) Көптеген өсімдік түрлерінің негізгі тамыры онша жетілмейді, немесе бірте- бірте жойылып кетеді, егерде мұндай негізгі тамыр жойылмай өсе берсе, өзінің айналасындағы жанама немесе қосалқы тамырлардан ешбір айырмашылығы болмайды. Тамырдың мұндай түріен ш а ш а қ т а м ы р дейді. Шашақ тамыр көбінесе астық тұқымдас өсімдікке тән болады.
3) Қайсыбір өсімдік түрінің негізгі тамыры өте жақсы жетіледі. Мұндай тамырды б і л е ут а м ы р немесе к і н д і к т а м ы р деп атайды. Бұл кезде негізгі тамыр өзінен шыққан жанама тамырға қарағанда әрі ұзын әрі жуан болады да, білеуленіп көзге бірден түседі. Бұршақ тұқымдас өсімдіктің тамырлары осындай кіндік тамырға жатады.4)Бірнеше өсімдік түрлерінің негізгі тамырларының клеткаларына қоректік заттар жиналып, жуандап түрін өзгертеді және сыртқы пішіні кәдімгі тамырға мүлде ұқсамайды. Сырт жағынан қарағанда не шалқан тәрізді (қызылша, шалғам, т.б) не биемшек тәрізденіп кетеді ( сәбіз, шалқан, шомыр, биемшек, т.б)
Ж а н а м а т а м ы р. Негізгі тамырдың перицикл қабатынан өсіп бұтақтанып, жанама тамыр шығады. Жанама тамырлар бой конусына таяу жерден пайда болып алғашқы қабықпен эпиблема астында көміліп жатады, біртіндеп соңынан сыртқа шығады. Осы жолмен пайда болған жанама тамырлар алғашында негізгі тамырмен жарыса жатады, біраздан соң оның ұшы топыраққа еніп бұрынғы бағытын өзгертіп, көлбеп кетеді. Әлгі бой конусына таяу жердегі перициклден пайда бола бастаған жанама тамыр ұшы алғашқы қабықпен эпиблеманы үңгіп сыртқа шыққанша, оның ұшындағы өскіш бөлімі алға қарай ұзарыпта үлгереді. Сонымен алғашқы жанама тамыр сыртқа шыққанша негізгі тамырдың ұшы оншақты см ға жетеді. Жанама тамырлар акропетальды жолмен пайда болып отырады. Тамыр ұшының қаншалықты жіңішке болуына қарай оймақша да соншалықты кіші; лупа немесе микроскоппен қарамаса, көзбен жай қарағанда әрен ілігеді. Суда өсетін балық қоты жәнге басқаларда оймақша болмайды бірақ бұлардың тамыр ұшын сыртынан қаптап тұратын жұп – жұқа қалташығы болады. Қалташықтың маңызы толық зерттеліп біткен жоқ. әйтседе кейбір ғалымдардың жорамалы бойынша, қалтаның маңызы тамыр ұшындағы тірі клеткаларды судың сілтілік әсерінен, оларнды ұсақ жәндіктердің зақымдауынан қорғау болу керек. Тамыр оймақшасының өне бойы түлеп отыратын сыртқы клеткалары мен калитпроген арасында орналасқан тірі паренхималардың ішінде ұсақ-ұсақ крахмал дәндері болады, оларды с а қ т а у л ы к р а х м а л деп атайды. Тамыр аймақтары. Жас тамырдың морфологиялық және анатомиялық түзілісі бірдей болмайды. Бірақ сыртқы, ішкі құрылыстары жағынан өз ара айырмашылықтары болады. Осы тұрғыдан алғашқы жас тамыр үш аймаққа – мөлдір аймағы, сору аймағы және қоңырқай аймағы болып бөлінеді Тамырдың бой конусынан бастап оның түктенген бөліміне дейінгі аралықты мөлдір аймақ деп атайды. Жас тамырдың түктеніп тұрған бөлігін сору аймағы дейді. Осы түктері арқылы тамыр айналасындағы топырақтан суды және онда еріп жүрген минерал тұздарды және басқа да қоректік заттар ерітінділерін өзіне қарай слорып алады. Тамыр түктерінен кейінгі сабаққа қарай орналасқан тамыр деңгейі қ о ң ы р қ а й а й м а қ деп аталады.
Тамыр системасы. Бір өсімдіктің тамырлар жиынтығын тамыр системасы деп атайды. Тұқымнан өсіп шыққан негізгі тамырды және одан пайда болған жанама тамырларды ұрықтық тамыр системасы деп немесе алғашқы тамыр системасы дейді, ал жапырақтан және сабақтан пайда болған түрлерін қосалқы тамыр системасы деп атайды.
Э п и б л е м а – жас тамырдың сыртын қаптап жатқан бір қабат өң. Мұның клетка қабықшалары онша қалыңдамаған және күрделі қант – амилоидтан тұрады. Амилойд өз ішіне қарай топырақтағы су және онда еріген минералды тұздарды сорып, жоғары ағыс жолына қарай өтуге мүмкіндік береді.Тамыр түктері түлеп түскеннен кейін, оның астынан э к з о д е р м а қабаты пайда болады. Бұл қабаттың барлық клетка қабықшаларынан суберин сіңіп, соның салдарынан олар тозданады да, қорғаныштық қызметін атқара бастайды. Алғашқы қабық клеткаларының бәрі де домалақтау келген паренхималық клеткалар Алғашқы тамырдың ішкі құрлысы негізінен алғанда бір беткей кілең паренхималық клеткалардан тұрады. Бұлардың астында жатқан бір қабат бөлімін э н д о д е р м а деп атайды.
Эндодерманың сосуд-талшық шоғының ксилема сәулелеріне таяу жатқан жеріндегі кейбір клеткаларының қабықшалары барлық жағынан бірдей қалыңдамайды. Оларды өткізгіш клеткалар деп атайды. Сол клеткалар арқылы су және ондағы минерал заттардың ерітіндісі орталық цилиндрдегі ксилемма элементтеріне оңай өте алады. Орталық цилиндрдің ең сыртқы қабаты п е р и ц и к л деп аталады. Перицикл клеткаларының бөлінуі арқылы, бұдан жанама тамырлар өсіп шығады; сондықтан да мұны кейде перикамбидий деп те атайды. Шеңберлік камбий клеткалары ішкі өзек жағына қарай ксилема, сыртына – флоема элементтерін бөліп шығарады. Бұл – тамырдың анатомиялық соң,ы құрлысына жатады. Тамырдың қызметі. Тамыр арқылы өсімдіктер өзіне керекті суды және ондағы еріген азотты және азотсыз минерал заттарды вегетациялық дәуірі ішінде үздіксіз қабылдап отырады.