- •2. Оқу пәнінің аты, коды және кредит саны.
- •5.5. Пәнді оқыту жоспары.
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •6.1. Негізгі әдебиет
- •6.2. Қосымша әдебиет
- •7. Оқу нәтижесін бағалау және бақылау
- •8. Оқу тәртібінің саясаты
- •Дәріс сабақтардың жоспары
- •Мақсаты: Эстетика туралы мағлұмат беру, орта ғасырдағы негізгі тұжырымдарды саралау.
- •Мақсаты: Халықшылдық эстетика, оның негізгі ұстанымдары туралы тұжырымдарды саралау.
- •Мақсаты: Эстетика және әдебиеттану ғылымының ортақ ұстанымдарын саралау.
- •Практикалық сабақтардың
- •Талқылауға арналған сұрақтар:
- •Талқылауға арналған сұрақтар:
- •Бақылау және қорытындылау сұрақтары
- •Тест сұрақтары
Тест сұрақтары
1. Көркемдік түрлердің орналасуы және ара қатынасы, яғни шығарманың мазмұны мен жанрынан өрбитін туынды құрылысы қалай аталады?
А) композиция В) экспозиция С) проблематика D) тематика Е) эпилог
2. Көркем бейне көркемдік әдіс тұрғысынан қалай жіктеледі?
A) юморлық және сатиралық B) трагедиялық және комедиялық C) классицистік және сентименталистік D) романтикалық және реалистік E) эпикалық және лирикалық
3. Жазушының авторлық баяндаулары мен әдеби қаһарманның өз сөздері, яғни кейіпкер сөзі арқылы жасалатын образ түрін көрсетіңіз?
A) трагедиялық образ B) драмалық образ C) эпикалық образ
D) комедиялық образ E) лирикалық образ
4. Шығармада бейнеленген өмірлік материал ұғымында және шығармада көтерілген негізгі қоғамдық проблема ұғымында қолданылатын терминді атаңыз?
A) әдеби тіл B) мазмұн C) тақырып D) пішін E) композиция
5. Жағымды қаһармандар ретінде барша адамзат азаттығы үшін күрескерлерді бейнелеген бағытты көрсетіңіз.
A) символизм B) классицизм C) ағартушы реализм
D) сыншыл реализм E) төңкерісшіл романтизм
6. Өлең сөзбен жазылған сюжеттік желісінде әңгімелеу сипаты басым көлемді әдеби түрді белгілеңіз.
A) поэма B) повесть C) сонет D) ғазал E) бәйіт
7. Біріншіден, өмірдің көркем бейнесі; екіншіден, ақиқат өмірдегі нақты зат болып табылатын не?
A) әдеби түр B) көркем идея C) көркем образ D) әдеби шығарма E) тақырып
8. Көркем әдебиетте өзіндік көркемдік әлем жасайтын тұлға кім?
А) образ В) характер С) тип Д) әдеби қаһарман Е) қаламгер
9. Көркем бейне әдеби тек тұрғысынан қалай жіктеледі?
A) трагедиялық, комедиялық, драмалық B) фантастикалық, сатиралық, реалистік
C) романтикалық, классицистік, символистік D) юморлық, ирониялық, комедиялық
E) эпикалық, лирикалық, драмалық
10. Басты проблемасы жанр болып табылатын поэтиканың қай бағыты?
A) тарихи поэтика B) жалпы поэтика C) жеке поэтика
D) теориялық поэтика E) микропоэтика
11. Жеке жазушының шығармашылық ерекшелігін қалай атайды
A) тәсіл B) әдеби мектеп C) стиль D) әдеби бағыт E) ағым
12. Қаламгер шығармашылығындағы өмірдің идеялық-көркемдік концепция негіздерін зерттеу арқылы танылатын мәселені белгілеңіз.
