Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
botanika_1-10.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
274.41 Кб
Скачать

35 Қоңыр балдырлар

Қоңыр балдырлар (Рһаеорһусеае) — бұл көбінесе теңіз суында өсетін қоңыр түсті балдырлар. Қоңыр балдырлардың 900 шамалы түрі (200 туысы) бар. Бұлар 6 отрядқа бөлінеді олар: эктокарптықтар, сфацеляриялықтар, кутлериялықтар, диктиоталықтар, ламинариялықтар, фукустықтар. Қоңыр балдырлардың кейбір түрі тамаққа пайдаланылады, ламинарияны медициналық диетада қолданады, теңіздің жиегіне толқынмен шығып қалған қоңыр балдырлар тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Мұның күлінен калий тұзы мен иод алынады. Сонымен қатар қоңыр балдырлардан: ацетон, сірке қышқылы, спирт және басқалар өндіріледі. Қоңыр балдырлар [1] (Pha- eophyta), балдырлардың бір бөлімі.

Қоңыр балдырлар табиғатта кең тараған. 2 класқа, 14 қатарға бірігетін 240 туысы, 1,5 мыңға тарта түрі белгілі. Қазақстанда Каспий және Арал теңіздерінде бір-бірден 2 түрі анықталған. Бұлардың тұщы суда өсетін 3 туысынан басқаларының барлығы теңіз өсімдіктері. Барлық теңіздерде әр түрлі тереңдікте (200 метрге дейін) өсе береді. Көпшілігі тереңдігі 6–15 метр жерлерде кездеседі. Қоңыр балдырлар көп клеткалы, өте майда микроскопиялық түрлерден тұрады, талломдарының ұзындығы 50 метрге жететін өте ірі түрлері (макроцистис, пелагофикус) де бар.

Клетка құрамында фукоксантин және әр түрлі ксантофилл пигменттерінің көп болуына байланысты түсі әдетте сарғыш-қоңыр. Қоңыр балдырлардың құрылысы күрделі түрлерінің (саргассум) талломдары бұтаққа ұқсас жапырақ тәрізді қырлы табақшалардан тұрады. Қоңыр балдырдың, әдетте, барлық түрлері су түбіне немесе басқа балдырларға ризоидтары арқылы бекіп тұрады. Олар вегетативтік, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Қоңыр балдырлар – судағы негізгі органикалық зат түзуші болып саналады. Одан альгинаттар (жасанды жібек алу үшін қажет тұз) алынады; маннит, йод, микроэлементтер өндіріледі. Медицинада қанның ұюына қарсы, организмнен радиоактивті заттарды шығаруға арналған препараттар жасауға, әр түрлі тағамдар дайындауға (ламинария, алария, ундария) пайдаланылады. Қоңыр балдырлардың жасушаларында барлық балдырларға тән органойдтар бар. Хроматофорларында хлорофилл, каротин, ксантофилл және қоңыр фукоксантин бар. Осы пигменттердiң әртүрлi көлемде (аз, көп) болуына байланысты қоңыр балдырлардың түсi де таза жасылдан қара-қоңырға, тiптi кейде қараға дейiн өзгерiп тұрады.

Ламинария – бұл қоңыр балдырдың қиыр шығыстан Солтүстiк Мұзды мұхит теңiздерiне дейiн кездесетiн түрi. Ламинарияның денесi ұзындығы 1 метр немесе бiрнеше метр болатын ұзынша келген сағақтағы жапырақ тәрiздi. Дегенмен бiз айтқандай балдырлардың барлығында нағыз жапырақ, сабақ, тамыр сияқты мүшелерi болмайды. Ламинарияның және басқа балдырлардың денесiн қабаттама дейдi. Су түбiне ламинария тамыр тәрiздi өсiндiлерi –ризоидтарымен (гректiң «ризат» – тамыр, «идес» – түр деген сөзiнен шыққан) бекiнедi. Ризоидтары басқа балдырлардыкiндей тек қана бекiну үшiн қажет. Су дене қабаттамасының бүкiл бетiмен сорылады. Жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң сүзгiлi түтiктерi сияқты оның сүзгiлi жасушалары бар. Бiрақ, өткiзгiш түтiктерi болмайды, судағы балдырларға оның қажетi де шамалы.

