Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдебиет теор.-УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

6.1. Негізгі әдебиет

1. Аристотель и античная литература.М.,1978

2. Крупчанов Л.М.Теория литературы. М., 2012

3. Нұрғали Р. Әдебиет теориясы. А., 2004.

6. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. А., 1991

7. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1992

8. Сакулин П.Н. Филология и культурология. Москва, 1990.

9. Хализев Е.В. Теория литературы. М., 2002.

10. Нұрғали Р. Жеті томдық шығармалар жинағы. Т.2. Сөз өнерінің эстетикасы. Астана, 2005.

6.2. Қосымша әдебиет

1. Ахметов З. Поэзия шыңы - даналық. А., 2002.

2.Қирабаев С. Көп томдық шығармалар жинағы. А., 2007.

3. Майтанов Б. Сөз сыны. А., 2002

4.Алпысбаев Қ. Поэзия парасаты. А., 2006

7. Оқу нәтижесін бағалау және бақылау

  • Пәнге қатысты теориялық аппаратты меңгеру және оларды реферат дайындауда, курстық жұмыс жазуда, практикалық сабақтарда пайдалана білу;

  • «Әдебиет теориясы» пәнінің мақсат-міндеттерін, зерттеу нысаны мен басты қағидаларын, ұстанымдарын қазақ әдебиетінің басқа салаларының мақсат-мүддесінен ажырата білу;

  • Әрбір тақырыпты толық меңгеру, сол тақырыптар бойынша өз ойларын, жасаған тұжырымдарын ортаға сала білу.

Сонымен қатар пәнді оқыту барысында бақылаудың мынадай түрлері қарастырылған: ағымдық, аралық, қорытынды және тағы басқа бақылау амалдары. Студенттер сабақты жібермей қатысуға, топ ішінде болатын талқылауларға белсенді қатысуы керек.

Оқытушы дәріс ақпараты мен белгілі бір бөлімді бекітуге бағытталған бақылаудың алуан түрін (квиз, тест) студенттерді алдын ала ескертпей-ақ қабылдауға құқы бар. Олардың бағасы материалды жалпы түсінуін анықтайтын қорытынды бағаға қосылады. Пәнді сапалы меңгеру үшін студент өдігінен аптасына шамамен 30-50 бет әдебиет оқу керектігін түсінуі тиіс.

Студент тапсырманы қойылатын талаптарға сай сапалы орындаса максималды балл ала алады. Өз уақытында өткізілмеген тапсырманы оқытушы қабылдамайды.

Дәрістік сабақ барысында оқытушы оқитын дәрістер мазмұнын студенттердің қандай дәрежеде меңгергендігін бағалау және бақылау өздік жұмыс, коллоквиум және тест сауалдары түрінде белгіленген.

- Практикалық сабақ барысындағы ағымдық бақылау -20 %

- Аралық бақылау -20%

- СӨЖ -20%

- Емтихан -40%

- Қорытындысы: 100%

8. Оқу тәртібінің саясаты

«Әдебиет теориясы» пәні студенттерге міндетті компонент ретінде жоспарланған. Оқу жүктемесінің көлемі – 90 сағат, оның ішінде дәріс – 15 сағат, практикалық сабақ – 15 сағат, СОӨЖ – 30 СӨЖ – 30 сағат, бақылау түрі – емтихан, 5 семестр, кредит саны – 2.

Студенттердің білімін бағалауда олардың аудиториялық сабақ барысындағы белсенділігі, сабаққа қатысуы, жауап беруі басшылыққа алынады. Студенттердің драмалыө туындыларды талдауға деген мащықтары қалыптасып, жауапкершілігі артуы тиіс және бұл міндет оқу процесінде жүзеге асырылады.

Қорытынды бақылау емтихан түрінде қабылданады. Студенттердің білімін бағалау барысында оқу жоспарындағы негізгі тақырыптарды игеруі, пәнге қатысты теориялық мәселелерді практикамен ұштастыра білуі, ой тұжырымын жасауы, тілдік талдау деректерін ұтымды қолдану жақтары да негізге алынады.

ІІ. ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ

Әдеби процесс – бұл белгілі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиеттің тарихи-заңды қозғалысы.

Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың идеялық-көркемдік мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы.

Поэтика – әдеби шығармадағы бейнелеу құралдарының жүйесі мен тілдік құралдарды көркемдік тұрғысынан пайдалану жайын зерттейтін ғылым. Поэтика сөзінің түп-төркіні грек тілінде “шығармашылық өнер” деген мағына беретін “poietike techne” деген сөзде жатыр.

Фольклортану - неміс ғалымы И.Ф.Кнафльдің анықтауынша (ағыл. folkхалық, loreданалық) – халық даналығын зерттейтін ғылым.

Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылықтың табиғаты мен қоғамдық міндетін зерттейді және оны талдаудың әдіснамасы мен әдістемесін белгілейді.

Филология – адам баласының рухани мәдениетінің мәні мен тарихын жазба мәтіндерді тілдік және стилистикалық тұрғыдан талдау арқылы танып білуге негізделетін лингвистика, әдебиеттану, тарих, т.с.с. гуманитарлық пәндердің бірлестігі, жиынтығы.

Мәтін – қандай да бір дәуірдегі адам ойының ескерткіші, мәдениет жәдігері.

Әдебиет тарихы - әдебиеттану ғылымындағы көркем сөз өнерінің даму жолын әлемдік немесе белгілі бір халықтық деңгейдегі идеялық бағыт-бағдарларды, әдеби ағым-бағыттарды және олардың көркемдік ерекшеліктерін қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық-саяси құрылысымен тығыз байланыста танып-білуге бағытталған басты салалардың бірі.

Жалпы поэтика – мәтіннің дыбыстық, сөздік және образдық құрылымын зерттеу бағытына сәйкес іштей үш салаға бөлінеді. Жалпы поэтиканың мақсаты – осы салалардың бәрін қамтитын көркемдік әдіс-тәсілдердің жүйелі құрамын белгілеу.

Жеке поэтика – да жоғарыда айтылған жалпы поэтикаға тән мәселелерді қарастырады. Басты айырмашылығы – екеуінің зерттеу нысанасына байланысты, яғни жалпы поэтика әдебиетті тұтастай алса, жеке поэтика әдеби туынды көлемінде шектеледі.

Тарихи поэтика – салыстырмалы-тарихи әдебиеттануға сүйене отырып, жекелеген поэтикалық тәсілдер мен олардың қалыптасқан жүйесінің даму жолын қарастырады.

Көркем образ - өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып, жаңадан жасап шығарудың өнерге ғана тән ерекше тәсілін сипаттайтын эстетикалық категория.

Көркемдік шындық – біртұтас ой арнасына шоғырланған көркем идеялар әлемі.

Тақырып, проблематика, идея – тақырып - шығарманың заттық болмысы болып табылатын бөлшек; теңей айтсақ, болашақ құрылыстың шикізаты; проблематика – осы «шикізат» - тақырыпты біртұтас көркемдік-эстетикалық құрылымға айналдырушы; идея – автордың дүниетанымдық сипаттағы тұжырым-бағаларынан өрбитін көркемдік тұтастықты қорытындылаушы деуге болады.

Әдеби үрдіс - әдебиеттің әлемдік, аймақтық, ұлттық көлемдегі белгілі бір кезеңін, сондай-ақ тұтастай тарихын қамтитын туу, қалыптасу және дамуынан тұратын тарихи қозғалыстағы ағымы.

Әдеби тек – объектіге немесе субъектіге қатысты танымдық бағыты мен өзінің сөздік қолданыс сипаттары типтері бойынша ұқсас келетін әдеби туындылар қатары; немесе көркемдік бейнелеу актісінің өзі.

Әдеби түр - әдеби тек аясындағы поэтикалық құрылымның тұрақты типі.

Әдеби жанр - әдеби шығарманың тарихи қалыптасқан типі.

Әдеби бағыт және ағым – көптеген жазушылардың, топтар мен мектептердің шығармашылығына тән рухани эәне эстетикалық ұстанымдардың, сондай-ақ, осы ұстанымдардың өзара сәйкестігіне негізделген бағдарламалық-шығармашылық мақсаттардың, тақырыптардың, жанрлар мен стильдердің жиынтығы.