
- •5.Тозандану
- •6. Даражарнақты өсімдіктер
- •8.Қосжарнақты өсімдіктер
- •9. Көкнәрлар тұқымдасы(маковые)
- •12. Клеткалық теория
- •13. Алғ және жаб тканьдер
- •15. Өсімдіктердің көбеюі.
- •19.Эндоплазмалық ретикулум
- •20. Қабықтұқымдылар
- •33. Вегетативтік органдар
- •35 Қоңыр балдырлар
- •40.Тамыр құрылысы
- •51 Астық тұқымдасы
- •54.Ерінгүлділер тұқымдас өсімдіктердің ортақ белгілер
- •65 Саңырауқұлақтар
- •75 Астралар тұқымдасы
- •78 Күрделі гүлділер тұқымдасы
- •82. Тундра аим өсім құр
- •84. Мегаспорогенез.
- •85. Ботаника өсім тур ғылым
- •87. Лалагүл
- •88. Микроскоп
- •89. Алғ және жаб тканьдер
- •90. Ботаника пән өсім үшін маңызы
82. Тундра аим өсім құр
Тундра – оның негізгі белгісі орманның болмауы. өсімдіктер денесі астық тұқымдастықтар дан, қияр шағын ағашты өсімдіктерден тұрады. . Топырағы қышқыл, қоректік заттарға кедей. Жұқа өсімдіктер жабыны оңай бұзылады және өте баяу қалпына келеді.
Тундрада жануарлардың тіршілік ету аймағы негізінен топырақ-жабын, жер беті және бұталы белдеуден құралады. Белсенділігі жылы болатын 3-4 аймен шектеледі. Қолайсыз кезеңді омыртқасыз жануарлар анабиоз жағдайында өткізеді, кейбір жануарлар қысқы ұйқыға кетеді, кейбіреулері миграция (құстар, сүтқоректілер) жасайды. Тундра жануарлары жыл бойғы санының күрт ауытқуымен сипатталады. Бұл табиғат жағдайларының көпжылдық циклдері мен өсімдік және жануар текті қоректердің қорының ауытқуына байланысты болады.
Көптеген тундраның гүлді өсімдіктері анемофильді, яғни желмен тозаңданады. Бірақ бунақденелілермен тозаңданатын да бар. Мысалы, түкті аралардың дене температурасы 40 ?С, гомойотермді деуге болады.
Жыл бойы жасыл өсімдіктермен ұсақ кемірушілер – леммингтер мен дала тышқандары қоректенеді. Плеарктикалық тундраның батыс секторында Норвегия леммингі мекендейді, ал одан әрі оны шығысқа қарай сібір леммингі алмастырады.
Таулы тундарының Еуразиялық солтүстік шығысында және Солтүстік Американың солтүстік батысында қыста ұйқыға кететін тиіндер тұқымдасына жататын кемірушілер – суырлар мен сарышұнақтар кездеседі.
Тундрада жасыл массамен құстар қоректенеді. Ақ құр және тундра құры жазғы қоңыр қауырсындарын қыста аққа ауыстырады. Жапырықтармен, бүршіктермен, жидектермен қоректенеді.
Тундра құстарының көпшігі жыл құстары. Қаз тәрізділер негізінен өсімдіктермен қоректенеді. Аққулардан - тундрада кіші аққу немесе тундра аққу-қаздардан – ақмаңдайлы қаз және шиқылдаққаз, казаркалардан – қара және канада казаркалары кездеседі.
Құстардың ішінде шүрілдіктердің 2 түрі, татреннің 3 тіршілік етеді. Олар бунақденелілермен және олардың дернәсілдерімен, өрмекшілермен, моллюскалармен, құрттармен, ұсақ шаян тәрізділермен қоретенеді. Тундрада шағала тұқымдасының кейбір өкілдері ұя салады, мысалы қызғылт шағала және айыр-құйрық шағала.
Биік таулы тундралық аймақтарда жасыл қыналар, тал-ішілік, бұталар басым.
83. Өтк ұлпа
Өткізгіш Ұлпалар өсімдік денесінде суды, минералдық, органик. заттарды тасымалдау және органдарды біртұтас жүйеге біріктіру қызметін атқарып, өсімдіктерде түтікті талшықты шоқтарға жинақталады. Сондай-ақ жасушалар жиынтығынан (шірнеліктер, безді талшықтар) немесе дара жасушадан (идиобластар) тұратын секреттік Ұлпалар болады. Ұлпаның сапалық өзгешеліктері жасушадағы гендердің ерекше ырықтылығына негізделген. Ұлпа құрамындағы кез келген жасуша оның геномында тұтас организмнің дамуы жөніндегі ақпарат болатындықтан, бүтін органның немесе организмнің бастамасы бола алады. Бірақ бұл қасиеттің жүзеге асуы фитогормондардың, метаболиттердің және олардың физикалық, химикалық жағдайларының өзара үйлесімдігіне тығыз байланысты. Ұлпаның даму жолдарын зерттеуде жасушаларды іn vіtro жағдайында өсіру арқылы жүргізу ядродағы генетик. бағдарламаны толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ұлпаның пайда болып, дамуын гистогенез, ал бұл процестерді тереңдетіп зерттейтін ілімді — гистология деп атайды. Өсімдіктер Ұлпасын, олардың атқаратын қызметі мен құрылысын өсімдіктер анатомиясы зерттейді..