Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ET_gotovy.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
324.61 Кб
Скачать

А

Ағылшынның классикалық буржуазиялық саяси мектебі – А. Смит және Д. Рикардо. Олардың экономикалық теориясы.

А. Смит экономиканы зерттеу барысында ең басты, негізгі, заңды анықтауші белгілерді атап көрсетіп, кездейсоқ, жеке, жай элементерден ойды алшақтатты. Осылай А. Смит құбылыстардың ішкі байланыстарын, сырт қарағанда көрінбейтін ішкі заңдылықтарды көргісі, ашқысы келіп талпынды.

А.Смиттің экономикалық жүйесі екі жақты қайшылықта болды. Бір жағынан, ол экономикалық категориялардың ішкі заңдылықтарын, байланыстарын ашуға тырысса, екінші жағынан, құбылыстарға бәсекенің әсерін, ықпалын талдап, адамдардың оларды түсінбейтініне сенді. Оның ойынша, адам өндіріспен айналысып, тек соны ғана ойлайды.

А.Смит еңбек бөлінісінің айырбас пен ақшаның теориялық мәселелерін терең зерттеген адам. Ол мануфактура ісіндегі, қоғамдағы және түрлі кәсіпорындар мен шаруашылық салаларының арасындағы еңбек бөлінісінің ерекшеліктерін ашты. Еңбек – байлықтың көзі дегенге қосыла отырып, қоғамды еңбек одағы, сауда одағы деп тың ойлар айтты. Мануфактуралық еңбек бөлінісі мамандануды көрсетіп жай айырбасқа, ал қоғамдық еңбек бөлінісі сатып алуды, сатуды қажет етеді деп көрсетті.

А.Смит өзінің экономикалық ілімінде капитал туралы, оның құрылымы, қорлануы, қоғамдық капитал, ұдайы өндіріс мәселелеріне ерекше тоқталады. Бір жағынан, Смит капиталды жалдамалы еңбек арқылы жасалатын құн дейді. Екінші жағынан, капиталды заттардың қоры, өндіріс құрал - жабдықтарының жиынтығы деп көрсетеді.

Д.Рикардоның анықтамасы бойынша саяси экономия пәнi – топтарды құрайтын адамдардың экономикалық қатынастары. Оның ең басты мiндетi – осы топтардың арасындағы ұлттық табысты болу заңдарын зерттеу. Ұлттық табыс жалақы, пайда, жер рентасы арқылы көрiнедi. Ол саяси экономияны сан мен сапаның ара қатынасы туралы ғылым деп түсiндi.

Кұн теориясында Д.Рикардо А.Смиттiң идеясын одан әрi дамытты. Әсiресе тауардың екi қасиетiне: тұтыну және айырбас кұнына баса назар аударды. Тауардың тұтыну кұны – оның пайдалылығы, бiрақ ол кұнның өлшемi бола алмайды. Барлық тауардардың айырбас кұны оған жұмсалған еңбекпен өлшенедi деп көрсеттi. Ол жалақы тауар кұнының өзгеруiне қарамастан, бағаға әсер етпеуi тиiс деп есептедi. Жалақы тауар бағасындағы пайда мен жалақының ара қатынасын өзгертедi деп ойлайды. Жалақы – жұмысшының табысы, еңбегiнiң төлемi дедi. Жұмысшылар саны көп болса, жалақы төмен болады және керiсiнше. Жалақы тек кұн көрicке ғана жетуi керек. Ол «Жалақының темiр заңын» шығарады.

Д.Рикардо ақша айналымы мен банк қызметiн де зерттедi. Онын ақша теориясы екi жақты болатын. Бiр жағынан, Рикардо ол жүйенi кұнның еңбектiк теориясы негiзiнде жасауды ұсынса, екiншi жағынан, ақшаның сандық теориясын жақтады. Ал соңғы теория бойынша ақшаның кұны оның санымен анықталады. Егер алтын ақшаның саны өссе, баға да өседi. Ал бұл кұнның еңбектiк теориясына сәйкес келмедi. Дегенмен, Д.Рикардоның ақша, сыртқы сауда, валюта қатынастарының нақты проблемаларын зерттеуi жалпы экономикалық iлiм тарихын байытты.

Д.Рикардоның негiзгi еңбегi «Саяси экономия мен салық салудың бастамасы» (1817) деп аталады. Ол 32 тараудан және үш бөлiктен тұрады: экономикалық теорияның негiздерi (құн, табыс); салық салудың теориясы мен тәжiрибесi; А.Смиттiң, Т.Мальтустың, Ж.Б.Сэйдiң тұғырнамаларын талдайды. Ол өзiнiң экономикалық iлiм теориясына бастапқы екi тарауды арнайды. Д.Рикардоның бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда арзан өнiмдердiң әкелуiне тыйым салатын заң жойылу тиiс. Ол мемлекттiң экономикаға араласуын жақтамады.

Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.

Марксизм – Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты..а негізделген.

Ақша-несиелік саясат

Нарықтық экономикада банктік жүйе екі деңгейлі:

  • орталық немес ұлттық банк (эмиссионды);

  • коммерциялық (депозиттік)- олардың функциясы салымдарды тарту және несие беру, сөйтіп ашга ұсынысына әсерін тигізеді.

Ақша саясатының мақсаттары:

соңғы мақсаттар: экономикалық өсу; толық жұмысбастылық; бағалар тұрақтылығы; тұрақты төлем балансы;

аралық мақсаттар: ақша массасы; процент ставкасы; айырбас курсы;

инструменттер: несиелеу лимиті- тікелей әсер ету; процент ставкасын тікелей реттеу, міндетті резерв нормасын өзгерту, есеп ставкасын өзгерту, ашық нарықтағы операциялар – жанама әсер ету.

Осы инстументтер арқылы ақша -несие саясатының мақсаттары жүзеге асырылады: белгілі бір деңгейде ақша массасын (қатаң монетарлы саясат) немесе процент ставкасын демеп тұру (икемді монетарлы саясат).

Ақша-несие саясатының вариантын таңдау ақшаға сұраныстың өзгерісініе тәуелді.

Мысалы: ақшаға сұраныстың артуы инфляциялық процестермен байланысты болса, қатаң саясатты жүргізген орынды.

Ұлттық Банк бір мезгілде ақша массасымен процент ставкасын бекіте алмайды. Осылайша, егер ақшаға сұраныс артқаннан процент ставкасы артады, оны тұрақтандыру үшін Банк ақша ұсынысын артырады да,с ұраныстың артуынан артқан процент ставкасын төмендетеді, нәтижесінде ақша ұсынысының қисығы, тепе-теңдік нүктесі қисық бойымен оңға ығысады.

Ақшаның мәні және оның пайда болуы

Ақшаның пайда болуын әр мектеп өкілдері айырбастың пайда болуымен байланыстырады. Демек ақшаның пайда болуын зерттеу, айырбастың дамуын зерттеуге әкеледі. Айырбастың ең қарапайым түрі- бартер, тауарды басқа тауарға тікелей айырбастау. Бірақ бартер тек тауарлармен нарық қатысушылары саны шектеулі болған жағдайда ғана тиімді. Олардың санының артуы айырбасты қиындата бастады, сондықтан айырбастың дамуына қарай әр аймақтарда өткізуге ыңғайлы тауар пайда бола бастады, былайшы айтқанда өтімділігі жоғары тауарлар. Өтімділігі жоғары тауар ақшаға айналды.

Ақшаның функциясы. Ақша айналымының заңы.

Ақша - өтімділігі жоғары абсолютті айырбас құралы. Ақшаны талдаумен байланысты баға категориясының анықтамасын береміз: баға - тауар құнының ақшалай көрінісі. Ақша келесі қызметтер атқарады:

  1. құн өлшемі - елдің ақша бірлігіне шағылатын алтын өлшемінің саны;

  2. айырбас құралы - тауар айырбасы кезінде делдал ретінде туындауы;

  3. жинақ құралы - нарық субъектісінде қаржылық актив түрінде сақталынуы;

  4. төлем құралы - қарыз қайтару кезінде ақша төлем құралы туындайды.

Ақшаның мәнін оның атқаратын қызметтері айқындайды. И.Фишер: «Ақшаның құны олардың санына тура пропорционалды» дейді, ол айналымдағы ақша массасын анықтайтын формуланы ұсынады: MV=PQ

мұндағы M-ақша массасы, V- ақша айналымының жылдамдығы, P- тауарлар бағасының деңгейі, Q-айналымдағы тауарлар саны.

Ә

Әлеуметтік саясат (ӘС) - мемлекеттің қоғам өмірінің әлеуметті- экономикалық жағдайларын реттеу бойынша қызметінің бағыты.

ӘС мәні: қоғамдағы әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу, тұрғындардың өмір сүру жағдайларымен әлеуетін жақсарту, әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету.

Осы саясаттағы негізгі бағыты- тұрғындар табысын қалыптастыру саясаты.

Табыс- белгілі бір уақыт аралығында алынған және тауарлар мен қызметтерді жеке тұтыну үшін сатып алуға тағайындалған ақшалай қаражат сомасы.

Табыс көлеміне әсер ететін факторлар:

• еңбек ақы;

• баға динамикасы;

• нарықтың тауарлармен қанығуы.

