
- •Еңбек қорғау жөнінде қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері.
- •Өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулар. Сәтсіз оқиғалардың тергеп-тексеру тәртібі (қызмет тексеру).
- •Зиянды заттардың адам организміне тигізетін әсері. Ашк. Зиянды заттарды нормалау, қорғану шаралары, өлшеу аспаптары.
- •Қр еңбек Кодексі. 18 жасқа толмаған қызметкерлер -181 бап, ауыр және зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер – 202 бап және мүгедек қызметкерлер 224 бап жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы.
- •Электр тоғымен зақымдану. Адамның электр желісінің екі және бір фазалық қосылу схемасына тиісу жағдайын талдау.
- •6. Кәсіпорындардың өрт қауіпсіздігі
- •Еңбек қорғау жөнінде жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері
- •Өндірістік шаңның адам организміне тигізетін әсері. Ашк. Өндірістік шаңды нормалау, қорғану шаралары, өлшеу аспаптары.
- •Өндіріс бөлмелерінің электр қауіптілігі бойынша топтасуы.
- •Электр тоғымен зақымдану. Адамның электр желісінің нейтралі оқшауланған схемасына тиісу жағдайын талдау.
- •Жұмысшыларды қауіпсіз жұмыс әдістеріне оқыту және өндірістегі нұсқау.
- •Өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулар. Тергеп-тексерілетін және есепке алынатын өндірістік жарақаттар.
- •Автоматты өрт сөндіру құралдары.
- •Қр еңбек Кодексі. Жұмыс уақыты (ұзақтығы қалыпты, қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты) 76,77,78,79 баптары. Үстеме жұмысқа тартуды шектеу, олардың шекті саны 88,89 баптар.
- •Өндірістік шудың адам организміне тигізетін әсері және оны нормалау. Шудан қорғайтын шаралар мен құралдар.
- •Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін қызметкерлердің жауапкершілігі.
- •21. Өндіріс бөлмелерінің метеорологиялық жағдайлары. Микроклиматты нормалау, өлшеу аспаптары.
- •25.Өндірістік жарақаттардың себептері және талдау әдістері.
- •Электр тоғынан қорғану шаралары.
- •4 Алғашқы өрт сөндіру құралдары.
- •48.Еңбек қауіпсіздігі саласындағы қадағалау мен бақылау.
- •49.Иондағыш сәулелердің адам организміне тигізетін әсері және оны нормалау. Сәулелерден қорғайтын шаралар мен құралдар.
- •57.Өндіріс бөлмелерінің өрт қауіптілігі бойынша топтасуы.
- •54.Тергеп-тексерілетін, есепке алынатын және тергеп-тексерілмейтін, есепке алынбайтын өндірістік жарақаттар.
Еңбек қорғау жөнінде қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері.
Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдасьтыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі. Еңбек қорғау мәселелерінің мақсаты – өндірістік жағдайларда жұмыскерлердің организміне жағымсыз әсерін тигізетін зиянды факторларды толығымен жою немесе барынша азайту.Еңбек қорғау пәні өндірісте еңбек жағдайларын қауіпсіздендіру, зиянзысдандыру және жеңілдету мәселелерін теориялық және практикалық жолдармен зерттейтін пән. Бұл пән келесі бөлімдерден түрады: - еңбек қорғау жөнінде құқықтық мәселелер - онда қауіпсіздік қызметін ұйымдастыру, еңбек қорғау жөнінде жауапкершілік, сәтсіз оқиғаларды тексеру, жарақаттарды талдау т.б. мәселелер қарастырылады; - өндірістік санитария және еңбек гигиенасы – онда өндірістік зияндылықтар және олардан қорғану шаралары қарастырылады; - қауіпсіздік техникасы – технологиялық процестерді жүргізу барысында және машиналар мен механизмдерді пайдаланғанда қолданылатын қауіпсіздік шаралар қарастырылады; - өрт қауіпсіздігі – өндірісте өрт шығуына мүмкіндік бермеу және өрт сөндіру құралдары туралы мәліметтер келтіріледі. Қызметкердің еңбек қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері. Қызметкердің құқықтары: өндірістік жарақаттануға, кәсіби ауруға немесе жұмыс қабілетін төмендетуге әкеп соқтыруы мүмкін зиянды және қауіпті өндірістік фактордың әсерінен қорғалған жұмыс орнына, шарттық міндеттемелерді, еңбек міндеттемелерін атқару кезінде өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды ҚР-ның Заң актілеріне сәйкес өтетуге, ұйымның жұмысы еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес келмегендіктен тоқтатылған уақытта орташа жалақысының сақталуына, жұмыс берушінің тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңсыз әрекеттеріне шағым жасауға т.