36. Гүлшоғыр (іnflorescentіa) – өсімдік өркенінде белгілі бір ретпен орналасатын ұсақ гүлдер жиынтығы. Гүлшоғыр негізгі сағағының бұтақтануына қарай жай және күрделі болып бөлінеді. Жай Гүлшоғырдың жанама сабақшалары бұтақтанбайды, оның ең ұшы гүлмен аяқталады. Бұған масақ гүл (жай масақ – жолжелкенде, сүйсінде), шашақ гүл (қарақатта, мойылда, мияда, інжугүлде), собық гүл (жүгеріде, каллада, аронниктерде), шоғырбас гүл (бедеде), себет гүл (күнбағыста, бақбақта, өгейшөпте), қалқанша гүл (алмада, алмұртта, доланада), шатырша гүл (жай шатыр – наурызгүлде, т.б.) жатады. Күрделі Гүлшоғыр – жай Гүлшоғырдың бірнеше қайтара бұтақтануынан пайда болады. Бұған күрделі шашақ гүл немесе сыпыртқы гүл (жүзімде, гүлшетенде, тарыда, күріште), күрделі масақ гүл (бидайда, қара бидайда, сырға гүл (қайыңда, теректе, талда, көктеректе), күрделі шатырша гүл (сәбізде, аскөкте, балдырғанда, күрделі қалқанша (ұшқатта, шәңкіште, т.б.) жатады. Гүлшоғырдың орт. негізгі сабағынан (гүлсидамынан) тарамдалған жанама сабақшаларына қарай: монохазий немесе бір сәулелі Гүлшоғыр (сарғалдақта, гладиолуста, т.б.), дихазий немесе қос сәулелі Гүлшоғыр (қалампырда, шерменгүлде, т.б.), плейохазий немесе көп сәулелі Гүлшоғыр (сүттігенде, гортензияда, т.б.) деп бөледі. Жеке гүлге қарағанда Гүлшоғыр күрделі, көлемді болғандықтан желмен айқас тозаңданады, ашық түстілері жәндіктерге алыстан байқалады. Гүлшоғырдағы гүл саны бірнешеден ондаған мыңға дейін (пальма, агава), ал биікт. 2 – 3 мм-ден 14 м-ге дейін жетеді.[1][

37. Митоз - сомалық жасушалардың бөлінуі. Митоз жасуша көбеюінің көбірек кездесетін әдісі. Осы әдіс генетикалық материалдың жас жасушаларға тең бөлінуін және жасуша ұрпақтарындағы хромосоманың ұқсастығын қамтамасыз етеді.

Митоздың биологиялық маңызы - хромосома санының екі еселенуі және олардың жас жасушаларға тең бөлінуі. Митоз процесінде бір жасуша жаңа екі жасушаға бөлінуге даярлана бастаған шақта хромосомаларда таңқаларлық өзгерістер байқалады. Әр хромосома ұзына бойына екіге бөлінеді және екі бөліктің екеуі де теңбе-тең генетикалық материал алады.

Митоз процесі 4 сатыдан өтеді: профаза, метафаза, анафаза және телофаза.

Интерфаза – жасушаның екіге бөлінуі аралығындағы дайындық кезеңі. Бұл кезеңде боялып бекітілген ядроның боялған жіңішке жіпшелерден тұратын торлы құрылымын байқауға болады.

