Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
botanika_1-10.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
274.41 Кб
Скачать

51 Астық тұқымдасы

Астық тұқымдасы , қоңырбастылар (Gramіnedаe, Poaceaе) – дара жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шарында кең тараған. 650-дей туысы, 10 мыңнан аса түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарына тараған 83 туысы, 418 түрі бар. Астық тұқымдасының тамырлары шашақты келеді, ал сабағы жұмыр, іші қуыс, бунақтармен бөлінген. Кейбіреуінің буын аралықтары жұмсақ ұлпалы (мыс., қант қамысы, жүгері, т.б.). Сабақтарының ұзындығы 1 – 2 см-ден 30 – 40 м-ге дейін, ал жуандығы 0,5 мм-ден 20 – 30 см-ге дейін жетеді. Сабаққа екі қатар кезектесіп орналасқан жапырақтары – жіңішке таспа, қандауыр, жұмыртқа тәрізді. Астық тұқымдасының гүлі көбінесе қос жынысты, кейбіреулері ғана дара жынысты (жүгері) болады. Олардың гүл құрылысы басқа өсімдіктерден өзгеше келеді. Көбіне гүлінің сыртын гүл қабыршағы қоршап тұрады. Бір немесе бірнеше гүлдерден топталған масақшадан – шашақбас, айдар, масақ, собық, сыпыртқы бас, яғни күрделі гүлшоғыры құралады. Астық тұқымдасының көбі жел арқылы тозаңданады. Жемісі – бір тұқымды дәнек, кейде жаңғақша. Жеміс қабығы (қауызы) тұқымға жабысып тұтасып біткен. Астық тұқымдасы түптену түрлеріне байланысты тамыр сабақты, селдір түпті және тығыз түпті болып үш топқа бөлінеді. Тамыр сабақты Астық тұқымдасының түп өскіндері түптену буынына тік (перпендикуляр) бағытта шығып, өсімдік сабағына қатарласа өседі (мыс., бидайық, айрауық, қамыс, т.б.). Селдір түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетіне жақын орналасады (мыс., арпабас, сұлыбас). Тығыз түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетінде өседі (мыс., бетеге, қау, селдірек). Астық тұқымдасы шабындық пен жайылымдықтарда өсімдіктердің 1/3 бөлігін, орманды және далалы аймақтарда мал азығының 1/2 бөлігін құрайды. Астық тұқымдасының дәнді (мыс.: бидай, күріш, сұлы, арпа, тары, т.б.), мал азықтық түрлері де (мыс., шалғындық қоңырбас, жүгері, селеу, т.б.), арамшөптері де (мыс., қарасұлы, жасыл қонақ, түлкіқұйрық, т.б.) кездеседі. Астық тұқымдасытары сабандарын қағаз, тоқыма, химия өндірістері мен құрылыста қолданады. Сондай-ақ оларды мәдени орындарды көгалдандыру және құм тоқтату үшін де өсіреді. [1Астық тұқымдас масақты дәнді дақылдар[1] - бидай, қарабидай, күріш, қарақұмық, тары, сұлы, арпа, жүгері. Дәнді дақылдар өздерінің морфологиялық және биологиялықерекшеліктеріне қарай екі түрге бөлінеді, бірінші топтағы және екінші топтағы дәнді дақылдар.

54.Ерінгүлділер тұқымдас өсімдіктердің ортақ белгілер

Қосжарнақтылар класына жататын ерінгүлділердің жер жүзінде 3500-ге жуық түрі өседі. Қазақстан аумағында олардың 234 түрі бар. Еріндігүлділерді кейде тауқалақайгүлділер деп те атайды. Тауқалақайдың гүл құрылысына зер сала қарайтын болсақ, гүлдердің әрқайсысы аузын аңқайта ашқандағы көрінісі жоғары және төменгі ерінді еске түсіреді. Гүлдің 5 күлтесі жіңішкерт бітіседі де түтікше құрайды. Біріккен 2 жоғары күлте - жоғары ерін тәрізді, ал біріккен 3 күлте төменгі ерін тәрізді болып көрінеді. Тауқалақайгүлділер сондықтан ерінгүлділер деп аталады. Гүлдің мұндай құбылысы - осы тұқымдастағы өсімдіктердің барлығына тән ерекшелік.

