- •1. Эстетика туралы түсінік
- •2. З.Қабдоловтың әдеби-теориялық еңбектері
- •3.Эстетиканың тарихи даму негіздері
- •2. Зәки Ахметовтің әдеби-теориялық зерттеу еңбектері.
- •1. Көркемдік әдіс табиғаты.
- •3. Комикалық категория.
- •1. Өнер – өмірді танудың бір жолы
- •2. Метафорада салыстырылған заттарды немесе құбылыстарды айқындаудың жолдары
- •3. Хvіі-хviii ғасырлардағы көркем ойлау жүйесі.
- •2. Көркем мәтін және автор мәселесі
- •3.Асқақтық категориясының тарихи даму ерекшеліктер.
- •1.Әңгіме жанрының даму сипаты
- •2. Қазақ әдебиеттануындағы е.Ысмайыловтың еңбегі
- •3. Өнердің тектері мен түрлері
- •2. Уақыт пен кеңістік туралы алғашқы әдеби-эстетикалық ойлар.
- •3. Аристотелдің "Поэтикасындағы" әдеби-эстетикалық тұжырымдардың маңызы мен мәні.
- •1.Классикалық антика дәуіріндегі эстетиканың даму ерекшелігі.
- •2.«Моралите» жанрында жазылған пьесалардың өзіндік ерекшеліктері.
- •3.Көркем әдебиеттің қоғамдық қызметі.
- •1. Жаңғыру дәуіріндегі көркемдік идеалдар
- •2. Статикалық және динамикалық өнердегі көркем образдар сипаты
- •3. Әсемдіктің маңызды белгілері
- •1. Өнер түрлері және көркем әдебиет.
- •2. Абай шығармаларындағы метафораның көркемдік қызметі.
- •3. Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының даму ерекшелігі
- •1. Орта ғасырлық Еуропадағы эстетикалық көзқарастар
- •2. Трагедиялық қаһарманның басты ерекшеліктері
- •3. Қазақ әдебиетіндегі постмодернизм көріністері
- •1. Трагикалық категорияның негізгі ерекшеліктері
- •2. Модернизм ағымы
- •3. Б.Майлин комедияларының көркемдігі мен тілі.
- •1. Әсемдік пен асқақтықтың арасындағы ортақ қасиеттер мен айырмашылықтар
- •2. Көркем бейненің идеялық-эстетикалық мазмұны.
- •2. Ренессанс стилінің антикалық дәуірдегі көркемдік ізденістерден айырмашылығы
- •3. Р.Нұрғалидың әдеби-теориялық еңбектері
- •1. Эстетиканың тарихи даму негіздері
- •3. М.Мағауин прозасындағы замана шындығы.
- •1. Постмодернизмнің пайда болуы туралы екі түрлі көзқарас
- •2.Тақырып пен идея туралы әдеби-эстетикалық пайымдаулар.
- •3. Көркем шығармадағы психологизм мәселесі
2. Көркем мәтін және автор мәселесі
Қазақ тіл білімінің ғылыми негізін салушылар – А. Байтұрсынұлы мен Қ. Жұбанов еңбектерінен мәтін туралы алғашқы ойларды кездестіреміз. Ғалымдардың мәтін туралы ой-пікірлері тілдің күнделікті қолданысындағы, қызметіндегі ерекшеліктерін байқаудан туындаған болса керек. Өйткені, ғалымдар бұл кезеңдерде мәтінді, оның сипатын, белгілерін арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастыруды мақсат етпеген. Сондықтан ғалымдардың тілдің ойлау арқылы сөйлеу нәтижесінде туындайтын мәтіндерге катысты ой-пікірлерді айтуы занды. А. Байтұрсынұлы мәтіннің (шығарманың) тақырыптан, ал мәтін (шығарма) мазмұнының үш мүшеден, яғни: аңдату, мазмұндау, қорытудан тұратынын және айтушы ойының өзге үшін бағытталатынын, сондықтан ойды өзгелер қиналмай түсінетіндей қылып жеткізу керектігін сөз етед
Көркем мәтінді жүйелі қарастыруға деген ықылас мынадай төрт ірі ғылыми салаға тиесілі екен: әдебиеттану, лингвистика, өнер семиотикасы, аударматану. Бұл салалалрдың өзі іштей арнайы мәтінтанушылық мақсаты бар ірілі-ұсақты бағыттарға бөлінеді. Сонымен бірге қазіргі кезде мәтінтануда салааралық пәндер де жедел дамып келеді, оларды көркем мәтіннің мазмұндық, прагматикалық, пішіндік жақтары қызықтыруда. Енді әр саланың басты сипаттарына назар аударайық. Әдебиеттанудың көркем мәтінді қарастыруының өзіндік ерекшеліктері тек «әдеби» аспектілерге ғана байланысты емес. Тарихи-әлеуметтік бағыттың өкілдері көркем мәтіннен қоғамдық-әлеуметтік жағдайлардың бейнеленуін, олардың оқырман арқылы қоғамдық санаға ықпалы мен әсерін мұқият қадағалауды мақсат етті. Орыс сыншысы В.Г.Белинский, кейінірек оның жақтастары әдебиет барысы мен қоғамдық-әлеуметтік өмірді білу, қаламгердің саяси-әлеуметтік көзқарастарын тану арқылы көркем мәтінді басқаша түсінуге болатынын негіздеген, қазақ зерттеушілерінің ішінен аталмыш тұғырға құлай жығылғаны да, оны аямай сынағаны да бар.Әдебиеттануда кеңінен дамыған мәдени-психологиялық бағыттың басты ерекшелігі жазушының әлеуметтік тәжірибесінен гөрі оның жеке басының қасиеттеріне көбірек назар аударатындығында жатыр. Сонымен қатар қаламгердің мінез-құлқы, өмірлік тәжірибесі, мәдени дәстүрге қатысы да мәтінде көрініс табатындығына және солардың әдеби ізденісте басты қызмет атқаратындығына ерекше мән берген бұл бағыт 1920 жылдары Кембриджде ғылыми мектеп болып қалыптасқан, оның құрамында Р.Френк, А.Айвор, У.Эмпсон сияқты белгілі зерттеушілер болған. 1960-1980 жылдары Н.Фидлер, Хирш, Холанд сияқты ғалымдардың еңбектерінде мәдени-психологиялық бағыттың қағидаттары әрі қарай дамытылды, поэтикалық тіл теориясының негізі қаланды, онда көркем мәтінді авторлық ракурстан қарастыру ниеті басым болып отыр. Ақындық проза, яғни М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ж.Нәжімеденов, М.Мақатаев сияқты қаламгерлердің прозалық шығармалары осы тұрғыдан талдауға сұранып тұр. Жалпы алғанда, көркем мәтінді автор көзімен көріп танып-талдау әдеби шығарманың жаңа мағыналық қабаттарын, тосын сырларын ашуға мүмкіндік беретінін есте ұстап, ұлттық әдебиеттануда аталмыш бағыттың өрістеуін қуаттау керек.
