Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қарлығаш апайдан жауаптар.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
661.36 Кб
Скачать

3. Хvіі-хviii ғасырлардағы көркем ойлау жүйесі.

ХVІІ ғасырда Еуропа жұртшылығы жаңа кезеңге аяқ басты. Бұл мәдениеттегі қатып қалған қатаң дәстүрлер мен канондардан қоғамның мойыны босап, жаңа қоғамдық сананың пайда бола бастауынан көрінеді. Сол кезге дейін готикалық стиль роман стилін алмастырып, одан әрі ренессанс стиліне ауысса, ХVІІ ғасырды аяғында ұлттық стильдерден де басым түскен әлемдік мәні бар барокко мен классицизм өнердің барлық түрін түгелдей қамтыды деп айтуға болады. Бұл кезеңде жеке шығармашылық пен оған қойылар талап, айтылар сын, қоғамдық сипатқа ие болды. Өнердің мәні мен маңызын тану, көркемдік талғамның жетіле түсуі, әр өнер түрінің өзіндік ерекшеліктеріне баға беру – мұның бәрі де көркем сынның қандай деңгейге көтерілгенін айғақтайды. Өнердегі жаңа мәдени алғышарттар көркем шығармашылықтың жеке бастамаларының мүмкіндіктерін кеңейтті, жеке авторлық стильдің қалыптасуына жол ашты. Жаңа дәуірде өнер жеке сала ретінде толық қалыптасып болды, енді оған діни наным-сенімдер де саясат та, этикалық нормалар да ықпал етуден сырт қалған еді. Еркін шығармашылық, тілді барынша өзгертіп, құбылтып пайдалану, стильдің бұрын болмаған түрін ойлап табу – өнерде жаңа тәжірибе жасауға тың жаңалықтар ашуға қолайлы жағдай туғызды. Қорыта айтқанда, мұның бәрі де тек талғам талабынан туған ізденістер болатын.

ХVІІ-ХVІІІ ғасыр эстетикасында өнердің адамға қатынасы, өнердің адам психологиясына әсері, оның жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі, мәні мен маңызы жан жақты зерттеле бастады. Оны өнердегі жаңа ағымдар барокко мен классицизмнен анық аңғаруға болады. Сонан да болар жаңа дәуір кезіндегі өнерге драмалық сюжеттер қайшыласқан динамикалық сипатта дамып, өрістеді. Көркем әдебиетте былыққан, астаң-кестең әлем бейнесін сомдау, дүниенің өзгерімпаздығын, ақиқат шындықтың адам сенбестей өзгеше сырын ашу дәстүрі қалыптаса бастады. Оны сол тұстағы атақты философтар ағылшынның Френсис Бекон (1561-1626), Томас Гоббс (1588-1679), Джон Локк (1632-1704) француздың Рене Декарт (1596-1650), Пьер Гассенли (1592-1655), нидерландық Бенедикт Спиноза (1632-1677) т.б. ғалымдардың еңбектерінен байқауға болады.

Барокко дәстүрін ұстанғандар: «өнер ақиқат шындықты бағып, бақылаумен күшті емес, күтпегендерден пайда бола кететін шығармашылық қарқынымен де, тек ережеге сай болуымен ғана емес, ережеге қайшы келуімен де күшті» деген тұжырымды мойындады. Барокко стилінде жазушылар композицияның жаңа тәсілдерін ойлап табуымен қатар оқырманның, көрерменнің күткен шешімін әдейі өзгерте отырып, шығармашылық қиялға барынша еркіндік беруге тырысты. Бұл реципиенттің (қабылдаушының) рөлін көтерді. Авторды оқырманмен санасуға мәжбүр етті. Сондықтан да эстетикалық талғам мәселесі ХVІІ-ХVІІІ ғасыр философиясында кеңінен талқыланды. Ағылшын Дэвид Юм (1711-1776) «Талғам деңгейі туралы» деген ғылыми трактат жазып шықты.

5- билет

Жанр және проза жанры

Жанр – әдебиеттің негізгі тектері. Әдебиеттің үш ірі жанры бар. Олар: поэзия, проза, драма.

Жанр табиғатын айқындау бірер адамның қолынан келер іс емес. Жанрларды жеке дара қарастырған күннің өзінде, сандаған ғалымдардың жаппай жұмыла кірісуін қажет ететін күрделі дүние екендігін, әлі де болса жанр болмысындағы шешімін таппай жатқан түрлі ғылыми теориялық сұрақгардың туындауы растайды. Жанр табиғатын саралаудың қиындығын: “Жанр — это такая категория литературы, фольклора и искусства, которая характеризуется с одной стороны, универсальностью, а с другой стороны конкретностью”, — деп атап көрсетеді профессор  С.А.Қасқабасов.Жанр сипатын ашу барысындағы теориялық толғамдардың кейбір жағдайда өзгермелілігі жанрдың тарихи категория екендігінде. Сана мен сезімнің, ақыл-ойдың жетілуіне байланысты көркемдік танымның белді кұралы ретінде жанрлар әр дәуірдің алға тартқан тарихи алғы шарттарына сәйкес бірін-бірі алмастырып отырады. Бұдан қандай жанр болмасын “мәңгілік” мәртебесінен айырылады деген ұғым қалыптасуы тиіс.  Әр жанрдың әр дәуірде өзіндік орны, өзіндік мәселері туындап отырған. Әрбір тарихи дәуір әр түрлі жанрдың түп негізін сақтай тұра , оның табиғатына өз ерекшеліктерін енгізеді.Мұндай ерекшеліктер , бір жағынан , әр әдебиеттің ұлттық сыр сипатымен тығыз байланысты болса, екінші жағынан әр жазушының әлеуметтік орта мен әдеби процестегі атқарар роліне , алар орнына байланысты.