Табыстың көздері: еңбек ақы, меншіктен табыс (дивидендттер, процент, рента), әлеуметтік төлемдер- тьрансферттік төлемдер (зейнет ақы, жәрдем ақы және т.б.).

Табыс деңгейін бағалау үшін келесі көрсеткіштер пайдаланылады:

• номиналды табыс - алынған ақша көлемі;

• қолдағы табыс - номиналды табыс- салық- міндетті төлемдер;

• нақты (шынайы) табыс – осы ақшаға сатып алуға келетін тауарлар мен қызметтер көлемі.

Шынайы табыс баға индексі арқылы есептелінеді, баға индексін анықтау үшін “тұтыну қоржыны” түсінігі пайдаланылады.

Тұтыну қоржыны- белгілі бір тауарлар мен қызметтер жиынының бағаларының сомасы.

Баға индексі= ағымдық кезеңдегі ТҚ/базалық кезеңдегі ТҚ

Табыс көлемі минималды ТҚ аз тұрғындар “кедейшілік сызығындағы” тұрғындарға жатады, олардың үлесі елдегі өмір сүру деңгейін сипаттайды.

Ж

Жиынтық ұлттық өнім, жиынтық ішкі өнім, Аралық өнім, Түпкі өнім, Ұлттық таза өнім, Ұлттық табыс, олардың мәні және құрамы.ЖҰӨ туралы жалпы түсінік Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себепті, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмінің түсінігі болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негізінде қалыптасқан. Әрбір теорияны дайындап алған соң, біз оларды тексеру үшін қайта бақылауларды қарастырамыз. Кездейсоқ бақылаулар экономика деректерінің қайнар көзі ретінде қызмет етеді. Мәселен, сіз дүкен аралап жүргенде бағалардың тез көтеріліп жатқанын көресіз. Жұмыс іздеп жүргенде, фирмалар жұмысшы қабылдай ма, жоқ па, соны білесіз. Біз бәріміз экономикалық процестерге қатасушылармыз. Сол себепті уақыт өте келе экономиканы сезіну қабілетіне ие боламыз. Экономикалық статистика - бұл объективті ақпараттың қайнар көзі. Өкімет фирмалар мен азаматтардың экономикалық іс - әрекеті туралы, яғни белгіленген бағалардың деңгейін және сұраныс жүйесін, табыс мөлшерін, және т.с.с. дерек алу мақсатында үнемі зерттеулер жүргізеді. Алынған деректер бойынша әр түрлі статистикалық көрсеткіштер есептелінеді, олардың жиынтығы экономиканы қалпын, жағдайын сипаттайды. Жиынтық немес жалпы ұлттық өнім /ЖҰӨ/ - ел ішінде 1 жылда өндірілген тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнының сомасы

ЖҰӨ екі әдіспен есепетелінеді:

шығындар бойынша есептегенде тұтынуға жұмсалған барлық шығындар қосыоады: тұрғындардың тұтыну шығындары /С/, ұлттық экономикаға жиынтық инвестициялар /І / , мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатыап алулары /С/және таза экспарт Х /экспорт - импорт/. ЖҰӨ= І + C+ С + Х

табыстар бойынша есептегенде өндіріс факторерінің иелерінің табыстарының сомасы ретінде есептелінеді немесе халық шаруашылығының салаларының табыстарының сомасы ретінде:

ЖҰӨ=ЕА+Р+ПР +П+жанама салықтар+амортизация

ЖҰӨ есепетеу кезінде өндірілген өнімдер 1 рет ғаңа есептелуі тиіс:

- соңғы өнім соңғы, тұтыну үшін сатып алынған тауарлар маен қызметтердің саны;

- аралық өнім, соңғы өнімдерді өндірі үшін, әрі қарай өңделу үшін тұтынылатын тауарлар мен қызметтер;

Тұрғындардың өмір сүру деңгейін сипаттау үшін келесі көрсеткіштер пайдаланылады:

жеке табыс /ЖТ/ - жеке тұлға немесе жанұяның салықты төлегенге дейіңгі алған табысы. ЖТ табыс+ трансферттік төлемдер

қолдағы табыс /ҚТ/ - салық төленгеннен кейін қалатын табыс. ҚТ ЖТ- салықтар.

ЖҰӨ номиналды және нақты болып беріледі:

номиналды ЖҰӨ - ағымдағы бағамен беріледі;

нақты ЖҰӨ тұрақты немесе базисті жылдағы бағамен теріледі.

Нақты ЖҰӨ номиналды

ЖҰӨ баға индексі /ЖҰӨ дефляторы/

Баға индексі- жанұя бір жылда тұтынатын тауарлар мен қызметтердің бағасының өзгерісі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]