A) стиль B) көркемдік әдіс C) көркемдік құрал D) көркемдік тәсіл E) көркем образ
13. Фольклор үлгілері мен аңыздарды баллада жанрында жаңаша сипатта пайдаланған қай бағыттың өкілдері?
A) романтизм өкілдері B) реализм өкілдері C) сентиментализм өкілдері D) футуризм өкілдері
E) акмеизм өкілдері
14..Шығарма мазмұнын тереңдету, кеңейту мақсатында немесе оның идеялық мәнін аңғарту үшін қолданылатын композициялық тәсілді көрсетіңіз
A) лирикалық шегініс B) эпилог C) оқшау эпизодтар D) экспозиция E) композиция
15.Ұлы мұраттарға құштар халықтың арман-аңсарынан нәр алған қанатты қиялға негізделіп жасалған адам бейнесінің (образдың) көнеден келе жатқан түрін көрсетіңіз
A) романтикалық бейне B) эпикалық бейне C) трагедиялық бейне D) лирикалық бейне
E) сатиралық бейне
16.Образ жасауға қажетті негізгі амал-тәсілдер қайсы
A) баяндау B) портрет, диалог, монолог C) композиция, эпилог, пролог D) сюжетE) баяндау түрлері
17. Көркем әдебиет пішінін атаңыз.
A) сөз B) идея C) проблема D) композиция E) тақырып
18. Мадақтауға арналған өлең түрі
A) элегия B) рубаи C) ғазал D) сонет E) ода
19. Өз аясында «өнердің әлеуметтік-тәрбиелеушілік сипаты» жайындағы ілімді қалыптастырған «конфуцийшілдік» ағымы қай елде пайда болған?
A) Ежелгі Үнді B) Ежелгі Греция C) Вавилон D) Ежелгі Қытай E) Германия
20. «Өнер әсемдігінің әмбебап мүмкіндігі» жайындағы эстетикалық теорияның негізі қаланған «даосизм» ағымы қайда пайда болған?
A) Жапонияда B) Ежелгі Грецияда C) Ежелгі Үндістанда D) Римде E) Ежелгі Қытай жерінде
21. Бейнелерді «қаз-қалпында» дұрыс көрсететін әдеби ағым
A) символизм B) натурализм C) реализм D) пессимизм E) классицизм
22. Роман қандай жанрлық түрге жатады
A) лирика B) шағын көлемді эпикалық түр C) кең көлемді эпикалық түр D) орта көлемді эпикалық түр E) драма
23. Әдебиет теориясының, тарихының, сынының тарихи даму барысындағы деректер мен дәйектердің, мәліметтердің жиынтығы қайсы?
A) әдеби сын теориясы B) библиография C) архивтану D) историография E) палеография
24. Көркем шығарманың ең соңғы бөлшегінде кейіпкердің тағдыры туралы баяндау қалай аталады?
A) пролог B) эпистолог C) ремарка D) эпилог E) ситуация
25. Пішінге қайсысы жатады
A) идея B) тақырып C) фабула D) экспозиция E) жанр
26. Әдебиеттану ғылымының негізгі саласын атаңыз
A) текстология B) эпилог C) әдебиет сыны D) библиография E) историография
27. Түркі тіліндегі алғашқы филологиялық еңбектің авторы кім
A) әл-Фараби B) Ж.Баласағұн C) М.Қашқари D) А.Байтұрсынов E) Х.Досмұхамедов
28. Туындыда көркемдік-идеялық мән иеленетін табиғат көрінісінің бейнеленуі қалай аталады
A) көркемдік ишаралау B) мазмұн C) пейзаж D) интерьер E) параллель
29. Грек тілінде «қарама-қарсылық, шендестіру» дегенді білдіріп, тыңдаушыны ерекше әсерге жетелеу үшін жасалатын тәсіл
A) символ B) кейіптеу C) перифраз D) анафора E) антитеза
30. Әдебиеттегі көркемдік шындық қалай жасалады?
