
- •Ақша-несиелік саясат
- •1. Потенциалды жұө- толық жұмысбастылық кезіндегі өндіріс көлемі.
- •Жұө екі әдіспен есепетелінеді:
- •Кәсіпкерлік: мәні, түрлері, формалары. Қр-дағы шағын, орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы.
- •Құн заңы, оның әрекет ету ерекшеліктері.
- •Маржинализм теориясы және «неоклассикалық» деп аталатын экономикалық теория бағыты (а. Маршал).
- •Мемлекет функциясы
- •Меншік – экономикалық категория ретінде
- •Меншік иесінің түрлері.
- •Меншікті мемлекеттен алу және жекешелендіру: мақсаты, жүзеге асыру тәсілдері, түрлері және қр-дағы кезеңдері
- •1. Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу. 2. Кәсіпорын капита-лының үлесін сату (акцияларды) 3. Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.
- •Макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі.
- •Нарықтың артықшылығы мен кемшіліктері.
- •Нарықтың атқаратын қызметі және нарық құрылымы
- •Нарықтың мәні және нарық субъектілері.
- •Нарықтың негізгі элементтері
- •Сұраным және ұсыным икемділігі.
- •Тауар өндірісі, оның пайда болуы үшін қажетті объективті жағдайлар. Жай және капиталистік тауар өндірісі. Ортақ жағдайы мен айырмашылықтары
- •Экономикалық теорияның атқаратын қызметі және қоғамдық құбылыстарды зерттеу әдістері
- •Экономикалық теорияның ғылыми мектептері – меркантализм және физиократтар
- •Экономикалық теорияның маркстік даму кезеңдері
- •Экономикалық теорияның пайда болуы және оның қалыптасуы.
Жұө екі әдіспен есепетелінеді:
шығындар бойынша есептегенде тұтынуға жұмсалған барлық шығындар қосыоады: тұрғындардың тұтыну шығындары /С/, ұлттық экономикаға жиынтық инвестициялар /І / , мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатыап алулары /С/және таза экспарт Х /экспорт - импорт/. ЖҰӨ= І + C+ С + Х
табыстар бойынша есептегенде өндіріс факторерінің иелерінің табыстарының сомасы ретінде есептелінеді немесе халық шаруашылығының салаларының табыстарының сомасы ретінде:
ЖҰӨ=ЕА+Р+ПР +П+жанама салықтар+амортизация
ЖҰӨ есепетеу кезінде өндірілген өнімдер 1 рет ғаңа есептелуі тиіс:
- соңғы өнім соңғы, тұтыну үшін сатып алынған тауарлар маен қызметтердің саны;
- аралық өнім, соңғы өнімдерді өндірі үшін, әрі қарай өңделу үшін тұтынылатын тауарлар мен қызметтер;
Тұрғындардың өмір сүру деңгейін сипаттау үшін келесі көрсеткіштер пайдаланылады:
жеке табыс /ЖТ/ - жеке тұлға немесе жанұяның салықты төлегенге дейіңгі алған табысы. ЖТ табыс+ трансферттік төлемдер
қолдағы табыс /ҚТ/ - салық төленгеннен кейін қалатын табыс. ҚТ ЖТ- салықтар.
ЖҰӨ номиналды және нақты болып беріледі:
номиналды ЖҰӨ - ағымдағы бағамен беріледі;
нақты ЖҰӨ тұрақты немесе базисті жылдағы бағамен теріледі.
Нақты ЖҰӨ номиналды
ЖҰӨ баға индексі /ЖҰӨ дефляторы/
Баға индексі- жанұя бір жылда тұтынатын тауарлар мен қызметтердің бағасының өзгерісі.
И
Инфляция- орташа баға деңгейінің өсуінің тұрақты тенденциясы. Инфляция жағдайында бағаның түрлері әр түрлі өзгереді: кейбір бағалар жылдам өседі, басқалары- баяу, үшіншілері мүлдем өзгеріссіз қалады.
Дефляция- орташа баға деңгейінің төмендеуінің тұрақты тенденциясы.
Инфляция деңгейі (баға өсімінің қарқыны) –бағаның орташа деңгейінің салыстырмалы өзгерісі. Макроэкономикалық модельдерде инфляция деңгейі келесідей берілуі мүмкін:
;
Р- ағымдағы жылдағы орташа баға деңгейі;
Р-1- өткен жылдағы орташа баға деңгейі;
Бағаның орташа деңгейі баға индексімен өлшенеді. Инфляция деңгейін анықтау үшін тұтынушылық бағалар индексі (СРІ) пайдаланылады.
Дезинфляция- инфляция деңгейін төмендету (бағалардың өсу қарқыны).
