Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
botanika_1-10.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
274.41 Кб
Скачать

40.Тамыр құрылысы

Тамыр жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегетативті мүшелерінің бірі. Тамыр ұшындағы меристема қызметінің нәтижесінде ұзақ уақыт ұшындыққа өсе алатын қабілеті бар, радиальды симетриялы мүше. Өркенен айырмашылығы – тамырда еш уақытта жапырақтар пайда болмайды және тамырдың ұшындағы меристема оймақшамен жабылған.

Тамырдың өсуінің алғашқы сатысында меристемалардың тұрақты ұлпаларға айналуындағы жүйелілікті оның көлденең кесіндісінен байқауға болады.

Тамырдың алғашқы құрылысында оның сыртында ризодерма (эпиблема), алғашқы қабық және орталық шеңбер (цилиндр) өткізгіш ұлпалар жүйесі болады. Тамырлардың көпшілігінде өткізгіш ұлпалар жүйесі тұтас орталық цилиндр, ал кейбіреулерінде — өзектің айналасында болады.

Ризодерма суды және минерал заттарды тамыр түктері арқылы сіңіреді. Тамыр түктері – ризодерма жасушаларының өскіндер (трихобластар). Тамыр түктері оның сіңіруші ауданын көбейтеді. Ризодерма астында орналасқан қабықтың ең сыртқы қабаттары экзодерма деп аталады. Ризодерма өлгеннен кейін экзодерма тамырда қорғаушы, жабындық ұлпаға айналады. Экзодерма жасушалары бір немесе кейде бірнеше қатарлы болуы мүмкін.

Алғашқы қабық жасушаларында крахмал және басқа да заттар жиналады, ал хлоропластары болмайды. Қабықтың паренхимасында бірқатар зат алмасу процесі белсенді жүреді. Қабықтың паренхималық жасушалары ризодерманы пластикалық заттармен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар заттарды сіңіру және өткізуге қатысады.

Жалаңаштұқымды және қосжарнақты өсімдіктердің көпшілігінің тамырларында белсенді өсу соңғы өсу болғандықтан, олардың алғашқы қабықтары ерте түсіп қалады. Даражарнақты өсімдіктердің тамырларында соңғы өсу болмағандықтан, олардың тамырында алғашқы қабық өмірінің аяғына дейін сақталады да жасуша қабықшалары қалыңдайды.

Эндодермада жасушалардың өте тығыз орналасқандығынан және қас пари белдеушелерінің суды және де басқа заттарды өткізбейтіндігіне байланысты, заттарды орталық өткізгіш жүйесіне келуі және кетуі, экзодермалық жасушалардың протопластары арқылы жүреді. Ал экзодермалық жасушалар сүректелген жағдайда, ксилема сәулесінің тұсына орналасқан өткізгіш жасушалар арқылы заттарды өткізу жүреді. Бұл көпшілік жағдайда даражарнақтыларға немесе алғашқы қабығы өмірінің соңына дейін сақталатын өсімдіктер тобына сипатты.

Тамыр құрылысында камбий шеңберінің пайда болғанынан кейінгі шыққан бөлімдері тамырдың анатомиялық соңғы құрылысына жатады. Жалаңаш және жабық тұқымды өсімдіктердің тамырларында алғашқы ксилема және флоэманың арасындағы қалған түзуші ұлпа прокамбийден шоқтық және перицикл (грек. «пери» айналасы, «сиклос» — шеңбер) жасушаларынан шоқтық камбий түзіледі де, екеуі қосыла келе ксилеманы қоршай алады. Камбий ішке қарай ксилема, ал сыртқа қарай флоэманы ығыстыруНәтижесінде, бірте-бірте камбий тамырдың көлденең кесіндісінде шеңберлі болып орналасады, бұны шеңберлік камбий деп атайды.

41-сұрақ: Талдар тұқымдасы(ивоцветные)-Salicaceae

Бұлар бұталар мен ағаштар,негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай климатты елдерінде кең таралған.Тұқымдастың кейбір түрлері қиыр солтүстікте жерге төселіп өсетін,аласа формалар түзеді.Жапырақтары кезектесіп орналасатын,жай жапырақтар.Қосалқы жапырақшалары кейде ерте түсіп қалып отырады.Аталық және аналық гүлдері бөлек жетіледі(дара жыныстылық),әдетте әртүрлі особьтарында (екі үйлік).Гүлсерігі болмайды.Аталық гүлдерінде 2-ден 30-ға дейін,кейде одан да көп аталықтары(тычинки)болады;аналық гүлдерінде,екі жеміс жапырақшасынан тұратын,бір аналық(пестик)болады.Гүлтүйіні бір ұялы.Тұқымбүрі көп.Жемістері екі жақтауынан қақырап ашылатын қауашақтар.Тұқымының түп жағында бір топ талшығы болады,эндоспермі болмайды.