A) көркем образ арқылы B) мазмұн арқылы C) композиция арқылы D) көркем идея арқылы
E) көркемдік пішін арқылы
31. Өмірді танып-білудің образды түрі қалай аталады?
A) философия B) әдебиеттану C) ғылым D) поэтика E) өнер
32. Өз бойына әдеби тілдің барлық деңгейіндегі кез-келген жеке белгілерді, сонымен қатар ауызекі сөйлеу тілін, диалектіні, т.с.с. қамтитын тілдік құрылымды атаңыз.
A) кейіпкер тілі B) автор сөзі C) көркем әдебиет тілі D) стиль E) әдеби тіл
33. Автордың дүниетанымдық сипаттағы тұжырым бағаларынан туындайтын көркемдік тұтастықты қорытындылайтын ұғым?
A) пішін B) идея C) композиция D) мазмұн E) сюжет
34. Стиль, жанр, композиция, көркем тіл, ырғақ сияқты ұғымдар арқылы әдебиетте қандай бөлшек анықталады?
A) мазмұн B) пішін C) фабула D) әдебиет тілі E) характер
35. Көркем әдебиеттің даралық белгілерінің қатарына қай құбылысты жатқызуға болады?
A) әдебиеттің тарихилығы B) әдебиеттің идеялылығы C) мазмұн мен пішін бірлігі
D) әдебиет нысанының тұтастығы E) қаламгер шығармашылығы
36. Әдебиеттің ең басты өлшемін көрсетіңіз.
A) тарихилық B) идеялылық C) көркемдік D) ұлттық E) танымдық
37. Өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып, жаңадан жасап шығарудың өнерге ғана тән ерекше тәсілін сипаттайтын эстетикалық категорияны көрсетіңіз.
A) көркемдік пішін B) көркем образ C) көркем идея D) көркем сөз E) көркемдік таным
38. Әдебиеттің мазмұнын құрайтын басты бөлшекті атаңыз.
A) бейнелі сөз B) композиция C) идея D) тақырып E) мазмұн
39. Әдебиеттің өмір сүру амалын атаңыз.
A) әдеби шығарма B) көркем образ C) көркем идея D) тақырып E) қаламгер
40. Әдебиеттегі көркемдік шындық қалай жасалады?
A) көркем образ арқылы B) мазмұн арқылы C) композиция арқылы D) көркем идея арқылы E) көркемдік пішін арқылы
41. Өмірді танып-білудің образды түрі қалай аталады?
A) философия B) әдебиеттану C) ғылым D) поэтика E) өнер
42. Өз бойына әдеби тілдің барлық деңгейіндегі кез-келген жеке белгілерді, сонымен қатар ауызекі сөйлеу тілін, диалектіні, т.с.с. қамтитын тілдік құрылымды атаңыз.
A) кейіпкер тілі B) автор сөзі C) көркем әдебиет тілі D) стиль E) әдеби тіл
43. Композиция деген не?
A) пішін B) идея C) фабула D) мазмұн E) құрылым
44. “Өлең сөздің теориясы. (А.,1973), “Абайдың ақындық әлемі (А.,1995) еңбектерінің авторы кім?
A) С.Қирабаев B) З.Ахметов C) М.Базарбаев D) Қ.Жұмалиев E) С.Қасқабасов
45. Көркем әдебиеттің даралық белгілерінің қатарына қай құбылысты жатқызуға болады?
A) әдебиеттің тарихилығы B) әдебиеттің идеялылығы C) мазмұн мен пішін бірлігі
D) әдебиет нысанының тұтастығы E) қаламгер шығармашылығы
46. Әдебиеттің ең басты өлшемін көрсетіңіз.
A) тарихилық B) идеялылық C) көркемдік D) ұлттық E) танымдық
47. Өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып, жаңадан жасап шығарудың өнерге ғана тән ерекше тәсілін сипаттайтын эстетикалық категорияны көрсетіңіз.