Инфляция түрлерін қарастырайық.
Сұраныс инфляциясы- толық жұмысбастылыққа жақын жағдайда, жиынтық шығынның (жиынтық сұраныстың) артықшылығынан пайда болады.
Шығындар инфляциясы- өнім бірлігіне кететін орташа шығындардың артуы және жиынтық сұраныстың азаюы салдарынан пайда болады. Инфляцияның бұл түрі стагфляцияға әкеледі - өндіріс құлдырауы жағдайында инфляциямен жұмыссыздықтың бір уақытта өсуі (стагнация мен инфляцияның ұштасуы).
Орташа шығындар артады - фирма пайдасы төмендейді - фирма өндірісі азаяды - жиынтық ұсыныс төмендейді-орташа баға деңгейі жоғарлайды - инфляция қарқыны артады.
Өндірістің орташа шығындарының артуының себептері:
номиналды еңбек ақының артуы, ол еңбек өнімділігінің артуымен байланысты емес;
шикізат бағасының артуы;
салықтардың артуы.
Сұраныс инфляциясымен шығындар инфляциясы инфляциялық спиральді құрайды, онда экономикалық агенттердің инфляциялық күтімдері жіберу механизмінің ролін атқарады.
Егер үкіметпен Ұлттық Банкте инфляциялық күтімдерді басқаратын инструменттер болмаса, «еңбек ақы - баға» спираль негізінде гиперинфляция пайда болады- баға өсуінің жоғары қарқыны, басқарылмайтын инфляция, ол әсіресе өнім шығарумен жұмысбастылыққа жоярлық әсер тигізеді.
Инфляция табыстардың қайта бөлінуіне әр түрлі әсер етеді, ол инфляция күтілген немесе күтпеген болатындығына байланысты.
Күтілген инфляция жағдайында табыс алушы инфляция әсерін жоюға немесе азайтуға әрекет жасайды, бұл әрекеттер оның шынайы еңбек ақы көлемінде көрініс алады.
Күтілмеген инфляция бекітілген табыстардың барлық түрлерінің төмендеуіне әкеледі. Бұл инфляциядан ссуда алушылар ұтыста қалады, себебі қарыздар құнсызданған ақшщамен қайтарылады.
Жұмысбастылықты жоғарлату және жұмыссыздықты азайту сұраныс инфляциясын тудырады. Жұмысбастылықты шектеу және жұмыссыздықты көбейту арқылы инфляцияны төмендетуге болады. Демек, қысқа мерзімде жұмыссыздық және инфляция деңгейлері арасында кері байланыс байқалады, бұл байланыс Филипс қисығы.
Жиынтық шығындарды басқаратын үкімет Филипс қисығында инфляция және жұмыссыздық
деңгейінің белгілі –бір комбинациясын таңдай алады. Бұл таңдау күтілетін инфляция қарқынына байланысты: неғұрлым күтілетін инфляция жоғары, Филипс қисығы соғұрлым жоғары.
К
Капитал айналымы – капиталдың үздіксіз жаңарып отыратын ауыспалы айналымы; компанияның жылдық сату көлемінің салынған капиталға (меншікті қаражаттың орташа сомасына) қатынасы; жылдық өткізу (сату) көлемін тұрақты капиталдың ұзақ мерзімді міндеттемелер мен меншікті капитал сомасына тең шамасына бөлу арқылы есептелетін көрсеткіші. Өнеркәсіп капиталы ауыспалы айналымның барлық сатысынан өтетін уақыт капитал айналымының уақытын құрайды.Қажеттіліктер - жеке адамның, әлеуметтік топтың, қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін объективті түрде керек нәрсеге мүқтаждық; белсенді әрекеттің ішкі қозғаушысы. Қажеттіліктер субъект пен оның қызметінің өзара байланысын көрсетеді, әуестіктен, мүдделерден, мақсаттардан және мінез-құлықтан көрініс табады.Қажеттіліктер - адам тұлғасының, қоғамның жалпы өмір сүруін және дамуын қолдау үшін объективті кажетті нәрселерді кажетсіну. Қажеттіліктер биологиялық және әлеуметтік болып бөлінеді, олар экономика мен мәдениет дәрежесіне байланысты. Қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатты іс-әрекеттің нәтижесінде іске асады. Қажеттілікті тәрбиелеу тұлғаны қалыптастырудың орталық міндеттердің бірі болып табылады.Игілік – ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым; адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін нәрселер.Игілік табиғи және қоғамдық болып бөлінеді. Табиғи игілік – табиғи процестердің, мысалы, топырақтың құнарлылығы, пайдалы қазбалар. Қоғамдық игілік – адам қызметінің нәтижелері. Алайда екі жағдайдың екеуінде де игілік нәрсенің әлеуметтік анықтамасы, оның адам үшін пайдалы маңызы болып табылады. Материалдық және рухани игілік қандай қажеттерді қанағаттандыратынына байланысты ажыратылады. Материалдық игілікке азық-түлік, киім-кешек, баспана, т.б. және өндіріс құрал-жабдықтары, ал рухани игілікке – білім, рухани мәдениеттің жетістіктері, эстет. байлықтар, адамдардың мінез-құлқынан көрінетін адамгершілік қасиеттер, т.б. жатады. Бұлайша бөлу тек шартты нәрсе, өйткені көптеген игі құбылыстардың арасында нақтылы шекара жоқ (тарихи прогрестің жетістіктері, шығарм. жетістіктері, әлеум. оқиғалар, әсемдік бұйымдары). Адамның жасампаздық мүмкіндіктерінің өзі ең жоғары игілік болып табылады. Игілік жеке адамның қажеті мен мүддесіне қызмет ете отырып, даралық сипат алуы мүмкін. Бұл тұрғыдан игілік ұғымының абсолюттік (жалпы адамдық және жалпы тарихи) және салыстырмалы (тарихи шектелген, таптық, жеке даралық) cипаттары болады.Қоғамдық өндірістің құрылымы.