Ерінгүлділер тұқымдасы - жапырақтары қарама-қарсы орналасатын шөптекті өсімдіктер. Олардың бөбешік жапырақтары болмайды. ТропиктікОңтүстік Америкада бұталы, шала бұталы, кейде аласа ағаш түрінде, өрмелегіш түрлері өседі. Бұлардың сабағы 4 қырлы. Аталығының саны 2,4. Аналығы әдетте 2 жеміс жапырақты болып келеді. Жоғары жатынды. Жемісі - сүйекті жеміс немесе бір-бір тұқымнан төртке бөлінетін жаңғақша. Гүл формуласы: Т(5)С(2+3)А4Ж(2).

Гүлшетен, лаванда, молдавандық жыланбас, көкжалбыз және басқа өсімдіктер парфюмерия өнеркәсібіне шикізат есебінде пайдаланылады. Өте хош иісті.

57 Қыналардың емдік қасиеті де бар. Ағаштың діңдерінде өсетін жерқынаны қайнатыл, дизентерия (сатқақ) ауруын емдеуге пайдаланады. Сонымен бірге асқазан, тыныс жолдары ауруларына дәрілер жасалады. Қынадан қант, спирт, бояу, лакмус алынады. Қынаның кейбір түрлерін тәтті тағамдар өнеркәсібінде қолданады.

Қыналар - ерекше құрылымды тірі ағза. Өсімдіктер мен жануарлардан ерекшеліктері болғандықтан, оларды өсімдіктер ретінде емес, саңырауқұлақтардың бір бөлімі ретінде қарастырады. Қыналарды зерттеушілер лихенологтар деп аталады.

Қыналар - екі тірі ағза: саңырауқұлақ пен көк-жасыл балдырдың селбесуінен түзілген. Олар пішініне қарай қабық тәрізді, жапырақ тәрізді және бұта тәрізді болып үш топқа бөлінеді. Қына өсімді жолмен көбейеді. Оның табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы зор. Қына нағыз ауа тазалығының индикаторы (көрсеткіші).

Қабық тәрізді қыналардың ең ескісі антарктикалық қына, оның жасы кем дегенде 10 000 жыл деп есептеледі. Қыналар 80-100 жылға дейін, кейбіреуі 600 жылға дейін тіршілік етеді.[2][3][4

Қазақстанда Қынаның 491 түрі анықталған, 1 түрі (Бұғы кладинасы) Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Қына денесі бір клеткалы балдырлар тіршілік ететін саңырауқұлақ гифтерінен (жіпшелерінен) құралған. Саңырауқұлақ фотосинтезгеқабілетсіз болғандықтан дайын көмірсуларды балдырлардан алады да, есесіне балдырларды сумен, минералды заттармен қамтамасыз етіп, әрі сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғап тұрады. Сондықтан Қыналар басқа организмдер тіршілік ете алмайтын орта жағдайларына жақсы бейімделген. Қынаны құрайтын саңырауқұлақтар, негізінен, қалталы саңырауқұлақтар класына, ал Қынаның екінші бөлігін құрайтын балдырлар көк-жасыл балдырлар және жасыл балдырлар бөлімдеріне жатады. Бұлардың бір ерекшелігі — жеке (саңырауқұлақсыз) де тіршілік етуге қабілетті. Қынаның сыртқы пішіні әр түрлі: кішкене жұқа қабықша сияқты, жиегі бір шама тілімделген, сырты тегіс, немесе бұдырлы қалақша тәрізді; кішірек бұталарда, таста өседі, немесе ағаштарда өсіп төмен салбырап тұрады. Түсі қоңыр, қара, сұр, сары, қызғылт, ақшыл, т.б. болып келеді де қайнатпа (қабыршақты), жапырақша және бұта тәрізді Қыналар болып үш топқа бөлінеді.