A) көркемдік пішін B) көркем образ C) көркем идея D) көркем сөз E) көркемдік таным
48. Шығарма кейіпкерлерінің тұрмыстіршілігіне қатыты түрлі заттар мен құралжабдықтардың бейнеленуі
A) интерьер B) эпизод C) идея D) тақырып E) суреттеме
49. Кемшілікті астармен, пернелеп сынау, мысқылдау мен кекетуді не дейміз
A) ирония B) сарказм C) шарж D) эпиграмма E) сықақ
50. Ақиқатты сөздік-образдық жаңғырта бейнелеудің эстетикалық маңызды құралы ретінде қоғамда қызмет ететін тілдік жүйенің және ұлттық тілдің шығармашылық мүмкіндігін көрсететін көркемдік қарым-қатынас құралы қайсы?
A) ауызекі сөйлеу тілі B) автор сөзі C) әдеби тіл D) көркем әдебиет тілі E) ұлт тілі
51. Тақырып, фабула, конфликт, характерлер, жағдайлар, көркем идея, тенденция ұғымдары арқылы әдебиетте қандай бөлшек анықталады?
A) сюжет B) пішін C) мазмұн D) тақырып E) идея
52. «Өнердің халықтығы» мәселесіне қатысты алғаш «халықтық жыр» ұғымын енгізіп, оны кең ауқымда «халықтық шығармашылық» деңгейінде түсіндірген романтизм өкілі кім?
A) П.Корнель B) И.Г.Гердер C) Гораций D) Аристотель E) Лао Цзы
53. Әдеби туындының қандай компоненті аталған?
A) баяндау B) тақырып C) суреттеу D) халықтық сипат E) көркем бейнелеу
54. “Тарихи поэтика” еңбегінің авторы?
A) Буало B) Чернец C) Хализев D) Веселовский E) Платон
55. Шығармашылық еңбек нәтижелерінің өнер саласына тән екендігін анықтайтын шартт ардың үйлесімділігі қалай аталады?
A) тарихилық B) халықтық C) заманауилық D) көркемдік E) танымдық
56. Нақты өмірлік шындықтан алынып, суреткер санасында танымдық және шығармашылық үрдістер нәтижесінде жан-жақты екшелген және бейнелі сөз арқылы қайтадан жасалған әсерлі де көркем өмірлік шындық қалай аталады?
A) көркем тіл B) көркем мазмұн C) көркем образ D) көркемдік пішін E) көркем ой
57. Әдебиетке тән мағыналық-пішіндік категория, немесе шығарманың «ішкі пішіні» деп нені айтамыз?
A) сюжет B) идея C) фабула D) композиция E) көркемдік
58. Көркем туындының өзегінде өзара ұштаса көрініс табатын әдеби проблемалардың авторлық шешімдері қалай аталады?
A) көркем идея B) тақырып C) көркем образ D) мазмұн мен пішін бірлігі E) көркем сюжет
59. Әдебиеттегі идеялылық қалай жүзеге асады?
A) көркем образдар арқылы B) көркем сөз арқылы C) пейзаж арқылы D) тартыс арқылы E) композиция арқылы
60. Шығармашылық еңбек нәтижелерінің өнер саласына тән екендігін анықтайтын шарттардың үйлесімділігі қалай аталады?
A) тарихилық B) халықтық C) заманауилық D) көркемдік E) танымдық
61. Нақты өмірлік шындықтан алынып, суреткер санасында танымдық және шығармашылық үрдістер нәтижесінде жан-жақты екшелген және бейнелі сөз арқылы қайтадан жасалған әсерлі де көркем өмірлік шындық қалай аталады?
A) көркем тіл B) көркем мазмұн C) көркем образ D) көркемдік пішін E) көркем ой
62. Әдебиетке тән мағыналық-пішіндік категория, немесе шығарманың «ішкі пішіні» деп нені айтамыз?