Профаза – ядроның бөлінуге дайындалған бірінші сатысы. Бұл кезде хромосома жіпшелерінің өз осінде шиыршықталып бұратылуының салдарынан хромосомалар қысқарып, жуандайды. Профаза кезінде хромосомалар кариолимфада кездейсоқ жерлерде орналасады, осы кезеңде ядрошықтар бұзылады. Ал профазаның аяқ кезінде ядро қабығы бұзылады да хромосомалар цитоплазмамен кариоплазманың сұйық заттарының қосындысы – миксоплазманың ортасында қалады.

Метафаза фаза сатысының екі кезеңі бар: метакинез – хромосомалар жасушаның экватор аймағына жиналып шоғырланады, жасуша бөлінуге дайындалады; нағыз метафаза – хромосома жіпшелері центромералармен байланысады, хромосомалар хроматидтерге жіктеледі. Клетка цитоплазмасы бұл кезде тұтқырлығын жоғалтады. Бұл кзеңде әрбір хромосоманың центромерасы дәл экваторда, ал қалған денесі экватордан тыс жазықта болуы мүмкін.

Анафаза – хроматин жіпшелерінің болашақ жас жасушалардың полюстеріне қарай созылып, ахроматин ұршығын құрау кезеңі. Ахроматин ұршығының белдеуінде хромосомалар түрліше орналасып, ең алдымен аналық жұлдызын құрайды. Сонан кейін аналық жұлдыздағы қосарланып орналасқан гомологиялық хромосомалардың ұзынынан бөлінуі нәтижесінде пайда болған жас хромосомалар жасушаның полюстеріне қарай ығысады да, екі жас хромосома жұлдыздары пайда болады. Осының нәтижесінде бір жасуша екіге бөлініп, жас жасушалар түзіледі. Анафазада хромосомалардың жасуша полюсіне ығысуы бірден басталып, өте тез арада бітеді.

Телофаза митоздың ақырғы сатысы. Телофаза кезінде хромосомалардың қозғалуы аяқалады, митоздық аппарат бұзылады, ядрошықтар пайда болады. Клетканың қарама-қарсы полюсінде жаңа пайда болған хромосомалардың сыртынан ядролық қабық пайда болады. Жаңа ядролардың қайта құрылуымен қатар әдетте клтека денесі бөлініп, цитотомия не цитокинез өтеді де, екі жасуша құрылады. Телофаза кейде цитотомиямен аяқталмай екі ядролы жасуша құрылады

38. Шөлді аймақ – жалпы аумағы 124,6 млн. га. Өзіне тән өсімдік жамылғысы алуан түрлі, 2500 – 2800 түр бар, олардың ішінде 200 – 215 түрі – эндемиктер.

Шөлді аймақ 5 белдемге ажыратылады:

солтүстік далалы жердегі құрғақ, қоңыржай-ыстық шөлдер – аумағы 40 млн. га., немесе еліміздің жер аумағының 14,7%-ы. Өсімдікжамылғысы астық-тұқымдасты – жартылай бұталы (боз, еркекшөпті-жусанды) шөлдер мен құмдақ-бұталы (жүзгін-раң-шағыржусан-еркекшөпті) шөлдер тарайды;

орталық (солтүстік тұрандық) өте құрғақ, ыстық шөлдер – аумағы 51,2 млн. га, немесе республика жерінің 18,9%-ын алып жатыр. Бұл жерлерде жартылай бұталы (жусанды, бұйырғынды, изенді), сексеуілді, бұталы (қоянжын-жүзгінді) өсімдік жамылғысы дамыған;

оңтүстіктегі өте құрғақ, ыстық шөлдер – аумағы 30,3 млн. га, немесе Қазақстанның 11,1%-ын алып жатыр. Бұл жерлерге эфемероидты – жартылай бұталы (сұр-жусанды, эфемерлі), ал дөң және тізбектелген аллювийлі – эолды құмдарда бұталы-сексеуілді-эфемероидты (сексеуіл-қоянжын-жүзгінді) өсімдік жамылғылары тән;

тау етегіндегі құрғақ, өте ыстық шөлдер – аумағы 3,2 млн. га немесе Қазақстанның 1,2%-ы. Негізінен эфемероидты ірі шөптесін-жартылай бұталы өсімдіктер өседі;

тау етегіндегі өте құрғақ шөлдер – аумағы 11,6 млн. га, немесе республиканың 4,3%-ын алып жатыр. Эфермероидты-псаммофиттік бұталы өсімдік жамылғысы тән.

