
- •2. Оқу пәнінің аты, коды және кредит саны.
- •5.5. Пәнді оқыту жоспары.
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •6.1. Негізгі әдебиет
- •6.2. Қосымша әдебиет
- •7. Оқу нәтижесін бағалау және бақылау
- •8. Оқу тәртібінің саясаты
- •Дәріс сабақтардың жоспары
- •Мақсаты: Эстетика туралы мағлұмат беру, орта ғасырдағы негізгі тұжырымдарды саралау.
- •Мақсаты: Халықшылдық эстетика, оның негізгі ұстанымдары туралы тұжырымдарды саралау.
- •Мақсаты: Эстетика және әдебиеттану ғылымының ортақ ұстанымдарын саралау.
- •Практикалық сабақтардың
- •Талқылауға арналған сұрақтар:
- •Талқылауға арналған сұрақтар:
- •Бақылау және қорытындылау сұрақтары
- •Тест сұрақтары
|
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті |
Күні: _______ 2011 ж. |
Баспа: екінші |
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
|
ЕҰУ ПОӘК |
|
[Введите текст] [Введите текст] [Введите текст]
[Введите текст]
1. Курс оқытушысы: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Қ.М.Байтанасова
Байланыс телефоны: 8 701 257 26 00
Ғылыми қызығушылығы - әдебиет пен фольклор арасындағы байланыс, әдебиеттер арасындағы салыстырмалы байланыс, мәтiн талдау.
Ғылыми мектеп – Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген (1986). Ф..ғ.д., профессор Қ.С.Ергөбектің ғылыми жетекшілігімен «Сәбит Мұқанов шығармаларындағы фольклорлық дәстүр» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған (2000).
2. Оқу пәнінің аты, коды және кредит саны.
Пәннің атауы: Әдебиет теориясы
Пәннің коды: АТ 3301 Кредит саны: 2
3. Оқу пәнінің өтілу уақыты мен орны: 5-семестрде, сабақ кестесіне сәйкес
4. Курс пререквизиттері– қазақ халық ауыз әдебиеті, әдебиеттануға кіріспе, ежелгі дәуір және орта ғасырлардағы қазақ әдебиеті, ХҮ-ХҮІІІ ғ. қазақ әдебиетінің тарихы, ХІХ ғ. қазақ әдебиетінің тарихы, абайтану, балалар әдебиеті, драма поэтикасы, әлем әдебиетінің тарихы, әдебиет және фольклор, әдеби жанрлар, ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы (1900-1940)
Курс постреквизиттері – ҰОС және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960), қазақ әдебиеті сынының тарихы, қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі, әлем әдебиетінің тарихы, әдебиет және фольклор, қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті (1960-2000), мәтінтану, қазақ әдебиетінің жалпылама курсы, алаш және әдебиет, айтыс өнері, әдеби мектептер, қазақ лиро-эпосы, қазіргі қазақ әдебиеті, әдеби аударма негіздері, әдебиет және миф, көркем әдебиеттегі психологизм.
5. Оқу пәнінің сипаттамасы.
Әлемдік эстетика тұғырнамалары, әдеби тәжірибелер, ұлттық әдебиеттану, көркемдік өнер мысалдары
5.1. Оқу пәнінің бағыты.
Ұлттық әдебиеттанудың даму аясында жанрдың өркендеуі, қаламгер шығармашылығы, әр түрлі жанрда жазылған туындыларға теориялық тұрғыда талдау жасаумен бірге, ұлттық әдебиетіміздің қалыптасып, даму жолдары оқытылады.
5.2. Оқу пәнінің мақсаты.
әдеби-теориялық мәселелерді қисындылық тұрғыдан пайымдау;
жаңа ғылыми аспектілерге бару;
тың ой-тұжырымдар ұстану;
дәріс мазмұнын жаңа мысал, мәселелермен, тұжырымдармен толықтырып отыру.
5.3. Оқу пәнінің міндеттері.
әдебиет теориясы пәнінің теориялық негізін меңгерту;
әдебиет туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін қазіргі дәуірде дейінгі аралықта толымды жүйелеп, саралау;
әлемдік эстетика тұғырнамаларды, әдеби тәжірибелерді ұлттық әдебиеттану, көркемдік өнер мысалдарымен өзара ұштастыра үйрету;
Жанрларды талдаудың технологиясы мен әдіс-тәсілдерін меңгерту.
5.4. Оқу пәнінің мазмұны.
Әдебиет туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін, әлемдік эстетика тұғырнамаларды, әдеби тәжірибелерді ұлттық әдебиеттану, көркемдік өнер мысалдарымен өзара ұштастыра үйретіп, жан-жақты түсініктер беріледі. Әдебиеттану ілімдері теориялық негіздерінің жаңа сапаға көтерілуі, әдеби даму үрдісінің тарихи және әлеуметтік арналары, дәстүр мен жаңашылдық мәселелері, тарихи шындық пен көркемдік таным арақатынасы, стиль, мазмұн мен пішін, жанрлық ықпалдастық проблемаларын тану игертіледі. Берілген түсініктерге сүйене отырып, студенттер көркем мәтінді теориялық тұрғыда талдау жасауға машықтанады.
