Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5_6_7_9_gaukhar_obzh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
233.47 Кб
Скачать
  1. Автоматты өрт сөндіру құралдары.

Өрт сөндіру ойдағыдай нәтижелі болу үшін оның басталуы туралы тез арада хабар алып, от сөндіргіш құралдарды дереу іске кіргізу керек. Бұл жағдай автоматтық өрт сөндіргіш қондырғыларын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Іске кірісу уақытына қарай автоматтық өрт сөндіргіш қондырғылары болады: инерциясыз түрі - өте тез әрекетті (іске қосылу уақыты 0,1 с кем), аз инерциялы түрі – тез әрекетті (іске қосылу уақыты 30 с дейін), орташа инерциялы түрі (іске кірісу уақыты 31-60 с), инерциялы түрі (іске кірісу уақыты 60 с артық). Өндірісте өрт сөндіруге көбіне сулы автоматты өрт сөндіру қондырғылары қолданылады. Оларға жатады: спринклер және дренчер қондырғылары. Спринклер қондырғысы өндіріс бөлмесінен жоғарғы жағында орналасқан құбыр (труба) жүйесінен және онда қондырылған спринклер бастарынан (головкаларынан) тұрады. Спринклер қондырғыларының үш түрлі жүйесі болады: сулы, сусыз және аралас. Сулы жүйеде трубаларда әрқашан су болады, ол тек жылы бөлмелерде ғана қолданылады. Сусыз жүйеде трубалар сығылған ауамен толтырылады, ал су оның арғы жағында болады. Спринклер головкасы жұмыс істеген кезде ең алды ауа шығып, содан кейін су ағады. Бұл қондырғы суық, температурасы төмен бөлмелерде орнатылады. Аралас жүйенің трубалары жылы мезгілде сумен толтырылып, суық мезгілде сығылған ауамен толтырылады. Спринклер өрт сөндіргіш қондырғылары тек автоматтық әдіспен жұмыс істейді. Дренчер головкасы спринклер головкасы сияқты , бірақ оның айырмашылығы – тесігі әрқашан ашық болады, Өрт шыққан кезде су басқа жерден кранды ашу арқылы беріледі. Дренчер бөлменің барлық ауданын бір мезгілде суландырады. Дренчер өрт сөндіргіш қондырғылары қолмен және автоматтық әдіспен жұмыс істейді.

  1. Қр еңбек Кодексі. Жұмыс уақыты (ұзақтығы қалыпты, қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты) 76,77,78,79 баптары. Үстеме жұмысқа тартуды шектеу, олардың шекті саны 88,89 баптар.

77 бап бойынша жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. 78 бап бойынша жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы 18 жаска толмаган қызметкерлер үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы 181 бабына сайкес белгиленеди. ҚР еңбек Кодексі. 18 жасқа толмаған қызметкерлер -181 бабына сәйкес: 14 жастан 16 жаска дейинги қызметкерлер үшін 24 сағаттан аспайтын (күніне 2.5 сагат); 16 жастан 18 жаска дейинги қызметкерлер үшін аптасына 36 сагаттан аспайтын (күніне 3,5 сагат). 79 бап бойынша толык емес жумыс уакыты. 1) толык емес жумыс куни (туске дейин) 2) толык емес жумыс аптасы (2 кун демалыс).

87 бап- 22 сагаттан танертенги сагат 6 га дейинги уакыт тунги уакыт болып есептеледи.88 бап үстеме жұмыстарға жүкті әйелдер, 18 жасқа толмаған қызметкерлер жіберілмейді.Үстеме жұмыстарға тартуға қызметкерлердің жазбаша келісімімен ғана рұксат беріледі. 89 бап устеме жумыстардын шекти саны. Әрбір қызметкерлер үшін тәулік ішінде екі сағаттан ал ауыр жұмыстарда, қауіпті, зиянды жұмыстарда бір сағаттан аспауы тиіс. Үстеме жұмыстрадың жалпы ұзақтығы айына 12 сагат жылына 120 сагаттан аспауы тииис7.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]