Талдар тұқымдасына 400-дей түр жатады,олар үш туыстық құрамына кіреді:терек(тополь-Populus,25-30 түр),тал(ива-Salix,350-370 түр)және чозения(Chosenia,1 түр).

Шамшаттар тұқымдасы(буковые)-Fagaceae

Тұқымдаста 900 түр бар(8-9 туыс).Мәңгі жасыл немесе жапырақтары қысқа қарай түсіп отырытын ағаштар мен бұталар.Олар жер бетінің,негізінен қоңыржай климатты және субтротикалық елдерінде,кеңінен таралған.Жапырақтары тұтас немесе қауырсынды қалақты және кезектесіп орналасқан.Гүлдері ұсақ,көріксіз дара жынысты немесе қос жынысты,актиноморфты,дихазиялы,жиналып сырға,масақ немесе шоқпарбастар түзеді.Кейде дихазиялары бір гүл қалқанға дейін редукцияға ұшырайды.Аналық гүлді плюска қоршап тұрады.Гүлсерігі алты мүшелі,бос орналасқан,аналығы 3-6 ұялы,соған сәйкес аналықтың мойныда(столбик) сонша болады,гүлтүйіні төменгі.

Аталық гүлдің гүл серігінің түп жағы біріккен болып келеді және әртүрлі түске-сарыға,қоңыр-қызылға,жасылға боялған.Гүлсерігінің саны не 3+3,не болмаса 5-7,аталықтарының саны гүлсерігінің саны мен бірдей(кейде көптеу)болады.

42-сұрақ: Зат алмасу

Зат алмасу - организмде жүріп жататын барлық химиялық процестердің жиынтығы.

Бұл организмнің тіршілік қабілетін сақтау және сыртқы ортамен қарым-қатынасын, организмге қоректік заттардың еніп, олармен ферменттер әсерінен ыдырауын, пайда болған жай заттардың жасушалар мен органдарға тасымалданып, олардың тотығуын, энергия бөлініп шығуын, жасуша құрамындағы түзілістердің биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің организмнен бөлініп шығуын қамтамасыз етеді. Клеткадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін – метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім – метаболиттер деп аталады. Метаболизмнің қарапайым молекулалардан күрделі құрылымдық заттардың түзілу реакциясы – анаболизм, ал бұған қарама-қарсы өтіп жататын процесті катаболизм дейді. Жасыл өсімдіктерде фотосинтез нәтижесінде түрлі көмірсулар түзіледі. Жануарлар әдетте осы көмірсулармен қоректенеді. Қарапайым қанттар қанмен жануарлар денесіне таралып, күрделі полисахарид – гликогенге айналады. Метаболизм нәтижесінде көмірсулар (пируват) органикалық қышқылға, одан әрі майға, көмірсудан пайда болған органикалық қышқылдар аммиак азотымен реакцияласу нәтижесінде амин қышқылына, май, белоктар метаболизм нәтижесінде ыдырап, соңында несеп зәрі, аммиак, көмірқышқыл газы, т.б. қарапайым заттарға айналады.

Қор заттары

Артық қор заттары деп уақытша метоболизмнен шығарылып тасталған заттарда айтады.Олар өсімдіктің вегетативтік денесін түзуге немесе энергетикалық материал түрінде әртүрлі тіршілік процестеріне жұмсалады.Олар вакуольде немесе цитоплазмада жиналады.Вакуольде қор заттары ерітінді түрінде,ал цитоплазмада ресми тіркелген қосымша заттар түрінде болады:алейрон дәндері,крахмал дәндері,май тамшылары.

Ақуыздар

Ақуыздар органикалық заттар дамуының ең жоғарғы сатысы және жер бетіндегі тіршіліктің негізі. Ағзаның тірек, бұлшық ет, жамылғы тканьдері ақуыздардан құралған. Олар ағзада әр түрлі қызмет атқарады, химиялық реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т.б.

Ақуыздардың құрамы мен құрылысы өте күрделі. Молекулалық массалары жүздеген мыңнан миллионға дейін жетеді. Төрт түрлі құрылымы болады. Олардың құрылымы бұзылса, денатурацияға ұшырап, ағзадағы қызметін атқара алмайды.