58 Ағаш – сабақтары мен тамырлары сүректеніп біткен, өте жақсы жетілген діңі бар, биіктігі 2 метрден кем болмайтын көп жылдық өсімдіктер.Қазақстанда өсетін ағаштардың ең биігі 50 метрден аспайды (қарағай, шырша, емен, жөкеағаш, т.б.). Дүние жүзінде ең биік ағаш – Аустралияэукалиптісі (биіктігі 140-150 м), ең жуан ағаш – Баобаб (диаметрі 4-12 м). Ағаш палеозой дәуірінің тас көмір, девон кезеңінен бастап (126 млн жыл бұрын), мезозой дәуірінің бор, юра (96 млн жыл бұрын) кезеңіне дейін ағашты өсімдіктер. кейін бірқатары көп жылдық, одан бір жылдық шөптесін өсімдіктерге айналған. Жер бетінде климаттың өзгеруіне байланысты, ағашты өсімдіктердің даму циклы қысқаруда. Ағаш тектес көп жылдық өсімдіктер сабағы жай көзге анық көрінетін үш бөлімнен – қабық, сүрек, өзектен тұрады. Камбийдің ұзақ мерзімге созылған қызметінің нәтижесінде жылдық сақиналардың түзілуі, өткізгіш элементтерінің сүректенуі және соңғы жабындық ұлпалардың пайда болуы көп жылдық сүректі өсімдіктердің сабағын қалыптастырады.

Көп жылдық сабақ перидермасын қалың қабатты қыртыс (ритидом) алмастырады.

Сабақтың негізін ксилема элементтері мен сүрек талшығынан (либриформ) тұратын сүрек бөлімі құрайды. Қылқан жапырақты өсімдіктердің сүрегі біртекті, су өткізумен қатар механикалық қызмет атқаратын трахеидтер мен паренхима жасушаларынан тұрады.

61 Фотосинтез – жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бөледі.

Фотосинтез аппаратының негізі – жасуша ішіндегі органелла-хлоропластар

62 Дара жарнақтылар класы. Дара жарнақтылар шамамен барлық гүлді өсімдіктер тұқымдасының және барлық гүлдердің 2,5%-ін біріктіреді. 13%-ке қос жарнақтылардан аз деп саналады. Бірақ кейбір шалғындарда дара жарнақтылар түрлерімен немесе особінің санымен қос жарнақтылардан басым болуы мүмкін.

Дара жарнақтылардың көпшілігі – шөптесін. Аздаған ағаш түрлері кездеседі. Олардың ішкі структуралық құрылысы қос жарнақтыларға қарағанда қатып қалған гигант шөптесін өсімдіктер (бамбук, драцендер, юкки және пальма), бұтақтануы аз, сонымен де ерекшеленеді. Кейбір дара жарнақтылардың сабақтарына екінші реттік қалыңдау қасиеті тән және діңінің қалыңдауы қос жарнақтылардікі сияқты камбий арқылы емес, сабақтың перифериялық бөлігінде жаңа меристеманың пайда болуы арқылы жүреді. Меристема жаңа өзек сәулелеріне және негізгі паренхиманы жетілдіреді.

. Дара жарнақты өсімдіктерде эндодерма анық көрінбейді. Өң астын қаптарлай склеренхима қабаты орналасқан. Орталық цилиндірдің алғашқы қабаты – перицикл жасушалары.

Гаплостела (грекше: haploos - жай және stele - рет, қатар) - протостела, тығыз цилиндрлі сүректен тұрып, жан-жағында тін жатады. Бұнымен риниофиттер және сабақты өсімдіктер ие болған. Гаплостела жоғарғы сатылы споралы өсімдіктердің сабақтарында кездеседі

63 Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар – бір жасушалы және мицелийі (жіп шумағы) жасушаға бөлінбеген саңырауқұлақтар.

Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың 3 класы бар:

1. хитридиомицеттер, басым көпшілігі өсімдік пен жануарлар жасушаларының ішінде паразиттік тіршілік ететіндіктен вегетативтік денелері жалаңаш плазмалық массадан (плазмодиядан) тұрады не бір жасушалы, кейде өте нашар дамыған, жасушасыз, бастама мицелий түрінде болады. Клетка қабығы хитиннен тұрады. Бір талшықтызооспорасы бар зооспорангий құрып, жыныссыз және жынысты (гаметогамия, оогамия, соматогамия) жолмен көбейеді. Табиғатта кең тараған. 3 қатарға, 90 туысқа жататын 500-дей түрі белгілі. Кейбір түрі (ольпидиум, синхитриум) а. ш. дақылдарының ауру тудырушысы болып саналады.

2. оомицеттер , мицелийлері жақсы дамыған, жасушасыз. Клетка қабықшасының негізгі заты – целлюлоза және глюкан. Бірінің сырты тегіс, екіншісі – қауырсын тәрізді екі талшықты зооспоралар арқылы жыныссыз көбейеді. Жынысты көбеюі – оогамия, соның нәтижесінде ооспора пайда болады. 4 қатарға, 70 туысқа жататын 550 түрі бар. Араларындағы ең қарапайымдары органик. заттарға бай, тұщы суда тіршілік ететін – сапротрофтар. Кейбір түрлері патогенді саңырауқұлақтар, балықтар мен қосмекенділердің уылдырығында тіршілік етеді; ал құрлықтағылары – жоғары сатыдағы өсімдіктердің паразиттері. 3-класы – зигомицеттер.

3. Зигомицеттер саңырауқұлақтардың бір класы. 4 қатары 500-ден артық түрлері белгілі. Табиғатта кең тараған. Топырақта, көңде, сондай-ақ өсімдіктердің құрамында, буынаяқтылардың, омыртқалы жануарлар менадамдардың денесінде паразитті тіршілік етіп, қоректік заттардың құрамында ақ ұнтақ түрінде кездеседі. Зигомицеттердің талломы өте жақсы дамыған көп ядролы жіпшумақтардан (мицелийлер) құралады. Клетка құрамында хитин және хитозин, кейде глюкан заттары болады. Зигоспоратүзіп, зигогамия жолымен жынысты көбейеді, аты осыған байланысты қойылған. Қазақстанда Зигомицеттер көп кездеседі, көпшілігі тағамға зең түсіреді; қара Зең саңырауқұлақтары. Зигомицеттердің кейбір түрлерінмикробиологиялық және тамақ өнеркәсіптерінде, біраз түрлері зиянды жәндіктермен биологиялық күресте қолданылады.

64 Жасуша - тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке ағза ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер жәнесаңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді. «Клетка» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Клетканың тірі заты – протоплазма. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен) шектелген биополимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері – цитоплазма және ядродан тұрады. Клетка ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал цитоплазма құрамындағыларды – рибосома, митохондрия,эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, лизосома, клеткалық мембрана деп атайды. Атқаратын қызметі мен құрылысына қарай жасушалардың пішіні алуан түрлі болып келеді. Ағзалар жасушаларының құрылысына қарай екі топқа бөлінеді.Оның бір тобына құрылысы өте қарапайым болып келетін бактериялар мен көкжасыл балдырлар жатады. Олардың толық қалыптасқан ядросы болмайды,бұларды прокариоттар деп атайды. Ағзалардың екінші тобынаядро және арнаулы қызмет атқаратын органоидтары болады. Мұндай ағзаларды эукариоттар деп атайды. Эукариоттарға біржасушалы жасыл балдырлар,қарапайымдар,жоғары дәрежелі гүлді өсімдіктер және сүтқоректі хайуанаттар,т.б.жатады. Ал вирустар-тіршіліктің жасушасыз ерекше пішіні. Қорта келгенде,жасуша теориясы ”жасушаның“ барлық тірі ағзалар құрылымының бірлігі екенін,жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының өзара ұқсас екенін толық дәлелдейді. Бұл ұқсастық бүкіл тірі ағзалардың шығу тегінің бір екенін айқындай түсті. Жасуша теориясы тіршілікті материалистік тұрғыдан түсінуге,ағзалар арасындағы эволюциялық байланысты ашуға негіз болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]