Өндіріс ресурстары,олардың шектілігі, өндіріс мүмкіншілігінің қисығы. Өндіріс факторларыАдамзаттың және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі – ол өндіріс. Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндірісті құрайды.1. Өндіріс – материалдық игіліктерді пайдалы өнімді өндіру процесі.2. Бөлу - әрбір адамның өндірілген өнімділігі үлесін анықтау.3. Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.4. Тұтыну - өндірілген өнімді қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану. Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында, адамдар өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрған үй және басқа материалдық игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиісті. Бұлар өндіріс процесінде жасалады.Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын. Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді. Экономикалық теорияда «ресурс» деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкінТабиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар. Материалдық ресурстар - дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал – жабдықтардың барлығы жатады. Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән және қажет болып табылады. Нарық экономикасында бұлардың қатарына қаржы ресурстары қосылады. Осыған адамның өндіргіш күштерін бағыттау қажет.Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бейімдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес. Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қолданылатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады. Өндіргіш күштердің ішкі құрылымы болады. Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп атап айту қажет.Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады: 1.Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.2. Еңбек құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын жүргізетін құрал.Тұтыну тауарларын жасау үшін инвестициялық игіліктер немесе экономикалық қорлар қажет. Экономикалық ресурстар – экономикалық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын элементтер, бұнда өндіріс факторы табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Өндіріс ресурстары бұл шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің әртүрлі құралдарының жиынтығы. Ресурстарға жататындар: табиғи ресурстар, адам ресурстары, қаржылық, ақпараттық және т.б. Осы замандағы индустриалдық нарықтық экономика ақпарат ресурстарсыз болмайды, бұлар ғылыми-техникалық революция кезеңінде өте маңызды рөл атқарады. Капиталдың мәні, ауыспалы айналымы, оның үш сатысы
Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы, өсімқорлық, өнеркәсіптік. Капитал түсінігіне ең толық, жан жақты зерттеуді жүргізген К.Маркс. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын зерттеген. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады. Капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар капиталдың заттық түрі болады көрсетті – машина, шикізат, құрал-жабдықтар. Кәсіпкерік сфераның қандайда болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуды мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда табуды көздейді. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы керек.
Экономикалықтеориядакапиталғаберетінекінегізгіанықтама бар:
капитал – дегенқұрал – жабдықтаржиынтығы,
капитал дегенақшасомасы.
Бірақ, капитал шаруашылықтапайда табу үшінқолданылады.
Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі деп тұжырымдайды.
Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Осы процесте өнер кәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Ұдайы өндірістік процесті, осыған қатысатын өнеркәсіптік каиталдың функционалдық формаларының өзгеруі бағытынан қарасақ оны мынадай түрге бөлуге болады: А - Т …Ө... Т1 - А1
Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады: А- Т ...
Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.
Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы - ондіріске жағдайлар жасау: ... Ө ...
Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн ондіру функциясын атқарады: ... Т1 - А1
Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталыньң функциясы — үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.
Капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымыдеп атайды. Формула көрсетіп тұр — капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді: d=А' - А
Мұнда: А—бастапқы жұмсалған капитал, d—үстеме құн.
Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымы болады.
Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капиталдың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасында толық қайтып түскенде капитал толық айналым жасайды.
Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құңның айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал негізгі және айналмалы болып болінеді.