Белоктар гидролизденіп, аминқышқылдарын түзеді және өздеріне тән түсті реакциялары бар.

Белоктар азықтың құрамына кіреді. Адам тәулігіне, шамамен, — 100 г ақуыз қабылдауы керек. Азықпен түскен ақуыз әуелі асқазанда, сосын ішектегі ферменттердің әсерінен гидролизденіп, аминқышқылдарына дейін ыдырайды.[1]

Ақуыз тірі ағзаның негізін құрайды, онсыз өмір жоқ. Фридрих Энгельстің пікір бойынша: «Тіршілік — ақуыз заттарының өмір сүру формасы».

Ақуыз тек тірі азғалар құрамында ғана болады. Оның құрамында 50,6 – 54,5% көміртек, 21,5 – 23,5% оттек, 6,5 – 7,3% сутек, 15 – 17,6% азот, 0,3 – 2,5% күкірт бар, кейде фосфор кездеседі. Осы элементтерден түзілетін амин кышқылдарының бір-бірімен байланысып қосылуы нәтижесінде ақуыз молекуласы түзіледі. Белок молекуласының массасы өте үлкен, ол бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін барады.

Ақуыз туралы алғашқы мәліметтер XVIII ғасырдан белгілі. 1745 ж. италиялық ғалым Беккори бидай ұнынан лейковина деген ақуызды бөліп шығарған. 19 ғасырдың 30-жылдарында ет, жұмыртқа, сүт, өсімдік тұқымдарында ақуыздық заттар бар екені анықталды. Ғалымдардың содан бергі зерттеулері нәтижесінде барлық тірі азғалар жасушасында болатын тірі материя – протоплазма, негізінен, ақуыздан құралатыны анықталды.

Аөуыздардың барлығы екі топқа бөлінеді: 1) қарапайым ақуыздар – протеиндер (альбуминдер, глобулиндер, гистондар, глутелиндер, проламиндер, протаминдер, протеноидтар); 2) күрделі ақуыздар – протеидтер (гликопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер). Бұлардың құрамында амин қышқылдарынан басқа заттар да болады.

Майлар

Майлар, триглицеридтер — органикалық қосылыстар; негізінен глицерин мен бір негізді май қышқылдарының (триглицеридтердің) күрделі эфирлері; глицерин мен жоғарғы карбон қышқылдарының күрделі эфирлері. Липидтерге жатады. Табиғи майлар молекуласындағы қаныққан май қышқылдары стеарин, пальмитин, ал қанықпаған май қышқылдары олеин, линол, линолен қышқылдарынан тұрады. Тірі организмдердің клеткалары мен тіндерінің (ткандерінің) негізгі құрамды бөліктерінің бірі; организмдегі энергия көзі; таза майдың калориялылығы 3770 кДж 100 г. Табиғи Майлар жануар және өсімдік Майлары болып бөлінеді. Триглицеридтер құрамына С8-ден С24-ке дейінгі қалыпты құрылысты, негізінен жұп санды көміртек атомдарының қаныққан және қанықпаған қышқыл қалдықтары кіреді. Барлық Майлардың тығыздығы 1-ден аз. Тек жоғары вакуумда қайнайды. Суда ерімейді. Бензинде, керосин мен бензолда ериді. Алкоголиз, ацидализ реакцияларына түседі. Қышқылдардың қос байланысы бойынша сутекті (гидрогендеу), галогенді, галогенсутекті қышқылдарды, т.б. қосып алады. Аса қызған бумен, минералды қышқылдармен және ферменттермен әрекеттескенде глицерин және май қышқылдарын түзіп гидролизденеді. Ауадағы оттекпен тотыққанда пероксидті қосылыстар, оксиқышқылдар, т.б. түзеді. Құрамында биол. активті заттар (қанықпаған май қышқылдары, фосфатидтер, витаминдер, токоферолдар) болады. Майлар техникалық мақсатта қолданылады.

