Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
botanika_1-10.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
274.41 Кб
Скачать

87. Лалагүл

Лалагүл тұқымдасы (Lіlіaceac) — дара жарнақтыларға жататын көп жылдық түйнек жуашықты, кейде тамырсабақты шөптесін, бұташық өсімдіктер. Еуразия, Африка, Америка құрлықтарының далалы, таулы аймақтарында өсетін 3 мыңға жуық түрінің Қазақстанда 21 туысы мен 196 түрі кездеседі. Гүлсидам сабақтары жапырақты, кейде жапырақсыз. Жапырақтары қандауыр, таспа, жүрек пішінді, сағақты, бүтін жиекті. Ірі және ұсақ гүлдері қос жынысты, жеке жетіледі, кейде гүлшоғыры сыпыртқы гүлшоғырына топтанған. Жемісі — қорапша кейде жидек. ұсақ тұқымдары шашылу арқылы, кейбіреулері жел, құмырсқа арқылы таралады. Қазақстанда көбірек кездесетін және маңызды туысы — жуа (Allіum). Олар — көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жуаның 108 түрі далалық шөл, шөлейт жерлерде, әсіресе, таулы аймақтарда өседі. Сабағы қуыс, кейде бітік, оның ұшында көп гүлді, шатыр тәрізді гүлшоғырлары бар. Жапырағы тұтас қынапты, сабағын орап тұрады. Гүлі майда, ақ, қызғылт сары, жасыл, т.б. түсті. Жемісі — үш қырлы қауашақ. Баданалары домалақ, кейде сопақша. Жуаның сирек кездесетін 9 түрі (мысылы, Піскем жуасы, түпті жуа, Сергей жуасы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Лалагүл тұқымдасы мал азықтық, тағамдық, дәрілік өсімдіктер ретінде де бағаланады. Ерте заманнан бері ерекше сәнді әсемдік өсімдіктер (лалагүл, қызғалдақ, қынжыгүл, т.б.) есебінде мәдени түрде өсіріліп келеді.

Тамыры - тамырсабақ, түйнекті пиязшық немесе пиязшық. Қандауыр немесе таспа пішінді жапырақтары болады.

Гүлі - қосжынысты, шашақ гүлшоғырына жиналады, ірі гүлдері жеке орналасады. Гүл серігінде 6 күлте жапырақша бар, олар екі шеңберле орналасады. Аталығы - 6, бұлар да екі шеңберлі. Аналығы - 1. Жемісі - қауашақ немесе жидек. Өсімдік бунақденелілер арқылы тозаңданады. Гүл формуласы: Гс3+3А3+3Ж(3) (қазжуаның формуласы).

Галамшарымызда лалагүлділер тұқымдасының 1 300-ге жуық түрі өседі. Қазақстанда 57 түрі кездеседі. Лалагүлділердің шаруашылық, медициналық маңызы зор. Лапыз, тамырдәрі, қырлышөп дәрілік өсімдіктерге жатады. Сәндік өсімдіктер: секпілгүл, сумбілшаш, қызғалдақ (нақты атауы - жауқазын) ауламызда көздің жауын алады.

Шырыш (эромурус) техникалық өсімдік болып саналады. Дәрілік өсімдіктердің көпшілігі улы өсімдіктер. Бал беретін өсімдіктер қаншама десеңдерші?! Бөлмеле өсірілетін: кірпішөп өздеріңе таныс та болар. Сирек кездесетін түрлері де бар. Қазақстан Қызыл кітабына лалагүлділердің 14 түрі тіркелген. Демек Қызыл кітапқа тіркелген гүлдерге ерекше қарап, оларды қорғау - сендердің де міндеттерің.

88. Микроскоп

Микроскоп (грек. mіkros – ұсақ және skopeo – көремін) – жай көзге көрінбейтін нысандардың (немесе олардың құрылымдық бөліктерінің) бірнеше есе үлкейтілген кескінін алатын оптикалық прибор. Микроскоп бактериялар, органикалық клеткалар, майда кристалдар, қорытпалардың құрылымы, т.б. өлшемдері көздің көру мүмкіндігінен аз (ажыратқыш шамасы 0,1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге арналған. Микронысандардың пішінін, өлшемін, құрылымын, т.б. сипаттамаларын анықтауға, элементтерінің ара қашықтығы 0,2 мкм-ге дейінгі құрылымдарды ажыратып көруге мүмкіндік береді. Линзаның немесе екі линзадан тұратын жүйенің заттардың үлкейтілген кескінін беретін қасиеттері 16 ғасырдың өзінде белгілі болған. Микроскопты алғаш рет ғылыми - зерттеу жұмыстарына қолдану ісі жануарлар тіні мен өсімдік ұлпаларының клеткалық құрылысын анықтаған (1665) ағылшын ғалымы Р.Гук және Микроскоптың жәрдемімен микроорганизмдерді ашқан (1673 – 77) голланд ғалымы А.Левенгук есімдерімен байланысты. 1872 – 73 жылы неміс ғалымы Э.Аббе жасаған Микроскопта өздігінен сәуле шығармайтын нысандар кескінінің түзілу теориясы әр түрлі микроскопты зерттеу әдістерінің дамуына зор ықпал етті.

Микроскоптың құрылысы:оптикалық, механикалық, жарық қабылдайтын бөліктерден тұрады.

Оптикалық бөліміне окуляр және объектив жатады. Бұлар микроскоптың ең басты бөлімі болып табылады және күрделі линзалар жүйелерінен құралған. Окуляр дегеніміз зерттеушінің көзіне бағытталған үлкейтіп көрсететін бірнеше линза. Окуляр 5,7,10,15 есе үлкейтіп көрсетеді. Объектив дегеніміз объектіге немесе зерттейтін затқа бағытталған линзалар жүйесі. Объектив 8,20,40,90 есе үлкейтіп көрсетеді.

Микроскоптың механикалық бөлімі оптикалық және жарық бөлімдерін байланыстырып тұрады. Механикалық бөлімдеріне штатив, тубус, макровинт, препарат қоятын орындық, револьвер, конденсор винті жатады.

Микроскоптың жарық қабылдайтын бөлімдеріне айна мен конденсор жатады. Айна микроскоп штативінің төменгі тұсындла орналасқан. Ол жарық сәулелерін зерттейтін объектіге бағыттайды. Айна бір жағы ойыс, екінші жағы тегіс болады. Конденсор айнадан түсетін жарықты шоғырландырып, зерттейтін затқа түсіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]