б. Қызметкердің міндеттері: арнаулы киімді, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өз мақсатында пайдалануға, медициналық тексеруден өтуге, өндірісте болған сәтсіз оқиға туралы тікелей басшысына дереу хабарлау т.б. Жұмыс берушінің еңбек қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері. Жұмыс берушінің құқықтары: қызметкерлерден қауіпсіздік нормаларын, еңбек қауіпсіздігі жөнінде ережелер мен нұсқаулықтарды сақтауды талап етуге, оларды белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауапкершілікке тарту т.б. Жұмыс берушінің міндеттері: қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, өз қаражаты есебінен қызметкерді арнайы киіммен, арнаулы аяқ киіммен және зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғайтын жеке қорғану құралдарымен белгіленген кию мерзімінде қамтамасыз етуге, өндірістегі сәтсіз оқиғаларды және кәсіби ауруларды тіркеуді, есепке және талдауды жүзеге асыруды т.б.
Өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулар. Сәтсіз оқиғалардың тергеп-тексеру тәртібі (қызмет тексеру).
Өзгешіліктеріне қарай зақымдарды мынандай топтарға бөлуге болады: - механикалық зақымдар (сынық, кесілу т.б.); - жылулық зақымдар (күйік, үсіну т.б.); - химиялық зақымдар (улану, күйік т.б.); - электр зақымдары (электр соққысы, электр жарақаттар т.б.); - сәулелік зақымдар (радиоактивтік, электромагниттік т.б.); - бірнеше зақымдар бір мезгілде болса. Жарақаттардың нәтижесіне қарай сәтсіз оқиғаларды былай бөлуге болады: - еңбекке уақытша жарамсыздық туғызатын; - еңбекке тұрақты жарамсыздық туғызатын; - тобымен жарақаттандыратын; - өлімді жарақаттар. Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болғансәтсіз оқиғалар кезінде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор кіреді. Техногендік сипатты төтенше жағдайлар кезінде болған сәтсіз оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектор арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады. Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе кісі өлімімен аяқталған сәтсіз оқиғаны, қызметкерлердің топтық сәтсіз оқиғасын және топтық қатерлі улану жағдайын тергеп-тексеру еңбек жөніндегі мемлекеттік орган белгілеген нысандағы арнайы тергеп-тексеру актісімен ресімделеді. Сітсіз оқиғаларды туғызатын себептерді жою үшін кәсіпорындарда өндірістік травматизм мен кәсіби ауруларды зерттеп, талдап отыру керек. Талдаудың бірнеше әдістері болады: статистикалық, топтау, топографиялық, монографиялық, экономикалық әдістері. Статистикалық әдіс тіркелген сәтсіз оқиғаларды талдауға негізделген, олардың жалпы саның көрсетеді және жарақаттың деңгейін сипаттайтын орташа көрсеткіштерді пайдаланады: жарақаттардың жиілік коэффициенті, жарақаттардың ауырлық коэффициенті т.б. Топтау әдісі біркелкі жағдайларда болған сәтсіз оқиғалардың қайталану жиілігін анықтауға арналған, мысалы, жарақаттардың себептері, адамның жасы, қызметкердің мамандығы т.б. Топографиялық әдіс сәтсіз оқиғалардың пайда болу орындарын зерттеуге негізделген. Жеке бөлімшелердің планында таңбалармен жұмыс орындарында сәтсіз оқиға болған жерлерді белгілейді. Сонымен, қай жерде көп таңбалар қойылса, сол жұмыс орны қауіпті деп есептеледі. Монографиялық әдісінде жұмыс барысында пайда болатын қауіптілік пен зияндылықты анықтау ұшін жұмыс орындарын, машиналарды, құралдарды, өндіріс бөлмелерін, технологиялық процестерді, өндірістік ортаны мұхият тексеріледі. Экономикалық әдісте өндірістік жарақаттан болған шығындар анықталады,