Кристалдар

Кристалдар(гр. krys-tallos – алғашқы мағынасы мұз) – атомдары мен молекулалары кристалдық тор түзетін қатты денелер. Кристалдар қатты денелердің тепе-теңдік күйі болып табылады. Белгілі бір термодинамикалық жағдайда (қысым, температура) кристалдық күйде болатын заттың нақты, тек өзіне тән кристалдық атомдық құрылымы болады. Бұл құрылым атомдардың орналасуына байланысты кристалдардың сыртқы симметриясын және олардың анизотропиялық қасиеттерін бейнелейді. Табиғатта және техникада кездесетін қатты материалдардың көпшілігі – поликристалдар. Олар ретсіз орналасқан ұсақ кристалдан (кристалиттер) құралады. Бұған көптеген минералдар, металдар мен қорытпалар жатады. Кристалдың жеке ірі түрі монокристалл деп аталады. Табиғатта салмағы жүздеген кг-ға жететін кварц, дала шпаты, флюорит кристалымен қатар мөлшері өте ұсақ алмас кристалы да кездеседі. Молекула-кинетикалық теориядағы термодинамикалық тепе-теңдік жағдайда өсірілген кристалдың пішіні белгілі бір симметриялы, дұрыс көпжақ түрінде болады. Олардың жақтары жазық болып келеді де, қырлары түзу сызық бойымен тұрақты бұрыш жасай қиылысады, яғни кристалдану кезінде кристалдың жақтары өзіне-өзі параллель жылжиды. Бұл заңдылық кристаллографияда бұрыштардың тұрақтылық заңы деп аталады.

43-сұрақ: Қордағы крахмал.

Өсімдіктің ең кең таралған және аса қажетті қорлық заттарының бірі. Крахмал дәндері барлық органдардың клеткаларыңда кездеседі, әсіресе олар өсімдіктің дәңдерінде және түрі өзгерген жерасты сабақтарында (түйнектерінде, баданаларында, тамырсабақтарында) көптеп жиналады. Крахмал дәндері тек пластидтерде ғана түзіледі. Жоғарыда айтылғандай хлорпластарда алғашқы крахмалдың дәндері пайда болады. Бірақта олар, бұл жерде көптеп жиналмайды. Ферменттердің көмегімен алғашқы крахмалдар қантқа айналады және глюкоза түрінде жапырақтан өсімдіктің басқа органдарына тасымалданады (яғни беріледі). Қанттың екінші рет крахмалға айналуы лейкопластарда жүреді (амилопластарда). Екінші рет крахмал дәндерінің түзілуі амилопластың стромасының белгілі бір жерінен басталады. Ондай жерлерді крахмалдың түзілу орталығы деп атайды. Крахмал дәңдерінің өсуі жаңа қабаттардың пайда болуы арқылы жүреді. Іргелес қабаттарда (смежные слои) жарықтың сәулесінің сынуының көрсет-кіштері әр түрлі болуы мүмкін, сондықтанда олар микроскоппен көрінеді. Қатқабаттылық центрлес шеңберлі және эксцентрлі болып келеді (25-сурет). Крахмал дәндерінің өсуіне байланысты амилопластың стромасының көлемі кішірейеді және белгілі бір кезеңде оның қабатының жұқаратындығы сонша, оптикалық микроскоппен мүлдем көрінбей қалады, Бірақта екінші реттік крахмал дәндерінің сыртында барлық уақытта екі мембраналы қабықшаның және строманың жұқа қабатының болатындығын естен шығармау керек.

Егер амиллопласта, айналасына крахмалдың қабаттары жиналатын бір орталық болса, онда қарапайым дәндер түзіледі. Ал егер екі немесе оданда көп орталық болса, онда күрделі дәндер түзіледі. Жартылай күрделі дәндер мынадай жағдайда пайда болады. Егер крахмал алдымен бірнеше нүктелердің айналасында жиналса, содаң соң қарапайым дәндердің шеттері түйіскеннен кейін барып, олардың айналасында барлығына бірдей ортақ қабаттар пайда болса. Крахмал дөңцерінің көлемі үлкен мөлшерде ауытқып отырады. Мысалы, картопта олардың диаметрі 100 мкм. жетеді, бидайда және қарабидайда крахмал дәндерінің диаметрі 2—9 мкм. ден аспайтын, ұсақ түйіршіктерден 30—40 мкм.-ге дейін жететін үлкен дөндерге дейін болады, ал жүгерінің крахмал дөндерінің диаметрі 5-тен 30 мкм. дейін барады.

Крахмал дәндерінің формасы, молшері, құрылысы өсімдіктердің әрбір түрлеріне, кейде тіптен әрбір сортқа ерекше тән болып келеді. Бұл жағдайды ұнның құрамына анализ жасағанда үнемі ескеріп отырады.

44-сұрақ: Сабақтың микроскопиялық құрылысы,өсу конусының құрылысы.