5.5. Пәнді оқыту жоспары.
Апта |
Тақырып атауы |
Оқу түрі, сағат саны |
СӨЖ тапсырмасы |
Тапсырма түрі |
1 |
Эстетика туралы негізгі тұжырымдар. Эстетика туралы орта ғасырдағы ғылыми пайымдаулар |
Дәріс (1), Семинар (1), СОӨЖ (2), СӨЖ (2) |
Гегель «Эстетика», 4 томдық, оқу, талдау. |
Мақала талдау |
2 |
Халықшылдық эстетиканың тағылым, талаптары |
Дәріс (1), Семинар (1), СОӨЖ (2), СӨЖ (2) |
Эстетика, оның негізгі тұжырымдары (талдау). |
талдау |
3 |
Эстетика және әдебиеттану ғылымы |
Дәріс (1), Семинар (1), СОӨЖ (2), СӨЖ (2) |
Эстетика мен әдебиеттану ғылымындағы негізгі принциптер (жүйелеу, талдау) |
Салыстыра талдау |
4 |
Әдебиеттің өнер ретіндегі қызметі және басқа ғылымдармен байланысы. |
Дәріс (1), Семинар (1), СОӨЖ (2), СӨЖ (2) |
Әдебиеттің даму кезеңдері, өзге ғылымдармен ықпалдастығы (талдау). |
реферат |
5 |
Әдебиет теориясы және эстетика категориялары. |
Дәріс (1), Семинар (1), СОӨЖ (2), СӨЖ (2) |
Әдебиет теориясының дамуы, эстетикамен байланысы (ғылыми мақалаларға талдау). |
реферат |
6 |
Жанрлар туралы түсінік, түрлері |
Дәріс (1), Семинар (1), СОӨЖ (2), СӨЖ (2) |
Орхон-Енисей жазба мұраларының әдеби сипаты, шығыс даналарының еңбектеріндегі сөз өнері мәселесі. |
талдау |
7 |
XX ғасыр басындағы ғылыми-зерттеушілік ой-пікірлердің қалыптасуы Қазақстан мен Орта Азиядағы әдеби-эстетикалық ойдың даму ерекшеліктері |
Дәріс (1), Семинар (1), СОӨЖ (2), СӨЖ (2) |
А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханұлы т.б. ғылыми ой-тұжырымдары (талдау). |
талдау |
8 |
Уақыт пен кеңістік мәселесі |
Дәріс (1), Семинар (1), СОӨЖ (2), СӨЖ (2) |
Қазіргі көркем туындыдағы уақыт пен кеңістік мәселесі а) фольклорлық уақыт; ә) көркем уақыт; б) романдағы кеңістік пен уақыт. |
Талдау, реферат |
9 |
Көркем мәтін, құрылымы. |
Дәріс (1), Семинар (1), СОӨЖ (2), СӨЖ (2) |
1.Мәтін мен шығарма, туынды мәселесі; 2.Мәтіннің лингвистикалық, әдебиеттанушылық сипаты. |
талдау |
10 |
Әдеби дәстүрдің дамуы. |
Дәріс (1), Семинар (1), СОӨЖ (2), СӨЖ (2) |
Әдеби ағым, бағыт, дәстүр мәселесі |
талдау |
11 |
Көркемдік тұтастық. |
Дәріс (1), Семинар (1), СОӨЖ (2), СӨЖ (2) |
Көркем туындының мазмұны мен пішіні; көркемдік тұтастықтың туындыдағы көрінісі. |
реферат |
12 |
Көркем шығармадағы автордың бейнесі |
Дәріс (1), Семинар (1), СОӨЖ (2), СӨЖ (2) |
Көркем шығармадағы автордың бейнесі. Автор-баяншы, автор-кейіпкер байланысы (талдау). |
талдау |
13 |
Автор мен кейіпкер
|
Дәріс (1), Семинар (1), СОӨЖ (2), СӨЖ (2) |
Әдеби тек пен түр. Жанр түрлері, жанрішілік түрлер, олардың сипаты (талдау). |
талдау |
14 |
Әдебиеттің басқа өнер түрлерімен байланысы, ықпалдастығы |
Дәріс (1), Семинар (1), СОӨЖ (2), СӨЖ (2) |
Көркем туындының мазмұны мен пішіні; көркемдік тұтастықтың туындыдағы көрінісі. |
талдау |
15 |
Қазіргі әдеби үдеріс: дәстүр мен жаңашылдық |
Дәріс (1), Семинар (1), СОӨЖ (2), СӨЖ (2) |
Қазіргі әдеби үдеріс, жанр, ағым, бағыт. Дәстүр мен жаңашылдық |
коллоквиум |