Қазақстан аумағы 18,6 млн. га, яғни республика жерінің 7%-ы. Бұл ретте есепке алынып отырғаны 4 – 5 биіктік белдеулі биік таулар ғана. Таулы экожүйелердің флорасын 3400 – 3600 түр құрайды деп шамаланады. Оның ішінде 540 – 570 түр эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 165 – 170 эндемик түрлер бар. Олардың ішінде, шыршалы (шренктікшырша, сібірлік шырша); май қарағайлы, самырсынды (сібірлік самырсын, сібірлік майқарағай); қылқан жапырақты ормандарды; алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз алмасы), өрікті (кәдімгі өрік), қайыңды-теректі (түкті қайың, көк терек) – жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге болады. Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөріқарақаттың (зеректің), аршаның, қылшаның, бетегенің, сарыкүйік қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы – пайдалы өсімдіктердің қайнар көзі. Мұнда жем-шөптік өсімдіктердің 700-ден астам түрі, дәрілік өсімдіктердің 400-ге жуық, әсемдік-безендірушілік 700 – 800, ширнелік (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсімдіктер түрлері бар.[

39. Гүлшоғыр (іnflorescentіa) – өсімдік өркенінде белгілі бір ретпен орналасатын ұсақ гүлдер жиынтығы. Гүлшоғыр негізгі сағағының бұтақтануына қарай жай және күрделі болып бөлінеді. Жай Гүлшоғырдың жанама сабақшалары бұтақтанбайды, оның ең ұшы гүлмен аяқталады. Бұған масақ гүл (жай масақ – жолжелкенде, сүйсінде), шашақ гүл (қарақатта, мойылда, мияда, інжугүлде), собық гүл (жүгеріде, каллада, аронниктерде), шоғырбас гүл (бедеде), себет гүл (күнбағыста, бақбақта, өгейшөпте), қалқанша гүл (алмада, алмұртта, доланада), шатырша гүл (жай шатыр – наурызгүлде, т.б.) жатады. Күрделі Гүлшоғыр – жай Гүлшоғырдың бірнеше қайтара бұтақтануынан пайда болады. Бұған күрделі шашақ гүл немесе сыпыртқы гүл (жүзімде, гүлшетенде, тарыда, күріште), күрделі масақ гүл (бидайда, қара бидайда, сырға гүл (қайыңда, теректе, талда, көктеректе), күрделі шатырша гүл (сәбізде, аскөкте, балдырғанда, күрделі қалқанша (ұшқатта, шәңкіште, т.б.) жатады. Гүлшоғырдың орт. негізгі сабағынан (гүлсидамынан) тарамдалған жанама сабақшаларына қарай: монохазий немесе бір сәулелі Гүлшоғыр (сарғалдақта, гладиолуста, т.б.), дихазий немесе қос сәулелі Гүлшоғыр (қалампырда, шерменгүлде, т.б.), плейохазий немесе көп сәулелі Гүлшоғыр (сүттігенде, гортензияда, т.б.) деп бөледі. Жеке гүлге қарағанда Гүлшоғыр күрделі, көлемді болғандықтан желмен айқас тозаңданады, ашық түстілері жәндіктерге алыстан байқалады. Гүлшоғырдағы гүл саны бірнешеден ондаған мыңға дейін (пальма, агава), ал биікт. 2 – 3 мм-ден 14 м-ге дейін жетеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]