Алғашқы құрылысы.Сабақтың ұшында алғашқы меристема орналасады(өсу конусы).Осы жерде жапырақтың алғашқы бастамасының деңгейінде прокамбий түзіледі.Одан алғашқы флоэма мен алғашқы ксилема пайда болады.Камбийден сыртқа қарай алғашқы қабық,ал ішке қарай өзек орналасады.Өсу конусының ұшындағы клеткалардың қабатынан эпидермис пайда болады.Осылай сабақтың алғашқы құрылысы қалыптасады.

Соңғы құрылысы.Сабақтың соңғы құрылысы тамырдағы секілді соңғы меристеманың-камбийдің пайда болуымен байланысты.Сондықтан да ол жалаңаштұқымдыларға және қосжарнақты жабықтұқымдыларға тән.Камбий орталық цилиндрде алғашқы флоэма мен ксилеманың арасында түзіледі.Ол прокамбийден және алғашқы өзектік сәулелердің паренхимасынан пайда болады.Камбий сабақтың шетіне қарай соңғы қабықтың элементтерін бөліп шығарады.Соңғы қабықтың өзіне тән гитологиялық элеметтері-сүзгілік түтіктері,серіктік клеткалары,тіндік талшықтары,тіндік паренхималары және сәулелердің паренхималары бар,соңғы флоэмадан тұрады.Өзекке қарай камбий түтіктерден,трахеидтерден,сүректік талшықтан,сүректік паренхимадан және өзектік сәулелердің паренхимасынан тұратын соңғы ксилеманы бөліп шығарады.

45-сұрақ:

46-сұрақ: Вакуоль

Бұл клетка шырынына толы қуыс,ол цитоплазмадан тонопласт арқылы бөлініп тұрады.Вакуоль эндоплазматикалық ретикулуиның локальдық кеңістігінен пайда болады,онда клекка шырыны жиналады.Бқл кеғістіктер ретикулумнен бқлініп дөңгелектенеді,ал ретикулумның мембранасы тонопластқа айналады.Вакуольдің түзілуіне шамасы Гольджи аппаратының элементтері де қатыса алады.Өте жас клеккалардың өзінде де кішілеу вакуольдер болады.Жас клеткалардың өсуінің нәтижесінде вакуольдердің де көлемі ұлғаяды.Жақсы жетілген клеткалардың көпшілігінде,оның ортаңғы бөлігін алып жататын бір үлкен вакуоль және цитоплазманың клекка қабықшасына жақын жататын бөлігінде шашыраңқы орналасқан көтеген ұсақ вакуольдер болады.Егер ядро клетканың ортасында орналасса,онда оны қоршаған цитоплазма клетканың қабықшаға жақын жатқан қабаты мен жіпшелері арқылы байланысады.Бұл жіпшелер орталық вакуольді бірнеше ұсақ вакуольдерге бөледі.Клетка шырыны дегеніміз,протопластан бөлініп шығатын әртүрлі органикалық және органикалық емес байланыстардың судағы ерітіндісі.Өсімдіктердің әртүрлі түрлерінде,тіптен бір өсімдіктің әртүрлі органдарында клетка шырынының құрамы бірдей болмайды.Клетка шырынының реакциясының әдетте қышқылдығы төмен,немесе бейтарап,сиректеу сілтілі болып келеді.

47-сұрақ:

48-сұрақ: Жасыл балдырлар классификациясы

Жасыл балдырлар мынадай бес класқа бөлінеді:вольвоксты балдырлар класы,протокотты балдырлар класы,улотриксті балдырлар класы,сифонды балдырлар класы,тіркеспелі немесе коньюгациялы балдырлар класы.

Вольвокспен спирогомра талломынық құрылысы

Вольвоксты балдырлар класына жасыл балдырлардың ең қарапайым,монада құрылысты өкілдері жатады.Вегетативті жағдайда олар өмірінің соңына дейін қозғалғыш болып келеді.

Вольвоксты балдырлардың басым көпшілігі бір клеткалы организмдер,сонымен бірге ценобиальды және колониялы формалары да бар.

49-сұрақ:

50-сұрақ: Жапырақ

Жапырақ дегеніміз өсуі шектелген бүйірлік орган.Ол қыстырмалымеристеманың белсенділігінің нәтижесінде түп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып өседі.Ағаштар мен бұталарда бұл уақытша орган.

Жапырақтың атқаратын қызметтері:фотосинтез,газдың алмасуын және судың булануын реттеу болып табылады.Сонымен бірге жапырақтарда артық қор заттары жиналады,жекелеген жағдайларда жапырақ вегетативтік көбею қызметін де атқарады.

Фотосинтез

Фотосинтез – жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бөледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]