A) сюжет B) идея C) фабула D) композиция E) көркемдік
63. Көркем туындының өзегінде өзара ұштаса көрініс табатын әдеби проблемалардың авторлық шешімдері қалай аталады?
A) көркем идея B) тақырып C) көркем образ D) мазмұн мен пішін бірлігі E) көркем сюжет
64. Әдебиеттегі идеялылық қалай жүзеге асады?
A) көркем образдар арқылы B) көркем сөз арқылы C) пейзаж арқылы D) тартыс арқылы E) композиция арқылы
65. Көркем әдебиетті құрайтын ең қарапайым да кішкентай бөлшектерді атаңыз.
A) сюжет B) композиция C) сөздік образдар D) идея E) тақырып
66. Әдеби шығарманың образды мазмұнын бейнелейтін тілдік түр қалай аталады?
A) көркем сөз B) композиция C) тақырып D) идея E) көркем бейне
67. Шығармада баяндалатын негізгі оқиғаға тікелей қатысы жоқ, бірақ шығарма идеясын, пафосын түсіндіру үшін пайдаланылатын көріністер қалай аталады?
A) пейзаж B) сюжет C) интерьер D) оқшау эпизодтар E) лирикалық шегініс
68. Шығармадағы әрекет, оқиғалардың алғашқы себептерін ашып көрсететін, негізгі оқиға дамуына кіріспе іспетті сюжет бөлшегі қайсы?
A) эпилог B) экспозиция C) пролог D) байланыс E) шешілу
69. Туындыда көрініс тапқан әрекет, оқиғалардың ең ақырғы шешімін бейнеленетін сюжет бөлшегін белгілеңіз?
A) байланыс B) экспозиция C) пролог D) эпилог E) шешілу
70. Ағымдардың қайсысы адамның ішкі сезімін суреттеуді мақсат етеді?
A) классицизм B) сентиментализм C) натурализм D) футуризм E) формализм
71. Әдебиет теориясының қазақта алғаш оқулығын жазған кім?
A) А.Байтұрсынов B) Қ.Жұмалиев C) Е.Ысмайылов D) З.Қабдолов E) З.Ахметов
72. Образ жасауға қажетті негізгі амал-тәсілдер қайсысы?
A) баяндау B) композиция, эпилог, пролог C) портрет, диалог, монолог D) сюжет E) әңгімелеу түрлері
73. Қазақ өлеңі қандай теориялық жүйеге жатады?
A) метрика B) тоникалық C) силлабикалық D) силлабо-тоникалық E) гаруз
74. Эстетикалық мәселелерді объективистік идеализм тұрғысынан қарастырып, ең алғаш рет әдебиетті эпос, лирика, драма сияқты тектерге жіктеуді дәйектеген антикалық дәуір ойшылы кім?
A) Гораций B) Аристотель C) Платон D) Эврипид E) Каллимах
75. А.Байтұрсынов өнерді нешеге бөлген.
A) 4 B) 5 C) 6 D) 3 E) 7
76. Жеке жазушының шығармашылық ерекшелігін қалай атайды?
A) тәсіл B) стиль C) мектеп D) ағым E) әдіс
77. Э.Золя негізін қалаған әдеби ағым.
A) символизм B) натурализм C) формализм D) кубизм E) футуризм
78. «Қаз қалпында» бейнелерді дұрыс көретін әдеби ағым.
A) символизм B) натурализм C) сентиментализм D) пессимизм E) классицизм
79. “Күнде жақсы бола ма, Бір қылығы жаққанға, Оқалы тон тола ма, Ар-ұятын сатқанға” дегенде қандай бейне жасалған?
A) сатиралық B) комедиялық C) реалистік D) романтикалық E) юморлық
80. Орыс ақындары ойлап тапқан өлең жүйесі.
