- •14. Дауыстық дестелерді беру принциптері
- •34. Шлюздің негізгі қызметтері:
- •28. Шлюз сапасының факторлары:
- •31. Дауысты өңдеу процедуралары
- •32. Дауыстық сигналдарды кодтау үшін стандарттар
- •45. Tcp/ip стегі адрестерінің типтері
- •44. Маршрутизация хаттамалары және маршрутизаторлар
- •11.1 Маршрутизация хаттамаларының жіктелуі
31. Дауысты өңдеу процедуралары
ІР-телефонияда сапалы дауыстық сигналдарды беруді қамтамасыз ету үшін келесідей өңдеулер қажет:
а) кіріс аудиосигналдан барлық жағымсыз компоненттерді алып тастау. Дауысты цифрлаған соң микрофон динамигінен жаңғырықты, бөлмелік жаңғырықты және фондық шуылды, сонымен қатар дауыстық спектрдегі төменгі жиіліктегі айнымалы тоқтағы шуылдарды сүзгілеу. Бұл функциялар дербес компьютердің аудиокомпоненттерімен жүзеге асырылады, сондықтан ІР-телефония жүйесі мұндайды иеленбеуі мүмкін;
б) дауыстағы кідіруді (паузаны) басу; қалдықты фондық шуылды (сыртқы шуылдарды) айқындау және ең алыс ақырғы бөлікте қалпына келтіру үшін кодтау. Жақын ақырғы бөліктегі үзілістерді толығымен жойған дұрыс. Алыстағы соңғы бөлікте қалпына келтіру үшін DTMF сигналдарын және басқа да сигналдарды қысқа кодтарға айырбастау керек. Дауыс қаттылығы анықталған табалдырықтан төмен кезде үзілістерді басу функциясы активтелгені әсерінен кейбір жүйелер сөздің басын немесе аяғын кесіп тастайды (энергияның жоғарылауы немесе төмендеу периоды кезінде);
в) дауыстық деректерді сығу. Цифрленген дауысты әртүрлі әдістермен сығуға болады. ІР-телефонияда қолданылатын шешімдер жылдам болуы керек, дауыс сапасын сақтау және шығысты деректердің үлкен емес массивтерін беруі керек;
г) сығылған дауыстық деректерді нөмірлеу тәртібі бойынша ұзындығына тең қысқа сегменттерге бөлу, дестелердің тақырыптарын қосу және тарту;
д) шығындарды немесе дестелер кідіруін интеллектуалды өңдеуді қамтамасыз ету үшін адаптивті ресинхронизация буферінде реттеу және қабылдау. Басты мақсат болып дестелер арасындағы айнымалы кідірістердің әсер етуінен құтылу табылады. Бұл проблеманың шешуі болып келіп түсетін дестелердің жеткілікті шамасын буферизациялау, себебі дестелердің түсу уақыты әртүрлі болса да дауыс үзіліссіз болуы керек.
ІР арнаның өткізу қабілетін қолданудың басты мақсаттарының бірі болып кодектің дауыстық мәліметті тиімді кодтау/декодтау алгоритмін таңдау болып табылады.
Барлық дауыстық кодерлерді әрекет ету принципі бойынша үш топқа бөлуге болады:
а) 50-жылдары пайда болған және қазіргі уақытта дәстүрлі телефондық жүйелерде қолданылатын ИКМ кодегімен және адаптивті дифференциалды ИКМ (АДИКМ). Көпшілік жағдайларда олар АЦТ/ЦАТ қосындысын бейнелейді.
б) дауыстық сигналды вокодерлік түрлендіруі бар кодектер жылжымалы байланыс жүйелерінде радиотрактінің өткізу қабілетіне талаптарды төмендету үшін пайда болды. Бұл кодектердің тобы мәліметтердің фонемалардың вокалды құраушылары негізінде сигналдың гармоникалық синтезін қолданады. Әдетте мұндай құрылғылар аналогты құрылғылар негізінде жасалған.
в) аралас (гибридті) кодектер өздеріне дауысты вокодерлік түрлендіру/талдау технологиясын біріктіреді, бірақ специализацияланған процессорлар арқылы цифрлық сигнал көмегімен операция жасайды. Бұл типтегі кодектер өзіне ИКМ немесе АДИКМ кодекті және цифрлық әдіспен жасалған вокодерді біріктіреді.
