Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдебиет теор.-УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

Мақсаты: Халықшылдық эстетика, оның негізгі ұстанымдары туралы тұжырымдарды саралау.

  1. Өнердің халықшылдық сипаты

  2. Ұлт әдебиетіндегі халықшылдық

  3. Халықшылдық эстетика

Негізгі ұғымдар: халықшылдық эстетика, типология, генезис, ұлт әдебиеті, тарихи бастаулар.

Дәріс (тезис).

“Халықшылдық” деген жалпы өнердің халықтық мүддені қозғауы, халықтық көзқарасқа жақындауы. Григорьевтің әдеби-сын еңбектерінде халықшылдық мәселесі көрнекті орынға ие болды. Оның 1861 жылы жазылған “Пушкин өлімінен бастап, біздің әдебиетіміздегі халықшылдықтың дамуы” деген мақалалар тізбегінде ол ең алдымен, халықшыл сипаттағы туындылар отандық дәстүрден, халықтық салт-ғұрыптардан, отбасылық, туыстық бастаудан нәр алған туындылар” дейді. Шындығында сонау фольклор туындыларынан бастасақ, фольклор мұралары синкретті өнер түрінде халық шығармаларынан бастау алады. Мәселен, халқымыздың ежелгі шежіресі секілді байырғы әдеби жәдігерлер негізінде қазақ эпосының түп төркінін зерделеу, көне түркі жазба әдебиет үлгілерімен тарихи сабақтастығын түркітану, этнография, археология, этногенезбен байланыстыра отырып, жанрын, типологиясын, генезисін айқындаған іргелі зерттеулер туды.

Өнер адамның іс-әрекеті мен қоғамдық сананың ерекше түрі. Болмысты нақты деректер арқылы танып-білуді мақсат ететін ғылымнан өнердің баста ерекшелігі, ол өнердегі шындықты көркем образдар арқылы қабылдап, бейнелейді. Ерте заманғы адамдардың өмір туралы ұғым, түсінігі, көзқарасы, жаратылыс жұмбағын түйсіну ерекшелігі, сәбилік сана, сезім, әсіресе, ауызша тарап, жеткен аңыз-әңгімелерден, мифологиялық үлгілерден тарайды.

Мифология табиғатты үрейлі құбыжық, алыптар, жын-перілер түрінде тәңірдей табынар сұрапыл күш, құдіретте ғана саятын алғашқы қауымдық қатынас кезіндегі дүниетаным болып табылады.

Адамзат қоғамы жаратылыстан, жануарлар дүниесі, ғарыш тылсымынан ажырамаған кез еді. Жер бетіндегі тіршілік тең қарастырылған. Жанды, жансызды тәңір тұту (тотемдік), жануарлар дүниесімен сабақтастық, сәбилік түсінік, бәріне сену, ырымшылдық пайда болды. Табиғатқа адами қасиеттер (антропоморфистік) өрістеді, жер құдайы, көк тәңірісі, су тәңірі, жер асты әлемінің құдыреті деген ұғымдар орнықты. Мәселен, гректердің әйгілі Орфей аңыздарында әнді орман, өзен, жасыл алқап ұйып тыңдаған. Әншінің жыр, сазымен жартас, тауларды жылжытып, жыртқыш хайуандарды жуасытуға болады делінген. Сөйтіп, анимистикалық (жан бітірушілік), тәңірлік (тотемдік), киелілік (фетишизм), сиқырлылық өрістеді. Сонымен қатар оғыз және қазақ эпостарында ежелгі арнасы бір мтивтердің қатарында болашақ қаһарманның дүниеге келуі және оған ат қоюмен байланысты туралы түсініктер бар. Бұл мәселелерді В.М.Жирмунский, Б.Н.Путилов, Х.Короглы зерттеулерінде жан-жақты қарастырады.

Ұлт әдебиетінің тарихи бастаулары ежелгі дәуір мұраларымен сабақтастықта зерттеу бағытындағы келелі істердің рухани түлеудегі кемел маңызы филология ғылымы, соның ішінде қазақ фольклористикасының озық әдістер ұстанып, кешенді зерттеулер жүргізу барысында соны сипатқа ие болды. Әдебиетші ғалымдар қазақ фольклористикасының даму жолдарын, халық ауыз әдебиетінің жанрлық табиғатын, фольклорлық мұралардың тарихи бастауларын, генезисі мен типологиясын (Е.Тұрсынов) айқындай бастады.

Тұжырымдама

  1. Халықшылдық-жалпы өнердің халықтық мүддені қозғауы, халықтық көзқарасқа жақындауы

2. Фольклор мұралары синкретті өнер түрінде халық шығармаларынан бастау алады. Мәселен, халқымыздың ежелгі шежіресі секілді байырғы әдеби жәдігерлер негізінде қазақ эпосының түп төркінін зерделеу, көне түркі жазба әдебиет үлгілерімен тарихи сабақтастығын түркітану, этнография, археология, этногенезбен байланыстыра отырып, жанрын, типологиясын, генезисін айқындаған іргелі зерттеулер туды.

Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама

Студенттер халықшылдық эстетиканың зерттеу нысанын, сипатын, басты тұжырымдарын игеруге тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Сүйіншәлиев Х. Лекциялар курсы. А., 1977.

2. Бердибаев Р. Проблемы казахского литературоведения\\ Советская тюркология. №4. 1983.

3. Турсынов Е. Генезис казахской бытовой сказки. А., 1973.

4. Садырбаев С. Фольклор және эстетика. А., 1976.

5.Қасқабасов С. Қазақ халық прозасы. А., 1984.

6.Борев Ю. Эстетика. Ростов на Дону. 2004.

3- дәріс. Тақырыбы: Эстетика және әдебиеттану ғылымы