A) метрикалық B) силлабикалық C) лирикалық D) силлабо-тоникалық E) нәзира
81. Шығармада негізгі тартысқа дейінгі кейіпкерлердің қалыптасу деңгейін және олардың
мінез-құлық, әрекеттерінің кейбір тұстарын суреттеу қалай аталады?
A) эпилог B) пролог C) экспозиция D) композиция E) психологиялық талдау
82. М.В.Ломоносов насихаттаған әдеби бағыт.
A) натурализм B) классицизм C) футуризм D) сюрреализм E) сентиментализм
83. «Өнер ерекшелігі» деп қандай ұғымды атаймыз?
A) әдіс B) тәсіл C) стиль D) жанр E) тіл
84. Көркем әдебиеттің өзекті тақырыбын атаңыз
A) адам B) табиғат C) өнер D) уақыт E) образ
85. Пішінге жататынды атаңыз.
A) тақырып B) идея C) фабула D) экспозиция E) жанр
86. Әдебиеттанудың қай саласы әдеби шығармашылықтың табиғаты мен қоғамдық міндетін зерттеуді және оны талдаудың әдіснамасы мен әдістемесін айқындауды мақсат етеді?
A) текстология B) әдебиет теориясы C) әдебиет сыны D) әдебиет тарихы E) библиография
87. Ғылымнан өнердің басты ерекшелігі неде?
A) нақты деректер арқылы дәлелдеуінде B) абстрактілі ойға негізделуінде
C) дәйекті пікір айта білуінде D) тиянақты тұжырым жасай алуында
E) өмірлік шындықты көркем образдар арқылы қабылдап, бейнелеуінде
88. Дүниенің эстетикалық тұрғыдан қабылдау әрекеті көркем әдебиетте қалай іске асады?
A) идея арқылы B) тақырып арқылы C) мазмұн арқылы D) сөз арқылы E) пішін арқылы
89. Әрекет пен тартыс, фабула мен дәлелдеулер, тақырып пен идея көркем шығарманың қандай сипатын белгілейді?
A) идея тереңдігін B) композиция тұтастығын C) тартыс сипатын
D) тілдік ерекшелігін E) мазмұнның мәнін
90. Шығармада бейнеленген тартыстар тарқатылып, оның алдағы шешімінің түрлі ықтимал жолдары аңғарылатын сюжет бөлшегін көрсетіңіз.
A) әрекет дамуы B) шешілу C) эпилог D) шарықтау шегі E) байланыс
91. Тақырып пен идеяның органикалық тұтастығы арқылы шығармада қандай мәселе көрініс табады?
A) композиция B) пішін C) сюжет D) проблема E) мазмұн
92. Авторлық суреттеудің өзегіне алынып, шығармада көрініс тапқан ақиқат болмыстағы заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың жиынтығы қандай ұғымды білдіреді?
A) образ B) сюжет C) тақырып D) композиция E) идея
93. Автордың түпкі ойына сәйкес шығарманың құрылымын айқындап, көркемдік детальдан бастап шығарма атауына дейін қамтитын тақырыптық мазмұнды белгілейтін ұғым қайсы?
A) мазмұн B) проблематика C) образ D) идея E) композиция
94. Көркем образдар арқылы бейнеленген оқиғалар мен характерлердің мәні жайындағы ой-пікірлердің көрінісі нәтижесінде әдебиеттің қандай негізгі сипаты айқындалады?
A) образдылық B) халықтық C) тарихилық D) тәрбиелеушілік E) идеялылық
95. Объектіге немесе субъектіге қатысты танымдық бағыты мен өзінің сөздік қолданыс сипаттарының типтері бойынша ұқсас келетін әдеби туындылар қатары немесе көркемдік бейнелеу актісінің өзі әдебиетке тән категория тұрғысынан қалай аталады?
A) әдеби тек B) әдеби ағым C) әдеби жанр D) әдеби бағыт E) әдеби түр
Ф ЕҰУ 703-01-11 Силлабус. Баспа: екінші
